Атмосфералық қысымды анықтау

Зертханалық жұмыс №2. Өндіріс ғимаратындығы метрологиялық жағдайларды зерттеу

Жұмыстың мақсаты: жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін анықтау және алынған мәндерді МЕМСТ 12.005–88 оптималды нормалармен салыстыру.

Теориялық мәліметтер

Өндіріс ғимаратындағы микроклиматты қадағалау жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін келесі аспаптармен өлшеу арқылы жүргізіледі.

Ауа температурасын анықтау үшін термометрлер (сынапты және спитртті), термографтар, термоанемометрлер қолданылады. Жұлулық сәлелену кезінде екі термометрден тұратын булық термометрлер қолданылады. Термометрдің бірінде қойма беті қараға боялған, ал екіншісі күміспен жалатылған.

Ылғалдылықты анықтау үшін желдеткішті (Ассман) немесе желдеткішсіз (Август) психрометрлер қолданылады. Екі жағдайда да психрометр екі термометрден – құрғақ және ылғалды термометрлерден тұрады. Термометрді ылғалдандыру термометрлердің бірін матамен қапталған шарикті сумен сулау арқылы жүзеге асады. Ассманның аспирационды психрометріндегі термометрлер металды негізге орнатылған, жылулық сәулелену кезінде өлшеулер алу үшін термометрлердің шарлары екі қабатты гильзаларға орнатылған, ал желдеткіш басқа ауа ағындарының әсерін болдырмайды. Екі термометрдің көрсетуі негізінде эмпирикалық формула арқылы біріншіден ауаның абсолютті, содан соң салыстырмалы ылғалдылығы есептеледі. Салыстырмалы ылғалдылықты құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсетулері бойынша және номограммалар арқылы анықтауға болады.

Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін ауа ағыны энергиясы әсерінен айналатын айналманың (вертушка) айналу санын санау негізінде жұмыс істейтін анимометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1–10 м/с болғанда қанатты анемометр, 10–30 м/с дейін табақты анемометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1м/с төмен болғанда кататермометр қолданылады (немесе термоанемометр), өйткені қарапайым анемометрлердің механизмдерінің инерттілігі салдарынан үлкен ауытқулар пайда болады.

Атмосфералық қысым микроклиматтың нормаланбайтын параметрі, алайда салыстырмалы және абсолютті ылғалдылықты есептеу үшін оның мәнін білу қажет. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр–анеройдтардың әртүрлі модельдері қолданылады.

 

Атмосфералық қысымды анықтау

Атмосфералық қысымды барометр–анеройд ВАМИ арқылы анықтаңыз, оның цифрблатасында доға тәрізді сынапты термометр орнатылған, бұл термометрдің көрсетуі бойынша қоршаған орта температурасына түзетулер енгізіледі. Аспаптың көрсетуін жазып алмас бұрын, оның ішіндегі механизмдердің әсерін болдырмау мақсатында көрсетулерді жазып алғаннан соң, корпусына соғып қойыңыз. Үш түзетуді ескеру керек: шкалалық, температуралық және қосымша, яғни

Р=Рпршкқостемп . (2.1)

Аспаптың шкаласына түзету 3.1 кестесінде келтірілген.

3.1 к е с т е – Аспаптың шкаласына түзету

Шкаланың көрсетуі
Түзету -1,2 -1,2 -1,1 -1,0 -1,1 -1,1 -0,9

Температуралық түзету келесі формуламен анықталады

Pтемп=ΔP t, (2.2)


мұндағы ΔP – 1оС –ге келетін температуралық түзету (ΔP=0,06 мм. сын. бағ.);

t – градустың оннан бір бөлігі дәлдігімен алынатын барометр термометрінің температурасы.

Аспаптың жөндеу куәлігі бойынша қосымша түзету–13мм.сын.бағ.

Барометр–анероид бойынша Рпр= 690 мм.сын.бағ. және температура 24оС өлшеніп алынған. 2.1 кестесіне сәйкес шкалалық түзету –1,1 мм.сын.бағ. құрайды, температуралық түзету Ртемп=0,06 21,5=1,29 мм.сын.бағ., қосымша түзету Рқос=13 мм.сын.бағ. Сонда Р=690–1,1+1,29+13=703,19 мм.сын.бағ. Егер мм.сын.бағ/сын Па келтіру керек болса, онда 1 мм.сын.бағ.=133,322 Па екенін ескеру керек. Есептелген атмосфералық қысымның мәнін зерттеу хаттамасын 3.2 кестесіне енгізіңіз.