Бағдарламаның негізгі бөлігін орындау

 

 

Сайтты құрудың кезеңдері Кез келген өнім сияқты web-сайттың өзінің өмірлік циклының кезеңдері болады (2.1 - сурет).

 

2.1 cурет - Web-сайттың өмірлік циклының кезеңдері

 

Сайтты құру бірнеше кезеңдерді қамтиды: 1) Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты – жобаның дизайны мен технологиялық негізінің талаптарын анықтау, сонымен қатар ресурстың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, жобаны құрастырудың жоспарын бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның брифі» құрастырылады. 2) Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады: - пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі; - материалдардың интуитивті түрде түсінікті ұйымдастырылуы мен ойластырылған өтулер; - дизайн концепциясының құрастырылуы. Жобаның барлық функционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу; - дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу. 24 Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей: a) сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы; b) сайтта іскерлік әдеп сезілуі; c) сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны; d) жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы. 3) Технологиялық негізін жасау; Технологиялық негіздеме мен бекітілген дизайн концепциясы бойынша мәліметтер қорының оңтайлы құрылымы жасалады. Сондай-ақ сайт бөлімдерінің шаблондары мен интерактивті сервистері бапталып өңделеді. Сайттың қызмет көрсету функциялары мен материалдарын компания қызметкерлеріне оперативті түрде өзгертуге мүмкіндік беретін сайттың әкімшілік жүйесінің интерфейсі мен механизмдерін құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған кезеңде графикалық және мәтіндік материалдарды енгізуге болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады. 4) Контентпен толтыру; Бұл кезеңде сайттың мәліметтер қоры контентпен толтырылады. Тиісті шаблондар мен механизмдер құрастырылғаннан кейін барлық мәтіндер, файлдар және қажетті көрсетілімдер енгізіліп немесе әкімшілік интерфейс арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта жарияланады. 5) Дайын шешімді тестілеу; Жүйені интегрирлеу мен интернет өкілеттіліктің құралдырының баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады. 6) Құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;

Мұнда провайдерді таңдау, хостингті алу, домендік атты таңдау және сайтты интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі. 7) Жобаны іске асыру; Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты тестілеп, жобаны қолдау бойынша мамандардың нұсқауларынан өткеннен кейін сайт оның кірушілеріне ашылады. 2.2 Сайтты құру құралдары Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра, ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар күрделене түсті, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи сайттарды құру үшін: HTML, CSS, 11-4421.php"> ⇐ Назад

  • 1
  • 23
  •