Бақылау сұрақтары. 1. « Қиын бала» түсінігінің ғылыми анықтамасы.

 

1. « Қиын бала» түсінігінің ғылыми анықтамасы.

2. «Қиын»тәртіп тән балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің ерекшеліктері

3. Қиын балалармен психологиялық көмек көрсетудегі әдістердің қолданылуы.

4. Отбасындағы қарым-қатынастың жағымды тәртіпте тәрбиелеу.

5. Қиын бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.

6. «Қиын» тәртіп тән балалармен жағымды қарым-қатынас орнату жолдары

7. «Қиын» баланың мінез-құлқындағы ацытқушылығы

8. «Қиын» баланың эмоционалды жағдайларды түзету әдістері.

9. Тәрбиеге қиын көнетін балалар мен тәрбие жүргізудің педагогикалық негіздері.

10. Тәрбиеге қиын көнетін балаларды анықтаудың қажеттілігі.

11. Тәрбиеге қиын көнетин балаларды анықтаудың методикасы қиын балалар мәселелері.

12. Қиын баланы тәрбиелеудегі оқу тәрбие үрдісіндегі кездесетін қиыншылықтар.

13. Қиын балалармен жасөспірімдер

14. «Қиын балалар» ұғымын анықтау

15. Қиын балалармен жасөспірімдердің пайда болуының негізгі себептері

16. Қиын балалар мәселелері

17. «Қиын балалар» ұғымның негізгі ерекшеліктері

18. Тәрбиелік тәрбиесінде педагогикалық кемшіліктер кездесетін балалармен жұмыс жүргізудің мәні мен мазмұны.

19. Тәрбиешіліерде педагогикалық кемшілік кездесіп балалармен жұмыс жүргізу мәні

20. «Тәрбиесі қиын» балалар деген сөздерге түсінік

21. Тәрбиеге қиын көнетін баланың пайда болу себепте

22. Тұлғааралық кикілжің және оны шешу жолдары.

23. Тұлғааралық кикілжің туралы түсінік

24. Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы

25. Зейін және оқу тәрбие үрдісіндегі қиындықтар.

26. Сенсорика. Оқу –тәрбие үрдісіндегі қиын мәселелер

27. Қабылдау және оның оқу –тәрбие үрдісіндегі дербестік типтік ерекшеліктерді ескеру.

28. Ес, ойлау,елес және оқу тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер.

29. Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері.

30. Психологиялық зерттеулердің методологиясы.

31. Методикаларға қойылатын талаптар.

32. Сапалық, реттік, метрикалық мәліметтер.

33. Бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру.

34. Мақсатты бағытталған бақылау.

35. Бақылау нәтижелерінің формализациясы және фиксациясы.

36. Эксперимент белсенді зерттеу әдісі ретінде.

37. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру.

38. Психологиялық гипотезалардың қайнар көздері.

39. Байланыстар жайлы, құрылымды

40. Л. М. Фридман және К. Н. Волков «Қиын бала» болдырмаудың психологиялық талаптары.

41. Тәрбиеге қиын көнетін балаларды анықтаудың қажеттілігі.

42. Тәрбиеге қиын көнетин балаларды анықтаудың методикасы қиын балалар мәселелері.

43. Қиын балалар мәселелері.

ГЛОССАРИЙ

 

Негізгі кикілжіңге қатысушылар белсенді (қарсыластық немесе қорғану) бір-біріне деген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Қолдау тобы – кикілжіңді белсенді іс-әрекеттерімен немесе өзіндік қатысуымен түп тамырынан өзгеруіне әсер ете алатын күш.

Басқа қатысушалыр – кикілжіңнің шешіміне, барысына, эпизодикалық әсер ететін субъектілер, мысалы, судьялар, кикілжіңді тудырушылар.

Кикілжіңнің пәні – екі жақтың арасындағы қызмет атқаратын объективті бар немесе ойдан шығарылған мәселе. Бұл негізгі қарама-қарсылық мәселені шешуінде екі жақтың қарсылыққа баруы.

Кикілжіңнің нысаны – екі жақтың ортақ қызығушылықтарындағы қиылысуында жататын материалдық, әлеуметтік немесе жан құндылығы, оны иеленуге немесе қолдануда екі жақта ұмтылады.

Кикілжіңнің өтуіндегі шарттар – қоршаған сыртқы ортадан пайда болатын кез келген қарсы көзқарастың мінездемесінің арқасында кикілжің пайда болады.

Невротизм – тынымсыздық, сезімділік кемелдену, қозымдылық, әсерленгіштік. Невротизм қасиетімен ерекше көрінген жасөспірім: өзіне сенімсіз, шешімі жоқ, өмірлік қиындықтарды қиын меңгереді, психикалық төзімділігі жоқ.

Психотизм – психикалық парапар дәрежедегі дербес адам. Ортадан бөтендік дәрежеде бағалауы қарым – қатынаста асқақ,ішкі конфликта, қорқыныш, қаһар ашулы.

Дағдарыс – қиналу жағдайында, жаны қиналатын жағдайды және қобалжуы.

Арлық - әлеуметтік және эстетикалық қорларға құрмет.

Тежелушілік - әлеуметтенуімен мінездегі ұстамдылық көрінеді. әлеуметтік даулы, импульсты, қарама – қайшылық, өзін - өзі қадағалаудағы адам.

Жалпы белсенділік – тұлғаның қуаттылығында білінеді, ол көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік береді.

