Негізгі ұғымдар:Салық төлеушi,салықтық әрекет қабілеттілігі

1. ҚР-ның Салық Кодексінің 12-бабына сәйкес Салық төлеуші – салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам.

Өзінің салықтық міндеттемесінде белгіленген мерзімде және көзделген тәртіп бойынша салық төлемінін сомасын (затын) мемлекет кірісіне өткізу жөніндегі зани міндет жүктелген тұлға салық төлеуші деп танылады.

Салық төлеушілерге салықтыққұқыққабілеттілігіне және әрекет қабілеттілігіне ие заңды және жеке тұлғалар жатады. Олар салық салудың экономикалық принциптері мен тиісті заңның талаптарына орай резиденттер және резидент еместер бо­лып бөлінеді.

Салық кодексінің тиісті баптарында салық төлеушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Салықтық әрекет қабілеттілігі - белгілі бір заңды фактілердің болуына орай салық төлеуші ретінде нақты тұлғаға жүктелген тиісті міндеттер мен құқықтарды сол тұлғаның өз тарапынан жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.

2. ҚР Салық кодексінің 13-бабында салық төлеушiнiң құқықтары көрсетілген. Салық төлеушi:

1) салық қызметi органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерiстер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;

4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;

5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;

6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;

7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;

8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:

салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;

салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;

9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;

10) СалықКодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;

11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;

12) СалықКодексіне сәйкес салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;

13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;

14) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

ҚР Салық кодексінің 14-бабында салық төлеушiнiң міндеттері көрсетілген. Салық төлеуші:

1) Салық Кодексіне сәйкес салық мiндеттемелерiн уақтылы және толық көлемде орындауға;

2) салық қызметi органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiндегi заңды қызметiне кедергi жасамауға;

3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеп-тексеруiне жол беруге;

4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;

5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;

6) дара кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.

Салық төлеуші Салық Кодексінде көзделген өзге де міндеттерді орындайды.