Сәйкестендіру кестесі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Азақстан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

Пән Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы (3 кредит )

Мамандық тарихтан тыс мамандықтарда

Курс 1

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы (3 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізууақыты мен орыны   Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша Ғанибаева Ж.А. Sangar98@mail.ru

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ

Қазақстан тарихы пәні 30 дәріс сабақтан, 15 практикалық сабақтан, 2 аралық бақылаудан, 24 ОСӨЖ тапсырмаларынан, қорытынды бақылау-мемлекеттік емтиханнан тұрады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты:бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

 

1.Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

2.Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

3.Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

4.Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

5.Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Пәннің қысқаша сипаттамасыҚазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген. Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

- Білуге тиіс: Отан тарихының тарихи үрдістері мен оқиғаларын оқып- үйрену арқылы білім қорын игеруге

- Істей білу:Практикалық (семинар), реферат, баяндама, ғылыми конференцияларға және өзіндік жұмыстың басқа формаларына дайындалу барысында ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесімен және тәжірибесімен танысуға және қолдануға;

- Дағдысының болуы: Отан тарихының тарихи үрдістері мен оқиғаларын оқып үйрену арқылы білім қорын игере отырып, тарихи танымыңызды қалыптастыруға;

Курс пререквизиті:

Мектеп курсындағы «Қазақстан тарихы» пәні, мектеп курсындағы «дүние жүзі тарихы»

Курс постреквизиті:

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта жүргізілетін «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану» және т.б. гуманитарлық жиынға қатысты пәндерді меңгеруге зор ықпал етеді.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба,курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үйтапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тестілер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ р/с Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары Дәріс Сабағы (сағ) Практикалық семинар сабағы (сағ) Өзіндік жұмыс (сағ)
  Модуль 1. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары.
01.Кіріспе. Қазіргі Қазақстан тарихы пәні: міндеттері, кезеңдерге бөлу, тарихнамасы және деректемесі. Тәуелсіздіктің тарихи-өркениеттік негіздері.
02. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар.
03. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары.
04.Кеңестік тоталитарлық Қазақстаннның қалыптасуы:сипаты, шаралары, сабақтары.
05.Фашистік басқыншыларға қарсы күресте қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.
  Модуль 2. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
01. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1946-1964жж).
7. 02.Қазақстан кеңестік әлеуметтік-саяси жүйе дағдарысының асқыну кезеңінде (1964-1985жж).
03.Қазақстан қайта құру мен демократия жолында (1985-1991жж).
  Модуль 3. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
01. Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.
02. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
03. Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер.
04.Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы.
  Модуль 4. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және жаңарулар.
01. ҚР қоғамдық – саяси дамуындағы алға басулар.
02.Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты.
03. Қазақстан- әлем мойындаған мемлекет.
  Барлығы

 

 

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары Сағаты
Модуль1. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары
01.Кіріспе. Қазіргі Қазақстан тарихы пәні: міндеттері, кезеңдерге бөлу, тарихнамасы және деректемесі. Тәуелсіздіктің тарихи-өркениеттік негіздері.
02. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар.
03. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары.
04.Кеңестік тоталитарлық Қазақстаннның қалыптасуы:сипаты, шаралары, сабақтары.
05.Фашистік басқыншыларға қарсы күресте қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.
Модуль 2. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары
01. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1946-1964жж).
02.Қазақстан кеңестік әлеуметтік-саяси жүйе дағдарысының асқыну кезеңінде (1964-1985жж).
03.Қазақстан қайта құру мен демократия жолында (1985-1991жж).
Модуль 3. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
01. Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.
02. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
03. Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер.
04.Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы.
Модуль 4. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан.
01. ҚР қоғамдық – саяси дамуындағы алға басулар.
02.Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты.
03. Қазақстан- әлем мойындаған мемлекет.

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Апта Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары сағаты
Модуль 1. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары.
Кіріспе. Қазіргі Қазақстан тарихы пәні: міндеттері, кезеңдерге бөлу, тарихнамасы және деректемесі. Тәуелсіздіктің тарихи-өркениеттік негіздері.
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар.
Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары.
Кеңестік тоталитарлық Қазақстаннның қалыптасуы:сипаты, шаралары, сабақтары.
Фашистік басқыншыларға қарсы күресте қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.
Модуль2. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1946-1964жж).
Қазақстан кеңестік әлеуметтік-саяси жүйе дағдарысының асқыну кезеңінде (1964-1985жж).
Қазақстан қайта құру мен демократия жолында (1985-1991жж).
Модуль 3. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер.
Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы.
Модуль 4. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және жаңарулар.
ҚР қоғамдық – саяси дамуындағы алға басулар.
Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты.
Қазақстан- әлем мойындаған мемлекет.

