ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Буынның топографоанатомиялық суреттемесі. Самай-төменгі жақ буынының топографоанатомиялық ерекшеліктері оның қабынуының клиникалық көріністері мен емдеу барысында маңызды орын алады.

Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шүңқыры самай-төменгі жақ буынын қүрайды.

Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерек-шеліктері.

1. Буын беткейлері. Гиалинді шеміршекпен емес, нашар жүқа дәнекер тінді шеміршекпен қапталған. Бүл ерекшелігі буынның жиі жарақаттанып, іріңді қабыну дерттері кезінде тыртық немесе суйек тініне ауысыП кетуге бейімділігін сипаттайды (анкилоз).

2. Буын қабының қалыңдығы біркелкі емес. Алдыңғы жағы жүқа болғандықтан оңай созылады. Бұл буын басының алға шығуының себебі болып табылады.

3. Сырт жағынан буын тарамдары самай сүйегінің бет сүйегі өсіндісінен басталатын мықты сіңірмен бекітілген. Оның талшықтары төмен және артқа бағытталып буын өсіндісі мойынның артқы және сыртқы жағында қосылады. Талшықтардың біраз бөліктері буын қабымен бірігіп кетеді. Өзінің күрделі қүрылысына байланысты сіңір буын өсіндісінің соғылған кезде төмен, сыртқа және ішкі қарай ығысуына кедергі жасайды.

4. Буынның ішінде екі жағынан қысыңқы сопақ шеміршек табақша болады. Оның ортасы жұқа (1—2 мм), шеттері қалың (3—4 мм). Табақша фиброзды шеміршектен құралған, оның шеттері буын қапшығымен бірігіп кеткендіктен оны төменгі және жоғарғы қабаттарға бөледі. Табақшаның атқаратын қызметі орасан зор. Ең алдымен ол буынның сүйек беттерін бір-бірінен ажыратып, олардың бірігіп кетуіне кедергі жасайды, төменгі жақтың оңай қозғалысына мүмкіндіктер туады. Төменгі жақтың көтеріліп түсуі кезінде табақша мен буын шұңқыры тұтас құрылым құрайды, себебі табақша қозғалыссыз қалады. Иекті алға қарай жылжытқанда, әсіресе оны төмен қарай түсірген кезде табақша буын басымен бірге буын шұңқырынан шығып алға жылжиды. Төменгі жақты жанына қарай жылжытқанда бір жағындағы табақша өз орнынан жылжып, өз өсінен айналады. Буын элементтерінің бір-біріне қатынасы тістесуге, әсіресе оның биіктігіне тікелей байланысты. Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының үш түрі белгілі.

1. Тегіс буын. Буын шүңқыры терең емес, бірақ кең. Төменгі жақтың буын басы жалпақ, төмпешігі биік емес. Мұндай буындар тік тістесулерге сай келеді.

2. Аздап томпақ шұңқыр буын. Буын шұңқыры жақсы айқындалған, басы томпақ, төмпешігі де жақсы жетілген. Буынның бұл түрі ортогнатиялық тістесуге сай келеді.

3. Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын. Буын шұңқыры жақсы жетілген. Төменгі жақтың буын басы томпақ, төмпешігінің артқы етегі биік. Мұндай буын терең күрек тістің тістесуіне сай келеді.

Самай-төменгі жақ буынының артриті. Бүкіл одақтық анти-ревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді: инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және жарақатты деп ажыратады.

Инфекциялық артриттер арнайы емес (ревматикалық және ревматоидты) және арнайы (гонореялық, туберкулездік, актиноми-коздық, бруцеллездік және т. б.) деп екіге бөлінеді.

Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) алмасудистрофиялық, нерводистрофиялық, эндокринопатиялық және т. б. деп бөлінеді.

Жарақатты артриттер созылмалы микрожарақаттардың (тіс қатарының бүзылуының) немесе жедел жарақаттардың (құлау, соққы, оқпен немесе оқсыз жарақаттар) әсерінен болады

Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық артриттері жедел ағымды, созылмалы деп бөлінеді. Ауру инфекцияның қанмен немесе көрші аймақтан келуінен (отит, жақтың остеомиелиті, құлақмаңы аймағының флегмонасы, паротит, мастоидиит) басталады. Балалардағы артритке көбінесе ортаңғы құлақтағы іріңді қабыну процестері себеп болады. Артрит сонымен қатар, организмдегі созылмалы инфекцияның әсерінен, оның ішінде одонтогенді хрониосепис, ревматикалық полиартриттің әсерінен де болады.

Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды. Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады.

Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл нервтің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады.

