Кресло - каталкамен тасымалдау 13 страница

Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықта (ауыр ентігуде), кейде төмен (наркоздан шығарда) немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.

Денесін сүрту

Егер науқасқа жартылай өндеу - денесін сүрту - тағайындалса, онда жылы су, сүлгі, клеенка, көрпе дайындап алған жөн. Суға антисептикалық әсер ететін зат (калий перманганатын) қосуға болады.

Іс-әрекеттің реті:

1. Науқастың астына клеенка төсеу.

2. Суға матырылған сүлгімен, науқастың денесін толық ашпай, жеке бөліктерін бірінен соң бірін сүрту. Содан кейін орамалмен құрғату, сол бөлікті көрпемен жабу. Дененің басқа бөліктерін де осылай ретпен сүрту.

3.Сырқатнаманың сыртқы бетіне науқасқа санитарлық өңдеу жүргізілгені туралы белгілеу.

Тері кутімі және ойылулардың алдын алу

Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және аналитикалық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий, калий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда - анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тербөліну күрт артады, ал булағанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Сондықтан тері таза болуы керек - мұндай науқастардың іш киімдерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылган сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шат аймағына, колтық астына, әйелдерде - емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.

Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өте маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсектік тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары -аптасына 2-3 рет жуылады.

Науқасты жуындыру

Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті:

1. Қолдарынызды жуып, қолғап киіңіз.

2. Сүлгіні суға матырып алыныз.

3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз.

4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз.

5. Қолғапты шешіп, колдарыңызды жуыңыз.

Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю

Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-ЗО°С жылы су кұйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты). домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.

Іс-әрекеттің реті:

1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.

2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.

3. Шымылдық кұрыңыз.

4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.

5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз,

6. Науқасқа аяқтарын тізесінен бүгіп, арасын ашуын өтініңіз.

7. Шап үстін, сан аймаған, шап қыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз.

8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.

9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.

10. Жылы сумен шап аралығын жоғарыдан төмен қарай шайыңыз.

11.Сүлгімен мұқият құрғатыңыз.

12. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз,

13. Оны құрғатыңыз.

14. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.

15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.

17. Науқастың төсегін реттеңіз.

18. Қолданылған заттарды өңдеңіз.

19. Қолдарыңызды өңдеңіз

Ауыз қуысы, көз, құлақ, мұрын және шаш күтімі

Ауыз қуысының күтімі. Ауыз қуысын қарау. Науқас ауызын ашады. Мейірбике науқастың еріндері мен беттерін шпательмен тартады. Бадамша бездері мен жұлқыншақтың артқы қабырғасын карағанда шпательмен тілдің түбірін басып, науқасқа «а» дыбысын айтуды сұрайды. Ауыз қуысын, бадамша безі мен жұтқыншақты қарағанда күшейтілген жарық керек. Бұл үшін рефлектор-шамын немесе кез келген басқа рефлекторды қолдануға болады.

Әр адамға ауыз қуысы күтімінің карапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, ейткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзадардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуның өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар, қант диабетінде -қант, сынап - сынапты улануда және т.б. Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі. Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысынын күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.

Ауызды шаю. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады.

Ауыз қуысын жуу шприцтің, резеңке баллонның, резеңке тутігі және шыны ұшы бар Эсмарх кружкасының көмегімен жүргізіледі. Әлсіз ерітінділер: 0,5% натрий гидрокарбонаты, 0,9% натрий хлориді, 0,6% сутегінің асқык тотығы, калий перманганаты (1:1000) жэне т.б. Науқасты отырғызады немесе сұйыктық тыныс жолдарына ақпауы үшін басьш алдыға сәл еңкейтіп жартылай отырғызады. Мойын мен кеудені клеенкамен жабады, ал иек астына шылапшын немесе шағын леген ыдыс ұстатады, Төсектік тәртіптегі науқастың басын бір жаққа бұру керек. Ауыз ұртын шпательмен тартын, аздаған қысымды су ағынымен алдымен ауыздың кіре берісін, содан кейін ауыз қуысы жуылады. Егер ауыр науқаста алынатын тістер, протез болса, онда ауыз жуар алдында оларды алып, мұқият жуып, кұрғатып сүрту қажет. Протездерді суға салып сақтауға болмайды, өйткені дымқыл ортада протездің бетіндегі микробтар жақсы сақталады.

Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз қуысын майлау тағайындалады. Қайнатылған шпатель мен пиицетті және бірнеше стерильді домалақтанған мақта стерильді ыдысқа салынады. Жайпақ шыны ыдысқа аздаған мөлшерде дәрі құйылады. Науқастың аузын аштырып, пинцетпен дәрі жағылған домалақтанған мақтаны алып, ауыз шырышты қабығының жараланған жеріне басады, содан кейін жаңа домалақтанған мақта алып басқа зақымданған жерге басады.

Ауыз. Жұтқыншақ, танау шырышты қабығынан жағынды алу. Бұл үшін стерильді металл жаққыш (стерильді пробирканың тығыны арқылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) қолданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.

Көз кутүмі. Көзден аққан іріңді алу үшін науқастың көздерін резеңке баллоннан немесе дәке тампонымен бор кышқылының 3% ерітіндісімен және риванол ерітіндісімен немесе риванолдың әлсіз ерітіндісімен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуады. Аққан сұйықтықты жинау үшін шағын леген қолданылады, оны науқас иегінің астына ұстап тұрады. Көздердің қабыну ауруларында дәрі тамызылады немесе көз майлары жағылады. Сол қолмен төменгі қабақты жайлап тартып тұрып, науқасқа жоғары қарауын өтінеді де пипеткамен алдымен бір тамшы содан кейін екінші тамшыны көздің танауға жақын түбіне қүдды. Қабақтары жабысқанда аққан тамшылардың артығын домаланған мақтамен сорғызып алады. Пипетканы шаяды да көз тамызғышка салып кояды. Көз майын қабақтын ішіне шыны таяқшамен жағады. Таяқшаның ұшымен майды алады да астыңғы қабақты төмен тартып тұрып, оны төменгі өтпелі сызыққа тигізеді. Таяқшаны абайлап шекеге карай көлденең ұстал алып шығады.

Кұлақ күтімі. Қулық қатып қалмас үшін науқастың кұлақтарын аптасына 2-3 рет тазалайды. Құлық кесек немесе ұнтақ түрінде болады. Олар есту жолында жиналып, оны бітеп қалуы мүмкін, сөйтіп естуді нашарлатуы ықтимал. Мұндай кезде есту жолдарын жуады. Сыйымдылығы 100 - 200 мл Және шприціне 36 - 37°С температурадағы суды толтырады. Науқасты жарық кұлаққа түсетіндей етіп, өзінің алдына қырымен отырғызады. Науқастың қолына шағын астаушаны құлақ жарғағының астына келтіре мойнына тіреп ұстатқызады. Сол қолмен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартып тұрып, шприцтін ұшын сыртқы есту жолына кіргізеді. Сұйықтықты есту жолының жоғарғы артқы қабырғасымен соққылап айдайды. Жуып болғаннан кейін есту жолын мақтамен құрғатады. Егер құлақ алынбаса, оны сода-глицеринді тамшылармен жібітеді. Жылытылған 7-8 тамшыдан 2-3 күн бойы күніне 2-3 рет құяды. Тамшыларды құйғаннан кейін біраз уақыт естудің нашарлауы мүмкін екендігі туралы науқасты ескертеді. Құлаққа тамшыларды пипеткамен тамызады. Науқастың басын сау жағына қарай қисайтады. Құлақтың сырғалығын сол колмен тартып тұрып, оң қолдағы пипеткамен есту жолына тамшыларды құяды. Сұйықтық құлақтан ағып кетпес үшін науқас осы қалпында 15-20 минут отырады. Содан кейін құлақты стерильді домалақтанған мақтамен сүртеді.

Мұрын кутімі. Егер науқас өздігінен мұрын жолдарын тазалай алмаса, мейірбике қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Бұл үшін науқастың басын шалқайтып, металл зондқа вазелин майына матырылған мақтаны орайды да оны мұрын қуысына кіргізеді, содан кейін айналдыра сүртіп, қатқан қабықтарды алып тастайды. Қабыршақтарды кұрғақ мақтамен алуға болмайды, өйткені қанатып алу мүмкін.