Ұялшақтық пен жасқаншақтық – бұл шкала қарама – қарсы қасиеттерді анықтауға бағытталған: шешімділік, батылдық – жасқаншақтық, сенімділік – сенімсіздік

Үйірлік (общительность) – адамға деген сезімталдықта, іс - әрекетке ұмтылушылықта және сезімшілдікке бай реакция т. б

Эстетикалық әсерлі – эстетикалық көркемдік байлыққа нәзік сезіледі.

Әйелдік – таяу сезімді әйел рөлімен өлшемді дәрежеде. өзін - өзі бағалау мен өзін - өзі талдау, қобалжуға бейім, өзінің проблемаларымен батыл, ақпейілді, жол бергіш дәрежедегі адам.

Ассоциалды– қиын әлеуметтік үйренушілік, қоғамның талаптарына теріс көзқарас.

Интроверсиялы – дербес контактылы дәреже сензитивтілі.

 

 

Дәріс кешені

 

1-ші дәріс. «Қиын бала» түсінігінің ғылыми анықтамасы.

Лекцияның мақсаты:Қиын бала түсінігінің ғылыми анықтамасын ашу

Лекцияның жоспары:

1. Қиын бала түсінігі және ғылыми анықтамасы.

2. Қиын баланың мінез-құлқындағы ерекшелігі .

3. Қиын бала атану себептері.

Негізгі ұғымдары:қиын бала, девиантты мінез

Әлеуметтану мен заң ғылымдарында, және педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар «Қиын тәртіп тән» балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне, кәмелетке толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп жекеменшік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлықтар жасау т.б. қылықтар кездесіп отырады. Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылғандай жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, мұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қатыспағандар жатады.

Қиын баланың мінез-құлық психикалық феномендер қатарында өзіндік орны бар. Ол психикалық аурулар, патологиялық қалып, шалығу, психосоматикалық ауытқулар және т.б. аурулар қатарында жүреді. Берілген феномендер медициналық ережелер осі - «денсаулық – аурудың алды-ауру» тұрғысынан қарастырады. Тұлғаның ауытқулы мінез-құлқын психопатология тұрғысынан қарастырудың мәні жоқ. Қиын мінез-құлық тұлғаның әлеуметтік-психологиялық статусын «әлеуметтену-өзін-өзі жоғалту-оқшаулану» осін білдіреді.

1. Тұлғаның қиын мінез-құлқы – бұл ресми бекітілген әлеуметтік нормаларға жатпайтын мінез-құлық. Өзгеше айтқанда, заңдарда, ережелерге, салт-дәстүрге және әлеуметтік қалыптастыруға жат әрекет. Ал қиын мінез – бұл нақты бір қоғамның белгілі бір уақытта ең қажетті әлеуметтік нормалардың бұзылуы.

2. Қиын мінез және тұлға, басқа адамдардың жаман бағалауынан шығады. Негативті бағалау қоғамдық кіналау және әлеуметтік санкция формасында бола алады. Адамның жаңа өмір бастау талпынысы көбінесе қоршаған ортаның сенімсіздігін тудырады.

3. Қиын мінез-құлықтың ерекшелігі болып, оның тұлғаның өзіне немесе қоршаған ортаға едәуір зиян келтіруі, өмір сапасын төмендетеді. Бұл үлкен тәртіптің бұзылуы, зорлық, зардап шектіру немесе денсаулығының төмендеуі мүмкін. Кей уақыттарда, қиын мінез-құлықтың байқалуында өмірге қауіп келтіреді. Мысалы, суицидті мінез, зорлық-зомбылық, қылмыс жасау, «ауыр» есірткі қолдану. Бұл белгі ауытқулы мінездің бұзушы екендігін көрсетеді: формасына байланысты – деструктивті және аутодеструктивті. Біздің ойымызша, радикализм, креатив және маргинальдық сияқты жақын әлеуметтік құбылыстары қиын мінез-құлыққа жатпайды және берілген белгіні қанағаттандырмайды. Консервативті бағытталған адамдар бөлігіне тітіркендіру тудырады, қоғамда қабылданған нормалардан ауытқитынына қарамастан, бұл феномендер қоғамға пайдалы.

4. Қарастырып отырған мінез-құлықты тұрақты қайталанатын мінез ретінде бейнелеуге болады. Егер 7 жаста бала бір рет ата-анасынан тәттіге ақша алып алса, бұл мінезді девиантқа жатқызу дұрыс болмайды.

Керісінше, жасөспірімдердің саналы түрде ақша ұрлауы девиантты мінездің бір формасы болып табылады. Бұл анықтаманың басқа ерекшелігі бар. Мысалы, бір рет болған суицидті әрекет артынан қауіп төндіреді және тұлғаның девиантты мінезі деп бағалануы мүмкін.

5. Мінез-құлықтықиын мінез етіп атау үшін, ол тұлғаның бағытымен сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мінез қалыпсыз жағдаяттардың салдарынан болуы тиіс (мысалы, посттравматикалық синдром кезіндегі мінез), дағдарыстық жағдаяттардың салдарынан (1-2 айдағы жақын адамның қайтыс болуына байланысты қайғы реакциясы) және өз қауіпсіздігі салдарынан (мәселен, өміріне қауіп төніп тұрған жағдайында).

6. Қиын мінездің ерекшелігі болып оның медициналық нормада қарастырылатыны. Ол психикалық аурулармен және патологиялық қалыппен біріктірілмеуі керек. Психикалық ауру жағдайында психикасы ауыратын адамда патологиялық мінез орын алады. Патологиялық мінез медициналық нормалардан ауытқиды, жоғарғы дәрежелі медициналық араласуды талап етеді және психиатриямен зерттеледі. Мысалы, психикасы ауыратын адамның девиантты мінезі.

