Дәріс 3 курс 6 семестр

1.Тақырыбы:Тіс протездерінің түрлері. Негізгіжәне көмекші конструкционды жадиғаттар. Металл құймалары. Жіктелуі, құрамы, қасиеті, қолданылуы. Полимерлер. Жалпы сипаттама, жіктелуі. Ыстықта және суықта қататын пластмассалар, құрамы, қасиеті және қолданылуы.

1. Мақсаты: Студенттерді тіс протездерінің түрлерімен таныстыру, оларды қолдану көрсеткіштерін, оларды жасайтын негізгі және көмекші жадиғаттардың құрамы, қасиеті, артықшылығы мен жетіспеушіліг жайлы мәліметтер беру. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын металл құймаларымен, полимерлер, ыстықта және суықта қататын пластмассалармен таныстырып, оларды тіс протездеріне қолдануды айтып беру.

2. Дәріс тезистері:

ПРОТЕЗ-латын тілінен аударғанда “дененің жасанды бөлігі” деп түсінуге болады. (аяқтың, қолдың, тістің, жақтың көздің, құлақтың, мұрынның және т.б.)

Тіс протезі- тіс сауытының жасанды бөлігі, жасанды тістер, жақтардың альвеолярлы өскінінің жасанды бөлігі.

Жақ-бет аймағының патологиясын емдеу кезінде келесі протездер түрлерін қолданады:

1) тіс сауыты ақауын толықтыратын протездер;

2) тіс қатары ақауын толықтыратын протездер;

3) тіссіз жақтардың протезі;

4) жақтар мен альвеолярлы өскіннің протезі.

5) Бет протездері ( мұрын, құлақ, көз)

 

Осы жіктелумен қатар протездерді алынбайтын және алмалы салмалы протездерге жіктеу кең тараған, сонымен қатар оларды конструкциясы бойынша көпіртәріздес, пластиналы, доғалы, штифті, жеке сауыттар, салмалар деп бөледі. Алмалы салмалы протездер жартылай және толыққа бөлінеді. Протез науқасты ортопедиялық емдеу заты болып табылады. Оның көмегімен тек шайнау, сөйлеу, жұту, шайнау бұлшықеттері мен самай төменгі жақ буынының қызметін қалыптастырып қана қоймай, алдын алу мақсатын да көздейді- тіс қатарының ары қарай бұзылуын ескертіп, екіншілік деформацияны түздірмейді, пародонтқа қысым түспейді және артропатияны болдырмайды. Сонымен қатар протез науқастың сыртқы келбетін қалыптастыруда үлкен маңызы бар, яғни эстетикасын жақсартады.

 

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын жадиғаттар туралы түсінік.

Стоматологияда жадиғаттану стоматологиялық материалдардың шығу тегін және өндірісте шығару сияқты мәселелерді қарайтын қолданбалы ғылым. Табиғатта кездесетін заттардың қасиеттері стоматологиялық мақсат үшін жарамсыз болғандықтан стоматологиялық материалдар арнайы зертханаларда, арнайы зауыттарда препараттар, бұйымдар, жартылай фабрикаттар шикізат ретінде шығарылады. Жаңа шыққан материалды тәжірибелік стоматологияда қолдану клиникалық, зертханалық және кейбір жағдайларды фармакологиялық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін.

Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін, олардың тек қана қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен бірге қолданған кезде болатын өзгерістерді де білген абзал. Мысалы, егер полимеризациялау кезінде технология бұзылса, онда жоғары сапалы акрил пластмассалардан жасалған протездің сапасы төмен өзгерістерді және олардың қасиеттерін оқу барысында терең меңгерген жөн. Әрбір материалдардың өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттері болады: меншікті салмағы, балқу температурасы, басқа заттармен химиялық әрекеттерге түсуі және т.б.

Тіс техниктеріне арналған материалдарды шартты түрде негізгі / немесе конструкциялық / және көмекші /қосалқы/ деп екіге бөлу қалыптасқан. Негізгі материалдарға әртүрлі тіс протездері мен аппараттарды жасауға арналған негіздік пластмассаны, жасанды тістерді, металдарды және олардың құймаларын жатқызады. Конструкциялык материалдарды өңдеп протездер жасау кезінде қолданылатын материалдарды көмекші деп атайды .

Негізінен дәрігерлер қолданылатын материалдар тобын клиникалық немесе дәрігерлік деп атайды. Бұл топқа тіс салу негізіндегі тістерді пломбалауға арналған амальгамаларды, цементтер мен пластмассаларды жатқызуға болады.

Негізгі материалдардың қасиеттері.

Металдар мен полимерлердің химиялық құрамына, структурасына және өңдеу тәсілдеріне байланысты өзгерістері туралы толық мәлімет алу үшін әртүрлі тексерулер мен сынақтар тәсілі қолданылады. Толып жатқан зерттеулерді металлографиялық, спектральдік, рентгеношрафиялық және технологиялық сынамаларға бөлу қалыптасқан. Осы зерттеулер арқылы материалдың табиғаты, құрылысы, құрамы және қасиеті, ал керек кезінде дайын бұйымның сапасы туралы мәлімет алуға болады.

Материалдың қасиеті физикалық, химиялық, механикалық және технологиялық көрсеткіштері арқылы білінеді.

Физикалық көрсеткіштерге балқу және қайнау температурасы, беттік кернеу, жылу өткізгіштік, сызықтық және көлемдік ұлғаюдың термиялық коэффициенттері, оптикалық константтар, түр-түсі, тығыздық, фазалық өзгерістер және т.б.

Механикалық көрсеткіштерге: мықтылық, қаттылық, серпімділік, иілімділік, морт сынғыштық, тұтқырлық сияқты ұғымдар жатады.

Мықтылық деп- материалдың сыртқы күш әрекетіне қарсы тұру қабілеттілігін айтады. Үлестік мықтылық деп- мықтылық шегінің тығыздығына қатынасын айтады. Дененің өзіне басқа дененің енуіне қарсы тұру қасиетін қаттылық дейді. Серпімділік деп сыртқы күш әрекеттерінен қалыптарының өзгеруінің алғашқы қалыпқа қайтымдылығы айтылады.

Тұтқырлық деп, тез артатын сыртқы күштің соққысына материалдың қарсыласу қасиетін айтады ( морт сынғыштыққа қарсы құбылыс).

Иілімділік деп, материалдың сыртқы күштің әсерінен бұзылмастан қалыбын өзгертіп, берілген жаңа қалыпты сақтап қалуын айтады. (серпімділікке қарсы құбылыс)

Тіс жасайтын өндірістерде материалдарды механикалық сынақтан (статистикалық, динамикалық және қаттылығы) өткізудің маңызы зор. Материалдарды статистикалық сынақтан өткізу үшін тұрақты күш немесе күшті өте байыппен жоғарылатады, ал динамикалық сынақ кезінде күшті немесе соққыны өте тез жоғарылатады. Материалдардың қасиеті туралы толық мәлімет алу үшін олардың қажуын,ескірүін,тозуын сынық арқылы анықтайды.