Шаш күтімі Шаш күтімі кезінде науқастардың шаштарында қайызғақ болмауын қадағалаған жөн. Бұл үшін аптасына бір рет шампунмен және иіс сабынмен басты жуу керек. Ауыр науқастардың басын төсекте жатқан жерінде жуады. Бұл үшін легенді төсектің бас жағына қойып, науқастың басын оның үстіне шалқайтады. Сабындаған кезде (сабынды көбікпен) бастың терісін жақсылап үйкелеген жөн, содан кейін шашты шаяды, құрғатып сүртеді және тарайды. Басты жуғаннан кейін салқын тимес үшін орамалмен немесе байлауышпен байлайды. Шашты күнделікті тарап отыру керек. Бұл үшін жеке-дара кішкентай жиі тісті тарақ қолданылады. Сірке суы ерітіндісіне салынған кішкентай жиі тарақ қайызғак пен кірді жақсы алады. Кішкентай жиі тарақты таза ұстап, спиртпен сүртіп отырған жөн. Тарақтар мен кішкентай жиі тарақтар дербес болуы қажет. Науқастарды жуындырғаннан кейін кіші медқызметкер олардың аяқ-қолдарының тырнақтарын алады немесе алуға көмектеседі

Науқастың төсегін ауыстыру

Науқастың жай - күйіне қарай төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрлі тәсілдері болады.

Егер науқас жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол кіші мейірбике көмегімен төсек-орын жапқыштарын өзі ауыстырады. Егер науқастың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейірбике оны орындыққа отырғызып, ақ жаймасын өзі ауыстырады.

Төсек тартып жатқан науқастардың ақ жаймасын ауыстыру анағұрлым қиын. Науқастың төсек-орын жапқыштарын әдетте екі адам науқасқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады. Ол үшін ақ жайманы бас пен аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, бел тұсынан /сегізкөз/ орап алады. Екі жағынан ораған таза ақ жайманы жайлап науқастың сегізкөзіне жақындатып салады. Содан кейін басы мен аяғына қарай түзетеді

Төсек-орындарын ауыстырудың І тәсілі

Қажетті заттар:

- таза төсек жиынтығы;

- лас төсеніштер үшін кленка қап.

Іс- әрекеттер:

1. Науқастың жастығын алыңыз.

2. Лас ақ жайманы бас жағынан орап, белдемеге /сегізкөзге/ дейін әкеліңіз және аяқ жағынан орап, белдемеге дейін әкеліңіз.

3. Науқастың жамбас сүйегін көмекші мейірбикемен бірге көтеріп, ақ жайманы шығарып алыңыз.

4. Екі жағынан ортасына дейін оралған ақ жайманы жамбас сүйегінің астына ақырын салыңыз.

5. Бас жағын тегістеп, сосын аяқ жағын тегістеп жайыңыз.

6. Басына тысы ауыстырылған жастықты қойыңыз.Тысы ауыстырылған көрпені үстіне жабыңыз.

Науқастың төсенішін басқа да тәсілмен ауыстыруға болады. Науқасты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты ұзына бойына бинт тәрізді орайды да, оның орнына тазасын төсейді, содан кейін науқасты қарама-қарсы жағына жылжытып, екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып, тазасын жаяды.

Төсек тәртібінде жатқан науқасты бір қырымен жатуға рұқсат етілген жағдайда пайдаланылады.

Төсек-орынын ауыстырудың ІІ тәсілі

Қажет заттар:

- таза төсек жиынтығы;

- лас төсеніштер үшін клеенка қап.

Іс - әрекеттер:

1. Таза жайманы ұзына бойы жартысына дейін орап дайындап алыңыз.

2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алыңыз.

3. Науқасты абайлап, төсектің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.

4. Кірлеген жайманы науқасқа қарай ұзынынан ораңыз.

5. Орнына таза ақ жайманы төсеңіз.

6. Абайлап науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.

7. Босаған жақтан жайманы алып тастаңыз, таза ақ жайманы матрастың астына қайырыңыз.

8. Науқасты арқасына жатқызып, жастықтың тысын ауыстырып, басына жастаңыз.

9. Көрпесінің тысын ауыстырып, науқастың үстіне жабыңыз.

Науқастардың киімдерін ауыстыру

Ауыр науқастар үшін, мысалы миокардтың инфарктысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі.

1. Мейірбике науқастың киімін шешіндіру үшін науқастың жамбасының астына қолын тығып, көйлектің етегін ақырындап, бас жағына қарай көтереді. Содан кейін науқастың екі қолын жоғары көтеріп, көйлектен әуелі басын, сосын қолын шығарады.

2. Егер науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан кейін жарақаттанған қолынан шешеді.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді.