Созылмалы ревматикалық артрит кезінде буын екі жағынан да зақымданып, оқтын-оқтын өршуімен, субфибрилді дене температурасымен, самай-төменгі жақ буынымен қатар, басқа да буындардың ауруымен ерекшеленеді. Буынның айналасындағы тіндердің жағдайы өзгеріссіз болады. Буынның қызметі өзгерген. Кешенді емдер қабылданса қабыну әрекеттері ертерек ба-сылады.

Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда патологиялық процесс көбінесе бір буынында болады, бірақ кейде басқа буындарында да кездеседі (тізе, тобық және т. б.). Суық тиген кезде осы буындардың барлығында да ауыру сезімдері қайталап өршиді, ал буынның сіресуі барлық уақытта болады.

Егер самай-төменгі жақ буынының ревматикалық артриті бар науқастарда жүрегінде патологиялық өзгерістер кездессе (ревмокардит және т. б.) аталған өзгерістер мүлде анықталмайды.

Аталған ерекшеліктерімен қатар, атай кететін нәрсе ревматоидты артритті емдеу, ревматикалық артритті емдегенге қарағанда айтарлықтай әсер бермейді (тіпті емнен кейін де), қайталай береді.

Самай-төменгі жақ буынының кез келген артритіндегі рентгенограммада саңылаудың кеңейгені, тыртықты түрінде тарылғаны байқалады.

Созылмалы артриттердің диагностикасы мұқият жиналған анамнездің, объективті тексерулердің, оның ішінде рентгенографиялық және томорентгенографиялық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Созылмалы паротиттен ажыратып алу керек. Оған тән нәрсе сілекей бөлінуінің өзгеруі.

Емі. Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Сондықтан жедел арнайы емес артритті емдеу әртүрлі шаралар комплексінен тұрады.

1) . Буыннан тыс қабыну ошақтарының инфекция көзін жою (тістердегі, ортаңғы құлақтағы, бадамша бездегі, гаймор қуысындағы). Гангренозды тістерді немесе қабынған бадамша бездерді алу операцияларынан соң артриттің қайтадан өршуінің алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылымен, амидопирин, бутадион, сульфаниламидтермең және антибиотиктермен емделеді.

2).Организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін және десенсибилизациясын күшейту, қуаты майдаланған және сұйық тамақ, ацетилсалицил қышқылы, кортизон немесе преднизалон. АКГ өнімдерін кезектестіріп пайдалану.

3) . Буынға тыныштық беру (Айви таңбасы, екіжақты жай байлап бекіту немесе азу тістердің тұсына қалыңдығы 5—10 мм-дей резеңке қойып иекті жоғары қарай сақпан тәрізді таңбамен таңу).

4) . Физиотерапия: жедел ағымында — жылу (қыздыру компрестері, УЖЖ, соллюкс), басылған кезде — вирапинмен немесе медициналық өтпен (Бернадский Ю. Д) электрофорез жасау.

5) . Ине рефлекс емі.

Арнайы инфекциялық артрит. Арнайы емес артритке қарағанда өте сирек кездеседі. Туберкулездік, гонореялық, мерездік, актиномикоздық, ревматикалық, дизентериялық, бруцеллездік жоне т. б. артриттер деп бөлінеді. Туберкулездік және актиномикоздық артриттер көбінесе көрші аймақтармен түйісу арқылы дамыса, гонореялық, мерездік, ревматикалық және басқа да вртриттер инфекцияның буынға қан арқылы түсуінен дамиды.

Губеркулездік артрит аурудың төменгі жақтың бұтағынан, ортаңғы құлақтан, самайдың жұмсақ тіндері мен сүйегінен тарауынан дамиды. Туберкулез қоздырушысының өкпеден, жоғарғы тыныс жолдарынан, қан мен лимфа жолдары арқылы тарауы мүмкін. Қабыну процесі узақ уақыт дамып, буын өсіндісінің, буын бетінің бұзылып сорылуына әкеліп соғады да фиброзды анкилоз дамиды.

Гонореялық артрит самай-төменгі жақ буынында гонореяның жедел немссе жеделдеу ағымында кейде созылмалы түрінің өршіген кезеңінде дамиды.

Жедел және жеделдеу ағымдарының дамуы жедел ауыру сезімдермен, буынның ісінуімен, сыртқы дыбыс жолының тарылуымен көрінеді. Буын қапшығының жанында сарысулы, кейін сары-сулы фиброзды, ең ақырында іріңді қабынуы буын мен қапшық ішіндегі табақшаны қоршаған жұмсақ тіндердің бүзылуына әкеліп соғады. Аурудың ақыры шеміршек бетінің дөрекі бүзылуларына әкеліп соғып, анкилоз дамиды. Самай-төменгі жақ буынының арнайы артриті көбінесе жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан дамиды. Қан арқылы дамуы да мүмкін. Ағымы баяу, созылмалы түрде аздаған ауыру сезімімен қатар жүреді.

