Лекциялық сабақтар

Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Педагогика факультеті

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

Мамандығы: 5В011701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

 

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

Пәні: Әдебиет теориясы

 

 

Актау 2016

Пәннің сипаттамасы

«Әдебиет теориясы» пәні – филология мамандығында білім алушы студенттер үшін ең басты пәндердің бірі. «Әдебиет теориясы» пәні көркем әдебиеттің сыры мен сипатын, мәні мен маңызын анықтайтын ұғымдар жүйесін зерттейді. Ол студенттерге әдебиеттің теориялық заңдарын үйретіп, әдебиеттану ғылымының даму тарихынан хабардар етеді, әдебиеттің жанрлары мен әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертуді мақсат етеді.

Сөйтіп, болашақ сөз өнерінің мамандарын көркем әдебиет әлеміне енгізіп, көркем сөз табиғатын тануға жетелейді.

Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 3 кредит, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі – 45 сағат, оның 30 сағаты дәріске, 15 сағаты тәжірибелік сабаққа арналған. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау емтихан түрінде жүргізіледі.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты - Студенттерге әдебиеттің теориялық мәселелері бойынша тереңдете білімдер меңгерту. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі, қоғамдық сипаты мен көркемдік сипаты, әдеби процесс, әдеби әдістер, бағыт-ағымдар туралы білім беру.

Пәнді оқытудың міндеттері – студенттерге әдебиеттің теориялық негіздерін, әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту; Әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму тарихынан мәліметтер беру; Көркем шығарманың құрылысы мен тіліне, көркемдік заңдылықтарына, образдың жасалу жолдарына, әдебиеттің тектері мен түрлеріне талдау жасауға машықтандыру. Көркемдік әдіс, шығармашылық стиль, әдеби бағыт, ағымдар туралы түсініктер беру.

Пәннің қысқаша мазмұны

Әдебиет теориясының ғылым ретіндегі зерттейтін мәселелері. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері. Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі. Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция. Әдеби жанрлар теориясы. Эпостық жанрлар. Лирикалық жанрлар. Драмалық жанрлар. Әдеби стиль. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт-ағымдар. Әдеби мектеп. Классицизм өнері эстетикасы. ХҮІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы. Қазақ әдебиеттануының қалыптасуы мен дамуы. Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар. Постмодернизм.

Пререквизиттер:HAA1211, ATK 1307, HDA2213, ЕDA1212

Постреквизиттер:KAOA 3309, KKA3216, AuezT 3211, KopT 3212

Оқудан күтетін нәтижелер: Студенттер пәнді оқу барысында әдебиеттің теориялық мәселелерін тереңірек меңгеріп шығады. Әдебиеттің өнер түрі ретіндегі ерекшеліктерімен, әлемдік әдеби процеспен танысып, көркем шығарманы идеялық, жанрлық, тілдік жағынан талдай білуге үйренеді.

Білімі: Пәнді оқу арқылы студенттер әдебиет теориясынан алған білімдерін кеңейте отырып, түсініктерін тереңдетеді.

Шеберлігі: Пәнді оқу арқылы студенттер алған білімдерін магистрлік диссертация дайындауда пайдалана алады.

Дағдысы: Пәнді оқу арқылы студенттер әдебиет теориясына қатысты күрделі мәселелерді шешуге, білімдерін қолданудың этикалық және әлеуметтік жауапкершілігін сезінуге, өз пікірлерін талқылауға ұсынуға дағдыланады.

Құзыреттілігі: Пәнді оқу арқылы студент игерген білімдерін мамандар мен маман еместерге анық, айқын түсіндіру, олармен пікірталас жүргізу қабілетіне ие болады.

 

Тақырыптар мен олардың оқытылу ұзақтығы

Лекциялық сабақтар