Тәжірибелік сабақтарының жоспары

Тақырып №1. «Температура өлшеудің әдісі мен құралдарын оқып-үйрену»-2 сағ.

Тапсырма:

1. Температура өлшеудің өндірісте қолданатын әдістері және құралдарымен танысу.

2. Температура өлшеудің техникалық құралдарының құрылымын оқып үйрену.

3. Температура өлшеудің қолдану обылыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты бастамас бұрын өлшеу қателігін азайту үшін берілген әдебиеттер бойынша температура өлшеудің әдістерін термометр құрылымын және оларды қолданудың әдістерін ықыласпен оқып шығу керек.

2. Термоэлектрлік термометрлерді қолдану кезінде олардың электродтарының полярлығына және суық дәнекердің қайтарылымына басты назар аудару керек.

3. Өлшеу-бақылау жұмысын тек дәріс берушінің рұқсатымен ғана кірісу керек.

Негізгі әдебиет: 1[159-186]

Қосымша әдебиет 5[59-86]

Бақылау сұрақтары:

1. Техникада қолданыста болатын барлық температура өлшегіш құралдарының түрлерін атаңыз.

2. Термоэлектрлік термостаттарының қандай түрлерін және оның қолдану аясын білесіздер?

Тақырып №2. «Терможұпты және термокедергінітексеружәне тарифтеу»-2 сағ.

Тапсырма:

1. Термоэлектрлік термометрдің және кедергі термометрлерінің құрылымымен танысу.

2. Өлшеу сұлбасын жинау және оны аспапқа қосу.

3. Өлшеуді жүргізу және оның градирлік мінездемесін салу.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты бастар алдында берілген әдебиеттер бойынша температура өлшеу әдістерімен және термометр құрылысымен танысу. Қателіктің болмауы үшін оларды қосу схемаларымен танысу.

2. Термоэлектрлік термометрді қолданған кезде электродтардың полярлығына және суық дәнекердің қайтарылымына басты назар аудару керек.

3. Өлшеу-бақылау жұмыстарын дәріс берушінің рұқсатымен ғана кірісу керек.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Термокедергілердің қандай түрлерін білесіздер және олар қайда қолданылады?

2. Өлшеу тізбегіне терможұптар мен термокедергілер қалай қосылады?

3. температураны терможұппен және термокедергімен өлшеу принципі неге негізделген?

Тақырып №3.«Қысымды өлшеу құралдарының құрылымын оқып-үйрену» - 2 сағ.

Тапсырма:

1. Манометрлердің, вакуумметрлердің, қысымның электрлік сапаптарының құрылымдарымен танысу.

2. Солардың көмегімен қысымды өлшеу ідңстерң жөніндегі мағлұматтарды оқып-үйрену.

3. Тексеру және тарифтау сұлбасын жинау, өлшеулерді жүргізу. Шкалалау қисығын салу, қателігін бағалау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты жасау үшін ұсынылатын әдебиеттерден қысымды өлшеу әдістері мен құралдары, оларды қолдану ерекшеліктері, дұрыс монтаждау және пайдалану бойынша танысу.

2. Қысымды өлшеуге сәйкес емес аспаптарды пайдаланбау.

3. Өлшеулерді жүргізгенді қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сабақ жетекшісінің рұқсатынсыз жұмысты бастамау.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Қысымды өлшеу құралдарын және олардың қолданылу обылыстарын атаңыздар.

2. Қысымды өлшеу принципі неге негізделген?

3. Қысымдар айырмашылықтары қандай аспаптармен өлшенеді?

4. Серпімді сезімтал элементті қысым аспабының құрылымын түсіндіріңіз.

5. Құбырөткізгіштегі сұйық пен газдардыңқысымдарын өлшеуге арналған манометрлік құрылымдардың сұлбасын келтіріңіз.

Тақырып №4.«Сұйықтың шығынын өлшеу құрылымдары мен құралдарын оқып-үйрену» - 2 сағ.

Тапсырма:

1. Сұйықтардың шығынөлшеуіштерінің құрылымымен танысу.

2. Сұйықтың шығынын өлшеу әдістемесін оқып-үйрену.

3. Өлшеу сұлбасын жинау.

