Тақырып 3. Бақылау және аудит

 

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны.

2. Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құылымы.

3. Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті

4. Жүйенің құжаттық рәсімделуі

 

1. Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны.

Аудиттің өзіне қысқаша тоқталсақ, аудит (лат audit-шоттарды тексеру, тексеріс)-шаруашылықты жүргізу субьектілерінің қаржы есеп –қисабына аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жүргізген тәуелсіз сараптамасы мен талдау. Аудиттік жүргізу барысында жылдық бухгалтерлік (қаржы) есеп-қисабының жай күйі мен мазмұны, меншік нысаны мен қызмет түрлеріне қарамастан банкілердің, қорлардың, биржалардың, компаниялардың, қоғамдар мен басқа да шаруашылық жүргізу субьектілерінің жылдық балансының дұрыстығы мен толықтығы; субьектілердің инвестициялардың қабылдау және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі әлеуметті мүмкіндіктері, кәсіпорындардың жарғылық қорының уақытылы толық құралуы; несие ресурстары мен инновациялардың мақсатқа сай пайдаланылуы; қаржының жай-күйі жөнінде аудиторлық қорытынды жасалады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өздерінің кәсіптік қызметімен байланысты басқа да қызметтер, атап айтқанда: бухгалтерлік есепті жалға қою және қалпына келтіру; табыс және қаржы есеп-қисабы туралы жасау; кәсіпорынның активтері мен пассивтерін бағалау; тапсырыскерлерге ақпараттық қызмет көрсету; салық және шаруашылық заңдары жөнінде кеңес беру қызметтерін де көрсетеді.

Сонымен аудитор (лат audit-тындаушы, тексеруші) - аудиторлық қызметпен айналысушы маман болып табылады. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады. Аудитордың аудиторлық қызметпен кәсіпкер немесе аудиторлық ұйымның қызметкерлері ретінде жеке айналысуына құқығы бар жеке кәсіпкерлік қызметпен тек лицензия алғаннан кейін және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мемлекеттік тізімдемесіне енгізілгеннен кейін ғана айналысуға болады. Оның оқытушылық пен ғылыми жұмысты қоспағанда кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады. Пайдақорлық пен шаруашылық қылмыстар үшін сотталған адамдардың аудиторлықпен айналысуына құқығы жоқ. Аудитордың (аудиторлық ұйымдардың): тексеру нысандары мен әдістерін дербес айқындауға; барлық бухгалтерлік тізімдіктерді; шоттарды, қаржы-шаруашылық қызметтің басқа да құжаттарын, активтер мен міндеттемелерді, ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың, материалдық құндылықтардың нақты болуын және олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік (қаржы) есептемесінің деректерімен сай келуін тексеруге; банкілерден, салық органдары мен өзге де үшінші тұлғалардан тексерілетін кәсіпорынның қызметі туралы аудитті жүргізу үшін қажет тиісті мәліметтер алуға; түрлі саладағы мамандарды шарт негізінде аудитке қатысуға таратуға?; кәсіпорының қажетті құжатаманы табыс етпеген жағдайда тексеруден бас тартуға құқығы бар. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдардың): тапсырыс берушіге аудитті жүргізуге өзінің қатыса алмайтындығы туралы хабарлауға; тексерілетін кәсіпорыннан алынған және өзі тексеру барысында әзірлеген құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; өзі табыс еткен және аудиторлық жұмыс барысында анықталған кез келген ақпараттың және тексеру деректерінің, нәтижелерінің және тапсырыс берушінің қаржылық жай-кұйінің құпия ұстауына кепілдік беруге; тексеру барысында алынған ақпаратты өзінің мақсаты үшін немесе үшінші бір тұлғаның мүддесі үшін пайдаланбауға аудитті жүргізу барысында заңдардың елеулі түрде бузылғандығын, соның салдарынан кәсіпорынның немесе мемлекеттің зиян шеккенін не зиян шегуі мүмкін екендігін айқындайтын фактілер туралы меншік иесіне жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде жедел дамыды. Мысалы, Ұлыбритания, Франция елдерінде аудит міндетті түрде жүргізілетін болды. Оның құқылығын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бірінші болып аудит заңы қабылданды.

Шет елдердегі аудит жұмысының мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, негізінде олардың арасында берілетін бірдей талап қоюшылық бар болады.

Ал, еліміздің аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Респуббликадағы аудиторлық қызмет" туралы заңы арқылы іске асырылады. Бұл заң аудит қызметін бір жүиеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.

Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар біздің елдің аудит фирмасы да қосылып аудит жұмысын жасайды. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық елдерінде аудит қызметін көрсететін алты аудит фирмасы бар. Олар қазір дүние жүзілік "үлкен алтылық" деп аталады.

Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екіге бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte Touche, KPMG, Ernest Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады.

Жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда Халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірибесін қабылдауды енді ғана бастап отыр.

Аудит осы мемлекетке қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады.

Аудитор кәсібінің ерекшелігі – олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында. Яғни, олар көптеген ақпарат тұтынушылардың бұл экономикалық субъектімен істес болу немесе болмау жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді. Аудитор үшін баста міндет – аудиторлық қорытындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау. Сондықтан аудитор клиенттің кез келген қыңырлығы мен тілектерін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.

Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.

Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы келесідей болу мүмкін:

- директорлар кеңесі;

- директор;

- аудит объектілері бойынша департаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнетақы қорларының және басқа қаржылық институттардың);

- кеңес беру департаменті (салықсалу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);

- маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.

Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:

- фирманың директоры;

- фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);

- кеңес беру (консультациялық) бөлімі;

- мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылықжәне т.б. бөлімдер.