7. Қиын мінездің ерекшелігі, ол әлеуметтік дезадаптацияның әр түрлі көрінісімен бірге жүреді. Бұл мінез міндетті түрде ауруға немесе өлімге әкелмейді, бірақ әлеуметтік дезадаптация қалпын күшейтеді.

8. Қиын мінез-құлықтың соңғы белгісі ретінде, оның жеке жас-жыныс ерекшелігін көрсетуге болады. Қиын мінез ең алдымен тұлғаның сыртқы ортасынан көрініс табады. Ол «ішінен» көп түрлі болуы мүмкін. Қиын мінез-құлықтың бір түрі әр адамда жас ерекшелігіне байланысты түрліше көрінеді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесі анықтаманы беруге болады, девиантты (ауытқулы) мінез-құлық – бұл тұлғаның тұрақты мінезі, маңызды әлеуметтік нормалардан ауытқитын, қоғамға немесе тұлғаның өзіне зиян келтіретін және онымен бірге әлеуметтік дезадаптация жүреді. Қиын тәртіп – қоғамымызда қабылданған құқықтық, мәдени және моралдық нормалардан ауытқитын әрекеттер мен қылықтар жүйесі. Жалпы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде кіші жасөспірімдік шақтағы баланы «девиантты тәртіп тән балалар» деп атайды. Бұл атау олардың бойларындағы әр түрлі психикалық өзгерістерге байланысты. Дәл осы уақытта жасөспірімнің бойында девиантты тәртіп орын алуы мүмкін. Қиын тәртіп екі үлкен деңгейге бөлінеді:

• біріншіден, бұл психологиялық денсаулықтың қалыпты жағдайынан ауытқуы,бұл жағдайда анық немесе көрінбейтін психопатология болады;

• екіншіден, бұл қоғамға қарсы әрекет, қоғамда қабылданған әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық нормасы бұзылу басталады.

Егерде мұндай әрекеттер елеусіз болса, онда құқық бұзушылық деп аталынады. Ал енді ондай әрекеттер елеулі болса, онда оларды-қылмыс деп атайды да, заңды түрде жауапкершілікке тартады. Осыған сәйкес деликвентті (қылмысқа қарсы) және құқық бұзушылық (қылмысты ) тәртіп деп ерекшеленеді. Сонымен, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер девиантты тәртіпке бейім келеді. Алайда, бұл жағдай түгел дерлік баланың барлығына тән деп айту қате. Қиын тәртіптің тууына түрткі болатын бірнеше жағдайлар бар. Белгілі кеңес педагогы В.А.Сухомлинскийдің жүргізген зерттеуі біршама үлгерімі төмен оқушының 85% денсаулықтарында ақаулары болған. Ол өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, тәрбиеге педагогикамен бірге медицина да араласуы керек деп айтқан.

Қазіргі кездегі дәрігерлік-педагогикалық зерттеулер баланың бойындағы әр түрлі аурулардың, психологиялық ауытқулардың шешуін анықтап берген. Сол зерттеулерге сүйенсек, ең алдымен ол әкесі немесе шешесі арқылы берілген тұқым қуалайтын аурулар (психопатия, ішімдікке салыну, соматикалық және психоневрологиялық аурулар әкесі мен шешесінің зиянды жұмыстарда болуы, шешесінің екіқабат кездегі жұқпалы аурумен ауыруы, психологиялық толғаныстары т.б.). Әр түрлі факторлар баланың болашақ денсаулығына әсер етеді. Сонымен қатар, баланы дүниеге әкелу сәтіндегі алған жарақаттары, туғаннан кейінгі дамуы, жай сөйлеуі, жай жүруі, т.с.с. Нәрестелік шағындағы миына зақым келтіретін аурулар, жарақаттар соматикалық және респираторлық аурулар да өзінің зиянды әсерлерін тигізеді. Болашақта мұндай баланы жеке топқа бөлу қажет. Неге десеңіз, бұндай балалар жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына үлгере алмайды. Ал оларды көмекші мектепке де беруге болмайды. Өйткені, олар дені сау балалар, тек өздеріне тән психологиялық ерекшеліктері бар.

Берілген анықтама ең алдымен дескриптивті (бейнелеу) болып табылады және мінезінде ауытқушылығы бар адамдармен практикалық жұмыстарына бағытталған. Бұл анықтама нақты уақыт аралығында мінездегі ауытқушылықтарды диагностикалау, әсер етуді жоспарлау, тұлғаның мінез динамикасын бағалау және онымен жұмыс қолайлылығы сияқты іскер мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.

 

2-ші дәріс. Тәрбиеге қиын көнетін балалар мен тәрбие жүргізудің педагогикалық негіздері

Лекцияның мақсаты:Тәрбиеге қиын көнетін балалар мен тәрбие жүргізудің педагогикалық негіздерін ашу

Лекцияның жоспары:

1. Тәрбиеге қиын көнетін балаларды анықтаудың қажеттілігі.

2. Тәрбиеге қиын көнетин балаларды анықтаудың методикасы қиын балалар мәселелері.

3. Қиын балалар мәселелері.