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

1. Алаш қозғалысының көшбасшысы - Ә.Бөкейханов.

2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру себебі, барысы, нәтижелері.Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық көтерілістері және қазақ зиялыларының қарсылығы.

Нұсқа 2

1. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер-су мәселесі.

2. Нұрпейісовтың Алаш һәм Алашорда еңбегінен Алаш партиясының

қызметіне байланысты материалдар дайындау.

Нұсқа 3

1. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайы.

2. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.

Нұсқа 4

1. Н.Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» еңбегі және «Әлем XXI ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.

2. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.

Тест тапсырмалары

І-нұсқа

1. 1905-1907 ж.ж. Семейдегі бұқаралық ереуілге шығушылар қандай талаптар қойды?

A) Жұмысшылардың ауырған күндеріне жалақы төлеу. B) Жұмыс уақытынан тыс кезде ақысыз жұмыс істеуге тыйым салу. C) Жұмыс күнін 10 сағатқа қысқарту. D) Жалақыны көбейту. E) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

2. 1916 жылы саналы компромисс тактикасын ұсынғандар:

A) Шаруалар. B) Революцияшыл демократиялық интеллигенция өкілдері. C) Пролетариат. D) Билер.

E) Мұсылман дін басылары.

3. 1905 ж. 17 қазандағы патша манифесін қазақтың ұлттық-демократиялық зиялы қауым өкілдері қалай қабылдады?

A) Патша үкіметін қолдады. B) Манифесті қуана қарсы алды. C) Әртүрлі пікірлерде болды.

D) Манифестің негізгі ережелерін сынға алды. E) Патша манифесіне қарсы шықты.

4. Меркедегі қазақ жастарының революциялық одағының жетекшісі:

A) С.Сейфуллин. B) С.Торайғыров. C) М.Тынышпаев. D) Х.Ғаббасов. E) Т.Рысқұлов.

5. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы қозғалысының аталуы

A) "Орыс-қырғыз одағы". B) Тау-кен жұмысшыларының одағы. C) Социал демократиялық ұйым.

D) Өнеркәсіп жұмысшыларының одағы. E) ''Бірлік'' одағы.

6. " Оян, қазақ!" жыр жинағының авторы:

A) М. Тынышпаев. B) А. Байтұрсынов. C) М. Жұмабаев. D) М. Дулатов. E) Ә. Бөкейханов.

7. 1910-1917 ж.ж. А.Байтұрсынов өмір сүрген қала:

A) Верный. B) Петропавл. C) Орал. D) Ташкент. E) Орынбор.

8. 1905 жылы желтоқсанда интернационалдық сипат алған ереуіл қай жерде өтті?

A) Қарқаралы. B) Қостанай. C) Верный. D) Орынбор. E) Успен кеніші.

9. 1911-1915жж. аграрлық-демократиялық бағыт ұстаған қандай журнал?

а) Қазақ б) Дала уәляты в) Қазақстан г) Айқап д) Ақиқат

10.Абай қандай мектепте оқыған?

а) Медресе б) орыс-қазақ мектебі

в) Жәдид мектебі г) Кадет корпусы д) аралас мектепте

11. «Сауын» сөзінің мәні не?

а) мұсылман дінін уағыздаушы б) астық салығы

в) малды уақытша беру г) мал салығы д) бойдақ салығы

12. Қазақстанда алғашқы желісі өткен темір жол қалай аталды?

а) Транссибирь б) Орынбор-Ташкент

в) Турксиб г) Қостанай-Арқалық д) Гурьев-Маңғыстау

13. 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезінің қазақтары өздерінің

ханы етіп кімді сайлады?

а) Ұ.Саурықовты б) А.Қамасовты

в) А.Имановты г) О.Чоловты д) Ә.Жанбосыновты

14. Жетісу облысында 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыс кезінде қарулы

қарсылықтың бұқаралық сипат алуы қай айларда болды?

а) шілде-тамыз б) қыркүйек-қазан

в) қараша-қазан г) желтоқсан-қаңтар д) мамыр-маусым

15. Әулиеата уезіндегі Т.Рысқұлов ұйымдастырған ұйым қалай аталды?

а) Жас қазақ б) Еркін дала в) Үш жүз г) Бірлік

д) Қазақ жастарының революциялық одағы

ІІ-нұсқа

1. Антанта елдері қолдаған Чехословак корпусының бүлігі қашан басталды?

а) 1919ж. қараша б) 1920ж. қазан в) 1917ж. қараша

г) 1918ж. мамыр д) 1918ж. қаңтар

2. Бүкілқазақстандық кеңестер съезі «қырғыз» деген атауды қазақ атауымен

өзгерту туралы қай жылы қаулы қабылдады.