Ірі аудиторлық компаниялар, сондай-ақ , халықаралық фирмалар аудитті мынадай құрамда жүзеге асырады: аудитордың көмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер.

Аудитордың көмекшісі аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, аз ғана тәжірибесі бар тұлға. Олар тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттарымен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.

Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың жұмысын бақылайды, қызметтің күн сайынғы мониторингін жүзеге асырады, аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды.

Менеджер немесе супервайзер бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық жасайды. Жалпы менеджерлер аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.

Компанияның партнерлары. Халықаралық тәжірибеде аудиторлық фирмалар партнерлықтық заңды нысаны, бизнес иесі болып табылады және оларға толық материалдық жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық компанияларда аудиторлық қорытынды есепке қол қоюға тек партнер құқылы. Партнерлар клинтпен байланыстар үшін, бизнестің стратегиялық дамуы үшін жауапты.

Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады:

- негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы;

- аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы;

- сыртқы бақылау.

Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселері, есепті және соған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез-келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірибесінің жеткіліктілігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асырылуға тиісті.

Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік сатндарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті.

Ағымдағы файлдар - жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.

Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төменгі мәселелерге көңіл аудару керек:

- аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;

- жасалатын жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;

- айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі;

- тексеру нәтижелерінің қаржылыққорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.

Тұрақты файлдар - Сарапшылар Кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Оларға келесілер жатады:

- қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпаратттары бар клиентке арналған хат-келісім;

- клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;

- Аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.

Аудитор жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.

 

Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құылымы.

Бақылау ортасы – бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесі компоненттерден тұрады:

- экономикалық субъектіні басқару стилі;

- экономикалық субъектінінің ұйымдық құрылымы;

- қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

- бақылаушы қызмет және ішкі аудит;

- кадрлық саясат.

Экономикалық субъектіні басқару стилі бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесі жүйесі тиімділігіне елеулі әсер ете алады, сондықтан аудиторға бұл қаржылық есеп берудің бұрмалану ықтималдылығына қаншалықты әсер ете алатынын анықтауға қажет.

Экономикалық субъектінінің ұйымдық құрылымы өкімет пен бағынудың қандай нысандары бар екенін анықтайды. Ұйымдық құрылым арқылы негізгі ақпараттық ағындар анықталады.

- Қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу шаруашылық операциялар дұрыс және заңды өтіп жатыр деген сенімділігін береді. Персоналды хабардар ету мен оның жұмысынбақылауды іске асырудың негізгі тәсілі функционалды міндеттерді, лауазымдық нұсқауларды және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді дайындау болып табылады. Қызметкерлер өздерінің функционалды міндеттерін терең түсіну және жан-жақты білу арқылы өзінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақты түсіну керек. Міндетті сәйкес бөлу – бақылау реттемесі тиімділігінің міндетті шарты.

Бақылаушы қызмет және ішкі аудит. Субъект жұмысын тиімді басқаруды іске асыру үшін басқарушы буын жекелеген қызметкерлер біліктілігін анықтауды, ақпаратты өңдеу мен есептерді құру жүйесін қамтитынтүрлі әдістерді пайдаланады. Бақылаушы қызмет – бұл басшылық нұсқауларын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған саясат пен ретемелер. Оған келесілер жатады:

-қызмет нәтижелеріне шолу жасау – нақты нәтижелерді алдыңғы кезеңдердегі бюджетпен, қызмет болжамдары және көрсеткіштермен салыстыру;

- физикалық бақылау- активтерге, құжаттарға қол жеткізуді, компьютерлік бағдарламалар мен файлдарды пайдалануға рұқсат беруді қамтитын активтерді физикалық қорғау. Тауарлы- материалдық қорларға, бағалы қағаздарға иелік етпейтін адамдардыжақындатуға болмайды.

- ішкі аудитті ұйымдастыру бақылау ортасын нығайтуға елеулі үлес қосып ғана қоймайды, сыртқы аудиторға тікелей көмек көрсете отырып, субъектінің сыртқы аудитке жұмсайтыншығындарды төмендетеді.

Кадрлық саясат. Субъектінің ішкі бақылау жүйесінің маңызды сипаттамаларының бірі бақылауды іске асырушы персоналдық біліктілігі болып табылады. Егер қызметкерлер білікті және сенімді болса, онда субъектінің бақылау жүйесінің белгілі бір әлсіздігі жағдайында да қаржылық есептеменің сенімділігі қамтамасыз етіледі. Жауапты және тиімді жұмыс істеуші персонал шағын тексеру кезінде де бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Бақылау құралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар әр түрлі және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау құралдарының ең көп тараған түрлеріне келесілер жатады:

- мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

- басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

- бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

- есеп айырысуларды ішкі және сыртқы сақтандырулар;

- құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылытынқұжаттарды тегіс номерлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, құжаттарды кітапша ету, сақтау және архивке қою;

- сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану;

- шаруашылық субектілері активтеріне рұқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;

- субъектінің қаржы- шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау.

Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырады. Басқаруды іске асыратын жағдайда басқарудың сәйкес құрылымы енеді.

Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналымен оның басқарушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.

Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен құруға қарағанда сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең алдымен нақтылы қаржылықесеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықты. Ішкі бақылаудың міндеттері:

- Заң талаптарының орындалуы;

- Мүлікті ысыраптан қорғау;

- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықты жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін енгізу.

Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

-Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімдіжүйесін қамтамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;

-Олар қаржылық есеп берудің бұрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?

Кәсіпорының ішкі бақылау жүйесі келесідей элементтерден тұрады:

 

                   
   
 
   
 
 
Бухгалтерлік есеп жүйесі
 
Бақылау ортасы
 
Бақылау құралдары