Металдардың құрамына,құрылысына және өңдеу тәсілдеріне байланысты химиялық қасиеттерінің сипаттамасын білу ушін оны жалпы коррозияға ,кристолит аралық коррозияға және коррозиялық жарылуларына тұрақтылығын анықтайды. Химиялық қасиеттерге тотығыштық және ерігіштігі жатады. Әртүрлі ортада коррозияға тұрақтылығын анықтау үшін бірнеше тәсілдер қолданылады: сынақтан өтетін затты толығымен сұйыққа батырып қою; бірнеше рет сұйыққа батырып, қайтып алынуы; буда; қайнап тұрған тұздың ерітіндісінде; айналамыздағы атмосферада; зертханада. Сұйықты, буды немесе ерітінділерді сынақтан өткен металдарды еске ала отырып таңдайды. Сынау үшін қолданылатын заттың үстірт беттерімен бірге сұйықтың көлемінің қатынас шамасы мол болған дұрыс. Алынған нәтижелерді сынау арқылы, коррозия жылдамдығы арқылы коррозияның тереңдігін де анықтауға болады. Коррозияның дамуының тағы бір көрсеткіші ретінде заттың механикалық қасиеттерінің өзгеруін айтуға болады. Жалпы коррозия, бұйымның кескінін кішірейтіп, түсірілген салмаққа қарсылығын төмендетеді. Нүктелі коррозия нәти жесінде бұйымның иімділігі төмендейді. Материалдарды өңдеу кезінде ең маңызды көрсеткіш олардың технологиялық қасиеті. Бұларға құю, созымдылық, штамптау ( қалыптау), айналмалы біліктердің арасынан өткізу(прокаттау), созу, дәнекерлеу және өңдеу сынақтары жатады. Технологиялық сынамалар өте қарапайым. Бұл сынамалардың көрсеткіштері осы материалдарды қолданған кезде жіберілген кемшіліктерді анықтап түзеуге мүмкіндік береді.

Металдар және металл құймалары.

Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әртүрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза күйінде қолданылмайды,өйткені олардың касиеттері негізгі ( конструкциялық материалдарға қойылатын талаптарға сай емес. Металдардың өз ара әрекетке түсіп, металл құймаларың түзу қабілеттілігі өндірістерде кеңінен қолданылып жүр. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатың барлық металдар көп компонентті құймалар болып табылады.

Табиғатта металдар химиялық қосылыстар түрінде (рудалар), ал кейбірі коррозияға төзімді металл топтары сап түрінде кездеседі.

Құймалардың кристалдық құрлысы. Құймалар сұйық күйінен қатты қүйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қатты кезінде құйма құрамындағы компоненттерінің бір- бірімен әрекеттесүін негізгі 3- түрге бөледі: механикалық қосылыс, қатты ертінді және химиялық қосылыс. Компоненттердің әрекеттерінің осы түрлерін қарастырайык.

Механикалық қосылыс. Құйманың бұл түріне бір бірінде ерімейтің металл қосылыстарын жатқызады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы, қорғасын, висмут және кадмий қосылыстарың жатқызуға болады. Құйманын әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торың сақтайды және касиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты.Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл құймаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың қаттылығы жеткілікті.

Материалтану – материалдың құрамы туралы ғылым.

Стоматологиялық материалдар 3 топқа бөлінеді:

1. Негізгі

2. Көмекші

3. Клиникалық.

Негізгі деп – тіс протезін жасайтын материалды айтады. Оларға материалдар мен олардың құймаларын, керамикасы(стом фарфор) полимерлер, композициялық, пломбалық материалдар.

Көмекші – протез технологиясының әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оларға модельдік, абраивтк, үлгілік флюстер жатады.

Клиникалық – клиникалық стоматлогиялық қабылдауда қолданылатын материалдар. Оларға балауыздар, балауыз композициясы жатады.

Стоматологиялық материалдарға жоғарғы талаптар қойылады:

- токсикологиялық

- гигиеналық

- физико-механикалық

- химиялық

- эстетикалық

- технологиялық.

1. Материалдардың қасиеттері:

- механикалық қасиеті – материалдың бұзылуға төтеп бере алу қасиеті.

- Қаттылық – басқа дененің кіруіне қарсы тұра алуы;

- Беріктілік – бөгде күштердің әсеріне төтеп бере алуы;

- Майысқақтық – формасын өзгерте алуы, сынбау қасиеті;

- Материалдық тозуы – циклдық күштердің әсерінен материалдың бұзылуы.

2. Технологиялық қасиеттері:сатериалдың белгілі бір жағдайда жұмысқа жарамдылығы.

- ковкость

- текучесть

- шөгуі

3. Физикалық қасиеттері:

- материалдың түсі ортопедиялық стоматологияда үлкен роль атқарады.

- Тығыздығы – қандай да бір мөлшерде белгілі бір заттың болуы (балауыздың тығыздығы 0.45-0.97, алтын – 19.2)