VIII. Курстың саясаты және студенттің мінез-құлық этикасы

 

Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындық жүйе барысында бұл курс негізгі болады. Студенттің бұл курсқа қатысуы міндетті түрде талап етіледі, өйткені оқытушы сабақ барысында студенттерге теориялық білім бермейді, ол оқу-танымдық үрдісті қалай ұйымдастыруға болатынын практикалық түрде көрсетеді.

Курстың терең игерілуі студенттерің өзіндік жұмыс атқару барысында іске асады. Студенттердің өзіндік жұмыстардың түрлері типтік бағдарламаларда белгіленген, нақты сұрақтармен және қажетті әдебиеттермен қамтылған. Тапсырмалар студенттерге аттестациялау кезеңінде беріледі, олардың орындалуы міндетті талап етіледі,олардың орындалуы міндетті түрде талап етіледі. Уақытында орындалмаған тапсырмалар ұқыпты емес немесе тапсырманың дұрыс орындалмауы баллдың төмендетілуімен бағаланады. Студенттердің орындалатын жұмыстарына қойылатын жоғары талаптың белгісі: дербес өз бетімен орындалуы, мазмұндылық және толық, авторлық позициясы көрсетілген. Бір-біріне ұқсас жұмыстар (копиялар), интернеттен алынған ұқсас материалдар тексерілмейді.

Бағдарламаның талаптары және бүкіл тапсырмаларды түрлерін орындау бойынша студентке жиынтық балл қойылады.

Сонымен қатар бұл курста ең ізгілікті істер оқытылады және де сіздер оған ынта-ықылас білдіресіздер өмір жолдарыңды дұрыс таңдауға, әрі педагогикалық шығармашылықтың негіздерін толық меңгеруге жәрдемдеседі.

Педагогика курсын зерттеудің негізгі әдісі студенттің теориялық және практикалық ізденісі болып табылады.

Педагогика курсының негізгі құрылымдық элементтері: ғылыми деректер, ұғымдар мен түсініктер, теориялар мен тәжірибелер.

Педагогика курсын зерттеуде төмендегі сабақтың түрлері жүргізіледі: дәріс, семинар, СОЖ ӨЖ, СӨЖ.

Сабаққа кешiкпей қатысу

Сабақ үстiнде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, газет, журнал оқымау

Ұялы телефонды сөндiру

Сабаққа тиiстi киiммен келу

Сабақты босқа қалдырмау, ауырсаңыз анықтама әкелу

Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу (сабақтан тыс уақытта)

Берiлген тапсырмаңыз орындалмаса, жалпы балыңыз кемидi

Оқу үдерісiнде белсендi қатысу

Үй тапсырмасын уақытымен орындау

Төзiмдi және ашық болу. Курстастарыңа және оқытушына iзеттiлiкпен қарау

Кредиттiк жүйенiң оқу үдерісiнде студенттер “балдық –рейтингтiк” жүйемен бағаланады.

Бағалау саясаты объективтiк принциптердi икемдi жоғары саралауда негiзделедi.

Курстық жұмыс тақырыптары:

 

1. Мұғалім қызметі, оның қоғамдық мәні және шығармашылығы

2. Педагогикалық қарым-қатынас

3. Мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеттері

4. Бала – біртұтас педагогикалық үдерістің субъектісі ретінде

5. Жанұя және мектептің өзара байланысы, оны бала тәрбиесіне ықпалы

6. Гуманды педагогиканың мәні, бағыттары

7. Тәрбие – біртұтас педагогикалық үдерістің негізгі ұғымы ретінде

8. Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары

9. Құндылық – тұлғалық бағдар беру жолдары

10. Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері, құралдары

11. Ұлттық тәрбие беру жолдары

12. Халықтық педагогиканы бала тәрбиелеуде пайдалану жолдары

13. Ынтымақтастық педагогиканы мектепте жүзеге асыру жолдары

14. Балалардың ұжым ішіндегі қатынасын қалыптастыру жолдары

15. Адамгершілік тәрбие беру міндеттерін жас жеткіншек балалармен бірігіп шешу шарттары

16. Баланың дұрыс мінез-құлық тәрбиелеу жолдары

17. Педагогикалық әдеп, оның мәні, мазмұны, талаптары

18. Оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуге даярлау жолдары

19. Баланың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру жолдары

20. Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

21. Оқушылардың эстетикалық талғам-сезімдерін дамыту жолдары

22. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

23. Еңбек тәрбиесінің мәні, құрылысы, мазмұны

24. Халық ауыз әдебиетін тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану

25. Патриоттық тәрбие беру жолдары

26. Ойын – бала дамуына ықпалы

27. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру жолдары

28. Оқушыларды білім алуға қызықтыру жолдары

29. Қазіргі мектептің сапалы білім беру мәселелерін шешу жолдары

30. Қазіргі білім беру технологиялардың жалпы сипаттамасы

31. Оқушы өз-өзін тәрбиелеу жолында

32. Дарынды балалармен педагогикалық қызмет етудің ерекшеліктері

33. Педагогикалық талап қоюдың тәрбиелік мәні

34. Балалардың қоғамдық санасын қалыптастыру әдіс-тәсілдері

35. Сынып жетекшісі қызметі, оның мәні, функциялары

36. Тәрбие жүйесі, оның мәні, құрылысы, жалпы сипаты

37. Тәрбиелік іс-шараларды тиімді ұйымдастырудың жолдары

38. Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара байланыс ету қызметі

39. Шет тіл (тарих) сабақтарында ойын әдістерін пайдалану жолдары

40. Дәстүрлі сабақтарды тиімді өткізу жолдары

41. Мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты әрекетіндегі қарым-қатынас

42. Проблемалық оқытудың жолдары

43. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

44. Оқушылардың таным қызығушылығын дамыту

45. Оқулық, оның мәні мен мазмұны

46. Білім беру мазмұнының тиімділігі мен сапасы (шет тілі мен басқа сабақтары арқылы)

47. Оқыту үдерісінде оқушылармен жеке дара жұмыстарын ұйымдастыру

48. Оқушылардың таным белсенділігін қалыптастыру жолдары

49. Оқушыларды белсенді әдістер арқылы оқыту жолдары

50. Мектептегі дамыта оқыту жолдары

51. Оқыту үдерісіндегі ынтымақтастық технологиясы

52. Модульдік оқыту технологиясын қолдану жолдары

53. Қиын оқушылармен оқу-тәрбиелік іс-әрекеттерді жүргізу

54. Мектептегі жеке-бағыттаушылық оқыту технологиясы

55. Мектепте сараптау оқыту технологиясын пайдалану жолдары

56. Оқушылармен сабақта жеке дара жұмыс ұйымдастыру жолдары

57. Шет тіл (тарих) сабақтарында оқушылардың білімін, іскерлігін бағалау және тексеру жолдары

58. Дәстүрлі емес сабақтарының түрлерін қолдану

59. Сабақ барысында ойын технологияларын падалану

60. Сабақ барысында компьютерді пайдалану ұйымдастыру тәсілдері