Бронх демікпесін диагностикалау алгоритмі

$$$025

Балалардағы ингаляциялық кортикостероидтармен емдегенде ЕҢ жиі кезедесетін жанама әсері?

A) Артериальды гипертензия

B) Аяқ-қолдардың треморы

C) Остеопороз

D) Ауыз қуысының кандидозы

E) Иценко-Кушинг синдромы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = ZO

 

$$$026

5 жасар ұл бала. Құрғақ ұстамалы жөтелге, ысқырықты тыныс, ентігуге шағымданады. 3 жасында бірінші ұстамалы тұншығу болған, кейін 3-4 айда 1 рет қайталанған. Үйінде кітаптар, кілемдер көп. Қарап-тексергенде: тыныс алу жиілігі 32 рет минутына, тыныс шығарудың ұзаруымен жүретін ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы үрленген, перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, екі жақтан да құрғақ ысөырыөты және орташа көпіршікті ылғалды сырыдар естіледі.

Төменде келтірілген себептердің қайсысы ЕҢ тән ?

A) Тағамдық

B) Тұрмыстық

C) Саңырауқұлақтық

D) Шаңдық

E) Эпидермальді

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

 

$$$027

1 жастағы ұл бала. Ылғалды жөтелге, ентігуге шағымданады. Анамнезінде екі рет жедел обструктивті синдромды бронхитпен ауырған. Қарап-тексергенде: салмағы 12 кг, бет терісінде, денесінде лихенизацияланған гиперемиялық ошақтар, қасыну іздері, қолдардың жазылу бетінде везикула-папулезді элементтер анықталады. Кеуде клеткасы үрленген, перкуторлы- қораптық дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, орташа көпіршікті, ылғалды және ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.

Төменде келтірілген себептердің қайсысы ЕҢ тән ?

A) Тағамдық

B) Тұрмыстық

C) Саңырауқұлақтық

D) Шаңдық

E) Эпидермальді

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

 

$$$028

7 жастағы қыз бала. Ұстамалы құрғақ жөтелге шағымданады. 6 жасында алғашқы ұстама пайда болғаннан бері ауырады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, тыныс шығаруы ұзарған.Тыныс жилігі 32 рет минутына. Өкпе үстінен перкуторлы қораптық дыбыс, аускультатвті көп мөлшерде өкпенің барлық аймағында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,3х1012\л, Нb - 118г\л, лейкоциттер - 5,8х109/л, таяқшаядролылар - 1%, сегментядролылар - 48%, эозинофилдер - 14%, лимфоциттер - 29%, моноциттер - 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ.

Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ маңызды?

A) Қақырықтың жалпы анализі

B) Спирография

C) Кеуде қуысының рентгенографиясы

D) Бронхоскопия

E) Белок және оның фракциялары

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = РА

 

$$$029

11 жастағы қыз бала. Ұстамалы жөтелге шағымданады. Үш жыл бойына ауырады. Қарап-тексергенде: тыныс жиілігі 40 рет минутына. Кеуде клеткасы үрленген, перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, екі жақтан тынысы әлсіреген. Кеуде қуысының рентгенограммасында : өкпе алаңы мөлдір, өкпе тұбірі маңының бронхөкпелік суретінің күшеюі.

Төменде келтірілген қайта қалпына келтіру бағдарламасының ЕҢ тиімдісі?

A) Физио-ем

B) Бальнеотерапия

C) Иглорефлексотерапия

D) Тыныс алу гимнастикасы

E) Гелиотерапия

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = РА

$$$030

13 жасар қыз бала. Күнделікті күндізгі уақыттағы тыныс алудың қиындау ұстамаларына, физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуіне шағымданады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығару ұзарған. Тыныс алу жиілігі 34 рет минутына. Өкпеде қораптық дыбыс, аукультативті көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды сырылдар өкпенің барлық аймағынан естіледі. Спирогаммада форсирленген тыныс алу көлемі 1 секундта -70 %.

Төменде келтірілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?

A) Аминофиллин 150мг тәулігіне

B) Беклометазон 100мкг 2 рет тәулігіне

C) Преднизолон 0,2мг\кг\тәулігіне пероральды

D) Сальбутамол 100мкг 1 мөлшер 4 рет тәулігіне

E) Теопэк 300мг 1 рет тәулігіне

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = PA