Негізгі ұғымдар:ауытқушылық

 

Баланың тарбиеге қиын келуі биологиялық фактілермен байланысты емес тәрбие процесіндегі педагогикалық ықпалдардың қарым –қатынас нәтижесі.баланың тәрбиеге қиын көнуі туралы түсінік педагогтарды кейбір оқушылармен қарым –қатынасқа субьективті қиыншылық сезіну негізінде пайда болып жатады. Мұндай балалар сабақта және сабақтан тыс уақытта бірігіп атқаратын іс кедергі тигізеді.Сынып ұжымының жұмысын ұйымдастыруға бағытталған негізі үрдісте педагогтардың көңілін бөліп, өздеріне ерекше назар аударуды талап етеді.Жеткіншекте сыныпта жұмыс жасалатын мұғаліммен , сыныптастарымен , ата-аналармен қарым –қатынасы бұзылады.Бұндай балаға төменгі сыныпта өз орнының болмауы., педагогикалық қарам–қатынастың шиелінісуі, рухани қажеттіліктің нашар дамуыжәне сабақтан тыс уақыттағы қызығып атқаратын істердің жоқтығы тән. Көп жағдайдасөзарқылы, ақыл арқылыжеткізуге тырысып қоғамдық еңбек іс-әрекеткеараласуды ойламайды.Зерттеушілер тәрбиесі қиын балалар іс жүзінде мектептің және сыныптың қоғамдық пайдалы іс-шараларына қатыспайтыны анықталды. Тәртібі қиын болдырмау және оның алдын алу педагогтар осындай оқушының бойынан жағымды қасиеттер мен мінез-құпия анықтауға тырысса жемісті болады. Жас өспрім өзінің оқуға, еңбекке деген жағымсыз қатынасын тек үлкннің көмегімен құралады. Сонда дамұндай жас өспірімде өмір сүру жағынан таным процесс дара ерекшелігін , олардың темпераментін, қызығушылығын, қабілетін тереңдігін және т.б. қажеттілігін жан-жақты зерттеп қажеттілік туады. Іс-тәрбие көрсеткендей тәрбиесі қиын балаларды дұрыс анықтап оны болдырмау мен дұрыс жолға қою үшін педагогикалық әдістің жүйесін жақсы меңгерген педагогтың қолынан келеді.

Оқушының психологиялық педогогикалық схемасы (мінезінің) мінездеме

Аты – жөні Сыныбы Мектебі Ауыл Қала Оқу жылы

1. Оқушы туралы жалпы мәліммет (жасы, жынысы)

2. Семья жағдайы, семья құрамы, семьядағы қарым қатынасы баланың мектепке дейін тәрбиеленген жері. Жан-ұянын бос уақытын өткізу.

3. Ұжымдағы оқушыларды өзара қарым қатынас мінездеме ; мысалы: ұжым мүшесі болуға ұмтылуы, оның талаптарының санасуы, ұжым намысы үшін куресу, қоғамдық жұмыстын қандай түрін атқарады, жолдасының арасындағы беделі, ұжым белбелсендігіне көмекте, семья, сыныпта тұрақты достары бар ма, сыныпта жағымды немесе ........

4. Тұлғаның бағытының жалпы структурасы

1. тұлғалық

2. қоғамдық

3. іскерлік

4. өзіне өзі баға беру деңгейі (төмендетілген , нақты көтерілген)

5. іс-әрекеттің әр-турлігіне араласуы (оқу,еңбек,ойын)

6. Танымдық іс-әрекетінің сипаттамасы, әр-нәрсенің ерекшелігі , байқағыштығы

7. эмоциональдық ерік аумағының ерекшелігі

8. Қабілет

9. Темпераменті

10. Мінез-құлқы

11. Педагогикалық қортынды

 

3-шы дәріс. Қиын балалар мен жасөспірімдер

1. Лекцияның мақсаты:«Қиын балалар» ұғымын анықтау

Лекцияның жоспары:

2. Қиын балалар» ұғымын анықтау

3. Қиын балалармен жасөспірімдердің пайда болуының негізгі себептері

4. Қиын балалар мәселелері

Негізгі ұғымдар: қиын балалар, жасөспірімдер

«Қиын балалар» деген ұғымның қазіргі кездегі ғылыми-педагогиаклық әдебиеттерді талдай отырып 3 негізгі ерекшеліктерін белгілеуге болады:

1. Баллалардың нормадан ауытқушылық мінез құлқының болуы

2. Ауытқу нормасы мен деңгейін тест, эксперимент арқылы анықтайды

3. Ауытқу мінез ұқлықты психологтар мен педагогтар барлық жағдайда анықтай алмайды, ондай жағдайда септоматиялық бақылау жасайды.

Біріншіден ауытқу мінез құлыққа мінездеме беру үшін термин пайдаланылады. Аумалы-төкпелі (девянтный) біркелкі-жанжаншыл (деликвент) мінез құлық

Жаншаншыл-бүлікші (деликвентті) мінез құлықты адам-ол ұсақ-түйек нормаға сәйкес емес құқық бұзыушы ондай адамдарға қылмысты қудаланбайды. Мысалы: автобуста үлкен кісімен жан-жал шығару т.б.

Аумалы төкпелі – қоғамда белгіленген нормадан ауытқу. Бұл ұғымның ішіне жанжал бүлікшіл де кіреді (және басқа тәртіп бұзушылық, ерте жастағы маскүнемдік пен өзіне қол салу)

Екіншіден. Тәрбие тез, оңайшылықпен көнбейтін балалар мен жасөспірімдер. Осы тұрғыда «қиын» және «педагогикалық тәрбиеден тыс қалған балалар» терминдерін ажырату қажет. Барлық қиын балалар педагогикалық тәрбиеден тыс қалған болып саналады. Бірақ педагогикадан тыс қалған балалар қиын балалар болып табыла бермейді.

