Зәр синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$055

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде диагностика үшін қандай сынама ЕҢ маңызды болып табылады?

A) Амбурже сынамасы

B) Зимницкий сынамасы

C) Нечипоренко сынамасы

D) Реберг-Тареев сынамасы

E) Аддис-Каковский сынамасы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$056

17 жасар бозбала, бетінің, денесінің ісінуіне, зәрінің түсінің өзгеруіне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, бүкіл денесінде ісінулер. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм.с.б.б. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,0×1012/л, HB – 93 г/л, лейкоциттер – 6,7×109/л, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 3,8 г/л, лейкоциттер – 3-4 көру алаңында, эритроциттер – 8-9 көру алаңында, цилиндрлер – 10-12 көру алаңында, креатинин – 280 мкмоль/л, холестерин – 7,8 ммоль/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды синдром қайсысы?

A) Аралас

B) Нефротикалық

C) Нефриттік

D) Гематуриялық

E) Гипертониялық

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(С.И.Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$057

45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

A) Пиелонефрит

B) Бүйрек амилоидозы

C) Гломерулонефрит

D) Бүйрек гидронефрозы

E) Миеломды ауру

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.6. Болезни почек. Москва. – 2002.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$058

35 жасар әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта, аяқтарындағы ісінуге, бетінің ісінуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: Аяқтарында ісіктер, бетінде ісіну бар. Жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1005, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,33 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер - 3.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

A) Преэкламсия

B) HELLP-синдромы

C) Гломерулонефрит

D) Жүктілер ісінуі

E) Жүктілер пиелонефриті

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.6. Болезни почек. Москва. – 2002)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$059

30 жасар әйел, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан 15 күннен кейін әлсіздік пен қабағының ісінуі пайда болған. Қарап тексергенде: қабағы мен өкшесінің ісінуі бар. Терісі боз. Артериалды қан қысымы – 150/100 мм.рт.ст. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1021, белок – 1,4 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында, креатинин – 70 мкмоль/л.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Курантил

B) Фуросемид

C) Каптоприл

D) Преднизолон

E) Азитромицин

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 

$$$060

Ер адам 48 жаста, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: терісі боз. Артериалды қан қысымы – 140/90 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1012, белок – 1,2 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді тексеру әдісі қайсысы?

A) Бүйрек биопсиясы

B) Экскреторлы урография

C) Компьютерлік томография

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Магнитті резонансты томография

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA