Медициналық симуляцияның сценариі

Клиникалық жағдай: «Сальмонеллез»

Ситуациялық тапсырма:Сіз жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдаубөлімінің дәрігерісіз. 21 маусымда сағат 19.00-де қабылдау-кеңес беру бөліміне 32 жастағы еркісі жеткізілді. Шағымдары: ішінің өтуі, ішінің ауыру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, айқын әлсіздік, ауыздың құрғауы.

 

Тапсырмалар:

Ø Анамнез жинаңыз (аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, өмір анамнезі)

Ø Пациентті қарап тексеріңіз

Ø Болжам диагноз қойып, оны тұжырымдаңыз

Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз

Ø Лабораторлық зерттеу нәтижелерін талдаңыз

Ø Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз

Ø Емдеу жоспарын құрыңыз

Ø Қорытынды диагноз қойыңыз

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Жеделинфекциясына тән шағымдары анықталды:

- интоксикация симптомдары

- диареялық синдром

Ø Эпидемиологиялықмәліметтержиналды:

- аурудыңтағамменбайланыстыболуы

Ø Физикалдызерттеужүргізгендетөмендегілер анықталды:

- жағдайының ауырлығы

- ауру сезімініңорналасуы мен сипаты

- асқазан-ішек жолдарының зақымдану синдромы

Ø Болжама диагнозы негізделді

Ø Тексеру жоспарын тағайындады

Ø Дизентериямен, тағамдық токсикоинфекциямен, салыстырмалы диагностика жүргізілді

Ø Бар анализдерге интерпритация жасалынды

Ø Қорытынды диагнозды негіздеді

Ø Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу қажеттілігін негіздеді

Ø Алдағы ем тактикасын анықтады

Ø Емін дұрыс тағайындады

Ø Қарым қатынаста болғандарды анықтады

Ø Шығару критерилерін анықтады

Ø Коммуникативты дағдыларды көрсете білді

 

Бағалау парағы (check-list)

«Диарея» клиникалық жағдайына байланысты

 

Емтихан тапсырушы Аты- Жөні: ________________________________________________

Күні ___________________________________________________________________

Экзаменатор _____________________________________________________________

 

Бағалау критериі баллдық баға
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындалмады
1. 1 Шағымдарын жинау 1,0 0,5
  Анамнезін жинау 1,0 0,5
  Эпидемиологиялық анамнез жинау 1,0 0,5
4. 2 Физикалық тексеру – жалпы тексеру 1,0 0,5
5. 3 Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (беткей пальпация) 1,0 0,5
  Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (соқыр ішек пальпациясы) 1,0 0,5
7. 4 Болжама диагнозды негіздеу 1,0 0,5
8. 5 Тексеру жоспарын тағайындау 1,0 0,5
9. 6 Дифференциальды диагноз жүргізу жоспары 1,0 0,5
10. 9 Жалпы қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5
  Жалпы зәр анализін интерпретациялау    
12. 12 Қорытынды диагнозды негіздеу 1,0 0,5
13. 15 Алдағы ем тактикасын анықтау 1,0 0,5
  Емнің дұрыс тағайындалуы (базистік ем) 1,0 0,5
  Емнің дұрыс тағайындалуы (этиотропты ем) 1,0 0,5
16. 16 Емнің дұрыс тағайындалуы (патогенетикалық ем) 1,0 0,5
17. 18 Шұғыл хабарламаны беру 1,0 0,5
18. 19 Қарым-қатынаста болғандарды анықтау 1,0 0,5
19. 20 Шығару критериилері 1,0 0,5
  Коммуникативті дағдыларды көрсету білу 1,0 0,5
Барлығы 20,0 10,0

 

Стандартталған актерға арналған сценаридің мәтіні мен рөлін сипаттау:

Сұйық нәжіске, іштегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауруына, айқын әлсіздікке, ауыз қуысының құрғауына шағымданады.

