Стандартталған науқастың мәтінді сценариі және рөлдің сипаттамасы

Медициналық симуляцияның сценариі

Клиникалық жағдай : «Вирусты А гепатиті».

Ситуация:Сіз инфекционист дәрігерсіз. Терісі жабындаларымен склерасының сарғаюына, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып науқас келіп түсті.

Ø Ауру тарихын, эпидемиологиялық анамнезің жинаныз және науқасты қараңыз.

Ø Лабораториялық құрал – жабдықтар зерттеулеріне талдау жүргізіңіз.

Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз .

Ø Қорытынды клиникалық диагнозын құрастырыныз.

 

Соңғы қорытынды (outcomes)

Ø Сарғаюмен науқасты сұрау жүргiзу және физикалды тексеру.

Ø Аурудың циклдiгiн, жетекшi синдромдар анықтауы.

Ø Жедел вирусты гепатиттің клиникалық диагностикасы.

Ø Болжама және қорытынды диагнозды негіздеу.

Ø Жедел вирусты гепатитпен науқасты жүргізу тактикасын анықтау.

Бағалау парағы (check-list)

Клиникалық жағдай бойынша

«Вирусты А гепатиті»

Қадам бағалау критерийі Балмен бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
Анамнез бен шағымдарды дұрыс жинақтады. (толық, анық,нақты) 1,0 0,5
Аурудың жетекші симдромдарын анықтады. Интоксикация, сарғаю, гепатомегалия 1,0 0,5
Аурудың циклді ағымын, сарғаю алды кезеңінің ұзақтығын және сарғаю алды кезеңінің синдромдарын анықтады. 1,0 0,5
Эпидемиологиялық анамнезді берілу механизміне байланысты жинады. Энтеральді, парентеральді. 1,0 0,5
Бауыр пальпациясын жүргізді 1,0 0,5
Көкбауыр пальпациясын жүргізді 1,0 0,5
Курлов бойынша бауыр көлемін анықтады 1,0 0,5
Көкбауыр перкуссиясын жүргізді 1,0 0,5
Клинико – эпидемиологиялық деректер негізінде болжама диагнозы дұрыс қойылды: 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындады 1,0 0,5
Жедел вирусты гепатит кезіңде гемограмманы дұрыс интрипитациялады. 1,0 0,5  
Биохимиялық сынамаларды талдау. 1,0 0,5
ВГ маркерреріне ИФА талдау 1,0 0,5
Қорытынды диагнозды негіздеді 1,0 0,5
Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде іс – шаралар алгоритімін дұрыс орындады. 1,0 0,5
Емдеу тактикасын анықтады 1,0 0,5
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. 1,0 0,5
Режим, емдәм, диспансерлеу туралы тағайындау берді. 1,0 0,5
Эпид. ошақта бақылау тактикасын анықтады 1,0 0,5
Екпе туралы тағайындау берді 1,0 0,5
  Қорытынды бал

Стандартталған науқастың мәтінді сценариі және рөлдің сипаттамасы

Шағымдары: Терісі жабындаларымен склерасының сарғаюына, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну сезіміне

Сұрақ мағынасы Актер үшiн сұрақтың тұжырымы Актердің жауабы
Аурудың басталу уақыты Қашаннан бастап ауырдыныз (қанша күн)? Ауырғаныма шамамен 7 күн болды .
Аурудың даму динамикасы Ауру қалай басталды? Аурыдың бастапқы кеіңде әлсіздік, қалтырау байқадым, Қызуым 37,8 С дейін көтерілді, дене қызуы бір күн болды. 3 күні жүрек айну, 3 – 4 ретке дейінгі құсу, тәбетңмнің жоғалуы, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі қосылды, жұмыс істей бердім. Кеше кешке зәр түсінің қоңырланғаның байқадым. Бүгін жұмыстағы әріптестерім терімнің және склерамның сарғайғаның байқады.
Мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтын ауру сезімі болдыма? Жоқ, болған жоқ
Терініздің сарғаюынан кейін жағдайыныз жақсардыма? Иә, жақсарды. Жүрек айну, құсу тақтады, тәбетім пайда болды. Бірақ әлсіздік мазалайды.
Сіз дәрігерге қаралдыңыз ба? Жоқ, Аурудың 1 день ғана жедел жәрдем шақырдым. «ЖРВИ» диагнозын қойып, үйге тағайындаулар берді.
Эпидемиологиялық анамнез Сіз қайда турасыз?   Алматы қаласында.  
Жан-ұянызда сарғаюмен және бауыр аурулармен ауыратын адамдар болдыма? Жоқ, бірақ жұмыстағы әріптестер арасында жағдайлар болды, вирусты гепатит бойынша карантин болған.
Қоғамдық асханалардан тамақтанасыз ба? Иә, жұмыста түсте асханада тамақтанамын.
Қайнатылмаған су ішесіз бе ? Жоқ, бірақ бір ай бұрын әріптестеріммен қала сыртына қонаққа бардық, сонда құдықтан су іштік.
Соңғы 6 ай ішінде операциялар, жарақаттар және қан құюлар болды ма? Жоқ
Соңғы 6 ай ішінде тісінізді емдедініз бе ? Жоқ

Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 36,5 С. Терінің, көзінің және ауыз- жұтқыншақ шырышты қабатының сарғаюы. Дене пішімі қанағаттанарлық. Есі анық, сұраққа анық жауап береді.Ауыз- жұтқыншақ шырышты қабаты қызармаған, бадамшалары ұлғаймаған. Өкпесінде тыныс алу везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритімі дұрыс, пульсі 76 минутына. АҚ 120/80 мм с.б. Тілі сары жабындымен қапталған, ылғал. Іші кебінкі, пальпация кезіңде оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауру сезімі байқалады. Бауыр +2,0 см. қабырға доғасынан төмен, консистенциясы эластикалық тығыздықты Көкбауыр қабырға доғасында. Зәрдің түсі қоңыр, нәжісі түссіз.