4. Өлшеуді жүргізу және шкалалау сипаттамасын салу.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты жасау үшін ұсынылатын әдебиеттерден сұйықтың шығынын өлшеу әдістері мен құралдары, оларды қолдану ерекшеліктері, дұрыс монтаждау және пайдалану бойынша танысу.

2. Тарылатын құрылымда қысымның өзгеруі бойынша сұйықтың шығынын және мөлшерін өлшеу теориясын, тарылатын құрылымдарды есептеу әдістері және өлшеу қателіктері жөнінде оқып-үйрену.

3. Өлшеулерге тек қана сабақ жетекшісінің рұқсатымен кірісу.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Тарылатын құрылымдармен сұйықтың шығынын өлшеу неге негізделген?

2. Шығын коэффициенті деген не?

3. Тахометрлік шығынөлшеуіштер, олардың жұмыс принциптері.

4. Шығынды ротаметрлермен өлшеу теориясы және олардың құрылымдары.

5. Индукциялық және электромагниттік шығынөлшеуіштер, олардың әрекет принциптері?

Тақырып №5. «Газдың шығынын өлшеу құрылымдары мен құралдарын оқып-үйрену» - 2 сағ.

Тапсырма:

1. Газдардың шығынөлшеуіштерінің құрылымымен танысу.

2. Газдың шығынын өлшеу әдістемесін оқып-үйрену.

3. Өлшеу сұлбасын жинау.

4. Өлшеуді жүргізу және шкалалау сипаттамасын салу.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты жасау үшін ұсынылатын әдебиеттерден газдың шығынын өлшеу әдістері мен құралдары, оларды қолдану ерекшеліктері, дұрыс монтаждау және пайдалану бойынша танысу.

2. Тарылатын құрылымда қысымның өзгеруі бойынша газдың шығынын және мөлшерін өлшеу теориясын, тарылатын құрылымдарды есептеу әдістері және өлшеу қателіктері жөнінде оқып-үйрену.

3. Өлшеулерге тек қана сабақ жетекшісінің рұқсатымен кірісу.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Тарылатын құрылымдармен газдың шығынын өлшеу неге негізделген?

2. Газ шығын коэффициенті деген не?

3. Тахометрлік газ шығынөлшеуіштері, олардың жұмыс принциптері.

4. Шығынды ротаметрлермен өлшеу теориясы және олардың құрылымдары.

5. Индукциялық және электромагниттік газ шығынөлшеуіштері, олардың әрекет принциптері?

Тақырып №6.«Электрлік шамаларды өлшеу әдістері мен құралдарын оқып-үйрену» - 2 сағ.

Тапсырма:

1. Токтың, кернеудің және кедергінің шамаларын өлшеуге арналған аспаптардың құрылымдарын оқып-үйрену.

2. Олармен тұрақты және айнымалы токтарды өлшеу кезінде оларды жалғастыру сұлбаларын оқып-үйрену.

3. Өлшеу сұлбасын жинау.

4. Өлшеуді жүргізу және жорналды толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Жұмысты жүргізу үшін қсынылатын әдебиеттермен танысу. Электр кернеуімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелеріне ерекше көңіл аудару керек.

2. Вольтметрдің, амперметрдің және омметрдің құрылымдарын, оларды жалғау сұлбаларын, оларды пайдалану ережелерін оқып-үйрену.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Айнымалы және тұрақта токтарға вольтметрді жалғаудың сұлбаларының айырмашылықтары бар ма?

2. Токөлшеуіш қысқыштармен және шунттармен токтың шамасын өлшеу принципі неге негізделген?

3. Электрқұрылғыларының оқшаулау кедергісін немен және қалай анықтайды?

Тақырып №7. «Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу» - 3 сағ.

Тапсырма: алынған мәліметтерді жүйелеу және сәйкес графиктерін салу.

Әдістемелік нұсқаулар: жұмысты жүргізу үшін «Өлшеу теориясының негіздері» тақырыбымен танысу керек.

Негізгі әдебиет: 1

Қосымша әдебиет 5

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшеу қателіктерінің қандай топтарын білесіздер?

2. Кездейсоқ және жүйелік қателіктердің пайда болуының себептері неде?

3. Есептеу нәтижесін дөңгелектеу ережесі қандай?