Сұрақтар Актер үшін сұрақты дайындау Актердің жауабы
Ауру басталған уақыт Сіз қашан ауырдыңыз? Кеше түстен кейін, 20 маусымда.
  Аурудың даму динамикасы     Ауру қалай басталды? Әлсіздік, жалпы шаршағыштық пайда болып, дене қызуым жоғарылады.
Дене температурасы қандай сандық көрсеткіштерге дейін жоғарылады? Бір күннің ішінде 39,50С дейін.
Медициналық көмекке жүгіндіңізба? Тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға қаралдым.
Қашан? Бүгін таңертең. Жалпы қан және зәр анализін тапсырдым.
Дәрігер қандай диагноз койды және қандай ем тағайындады? Дәрігер «ЖРВИ» диагнозын койды. Төсектік режим,аңқаны шаю, көп мөлшерде сұйықтық ішу, ыстықты түсіретін препараттарды тағайындады.
Емнің эффективтілігін анықтау Тағайындалған ем сізге көмектестіма? Жоқ. Түстен кейін іште ауру сезімі пайда болды,кейін кешкісін сұйық нәжіс қосылды.
Аурудың даму динамикасы (жалғасуы)     Іштегі ауру сезімі тұрақты ма? Жоқ,дәретханаға шығып болғаннан соң кезеңді түрде бүріп және босатылады.
Сұйық нәжіс қанша рет болды? 4-5 рет.
Нәжістің сипаты Сұйық, көп мөлшерде, түсі жасыл, жағымсыз иіспен.
Нәжісте шырыш, кан байқамадыңыз ба? Жоқ, байқағам жоқ.
Құстыңызба? Үш рет.
Шөлдеу мазалайды ма? Мазалайды, үнемі ауызым құрғап тұрады.

 

Эпидемиологиялық анамнез:

 

Сұрақтар Әртіске арналған сұрақтар Әртістің жауаптары
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау Сіз пәтерде тұрасыз ба? Ия.
Кіммен тұрасыз?     Әйелім және қызыммен.
Әйеліңіз және қызыңыз сау ма? Ия, сау.
Кім болып жұмыс істейсіз?   Кафеде официант болып.
Ауруға дейін үш күн ішінде қандай тағамдар жедіңіз?Қоғамдық жерлерден жиі тамақтанасыз ба? Дәмі мен иісі ұнамаған тағам жедіңіз ба? 19 маусымда жұмыста қой етінен тағайындалған кәуап жедім. Кәуап толық піспеген,арасында қан болды.Негізінен үйде дайындалған тағамдармен тамақтанамын. Үш күннің ішінде жөнді піспеген кәуаптан басқа иісі және дәмі өзгерген ас қабылдаған жоқпын.
Кәуапты кай уақытта жедіңіз? Түнде сағат 22.00-де.  
Кәуапты кімдермен жедіңіз?Қанша адам болды? Кафе қызметкерлерімен.Үш адам.
Бірге тамақтанған адамдар ауырдыма? Біреуі іштегі ауру сезімімен, іш өтумен ауырып үйінде емделіп жатыр.

Өмір анамнезінен: Созылмалы холецистит, панкреатит. Операции, жарақаттар болмаған. Дәрілік препараттарға аллергиялық реакциясы жоқ.

Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта.Есі анық. Менингеальды симптомдар теріс. Дене температурасы – 39,0 ºС. Сұрақтарға дұрыс жауып береді,сылбыр, дауысы сырылдаған. Тері жамылғысы ыстық, бозғылт түсте. Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар естілмейді. ТАЖ – 18 рет минутына. Жүрек тондары анық,ритм дұрыс. Пульс – 96 рет/мин. АҚҚ – 120/70 мм с.б.б. Тілі құрғақ,ақ, қалың жабындымен жабылған.Іші жұмсақ,кіндік және мықын аймағына терең пальпация жасағанда ауру сезімімен.Құрсақ қуысының тітіркену симптомы жоқ. Зәр шығаруы бос, ауыру сезімсіз. Нәжіс сұйық,көп мөлшерде шырыш аралас, жасылтүсті.