Негізгі ұғымдар:Мемлекеттік басқару, салық қызметi органдары

1. Мемлекеттік басқару мемлекетке тән функцияларды атқару, сондай-ақ аддына қойылған міңдеттерін тиісінше орындау мақсатында заңдардың негізінде және заңға тәуелді сипатта мемлекеттік басқару органдары (атқарушы билік органдары) тарапынан жүргізілетін ұйымдастырушы-реттеуші және ат-қарушы-өкім етуші қызмет болып табылады.

Сонымен салық салу саласындағы басқару caлық жүйeciнiң жұмыс істеуі барысында мемлекеттік маңызы бар нәтижелерге қол жеткізу мақсатында заң жүзінде нақтылы айқындалған салық салу аясындағы субъектілерге арнаулы тәсілдер мен әдіс тердің негізінде тигізілетін әмірлі билік ету ықпалы болып табылады.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару тиісті органдар мен лауазымды адамдардыңәлеуметгік белсенді іс-әрекеттерін өздері колданатын мемлекетгік өктем өкілеттіліктеріне байланыстырып және осындай пәрменді іс-қимылдарын әкімшілік, салықтық зандармен айқыңдалған арнада және белгіленген нысанда жүргізіп, сондай-ақ басқарушы ықпалды қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатын көздей отырып атқарылатын мемлекеттік-басқарушы қызмет болып саналады. Бұл ретте қажетті элементтері ретінде мемлекетгік билік органдарының ұйымдастырушылық және функционалдық сипатын, басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының басқарушы қызметтерінің нысандарын, әдістерін және процедураларын, лауазымды адамдардың мамандығына, жеке басына, жалпы мәдениеттілігіне байланысты қалыптасатын басқарудың әлеуметқік-психологиялык механизмдерін атауға болады.

Салық салу саласын мемлекетгік басқару мемлекет атынан, сондай-ақ мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып салықтарды белгілеу және алу, сонымен катар салықтық бақылау қызметтерін жүзеге асыратын субъектілер мен салық төлеушілердің жүріп-тұруларына уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесі тигізетін ұйымдастырушы әрі тәртіптеуші ықпал ретінде керініс табады.

Салық салуда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәні мына: басқаруды салықтық заңдар тұрғысынан бекітудің қағидаттары мен нысандарын айқындау; мемлекеттік басқару органдарының нысандарын олар атқаратын қызмет бағыттарына сай айқындау және олардың құзыреттерін міндеттері мен функцияларына байланысты межелеу; мемлекетгік басқарудың жоғарғы және төменгі буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтықнысандарын, басқарушы қызметтің әдістерін және оларды жүзеге асыру нысандарын белгілеу және т.б. сияқты мәселелерді бірінші кезекте шешуден тұрады.

Салық салуды мемлекеттік басқарудың міндет-мақсаттарына салықтық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органдардың жүйесін, құзыреттерін, сондай-ақ салық төлеушілер жөніндегі жағдайларды және басқа да әкімшілік, басқарушылық сипатындағы құбылыстарды айкындап, белгілеу жатады

Салық салуды мемлекеттік басқару салық жүйесін ұйымдастыру, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің жүріп-тұруларын, іс-әрекеттерін құқықтық және мемлекеттік реттеу жөніндегі өктем-ықпалды іс-қимылдарын білдіреді.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару кең мағынада арнайы құзыретберілген салық органдарының басқадаатқарушы билік органдарынын, сондай-ақ мемлекеттің айрықша субъектілері мен өкілді органдарының ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, жергілікті мәслихаттар мен әкімдердің салық салу жүйесінде атқаратын өздеріне тиесілі өкілеттіліктері ретінде көрініс табады.

2. Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы. Салық қызметі органдарының міндеттері:

1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

2) міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;

4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Салық қызметi органдары уәкiлеттi орган мен салық органдарынан тұрады.

Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.

Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына сатылы тұрғыда тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.

Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

Салық қызметi органдарының құқықтары:

1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекiтуге;

2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;

3) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

4) салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;

5) салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;

6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;

7) нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;

8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан осы Кодекстің 581-бабының 1) және4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;

9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабыны 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;

11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.

2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде жүктелген мiндеттердi iске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.

3. Салық қызметі органдарының осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтары бар.

Салық қызметi органдарының міндеттері:

1) салық төлеушiнiң (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;

2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;

3) салық төлеушiнiң – салық мiндеттемесiн, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;

4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;

5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;

6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіруге;

7) салық төлеушіге (салық агентіне) уәкiлеттi орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрдегі салық есептіліктері мен салықтық өтініштерді табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беруге;

8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді жүргізуге;

9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;

10) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;

11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама беруге;

12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:

салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;

салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;

13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдауға;

14) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;

15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;

16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;

17) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін беруге;

19) электрондық салық төлеушіге өзінің жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;

20) салық төлеушінің талап етуі бойынша – салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;

21) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;

22) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялауға;

23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;

24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;

26) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;

27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.

Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарына олардың тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.

Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.

3. Кеден органдары Салық Кодексіне және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар өткізуге байланысты төленуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.