1. Екі жеңін кигізіңіз, егер қолда жарақат болса, алдымен жарақат қолын, содан кейін сау қолын кигізіңіз.

  1. Көйлекті басынан кигізіп, етегін төмен қарай жазып, түсіріңіз.
  2. Теріні күту және ойылудың алдын алуНауқасты әсіресе ауыр халдегі науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін сақтау үшін май және тері бездері қызметінің маңызы зор. Алайда тері мен май терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, терімен бірге теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен қышиды, одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің тұтастығы бұзылады. Бұл өз кезегінде терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына жағдай жасайды. Осыған байланысты мейірбике пациенттің жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және теріні таза сақтау жөніндегі әрекеттерді орындауға көмектеседі. Мейірбикеөз аяғымен жүрген науқастардың төсек-орын жапқыштарын, іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу кестесін жасап, орындауы тиіс. Науқастың терісін жылы суға немесе антисептиктік ерітіндіге батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет (10% камфор спиртінің ерітіндісімен немесе 70% этил спиртімен) сүрту керек. Әсіресе әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын, науқастың мойнын, құлағының сыртын, арқасын, көкіректің алдыңғы жағын, қолтық астын сүрту үшін орамалдың бір шетін зарарсыздандыру ерітіндісіне малып, жайлап қысады да, сонымен сүртеді. Содан кейін осы тәртіппен құрғатады..Көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз қуыстарының күтіміАуыз қуысын күтуАуыз қуысында көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр халдегі науқастарда жиі стоматит (ауыз қуысы кілегей қабығының қабынуы) дамиды. Тамақ қабылдау кезінде ауырсыну, сілекейдің ағуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Оның себебі ауыз қуысының нашар күтімі болып есептеледі. Кейде науқастарда еріндердің құрғауы, ауыз бұрыштарында ауырсынатын тері тілінулері болуы мүмкін. Науқастың жағдайын жеңілдету үшін еріндерге суға малынған дәке салфетканы қойып, соңынан еріндерді майлап қоюға болады.

Әлсізденген науқастың ауыз қуысында микроағзалар жиналады, олар ауыздан жағымсыз иіс шығаруы мүмкін. Сырқаты жеңіл, өз аяғымен жүріп тұратын, яғни жалпы режимдегі науқастар таңертең, кешке тістерін өздері щеткамен тазалап тұрады.

Ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың ауыз қуысын тазалау.

Қажетті заттар:

0,5% гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.

Іс - әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, орындалуын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Мензуркаға антисептик ерітіндіні құйып алыңыз.

3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

4. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.

5. Пациентке аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз.

6. Егер науқастың халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін тіл ұстағышпен ұстаңыз.

7. Дайындаған ерітіндіге салфетканы сулаңыз.

8. Ұртын шпательмен ашып, ерітіндіге батырылған салфеткамен ауыз қуысының кілегей қабығын, қызыл иекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз.

9. Ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе (езуі), май жағыңыз.

10. Аузын таза салфеткамен сүртіңіз.

11. Құрал-саймандарды және дәке шариктерін дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

12. Қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз, қолды жуып құрғатыңыз.

Ескерту!

Егер науқастың протез тісі болса, оны түнде шешіп, жуып, таза стаканда сақтау қажеттігін түсіндіріңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2% гидрокарбанат натрий немесе әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю керек.

Ауыз қуысының кілегей қабатын дәрімен емдеу дегеніміз аппликация немесе дәрімен жуу. Аппликация ауыздың кілегей қабығына қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5 минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады. Аппликацияны ауырғанын жеңілдететін дәрілермен де жасауға болады.

Дәрімен жуу

Эсмарх кружкасының, Жанэ шприцінің, резеңке грушаның көмегімен жасалады. Науқасты ыңғайлы отырғызып, кеудесіне клеенка байлап, қолына астауша беріп қояды. Мейірбике науқастың сол және оң ұртын шпательмен алма-кезек тартып, резеңке грушаның немесе Эсмарх кружкасының ұштығын тығып, ауыз қуысын дәрімен жуады. Сұйық ағымының қысымымен тамақтың қалдығы, ірің өзінен-өзі жуылады.

Құлақты күту

Мақсаты: құлақтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу.

Қажетті заттар: астауша, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған турунда, тамызғыш, Жане шприці, 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі және зарарсыздандыру ерітіндісі.

Іс- әрекеттер: