Түтікті электр қыздырғышты таңдап алу әдістемесі

 

1. Қыздырғыш құрылғының қажетті қуатын (барлық ТЭҚ-тардың жалпы қуатын) мына өрнек бойынша анықтайды [1, 2, 3, 4]:

 

(1)

 

мұндағы, Кқ = 1,1...1,3 – қор коэффициенті; М – қыздырылатын материалдың массасы, кг; С – материалдың меншікті жылу сиымдылығы, кДж(кг0С); t1 және t2 - материалдың бастапқы және соңғы температурасы, 0С; τ – қыздыру уақыты, сағат; η – қондырғының п.ә.к.

 

2. [1,2,3,4] әдебиеттерді пайдаланып қыздырғыштардың жұмыс істеу жағдайына сәйкес келетін, яғни ТЭҚ қабықшасының температурасын ескере отырып, актив беттегі меншікті қуаты Wмүм таңдап алады, содан кейін мына өрнек бойынша барлық қыздырғыштардың қажетті актив бетін анықтайды

(2)

3. [1, 2, 3, 4] әдебиеттерді пайдаланып, берілген жұмыс жағдайына сәйкес келетін ТЭҚ-ты таңдап алады, яғни қондырғының жұмыс кеңістігіне байланысты ТЭҚ-тың пішіні мен өлшемдерін таңдап алады. Содан соң бір қыздырғыштың актив бетін анықтайды :

Fакт1 = π· d · ℓa, (3)

 

мұндағы d – ТЭҚ қабықшасының диаметрі, см;

a - актив бетінің ұзындығы, см;

a = L – 2 ℓт,

мұндағы L – ТЭҚ-тың жазылған кездегі ұзындығы, см;

т - түйіспелік стерженнің ұзындығы, см.

4. Барлық қыздырғыштардың қажетті жалпы актив беті мен бір ТЭҚ-тың актив бетіне байланысты ТЭҚ-дың қажетті санын анықтайды [1,2,3,4]:

, (4)

Үш фазалы электр торабын бірқалыпты жүктеу үшін қыздырғыштардың саны үшке еселі болу керек.

Мысал: Бастапқы температурасы t1 = 50С, көлемі V = 200дм3= 200л суды ағынды емес элементті су қыздырғышта τ = 4 сағат ішінде t2 = 900С-қа дейін қыздыруға ТЭҚ-тарды таңдап алу керек. Су қыздырғыш резервуаларының диаметрі D = 0,6м. Су қыздырғыштың П.Ә.К. η = 0,91

1. (1) өрнек бойынша қыздыратын қондырғының қажетті қуатын анықтаймыз:

2. (2) өрнек бойынша барлық қыздырғыштардың қажетті актив бетін анық-таймыз:

[1,2,3.4] әдебиеттерден Wмүм = 6,5 Вт/см2 = 6,5·104 Вт/м2 қабылдаймыз, сонда

3. Су қыздырғыштың жұмыс кеңістігіне (диаметрі – D = 0,6м) және қыздыры-латын ортаға байланысты [1,2,3,4] әдебиеттен U – тәрізді ТЭН – 85А13/2Р220 типті ТЭҚ-ты таңдап аламыз.

[Жазылған ұзындығы 85 см, түйіспелік стерженінің ұзындығы 40 мм (А), диаметрі – 13 мм, қуаты – 2 кВт, суды және сілтілердің әлсіз ертіндісін (рН 7...9) қыздыруға арналған, түтігі көміртекті болаттан (10,20 маркалы болат), кернеуі – 220 В].

(3) өрнек бойынша бір электр қыздырғыштың актив бетін анықтаймыз:

 

Fакт1 = π· d · ℓa,

 

Түтікті электр қыздырғыштың актив бетінің ұзындығын есептейміз:

a = L – 2 ℓт = 850 – 2 · 40 мм = 770 мм

Сонда бір ТЭҚ-тың актив беті

Fакт1 = 3,14 · 13 · 10-3 · 0,77 м2 =0,031 м2

4. (4) өрнек бойынша ТЭҚ-тардың қажетті санын анықтаймыз:

Актив ұзындығы 770 мм U – тәрізді дайындалған ТЭН – 85А13/2Р220 типті үш ТЭҚ-ты таңдап аламыз. Олар су қыздырғыш резервуары бүйірінің төменгі жағында орналастырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Электротехнология /В.А.Карасенко, Е.М.Заяц, А.Н.Баран, В.С.Корко. – М.: 1992, - 304с.

2. Трубчатые электронагреватели / Каталог 12.30.09. – 86. М: Информэлектро, 1986. – 67 с.

3. Өтешев Ө., Кешуов С.А. Электротехникалық жабдықтар. – Алматы – Агроуни-верситет, 2008. – 294 бет.

4. Өтешев Ө. Электр-термиялық құрылғылардың теориялық және есептеу негіз-дері. – Алматы: Нур-Принт, 2005. – 146 бет.