КА мен БЖК екшеу-іріктеу диагнозы

Белгілер БЖК КА
Клиникалық белгілер
Қанды диарея Іш қуысындағы ісік тәрізді түзіліс Перианальді локализация 90-100% Өте сирек   Болмайды 50% Жиі   30-50%
Сигмоскопия
Проктиттің болмауы Ешуақытта 50%
Гистологиялық белгілер
Таралуы Клеткалық инфильтраттар Бездер Бокал тәрізді клеткалардың азаюы Гранулемалар Кілегей қабық Полиморфядролы Бұзылған Жиі процесс активтілігінде   Болмайды Трансмуральді Лимфоцитарлық Қалыпты күйде Болмайды   Диагноздық маңызы болады
Рентгенологиялық белгілер
Тарауы Симметрия Стриктура Жыланкөздер Айқын Бар Өте сирек Еш уақытта Жергілікті Болмайды Жиі Жиі

Клиникалық диагнозды тұжырымдаудаескеру керек:

1) аурудың клиникалық түрін (асқазан – ішек жолының қай бөлігінің басым зақымданғаны);

2) ішектің зақымдану ауырлығының дәрежесін (эндоскопия мәліметтері ескеріледі);

3) аурудың фазасын: ремиссия, қайталау;

4) ішектен тыс зақымдануларды;

5) асқынуларды.

Диагноз тұжырымдау мысалдары:

1. Крон ауруы, илеоцекальді аймақ басым зақымданған, созылмалы даму барысы, қайталау фазасы. Илеоцекальді аймақ стриктурасы

2. Крон ауруы, тоқ ішек басым зақымданған, созылмалы даму барысы, қайталау фазасы. Полиартрит. Перианальді жыланкөз.

Емі. Аурудың орташа дәрежелі активтігінде емді 5-аминосалицил қышқылы препараттарынан бастау керек. Сульфасалазинді (салазодиметоксин, салазопиридазин) 2-4 м/тәул. дозасында ішке 6-8 апта бойы қабылдайды, кейін біртіндеп, емдік дозаның жартысына тең болатын сүйемел дозаға көшеді. Сүйемел дозаны кем дегенде 1 жыл қабылдау керек. Процесс жіңішке ішекте орналасса, мезалазин беріледі: 0,4-0,8 күнге 3 рет, тамақтан кейін, 8-12 апта бойына.

5-аминсалицил қышқылы препараттарынан нәтиже болмағанда және Крон ауруының ауыр даму барысында стероидтық гормондар тағайындалады. Преднизолонның 40-80 мг/тәул., 4-8 апта бойына ішке қабылдайды (аурудың ауыр күйінде венаға егеді). Кейін 1-4 апта сайын преднизолонның дозасын аптасына 5 мг азайта отырып, сүйемел дозаға (5-15 мг/тәул.) жеткізеді. Сүйемел ем 6 ай және одан да ұзаққа созылады.

Гормонмен емдеуге резистенттілік болған жағдайда цитостатиктер тағайындайды. Азатиопринді 2,0-2,5 мг/кг есебінде глюкокортикоидтармен қосып береді. Ем курсі кем дегенде 1 ай. Метотрексаттың 25 мг етке аптасына 2 рет, 6-8 апта бойы егіледі және одан да ұзақ егуге болады; циклоспорин (сандиммун) 20-40 мг күн аратпа беріледі. Цитостатиктерді іріңді асқынулар жоқ кезде тағайындайды.

Регионарлық энтеритте метронидазол ең тиімді болып келеді – 0,75 мг/тәул. 3-4 апта бойы. Аура шапта жыланкөздер пайда болып асқынғанда метронидазол 1-2 г/тәул. дозасында 1-6 ай бойы беріледі.

Жоғарыда келтірілген емдермен қатар дезинтоксикациялық ем, мальабсорбция синдромын түзеу емі, антидиареялық ем (реасек 1 табл. тәулігіне 2-3 рет тамақ алдында 30 мин. бұрын; имодиум 1 капсуладан 3-4 рет; «өттік» диареяда – аллюминийдің гидрототығының 2 ас қасығын ашқарынға және түнге қарай қабылдау; холестирамин 5-10 г. тамақтан 30 мин. бұрын күнге 3 рет).

Крон ауруын емдеуде әр түрлі тұрындылар қолданылады:

- қанды ағаш бүрі: 4:200; 1/3 стаканды тамақ алдында күнге 3 рет қабылдайды;

- шалфей жапырақтары: 10:200; 2 ас қасық тамақ алдында күнге 3 рет;

- шайқұрай – 10:200; 1/2 стакан тамақ алдында 3 рет;

- жабайы шетен – 15:200; 1 ас қасығын тамақ алдында күнге 3 рет;

Төмендегідей қайнатпалар қолданылады:

- жол желкен – 10:200, 1 ас қасығы 3 рет, тамақ алдында;

- емен қабығы – 10:200, 1 ас қасығын 3 рет тамақ алдында;

- мойыл, қара жидек, қара қарақат, спорыш жемісінен істелген қайнатпалар; 1/2 стаканын тамақ алдында күнге 3 рет қабылдайды.

Стриктураға байланысты туындаған ішек обструкциясында (ауырлығына байланысты емес), дәрілік ем нәтиже бермеген жағдайда және аурудың асқынуларында (жыланкөздер, абсцестер, перфорация, абдоминальдық инфильтрация) операция жасалады.

Прогнозы аурудың даму барысына және дұрыс таңдалған ем тәсіліне тәуелді болып келеді.

Профилактикасы. Алдын алудың арнайы әдістері жоқ. Науқас адамдарды диспансерлік есепке алады, жылына 2 рет тексеріп, қажетіне қарай ем қолданылады (аурудың қайталауының алдын алу үшін).