Үшіншіден. Дербес тәрбиешілер жағынан қатысты

Құрбылар ұжымынан назарды талап ететін бала, бұл мүлде бұзылған жаман емес, олар қоршаған ортадан ерекше назарды талап етеді.

Қиын балалар мәселесі соғысқа дейінгі уақытта ғылымда емес өмірде пайда болған. Қзирги кезде педагогика психология сөздігіне еніп, талай дау туғызды. Осы терминді қолдануға бола ма, жоқ па? Деген ой туындауда.

Шет елде «қиын бала» ұғымын жоқ, онда «қиын мәселелері бар бала» деп айтады. «Қиын балалар» терминінің ауқымы кең, ал қиын мәселелері бар балалар ұғымының ауқымы аз.

Қазирги кезде белгілі типті жағдайға түсіп қалатын қиын оқушылар саны жеткілікті. Олар қосымша зерттеуді талап етпейдіжәне мәселелері бар деген ұғымды терңінен қолдансаң зерттелінетін тақырыпты бұрмалап жіберуіміз керек.

Мәселелермен кездескен балада көп жағдайда қиындық туғызбайды, керісінше мәселені нәтижелі шешкендік баланың мінез құлқын оқтайландыруға қажетті және қажет.

2. Отандық психологтармен мемлекеттік психологтары тұқым қуалаушылықты теріске шығарады. Олар ген арқылы емес әлеуметтік фактор арқылы пайда болатынын мойындайды. Әрине тұқым қуалаушылық әсер етеді, бірақ тікелей емес жанама түрде болады.

Кейбір тәрбиелеудегі қиыншылықтардың пайда болуының себептері отбасындағы қарым-қатынасының дұрыс болмауы, мектептегі жұмыстардың бөлектенуі, ортаға мүлде бейімделе алмауы, өзін шағын топтарда тұлға ретінде сезінуі.

3. Мораль нормалармен қоғамдық талаптарға сай келмейтін адам тәртібін ассоциалды деп атайды. Бұл тәртіп «с-әрекет анонимді, яғни санасында ауытқуы бар балалардан ерекшелігі ассоциалды тәртіп, әлеуметтік орта, микро ортаның жағымсыз әсерлеріне негізделінген отбасындағы теріс қылық тәрбиедегі қателіктермен анықталады. Бала дүниеге «қиын болып» келмейді. Қиын балалар дегеніміз педагогикалық бетімен қараусыз балаларды айтамыз. Л.С.Выготский «Баланың өмірі» ол жердегі адамның қоғамдық бейнесі дұрыс болмай, педагогикалық әрекеттер қате орындалғанда бала, «қиын балаға айналады» деген. Ондай балаға бірбеткей, қыңыр, агрессивті, тіл алмайтын балалар жатады. Бала тәртібінде аффекті күйдің алдын алу қиын балаларды түзету дер кзінде анықтап педагогикалық түзету шараларын үйрену керек. Ол үшін:

1. балаға деген мейірімді қатынастық болуы

2. Баланың жағымды жақтарын ескеру керек

3. Баланың адамгершілік сапаларымен қабілетіне сеніммен қарау керек.

Бірбеткейлік- баланың өзінің мен деген түсінігін, еркіндігін көрсетуге бағытталған жалған тәртіп ерекшелігі. Бұл ерекшелік көбінесе баланың жеке тұлғалық құрмысында өзгерістер болатын 3 жас, 11 жас, 17 жаста байқалады. Бала тәртібіндегі бұл белгіні дер кезінде байқап қажетті түзету шараларын жүргізу керек. Бірбеткейліктің ең алғашқы белгісі 3 жаста, яғни,балада еркін, өзіндік әрекет орындауға деген ынтасы пайда болады. Мысалы: мен өзім киінемін, мен өзім істеймін. Бұл жағдайда үлкендер балаға шыдамдылық, саналық танытулары керек. Бастауыш мектеп қушысында бірбеткейлік оған дұрыс қатынас жасалмағанда да айналадағы адамдарға өкпелі болған жағдайда байқалып ата –аналар тәрбиесіндегі жүйесіздік асқан қаталдық, күн тәртібіндегі бейберекетсіздік, үлкендер тарапынан көрсетілетінөрелік негізінде пайда болады.

Бұл мәселемен айналысқан психологтар: Американдық психолог Сириел Берт, Американдық зерттеушісі Кьюнт, Американдық заңгер А.Бендура , Американдық зерттеуші Уильям Шелдон

«Қылмыс жасаушы жас өспірімдерге тән ерекшелік олар өте қарулы,айқын куш иесі - «Мезаморф». Бұл бұл белгілер балаға ата-анасынан берілетін тума қасиеттер. Әлеуметтік диагностика«Денсаулық» журналы

Балалардың әлеуметтік педагогикалық қиындығын тексерудің кешенді экспресс диагностикасы.

Кешенді психология педагогикалық диагностика болып баланың жеке тұлғасын жан-жақты терең зерттеу оның кемшіліктері, кемшіліктің себептері анықтайтын жалпы педагогикалық процесінің тиімділігін көтеру оның негізгі мақсаты әлеуметтік педагогикалық қиындық туғызатын балаларды анықтау. Бұл жағдайда диогностиканың мазмұнының критерилері мыналар:

а) дамуында патологияның болмауы

б) дамуында қолайсыз әлеуметтік педагогикалық жағдайда болуы

в) баланың жас және дара мүмкүмдігіне сай келмейтін адекватсыз белсенділіктің болуы

г) өзіндік сана субъектісі ретінде баланың нашар дамуы

д) баланың педагогикалық қиындық туғызуы

 

4-ші дәріс. Тәрбиесінде педагогикалық кемшіліктер кездесетін балалармен жұмыс жүргізудің мәні мен мазмұны

5. Лекцияның мақсаты:«Қиын балалар» ұғымын анықтау

Лекцияның жоспары:

6. Тәрбиесінде педагогикалық кемшілік кездесетін балалармен жұмыс жүргізу мәні

7. «Тәрбиесі қиын» балалар деген сөздерге түсінік

8. Тәрбиеге қиын көнетін баланың пайда болу себептері

Негізгі ұғымдар: қиын балалар, жасөспірімдер

Педагогикалық тәрбиеде кемшіліктер жібергендікті анықтау және алдын алу оқушының санасымен өзін-өзі ұстауында гуманды тәрбиеге қарсы құрбыларымен күрескендіктің маңызды бір бағыты болып табылады. Сондықтанда бүгінгі таңда әр-бір мұғалім оқушының адамгершілік мінез құлқында, ауытқушылықтарға әкеліп соғатынын таптық, ұжымдық жеке іс-әрекеттерді ұйымдастыруда балалармен қарым-қатынас қиындық тудыратын субъективті себептерді жоя алатын жоғары дәрежелі тәрбиеші болу керек. Жанұя, мектептің педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз етіп қоя қоятын жүйесін қайта қарастыру үшін, тәрбиеленушінің қогамдық мінез құлқындағы ауытқудын алдын-алу мақсатында оқушының педагогикалық тәрбиеде кемшіліктерді анықтап жеке тұлғаны зерттеп әдіс тәсіл

Мектептегі педагогикалық тәрбиеде кемшілігі бар балалармен алдын-алу жұмысын біз Макаренконың «Біздің педагогикалық жұмысымыздың негізгі объектісі қатынас» болып табылады деген теорияның ережелеріне сүйенеміз. Сондықтанда педагогикалық тәртібінің кемшілігі бар баланың қоршаған ортамен қатынас жүйесінің бұзылуының көрінісі деп ойлаймыз. Педагогикалық дұрыс емес іс-әрекет жүргізу нәтижесінде жеке тұлғаның оңды дамуы кемдеу деп тәрбиелеуші әсерлерге назарлық білдіру, өзін-өзі ұстау теріс қылқының қатар қалыптасу жүйесі пайда болады. Тәрбиесінің педагогикалық кемшілігі бар балалардың мына көрсеткіштер арқылы анықтауға болады.

1. Өзін-өзі ұстаудағы ауытқудың қайталану деңгейі

2. Пікірлерінің, сезімдерінің елестік бағытталғандығы

3. Адамгершілік қатынастар жүйесінің бұзылуы

Қазіргі жағдайда теория мен пратикада мінез құллқында ауытқушылықтығы бар балаларға анықтама берудің коптеген түрлері бар. Мысалы: «адамның дамуында ауытқушылығы бар балалар» «тәрбиеге қиын көнетін балалар» «педагогикалық өз бетімен жіберілген бала» т.б.

Тәрбиеге қиын көнетін балалар тәрбие процессінде пайда болады. Көптеген зерттеулер бұндай баланың жиі кездестірген: тәртібінің нашар болуы, қоғамдық жұмысымен оқуға теріс пікірінің болуы, мектеп талаптарын орындамау, үзіліс және сабақ үстінде үнемі тіртіп бұзуы. Ата-анасымен, жолдастарымен қарым қатынасы шиленістерге толы болуы, эгойзм т.б.

Тәрбиеде педагогикалық кемшілік пайда болуы өте ұзақ процесс. Баланың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше кезеңнен өтеді.

1-кезең. Мектепке дейінгі пайда болуыалғашқы көріністер. Ауытқушылық дамыған тобы,даралық психологиялық, зейін, эмотцональдық тұрақтылық, ес, саналарының жеткіліксіз дамуы, мектепке педагогикалық, психалогиялық даярлығының нашарлығы, мысалы: мектеп жөніндегі ақпараттың нашар болуы, қарапайым оқу біліктерінің болмауы (сана,оқу)

2-кезең. өзін-өзі ұстаудың алғашқы формаларында ауытқы пайда болуы,сынып өмірінің нормасымен ережелеріне жағымсыз қатынасы. Ауытқулықтың доминантасы қоғамдық және оқу іс-әрекетінде талпынысының болмауы. Педагогикалық талаптарын орындамау олардың істері ситуативтік сипатта келеді.

3-кезең. Оқушының өзін-өзі ұстауында жағымсыз теңдіктің пайда болып орынығуы. Көбінесе 4-6 сыныптарда кездеседі. Оның іс-әрекеті сынып нормасының бұзу болып ситуативтік сипатта келеді. Кей жағдайда әдейілеп жасауы мүмкім

4- кезең. 7-9 сыныптардағы жасөспірімдерге тән әлеуметке қарсы келетін іс-әрекетінің тұрақтануы. Бұл мектепке жан ұяның педагогтың ықпал етуде жіберген қателіктердің негізінде пайда болады іс-әрекетінің әдейі ұйымдастырып жүзеге асырып оның қоғамға қарсы екенінде түсінеді. Іс-әрекет нәтижесін оқтауға тырысады. Бұндай жағдайда ОВ. Заңды бұзыуына ,қылмыс жасауына д әкеп соғыуы мумкін.

