Курсқа жалпы сипаттама. Қазіргі заманғы мұғалімдер мен педагог-психологтарды кәсіби даярлау Қазақстан Республикасындағы білім беруді

Қазіргі заманғы мұғалімдер мен педагог-психологтарды кәсіби даярлау Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының талаптарында көрсетілген қоғамның интеллектуалды күш-қуатына және білім берудің деңгейіне сай келуі қажет.

KBPZh3223 «Қиын балалармен психологиялық жұмыс» пәні «Ауытқулы тәртіп психологиясы» модулінің таңдау компоненті болып табылады.

Курс бағдарламалық мазмұнына сай 3 модульге бөлінген: 1-ші модуль «Қиын балалармен психологиялық жұмыс пәнінің теориялық негіздері», 2-ші модуль «Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу», 3-ші модуль «Қиын балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің ерекшеліктері».

«Қиын балалармен психологиялық жұмыс» курсы университетте психолог-мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндіруді құрайды. «Қиын балалармен психологиялық жұмыс» курсын меңгеру барысында білімгерлер тұлғаның психологиялқ дамуын қарастырып,ондағы өзгерістердің себебін, болатын қиыншылықтарын қарастырады, психологиялық жаттығулар мен негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға қалыптасады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Қиын балалармен психологиялық жұмыс» пәні бойынша теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған.

Курстың пәні «Қиын балалармен психологиялық жұмыс» пәніін оқытуда білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесі болып табылады.

Қиын балалармен психологиялық жұмыс пәнін оқыту мақсаты: қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу түрлерімен таныстыру, қиын балаларға психологиялық мінездеме беру; қиын балалармен психологиялық жұмыс түрлерін сипаттау; қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемелерімен таныстыру.

Қиын балалармен психологиялық жұмыс пәнінің міндеттері:

- психологияның дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқа эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;

- психологиялық эксперименттерді жоспарлап және, ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;

- Қиын балаларды психологиялық зерттеу барысындағы жұмыстардың практикалық дағдылардын қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;

Күтілетін нәтижелер:

«Қиын балалармен психологиялық жұмыс» пәнін оқу процесінде студенттер білуі қажет:

- қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу түрлерін меңгеруі;

- қиын балаларға психологиялық мінездеме бере алуы;

- қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемелері жетік білуі.

Қиын балалармен психологиялық жұмыс курсын аяқтаған соң білімгерлер жалпы білім беру мектептерінде девиантты балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізуді меңгереді, пән бойынша теориялық білім қорын молайтады.

Қиын балалармен психологиялық жұмыс пәнін оқып үйрену келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Әлеуметтік-этикалық құзіреттілігі - еңбек рыногындағы бәсекеге қабілетті болуы; педагогикалық және әлеуметтік қарым-қатынас амалдарын меңгеруі; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесі үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі білуі қажет.

Экономимкалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігі – ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті бойынша теориялық білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеруі; оқушылар ұжымын басқару дағдыларын меңгеруі; психологиялық-педагогикалық менеджмент бойынша білімін жүйелі көтеріп отыруы қажет.

Кәсіби құзіреттілігі – өзінің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі; адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білуі; өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-көйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі; инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет.