Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

Өзіндік тапсырмаларға дайындалу барысында студенттер әр тақырып бойынша берілген әдебиеттермен танысып, қысқаша конспект, аннотация жасаулары керек. Содан кейін берілген тақырыптың мазмұнын ашу қажет, ал реферат жазу үшін берілген тақырып бойынша жүйелілік каталогтарда қосымша қандай материалдар бар екендігіне назар аударулары қажет. Тапсырманы орындап болған соң пайдаланған әдебиеттердің тізімін жасау керек, яғни оқулық не мақала авторының аты-жөні, мақала не оқулықтың аты, тақырыбы, шыққан орны , жылы, беті, журнал мен газет материалдары болса номері көрсетілуі қажет.

Жоғары оқу орындарында білім алу барысында кез келген студентке баяндама, реферат,бақылау жұмысы,курстық жұмыс және дипломдық жұмыстар сияқты түрлі ғылыми жұмыстар жазуына тура келеді.Бұл ғылыми жұмыстар бір-бірінен көлемі, күрделілігі жағынан ерекшелінеді. Бір жұмыс қолда бар ғылыми еңбектерге сын көзбен қарап, баға берумен шектелсеғ келесісі студенттің педагогикалық тәжірибеде жүргізген жұмыс нәтижесі, ал енді біреуі, ғылыми мәселенің шығармашылық пен шешу қорытындысы болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымы өте кең. Оларға: реферат, баяндама, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстар жатады.

Ғылыми жұмыстар тақырыбы бүгінгі күннің талаптарына сай, өзекті болуы тиіс. Бұл ғылыми - зерттеу жұмыстары сынақ түрінде болғандықтан,олардың мазмұны мен жазылу үрдісіне белгілі талаптар қойылады.

Зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдері;

-зерттеу белгілеу және бекіту;

-зерттеу жоспарын құру;

-зерттеу мәселесіне сәйкес және басқа да әдебиеттерді талдау;

-жарық көрген басылымдардан зерттеу мәселесінің теориялық және тарихи деректемесін жинақтау;

-жинақталған деректерді ұғынып,зерттеу болжамын белгілеу;

-тәжірибелі - эксперимент жұмыстарын ұйымдастырып , оларды жүргізу әдістемесін таңдап алу;

-эксперимент нәтижелерін талдап,жалпылау;

-зерттеу жұмысының текстік жағын жүйелеу;

Өзіндік тапсырмаларға дайындалу барысында студенттер әр тақырып бойынша берілген әдістемелеік құралдармен танысып, қысқаша конспект, аннотация жасай білулері керек. Берілген тақырыптың мазмұнын ашу қажет, ал реферат жазу үшін берілген тақырып бойынша жоспар құрылып, әр бөлімнің мазмұны ашылуы керек.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
1 -СӨЖ. Қиын балаларды тәрбиелеудегі үлес қосқан педагогтар   Кестелерді толтыру    
2-СӨЖ.Қазіргі кездегі қиын балалар жөніндегі ақпараттар Глоссарий дайындау Реферат
3- СӨЖ. А.С. Макаренко «Педагогикалық дастан» және «Флаги на башнях» кітабын оқып талдау Аннотация жазу
4 -СӨЖ. Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері Зерттеу әдістерін топтастыру Тренингтер әзірлеу
Барлығы:      

СӨЖ-на арналған тапсырмалар

СӨЖ №1

Тапсырма №1

Тақырып: Қиын балаларды тәрбиелеудегі үлес қосқан педагогтар

Жұмыстың мақсаты: Қиын балаларды тәрбиелеудегі үлес қосқан педагогтардың еңбектерімен танысу

Бақылау формасы: аннотация жазу

Қолданылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5

Тапсырма №2

Тақырып: Қиын балаларды тәрбиелеудегі үлес қосқан педагогтар.

Жұмыстың мақсаты: Қиын балаларды тәрбиелеу туралы еңбектерді ашу, хронологиялық таблица құрастыру.

 

Кезеңдері Көтерген мәселелері Өкілдері
     
     

 

Бақылау формасы: бақылау сұрақтарымен жұмыс

Қолданылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,6,7

СӨЖ №2

Тапсырма №1

Тақырып: Қазіргі кездегі қиын балалар жөніндегі ақпараттар

Жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі қиын балалар жөніндегі ақпараттарды жинақтау

Бақылау формасы: реферат дайындау

Қолданылатын әдебиеттер:10,12,13,14,15

Тапсырма №2

Тақырып: Қазіргі кездегі қиын балалар жөніндегі ақпараттар

Жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі қиын балалар жөніндегі ақпараттарды жинақтау

Бақылау формасы: Психологиялық бағыттағы журналдардың бірінен ақпаврат әзірлеу

Қолданылатын әдебиеттер:10,12,13,14,15

СӨЖ №3

Тапсырма №1

Тақырып: А.С. Макаренко «Педагогикалық дастан»

Жұмыстың мақсаты: А.С. Макаренко «Педагогикалық дастан» кітабын оқу

Бақылау формасы: Проблемалық жағдаятты шешу

Қолданылатын әдебиеттер: А.С. Макаренко «Педагогикалық дастан»

 

Тапсырма №2

Тақырып: А.С. Макаренко «Флаги на башнях»

Жұмыстың мақсаты: А.С. Макаренко «Флаги на башнях» кітабын оқу

Бақылау формасы: Проблемалық жағдаятты шешу

Қолданылатын әдебиеттер: А.С. Макаренко «Флаги на башнях»

СӨЖ №4

Тапсырма №1

Тақырып: Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктеріЖұмыстың мақсаты: Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін анықтау, зерттеу әдістерін топтастыру

Бақылау формасы: зерттеу әдістерін топтастыру

Қолданылатын әдебиеттер:10,12,13,14,15

 

Тапсырма №2

Тақырып: Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктеріЖұмыстың мақсаты: Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін анықтау, тренингтер әзірлеу

Бақылау формасы: тренингтер әзірлеу

Қолданылатын әдебиеттер:10,12,13,14,15