Әлеуметтік педагогикалық қиындық туғызатын баланың негізгі көрінісі мыналар:

1. «мен» образының бұзылуы

2. төмен әлеуметтік тәрбие, яғни құрдастарының қабылдамауы ата-анасының бас тартуы. Педагогтардың қатнасы

3. Оқудағы түрлі қиыншылықтар, щқуға үлгермеушілік, ол әлеуметтік педагогикалық генездің дамуының дизгормониясымен байланысты

4. Түрлі әлеуметтік жағдайдағы өзін-өзі адекватсыз ұстау

5. ата-аналармен педагогтардың авторитарлығы және гипер әлеуметтенуі

5-ші дәріс. Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу. Дербес тіл табу.

Лекцияның мақсаты:Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу жолдарын анықтау

Лекцияның жоспары:

2. Тәрбие үрдісі

3. Дербестік қатынастың принциптері

4. Окушылардың дербестік ерекшеліктерін анықтайтын психодиогностиканың негізгі әдістері.

5. Оқушылардың дербестік ерекшеліктерін түзету үшін қажетті псиокоррекцияның негізгі принциптері мен әдістері

6. Тұлға және оның қажетті уәжді саласы.

Негізгі ұғымдар:Дербес тіл табу

 

1. Оқу тәрбие үрдісін басқару үшін және оқушының мінез –құлықтағы ауытқушылықтарды түзету үшін мұғалімге оқушының тұлғалық даму заңдылықтарын білу қажет. Бұнда негізгі үш жақты қарастыруға болады.

 

Тұлғаның ересек адамның әсері аз, толық қалыптасуы мүмкін еместігі отандық психологтармен дәлелденген. Ересек адам өсіп келе жатқан балаға жасөспірімге отандық тәжірибені таныстырып үйретеді. Тұлғаның дамуындағы осы үш жақ , үш үрдіс бір – бірімен өте тығыз байланысқан және өзара әрекеттесуде.

Бала мен жасөспірімнің тұлғалық дамуының негізгі факторы: қоғамдық тұрмыс, мекен - жайы, мәдениеті, табиғаты, өндірістік ерекшеліктері:

Тікелей қарым – қатынас жасайтын орта: көрші, достар, таныстар, мектеп, мектептен тыс мекемелер;

Л. М. Фридман және К. Н. Волков «Қиын бала» болмау үшін тәрбие психологиясында зерттеген жұмыстары мен талаптар:

1. Оқушылырда қажетті уәжді қалыптастыру тәрбие негізі болу керек;

2. Өзіндегі теріс қылықтардан құтылуға көмектесу және жақсы жағымды әдет қылықтарды тәрбиелеу маңызы;

3. Баланы тұлға ретінде тәрбиелеу тек оның өзіндік іс - әрекетінде мүмкін;

4. Балаға деген тәрбиешінің әсер етуі тек ақылына емес сезіміне де бағытталуы керек;

5. Баланың тәрбие үрдісіне оқушының жақсы жағымды қасиеттеріне сүйене отырып оны тұлға ретінде сыйлау.

2.Дербестік қатынас – педагогика мен психологияның негізгі принципі оқу тәрбие жұмысында оқушылармен өткен өмірдің өзіндік ерекшелігі мен әр оқушының дербес ерекшеліктерін еспке алады.

Дербестік тәрбиенің негізгі мағынасы – оқушылардың жеке дербестік ерекшеліктеріне сәйкес ортақ мақсаттың тәрбиеде нақтылау болып табылады. Дербестік ұғымында:

«Дербестік оқу мен тәрбие»,

«Дифференциалды қатынас»,

«Дифференциалды білім»,

«Дифференциалды оқу» түсініктерін ажыратуға болады.

Оқу – тәрбиені дербестік қылу дегеніміз – дербестік қатынастар талаптарын іске асыруға бағытталған мектеп сыныптарындағы оқу – тәрбие үрдісін ерекше ұйымдастырылуы.

Оқудағы дифференциалды қатынас – балалардың оқу қабілетіне, қызығушылығына байланысты топтарға бөлу. Дербестік қатынастың маңызды түрі болып табылады. Оқуды дифференциалды қылу дифференциалды қатынасты іске асыру болып табылады.

«Білім дифференциясы» деген ұғым жоғарғы сыныптағы оқу жоспары мен бағдарламаның оқу жоспарымен байланысты болады. арнайы мектеп, сынып, факультатив сабақіске асырылады.

Дербестік қатынас пен педагогикалық такт бір – бірімен байланысты.

3. Оқушылардың дербестік ерекшеліктерін анықтайтын психодиогностиканың негізгі әдістері.

Бұл мәселе тиянақты, жүйелі, жеткілікті құрастырылған. Осы салада оның негізгі әдістерін зерттеген және оқушылардың дербестік ерекшеліктерін коррекциялауда мына әдістерге, өңдеу түрлері, түсіндіру негіздері,талаптар қойылады.

Л.Т. Емпольскийдің «Введения в эксперементальную психологию личности» кітабында психодиогностикалық тест ұсынып 174 пунктін зерттеп көрсеткен. Олар «(кім маған) әлдекім маған теріс (ұғымда) көзқараста». «Мен – иландырылған, берік адаммен» деген өзіндік маңызды түрлерін берген. Берілген сұрауларда 14 шкаламен өңделеді. 10 шкаласы төмен даңгейде суреттеледі, невротизмдік, психотизм, дағдарыс, арлық, эстетикалық әсермен, әйелдік, тежелушілік, жалпы белсенділік, көпшілдік, жасықтық.

