Гильзаны алдын ала штамптау.

Іс әрекет кезеңі Аспаптар мен құралдар. Өзін өзі бақылау критерилері.  
1 Қажетті диаметрлі метал штампикке сәйкес гильзаны таңдау. Стандартты гльзалар наборы, бинзинді жанғыш, “Самсон” аппараты, пеш. Қажетті диаметрлі гильза болмаса, онда “самсаон” аппараты арқылы оны кішірейтіп аламыз. Дұрыс алынған гильза қиындықпен киілу керек.
2 Металл гильзаны күйдіру. Отқа төзімді массасы бар пеш. Механикалық қысымға байланысты гильзада ішкі кристаллдық өзгерістер жүреді. Осыныңм нәтижесінде ол өзінің элстикалық және 0000 қасиеттерін жоғалтады. Осы қасиеттерді қалпына келтіру үшін күйдіру шадықтырады. Алтын сауыттарға жанғыштың ашық жалынында қызыл түс пайда болғанша күйдіріп, және ауада суытады. Болатты пеште 1000°С - 1100°С ашық сары түс пайда болғанша, одан ақ түске дейін күйдіреді.
3 металл гильзаны еркін 000 Наковальня, балғаша. Күйдіргеннен кейін гильзаны наковальняда штампталған тіс формасына сәйкестендіріп алдын ала 0000. Ол үшін алдымен гильзаны наковальняның домалақты өсіндісінде гильзаның қырын, одан өсіндіні ауыстырып, гильзаның кесу қырын соққыларды гильзаның түбінен бастап оның қырларына жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы алады. Алдын ала штамптаудан кейін гильзаны қайтадан термиялық өңдеуден өткізеді. Одан кейін бірінші металл штампиктің көмегімен қорғасынды пластинада балғашықпен гильзаның түбінде тіс іздері пайда болғанша соғамыз. Осы әрекетті кесу қырынан тіс экваторына қарай, сауыт толығымен штампталып болғанша қайталап жасайды. Одан дайын гильзаны штамптан шешіп алады.

 

Пластмассалар.

 

Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи запттар.

Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және медакрильді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері. 1940 ж дейін бакелиттен базисті материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан шығып қалған.(өндірістік алу жолы қиын, түсінің тұрақсыздығы, технологиясының күрделілігі, сынғыштығы)

Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оны зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металлмен және басқа пластмассалар мен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.

Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР-15, фторакс, акронил, бакрил. Бұл материалдардың бір бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық және химиялық касиеттерінде.

Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер- ұнтақ және мономер- сұйық. Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция-полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғары молекулалы зат алу. Полимеризация кезінде полимер мен мономер химиялық реакцияның 5 сатысынан өтеді: құм тексес, қыл тәріздес, камыр тәріздес, резина тәріздес, қатаюы.

Құм және қыл тектес кезеңдерін “ісіну” процессі деп атайды. Бұл процесс 20-22 С 30-40 минут уақыт ішінде өтеді. Қамыр, резина және қатаю кезеңдерін пластмассаның полимеризациялық процессі деп атайды.

Полимердің ісінуіне бірнеше факторлар әсер етеді:

1. Полимердің аумағы мен көлемі;

а) үлкен көлемі, аумағы полимерлік реакцияны баяулатады;

б) кіші көлемі, аумағы кіші полимер реакцияны жылдамдатады.

2. Сыртқы температураға байланысты: жоғарғы температура жылдамдатады, төменгі температура бәсеңдетеді.

3. Полимердің малекулалық салмағына байланысты үлкен молекулалық салмақты полимер баяу ісінеді, ал кіші молекулалық салмақты полимер тез ісінеді.

4. Полимердің құрамында пластификатордың болуы полимердің, мономердің тез еруіне әсерін тигізеді.

 

Пластмассаны полимерлік жолмен алу.(Ыстықта қататын пластмассалар)

Алынған пластмассаның физикалық, химиялық көрсеткіштері жоғары болуы үшін дұрыс температуралық тәртіп болу керек. Жоғарғы температура полимерлік байланыстардың санын көбейтеді. Бұл процесс экзотермиялық реакция бойынша жүреді. Массаның ішкі температурасы 100С аспау керек. Егер температура одан асып кетсе мономер қайнап, буға айналады, пластмассаның құрамында кеңістіктер (тесіктер) пайда болады.

Пластмассаның физикалық және механикалық көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген жағдайлардан төмендейтіндіктен полимеризация кезінде температуралық ережені қатаң сақтау керек.

Полимер мен мономердің қосындысын қамыр тектес кезеңінде қалыпқа (кюветаға) салып пресс-станогымен 30-40 минуттай қысым түсіреді. Сонан соң қалыпты 20-22С суға салып, оның температурасын бір сағаттың ішінде біртіндеп 100С жеткізеді де, 30 минут осы температурада ұстайды. Біртіндеп судың температурасын төмендетіп салқындатады, толық суыған кезінде қалыпты ашып, протезді өңдейді ( егелеу, әрлеу және жалтырату)

 

Өз бетімен қатаятын пластмассалар ( суықта қататын пластмассалар)

 

Бұл пластмассалардың құрамына сыртқы температураның әсерінсіз полимеризацияға кіретін акрилатты пластмассалар жатады. Егер де акрилатты пластмассалардың құрамында реакцияны тездеткіштер ( активатор) болса, сыртқы температураның әсерінсіз полимеризация реакциясы жүргізіледі.

Өз бетімен қатаяты пластмассаларға протакрил, редонт 02,03, норакрил, стадонт, карбопласт, акрилоксид және басқалар жатады. Бұлардың құрамында дисульфаномин және диметилпаратолуидин активаторлары бар.

Протакрил, редонт ортопедиялық стоматологияда сынған алмалы салмалы протездерді жөндеу үшін және қозғалған тістерді бір біріне байлап бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар ортодонтиялық аппараттарды жасау үшін кеңінен қолданылады.

Пластмассалардың кемшіліктері.

 

1. Сыртқы температураның әсерінен көлемінің кенею коэффициентінің өте жоғары болуы

2. Физикалық және механикалық қасиеттерінің төмен болуы.(оған алынбалы протездің сыну процестерінің көп болуы жатады.

3. Пластмассаның құрылысы кетікті-тесікті болуына байланысты ауыз құысында микроорганизмдерімен және тамақ қалдықтары қалып қояды,сөйтіп ауыз құысының тазалығын төмендетеді, жаман иіс пайда болады. Шай және кофенің әсерінен өзінің түсін өзгертеді (қараяды)

4. Полимеризация реакциясынан кейін пластмассаның көлемінің кішірейуінің коэффициентінің жоғары болуы 2 проц.

 

5. Әдебиеттер:

7. Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М; Медицина 208 бет.

8. В.Н.копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет

9. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет

10. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет

11. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана 2003ж

12. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану. Карағанды –1993 ж.

6. Бақылай сұрақтары :

6. Тіс протездерінің алынбайтын конструкция түрлері.

7. Тіс протездерінің алынбалы конструкция түрлері.

8. Негізгі материалдардың жіктелуі.

9. Металл құймалары.

10. Базисті пластмассалар

11. Өздігінен қататын пластмассалар.