Тақырыбы:Өкпе туберкулезі.

1. Өкпе туберкулезі.....

а) өкпенің инфекциялық жұқпалы қабынуы

б) бронх түтікшелерінің инфекциялық қабынуы

в) өкпенің аллергиялық ауруы

г) плевра қабының қабынуы

2. Өкпе туберкулезінің қоздырғышы:

а) пневмококк

б) стафилококк

в) микобацилла

г) стрептококк

3. Өкпе туберкулезіндегі жөтелу мінездемесі:

а) тұрақты, әлсіз, баяу жөтелу

б) қатты, үріп жөтелу

в) таңертең жөтелу

г) секірме жөтелу

4. Өкпе туберкулезінің асқынуы:

а) қан кету

б) жүрек жетіспеушілігі

в) коллапс

г) токсикалық шок

5. Өкпе туберкулезінің арнайы алдын-алу шарасы:

а) жағымсыз қылықтардан аулақ болу

б) флюрография

в) жеке басының гигиенасы

г) вакцинация

6. Туберкулезде тағайындалатын диеталық стол:

а) №5

б) №4

в) №15

г) №9

7. Өкпе туберкулезінің алғашқы белгілері:

а) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ентігу

б) жөтелу, іріңді қақырық бөлу, бас ауру

в) түнгі тершеңдік, әлсіздік, қақырық тастау

г) кеуде қуысының бөшкеленуі, жөтелу

8. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың қақырығын микроскопиялық тексергенде анықталады :

а) стрептококк

в) Крушман спиралі

б) Кох таяқшалары

г) атиптік жасушалар

9. Өкпе туберкулезінің емдеу принципі:

а) антибиотиктер, бронхолитиктер

б) сульфаниламиттер, антибиотиктер

в) физиотерапия, емдік дене шынықтыру

г) ДОTS – терапия

10.Өкпе туберкулезінің диагностикасы сүйенеді, тек біреуінен басқалары:

а) рентгеноскопия

б) бронхоскопия

в) спирометрия

г) қақырықты туберкулез таяқшасына тексеру

11. Өкпе туберкулезіне бейімдеуші факторлары, тек біреуінен басқалары:

а) дымқыл, қараңғы бөлмеде тұратындар

б) иммунитеті төмендеген кісілер

в) туберкулез ауруымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғанда

г) ас тұзын көп мөлшерде қолдану

12.Өкпе туберкулезінде туылған нәрестеге анасынан жұғу жолы:

а) ауа- тамшы арқылы

б) емшек сүті арқылы

в) плацента арқылы

г) қан арқылы

13. Өкпе туберкулезінде қақырықты неше рет жинау міндетті:

а) әр ай сайын бір

б) 3 рет қатарынан

в) 1 рет

г) 3 айда 1 рет

 

 

Тақырыбы:Пневмосклероз.өкпе эмфиземасы.

1. Пневмосклероз...

а) өкпенің дәнекер тіндерінің үдемелі өсуі, қатаюы

б)өкпенің инфекциялық қабынуы

в) өкпеден атиптік жасушаларының үдемелі өсуі

г) бронх түтікшесінің қабынуы

2. Өкпе эмфиземасындағы кеуде қуысының өзгеруі:

а) етікші кеуде

б) паралиттік кеуде

в) бөшкелі

г) рахиттік

3. Өкпе эмфиземасында перкуссияда өкпе тұсынан анықталатын дыбыс:

а) перкуторлы

б) қораптық

в) тимпаникалық

г) тұйық

4. Пневмосклерозда ентігудің сипаттамасы:

а) экспираторлы

б) инспираторлы

в) аралас

г) ентігу болмайды

5. Пневмосклероздағы өкпе жетіспеушілігін анықтайтын тексеру әдісі:

а) рентгендік тексеру

б) бронхоскопия

в) спирография

г) томография

6. Қалыпты жағдайдағы өкпенің өмірлік сыйымдылығы:

а) 1500-2000 мл3

б) 2500-2700 мл3

в) 3000-3500 мл3

г) 3700-5000 мл3

7. Өкпе эмфиземасында «қораптық дыбыс» анықталынады:

а) аускультацияда

б) перкуссияда

в) пальпацияда

г) бронхоскопияда

8. Өкпе эмфиземасындағы терідегі өзгеріс:

а) диффузды цианоз

б) терінің бозаруы

в) геморрагиялық бөртпелер

г) гематомалар

9. Пневмосклероздың алдын алуы, тек біреуінен басқалары :

а) обструкциялық бронхитті емдеу

б) бронхтық демікпені емдеу

в) өкпе эмфиземасын емдеу

г) ревматизмді емдеу

10. Созылмалы обструкциялық өкпе ауруларына жатады, тек біреуінен басқалары:

а) обструкциялық бронхит.