Невротизм – тынымсыздық, сезімділік кемелдену, қозымдылық, әсерленгіштік. Невротизм қасиетімен ерекше көрінген жасөспірім: өзіне сенімсіз, шешімі жоқ, өмірлік қиындықтарды қиын меңгереді, психикалық төзімділігі жоқ.

Психотизм – психикалық парапар дәрежедегі дербес адам. Ортадан бөтендік дәрежеде бағалауы қарым – қатынаста асқақ,ішкі конфликта, қорқыныш, қаһар ашулы.

Дағдарыс – қиналу жағдайында, жаны қиналатын жағдайды және қобалжуы.

Арлық - әлеуметтік және эстетикалық қорларға құрмет.

Тежелушілік - әлеуметтенуімен мінездегі ұстамдылық көрінеді. әлеуметтік даулы, импульсты, қарама – қайшылық, өзін - өзі қадағалаудағы адам.

Жалпы белсенділік – тұлғаның қуаттылығында білінеді, ол көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік береді.

Ұялшақтық пен жасқаншақтық – бұл шкала қарама – қарсы қасиеттерді анықтауға бағытталған: шешімділік, батылдық – жасқаншақтық, сенімділік – сенімсіздік

Үйірлік (общительность) – адамға деген сезімталдықта, іс - әрекетке ұмтылушылықта және сезімшілдікке бай реакция т. б

Эстетикалық әсерлі – эстетикалық көркемдік байлыққа нәзік сезіледі.

Әйелдік – таяу сезімді әйел рөлімен өлшемді дәрежеде. өзін - өзі бағалау мен өзін - өзі талдау, қобалжуға бейім, өзінің проблемаларымен батыл, ақпейілді, жол бергіш дәрежедегі адам.

Психикалық байсалдылықсыз.

Ассоциалды– қиын әлеуметтік үйренушілік, қоғамның талаптарына теріс көзқарас.

Интроверсиялы – дербес контактылы дәреже сензитивтілі.

И. Ранигтің бағалы бағдар оқу әдістері кеңінен белгілі (1473). Оның негізі ранжировка болып табылады. 2 бағалы классты айқын көрсетеді: терминалды және аспапты.

Терминалды қазыналық болып өмірлік мақсат, қол созуға болатын

(бақытты отбасылық өмір, экологиялық проблемалардың шешілуі)

Аспаптыққазыналыққа қаланған бейнелі іс - әрекет болып табылады (әділ, прагматизмді) .

 

6-ші дәріс. Тұлғааралық кикілжің және оны шешу жолдары.

Лекцияның мақсаты Тұлғааралық кикілжің және оны шешу жолдарын анықтау

Лекцияның жоспары:

1.Тұлғааралық кикілжің туралы түсінік

2.Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы

Негізгі ұғымдар:Тұлғааралық кикілжің

Әлеуметтік психологияда кикілжіңді құрастырмас бұрын алдымен бұл мәселе туралы өзіндік көзқараста болу керек. Себебі кикілжіңдер әр түрлі дисциплина қатарында зерттеулердің бір бөлігі болып табылады. Мысалы, әлеуметтану, политология және т.б.

Әлеуметтік психология өз назарын екі сұраққа негіздейді, біріншіден әр кикілжіңдегі екіншілік әлеуметтік-психологиялық аспектінің анализі ретінде (мысалы, кикілжіңге қатысушылардың кикілжіңді түсінулері), екіншіден әлеуметтік-психологиялық фактордың спецификалық жеке кикілжіңнің класына бөлінуі. Бұл екі сұрақтың жауабы тек қана зерттеу схемасында адекватті түсінік болса ғана табылады. Ол кем дегенде кикілжіңнің 4 негізгі мінездемесін қамтуы керек: құрылымы, динамика, функция және кикілжіңнің типін (Петровская 1977).

Кикілжің (лат. Conflictus – қақтығыс) барысы субъектінің өзара іс-әрекет процесінде пайда болуы мен кикілжіңдегі қарама-қарсы іс-әрекеттің негізінде құралған, негізінен жағымсыз эмоциямен қатар жүретін қарама-қайшылы көзқарастың негізгі шешімі ретінде түсініледі. Егер кикілжіңге түсуші субъект өзара жағымсыз эмоцияға түспей (спорттық күрес, дискуссия т.б.) қарсылық білдірсе немесе керісінше қарсылық білдірмей жағымсыз эмоцияға берілсе, осындай ситуациялар кикілжіңнің алдыңғы болып саналады. Кикілжіңдегі субъектінің қарама-қайшы іс-әрекеті, 3 сферада жүруі мүмкін: қарым-қатынас, мінез-құлық, іс-әрекет.

Әр кикілжіңнің негізі қандай да балмасын түрткіге екі жақтың қарама-қарсылы ұстанымдары немесе әр түрлі көзқарас немесе олардың қызығушылықтарының, тілектерінің т.с.с. әр түрлілігі болуы мүмкін. Егер қарама-қарсылы жақта солай жауап қайтарса кикілжің потенциалдыдан актуалдыға айналады. Қазіргі ғылым кикілжіңнің бірнеше түрлерін бөліп қарастырады:

- зоокикілжің;

- адамның қатысуымен болған кикілжіңдер;

а) тұлғааралық;

б) әлеуметтік [тұлғааралық, тұлғалар және топтардың арасында, әлеуметтік топтардың арасындағы кикілжіңдер (кішілі, орта, үлкен) халықаралық (дербес мемлекеттермен, мемлекет пен коалиция арасында)].