Геодезия пәні және оның негізгі мәліметтері.

Жоспар

1. Кіріспе

2. Геодезия туралы жалпы мәліметтер

2.1 Геодезия пәні және оның негізгі мәліметтері.

3. Геодезияның даму тарихы

Орытынды

 

КІРІСПЕ

«Геодезия пәні», «Маркшейдерлік іс» мамандығы студенттердің негізгі сабағы болып саналады және пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Бұл пәнді оқып-үйренудің негізгі мақсаты – студенттерді тау-кен өнеркәсібінде жүргізілетін барлық топографиялық түсіністер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізе білуге үйрету. Студенттердің бұл пәнді 1-курстан бастап оқуы, олардың болашақ мамандығына деген көзқарасының қалыптасуымен қатар, кейін «Маркшейдерлік іс», «Жоғарғы геодезия», «Маркшейдерлік-геодезиялық аспап тану», «фотограмметрия», «Геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулер нәтижелерін математикалық өңдеу» сияқты пәндерді игеру негізін қалайды.

Оқу материалын баяндау барысында геодезия ғылымы мен өндірісінің осы күнгі жетістіктеріне, геодезиялық жаңа аспаптарға, түсіріс әдістеріне және далалық өлшеу нәтижелерін ғылыми өңдеу негіздеріне басты көңіл аударылады.

 

 


Геодезия туралы жалпы мәліметтер

Геодезия пәні және оның негізгі мәліметтері.

ГЕОДЕЗИЯ –Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «Жерді бөлу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге бөлуге байланысты пайда болғандығының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезия – жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққан, күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық- графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр. Сөйтіп, геодезия – жердің пішіні мен көлемін анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда әртүрлі өлшеу әдістері туралы ғылым.

Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола тұрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырады. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми салаларға бөлінді.

1. Жоғарғы геодезия.Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін

жүргізілген егжей-тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.

Геодезиялық астрономия –геодезиялық тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шұғылданады.

Геодезиялық гравиметрия –жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы, жер пішінін зерттеумен айналысады.

Ғарыштық геодезия –жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық ара қатынастарын зерттейді.

2. Геодезияның(топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.

3. Картографиядажер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.

4. Аэрофотопография –фэросуреттер бойынша топографиялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады.

5. Қолданбалы геодезия –ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарға геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.

Геодезия пәнінің негізгі міндеттеріне:

- Жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде анықтау;

- Тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу;

- Республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады.

Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотографияметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әртүрлі – цифрлық және электронды машиналар қолданылады.