б) бронхылық демікпе

в) пневмосклероз

г) өкпе туберкулезді

11.Өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі қандай ауруға тән:

а) пневмосклерозға

б) катаралды бронхитке

в) ошақты пневмонияға

г) перикардитке

Тақырыбы: Ревматизм

1.Ревматизм:

а) дәнекер тіндерінің инфекциялық-аллергиялық қабынуы

б) дәнекер тіндерінің аллергиялық қабынуы

в) дәнекер тіндерінің аутоиммундық ауруы

г) жүректің сіре қабының қабынуы

2. Ревматизмдіқоздырушы:

a) пневмококк

б) стафилококк

в) β- гемолизді стрептококк А- тобы

г) клебсиелла

3. Ревматизмнің белсенділік көрсеткішін анықтайды:

a) эритроциттің тұну жылдамдығы

б) лейкоциттер

в) лимфоциттер

г) моноциттер

4. Ревматизмді артриттің ревматоидты артриттен айырмашылығы:

a) буын қабынуы ұшпалы, деформацияға ұшырамайды

б) буын үсті қызарады, қимылы азаяды

в)деформациялық өзгеріске ұшырайды, буын үсті қызарады

г) буын ісініп, қызарады

5. Ревматизмнің биохимиялық қан талдауындағы өзгерістері:

a) С-реактивті белок пайда болады

б) миоглобулин пайда болады

в) билирубин жоғарылайды

г) қант жоғарылайды

6 . Ревматизмнің белсенді кезеңіндегі емдеу принципі:

a) буын ішіне кенолог енгізу

б) қабынуға қарсы дәрілер қолдану

в) массаж жасау

г) санаторлық-курорттық емдер қолдану

7. Ревматизмнің асқынуы:

a) өкпе жетіспеушілігі

б) бауыр жетіспеушілігі

в) бүйрек жетіспеушілігі

г) жүрек ақаулары

8. Ревматизмдегі арнайы алдын алу шаралары:

a) науқастарды оңашалау

б) салауатты өмір салтын қалыптастыру

в) бициллин- аспирин профилактикасы

г) вакцинация

9. Ревматизмдегі жүйелердің зақымдалуы, тек біреуінен басқалары:

a) жүрек

б) буын

в) ми

г) сүйек

10. Ревматизмде тағайындалатын дәрі:

a) эуфиллин 0,15

б) Бицилин-5 1500000Б

в) пентоксил 0,2

г) фенотерол 100мкг

11. Ревматизмнің алғашқы шабылуы басталады:

a) бронхиттен кейін

б) баспадан кейін

в) пневмониядан кейін

г) жүрек ақауынан кейін

12. Ревматизмде жүректің зақымдалуы, тек біреуінен басқалары:

a) перикардит

б) эндокардит

в) миокардит

г) артрит

 

13. Ревматизмен алғашқы рет жиі ауырады:

a) 7-15 жас аралығында

б) 20-30 жас аралығында

в) 40-50 жас аралығында

г) 50 жастан жоғары

14. Ревматизмнің белсенділігінің III-дәрежесінде ЭТЖ көрсеткіші:

a) 12мм/сағ

б) 20 мм/сағ

в) 36 мм/сағ

г) 62 мм/сағ

15. Ревматизмнің біріншілік алдын алу шаралары:

a) созылмалы инфекциялық ошақтарды емдеу

б) тиімді тамақтану

в) салауатты өмір салтын қалыптастыру

г) «дипасерлік» тізімге алу

16. Ревматизмнің терідегі өзгерістер:

a) диффузды цианоз

б) сақина тәрізді эритемалар

в) геморрагиялық бөртпелер

г) тамыр жұлдызшалары

17. Ревматизм ауруын тудыратын себепші жағдайлар, тек біреуінен басқалары:

a) отит

б) гайморит

в) стоматит

г) анемия

18. Ревматизмнің синонимдік аталуы:

a) Сокольский- Буйо ауруы

б) Иценко –Кушинг ауруы

в) Минковский Шоффар ауруы

г) Бехтерев ауруы

19. Ревматизмді артритті дифференциалды диагностика жүргізу қажет:

a) ревматоидты артритпен

б) бронх демікпесімен

в) миокард инфарктісімен

г)гипертониялық кризбен

20. Ревматизмнің диагностикасы сүйенеді, тек біреуінен басқалары:

a) жалпы қан талдауға

б) биохимиялық қан талдау

в) анамнез жинауға

г) жалпы қақырық талдау

21. Ревматизмнің екіншілік алдын- алу шараларының ең басты маңызы :

a) антибиотиктермен үнемі емдеу

б) салауатты өмір салтын қалыптастыру

в) жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ошақтарын емдеу

г) жылына екі рет егу жасау