Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты миогимнастиканы орындау кезінде күш

 

Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесі Миогимнастика үшін уақытша параметрлер
І Қалыптыдан 25%-ға төмен динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі Бастапқы төзімділіктен 50%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік
ІІ 25%-дан жоғары динамикалық төзімділіктің, 25%-дан төмен статистикалық төзімділіктің төмендеуі Бастапқы төзімділіктен статистикалық күш 50%-ға, динамикалық – 25%-ға жоғары
ІІ 25%-дан жоғары динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі Бастапқы төзімділіктен 25%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік

 

ЖБА қызметтерінің патологиясы мен жағымсыз әдеттер кезінде миогимнастика

Тыныс алу қызметінің бұзылысы кезінде миогимнастика

Миогимнастика мұрын жолдары мен мұрын жұтқыншақтың патологиясын жойғаннан кейін жүргізіледі. Тыныс алуды қалпына келтіру үшін жаттығулар үш жиынтықтан тұрады.

1. Толық кеуделік және құрсақтық тыныс алуды орнықтыру. Жаттығуларды орындау кезінде басты тіке ұстау, иықты сәл артқа және төмен жіберу (шынтақ арқаға жанасуы қажет), кеудені жазу, ішті тарту, тізе буындарын түзету қажет. Тыныс алу түрін өздігінен бақылау үшін бала бір қолын кеудеге, ал екіншісін ішке қояды және әрқайсысын 5-6 рет қайталай отыра бірқатар жаттығуларды жүйелі орындайды:

· терең аралас тыныс алу (кеуделк+құрсақтық);

· кеуделік тыныс алу;

· құрсақтық тыныс алу;

· толық ұзартылған дем шығару (жүру кезінде орындалады: 3 қадамға дем алу, 4 қадамға дем шығару, қадамдар санын біртіндеп 5-6 дейін көбейтеді).

2. Мұрынмен тыныс алуды орнату. Жақ-бет аймағы бұлшықеттерін жаттықтыру үшін жаттығулар дененің екі қалпында жүргізіледі – отырып және тұрып:

· бастапқы қалыптан (қол жоғары, аяқ жанына) еңкею кезінде мұрын арқылы дем алу және дем шығару, бұл кезде қолды жанынан төменге түсіру;

· дем шығарғаннан кейін ауызды жабады, мұрынды қысады және онға дейін санайды, одан кейін жайлап мұрын арқылы дем алып, дем шығарады (ауызды тығыз жабады);

· дем алу мен дем шығаруды кезекпен сол және оң танау арқылы орындайды.

3. Еріндердің жымдасуын қалпына келтіру:

· жымдасқан ерін кезінде ұртты үреді, содан кейін ұртқа жұдырықты басады және ақырын қысылған еріндер арқылы ауаны шығарады;

· ерінді жымдастырады, кезекпен жоғарғы және төменгі ерін астына ауаны толтыру;

· ерінді жымдастырады және оларды оңға және солға ауыстырады;

· ерінді түтікке («тұмсық») тартады, төртке дейін санайды, содан кейін ерінді кең күлкіге созады;

· кең күлкіні шынашақпен бекітеді, оларды созылған еріннің бұрыштарына қыса отырып, ерінді түтікке жинауға тырысады;

· заттың ауысуының қашықтығына жарыса отырып столда жатқан немесе жіпке ілінген мақтаның кесегін немесе қауырсынды үреді;

· еріндер арасында қағаз жолағын салады, ерінді жымдастырады және осылайша қағаз жолағын 10-15 мин мерзімінде ұстап тұрады;

· бала еріндерімен пластинкалар тізілген бауды ұстап тұрады;

· баланың ауыз қуысы кіреберісіне (жоғарғы және төменгі еріннің астына) мақталы валиктер салады және оны еріннің жымдасуын қажет ететін дыбыстарды айтуын сұрайды ([п], [б], [м]);

· диаметрі 25-30 мм екі түймені баумен біріктіреді және бір-бірінен 25-30 мм ара қашықтықта бекітеді; бір түймені бала ерінмен алады, басқасын қолына алып және бірінші түймені ұстап тұруға тырыса отырып бауды тартады;

· Дасса активаторымен жаттығу: бала сымды серіппемен байланысқан екі пластикалық алаңды бір-біріне жақындата ерінді жымдастыруға тырысады;

· Шонхер пластинкасымен жаттығу: вестибулярлы пластинканы, сыртына оған тіркелген сақинаны қалдыра отырып, ауыз қуысы кіреберісіне қояды, ерінді жымдастырады; содан кейін еріндерімен оған қарсылық ете отырып, пластинканы сақинасынан шығаруға тырысады;

· эквилибратормен жаттығу: бала пластикалық түйіндердің ауыспалы сандарымен терушілік мүштікті горизонтальды жағдайда еріндермен ұстап тұруға тырысады (ересек адам үшін қалыпты – 10 мин мерзімінде үш түйінді ұстап тұру);

· пластинкамен жаттығу: бала ерінмен қалыңдығы 1-2 мм пластинканы горизонтальды жағдайда қысады және ұстап тұрады, оған кішкентай жүк салады (мысалы, лото карточкалары);

· қалақты аппаратпен жаттығу: бала зырылдауыққа үреді (зырылдауықтың айналу жылдамдығы бойынша жарыс мүмкін);

· вестибулярлы пластинкасы және иілгіш ерінаралық «сынасы» бар силиконды аппаратпен жаттығу: ерін тонусын қалпына келтіру үшін сынаның үстінде еріннің босаңсыған орналасуы мен ерінмен сынаны қатты қысуды кезектестіреді, 450 бұрышпен жоғары және төмен бағытта «сына» аймағында оны ұстай отыра аппаратты шығару әрекетінде пластинканы кіреберісте жымдасқан ерінмен ұстап тұрады.