Рентгенограммада буын өсіндісімен төмеңгі жақтың ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау байқалады. Дер кезінде әрі дүрыс жасалған арнайы ем мен механотерапия анкилоздың алдын алады.

Актиномикоздық артрит. Самай-төменгі жақ буынында мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына таралуынан дамиды. Бұл кезде буынмен бірге шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ қозғалысы бірден шектеледі. Аурудың шағымы кез келген керендік аурудағыдай секілді баяу, қоршаған жүмсақ тіндерге оқтын-оқтын өршуімен суреттеледі. Бір өршумен екіншісінің арасында науқас ешқандай ауруды сезбейді. Тек иекті алдын артқа қарай итерген кезде буында ауыру сезімі пайда болады. Процесс тек буын қапшығын зақымдайды, сондықтан ауру жазылғаннан кейін де төменгі жақтың қозғалуында шектелулер сақталады.

Жарақатты артриттер ағымына қарай жедел және созылмалы болып бөлінеді. КазММУ-ның хирургиялық стоматология кафедраларының зерттеулері бойынша самай-төменгі жақ буын патологиясының 50% стоматологиялық себептер болып табылады: терапевтік (пломбалық заттарды артық салу), ортопедиялық (дер кезінде дұрыс протез жасалмау), хирургиялық (жақтардың сынуы кезінде жедел жарақатты артритті дер кезінде анықтап емдемеу).

Клиникасында науқастар жарақаттан немесе аузын қатты ашудан кейін пайда болған біржақты немесе екіжақты ауыру сезіміне шағымдайды. Ауызды ашу, есінеу, тамақ ішу, тіпті сөйлеу мүмкін болмайды.

Сырт көрінісінде төменгі жақ қимылының шектелуі, буын айналасындағы тіндердің инфильтрацияланып қанталауына байланысты ісінуі анықталады, саусақпен басқанда ауыру сезім күрт күшейеді. Рентгенографиялық зерттеулер буын қуысында айтарлықтай өзгерістерді көрсетпейді. Ол кезде саңылаулардың кеңейгені анықталады,

Созылмалы жарақатты артрит. Көбінесе созылмалы майда жа-рақаттардың ' ұзақ уақыт әсерінен болады. Мысалы терең тістесуде, жоғары үйкелістен, азу тістерді жоғалтудан, протез дер кезінде салынбағандықтан, әсіресе төменгі жақтарда.

Созылмалы жарақатты артритте науқас ауызды ашқанда және шайнау, сөйлеу кезінде үнемі үдей түсетін ауыру сезіміне шағымдайды. Жиі жағдайда ол үшкүл нерв невралгиясындағыдай үстамалы болады. Кей жағдайларда науқастарда Костен синдромы кездеседі: төменгі жақ буын аумағында мойынға, қүлаққа, тілге, жарақатты артритке үшыраған бетінде басының жартысы ирради-яцияланып ауыруы, буын аумағында терінің гиперестезиясы, аузын ашқанда буынның сықырлауы, кейде ауыздың қүрғауы, естудің, төменгі жақ қимылының нашарлауы. Көп жағдайларда осы айтылған белгілердің біреуі немесе бірнешеуі байқалады.

Ем жүргізгенде әуелі буынға қүйылған қан мен эксудаттың ыдырауын көздейді, осымен қатар 2—3 күнге тіс аралығына төсем салып төменгі жақты сақпан тәрізді таңғышпен таңып тастайды да, ауын қуысына 1—2 рет 2 мл 2% новокаинға араласқан 1 мл гидрокортизон және антибиотиктер ерітіндісін жібереді. Бірінші срітіндіні жіберу мен екіншісінің арасы 2—3 күн. Гидрокортизон қан мен экссудаттың қүрамындағы фибриннің ыдырап тарауына әсер етсе, новокаин ауыру сезімін жояды, ал антибиотик қанмен бірге буынға инфекция ентен жағдайда оның алдын алады. Гидро-кортизонды жүкті әйелдерге, бауыры, бүйрегі және жүрек ауруы бар науқастарға жіберуге болмайды. Осымен қатар, гиалорунида құрамына кіретін ара уымен (вирапин) не болмаса калий йодиды және новокаинмен ионофорез жасалады. Осы аталған емге к.осымша аналгетиктер, күніне 100 мг С витамині және 1—2 сеанс Бсрнардың диадинамикалық тогын тағайындайды. 3—4 күн ем қолданғаннан кейін барлық науқастарда ауыру сезімі жойыльш,

Олар тамақ шайнай алады, тек кейбір науқастардың буынында 2—3 аптаға дейін буын қозғалысы нашар болады.