а) 1920ж. б) 1923ж. в) 1928ж. г) 1929ж. д) 1925ж.

3.1921ж. жер-су реформасының негізгі мақсаты:

а) Патша өкіметі тартып алған жерлерді шаруаларға қайтарып беру

б) жерлерді байларға сату в) жерді халыққа жалға беру

г) жерді ұжымшарларға бөліп беру д) бүкіл жерді мемлекет қарамағына алу

4. Азамат соғысы жылдарында партизан қозғалысының негізгі

орталықтарының бірі болған Черкасск қорғанысы қай өңірде еді?

а) Қостанай уезі, Боровое селосының маңында г) Торғай өңірінде

б) Ақмола облысы, Атбасар ауданы в) Жетісу, Лепсі уезінде

д) Сырдария облысы, Қазалы уезінде

5. И.Голощекин қай жылдары Қазақстан компартиясының біріншісі хатшысы

болды?

а) 1920-1930жж. б) 1925-1933жж. в) 1925-1939жж

г) 1923-1936жж. д) 1920-1940жж.

6. Қазақстанда алғашқы ашылған жоғарғы оқу орны қандай, қай жылы

ашылды?

а) Мединститут 1924ж. б) Қыздар пединституты 1932ж.

в) Ауылшаруашылық институты 1930ж. г) Қазақ университеті 1934ж.

д) Қазақ педагогикалық институты 1928ж.

7. Түркісіб темір жолын салу кезінде күніне қанша метр жол төселді?

а) 1000м. б) 2000м. в) 1500м. г) 2500м. д) 3000м.

8. Ұлы Отан соғысында Қызыл Армия қатарына қанша қазақстандықтар

алынды?

а) 800 мың б) 1 млн. в) 1 млн.200мың г) 2 млн. д) 1 млн. 500 мың

9. 1986ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе

қаралды?

а) Қазақстанның 1987 жылғы бюджеті қаралды

б) Республика Компартиясының басшысы өзгерді

в) мал шаруашылығы мәселесі қаралды

г) Білім мен денсаулық туралы заң қабылданды

д) Мәдениет мәселелері қаралды

10. Қазақстан Республикасы ресми Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне

қай жылы енді?

а) 1992ж. б) 1990ж. в) 1991ж. г) 1993ж. д) 1994ж.

11. 1906-1907 жылдары қазақтардан тартып алынған жердің көлемі

A) 15 млн десятина. B) 8 млн десятина C) 4 млн десятина D) 10 млн десятина E) 17 млн десятина

12. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған Қазақтың тұңғыш инженері-депутаты.

A) А. Бірімжанұлы B) Ш. Қошығұлұлы C) Нұрекенұлы D) Ә. Бөкейханұлы E) М. Тынышпайұлы

13. 1917 жылғы I Бүкілқазақ съезі шешімдерінің бірі:

A) Жастар ұйымын құру.B) "Алаш" партиясын құру. C) "Қазақ" газетін шығару. D) "Үш жүз" партиясын құру. E) Қаз.АССР-ін құру.

14. "Алаш" партиясы қашан құрылды?

A) 1919 ж. B) 1916 ж. C) 1917 ж. D) 1913 ж. E) 1918 ж.

 

 

ІІІ-нұсқа

1. 1917 ж. ІV Бүкілтүркістандық съездің шешімімен құрылған мемлекеттік құрылым қалай аталды?

A) Мұсылман мемлекеті. B) Бұхар Республикасы. C) Алашорда. D) Түркістан Автономиясы. E) Қазақ Республикасы.

2. 1916 жылғы "бұратана халықтарды қара жұмысқа алу" туралы патша жарлығын жақтағандар.

A) Либерал-демократиялық интеллигенция. B) Жергілікті отаршыл әкімшілік. C) Қоныс аударушылар.

D) Пролетариат. E) Батырақ қазақтар.

3. 1906-1907 жылдары қазақтардан тартып алынған жердің көлемі

A) 15 млн десятина. B) 8 млн десятина C) 4 млн десятина D) 10 млн десятина E) 17 млн десятина

4. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған Қазақтың тұңғыш инженері-депутаты.

A) А. Бірімжанұлы B) Ш. Қошығұлұлы C) Нұрекенұлы D) Ә. Бөкейханұлы E) М. Тынышпайұлы

5. 1917 жылғы I Бүкілқазақ съезі шешімдерінің бірі:

A) Жастар ұйымын құру.B) "Алаш" партиясын құру. C) "Қазақ" газетін шығару. D) "Үш жүз" партиясын құру. E) Қаз.АССР-ін құру.

6. "Алаш" партиясы қашан құрылды?

A) 1919 ж. B) 1916 ж. C) 1917 ж. D) 1913 ж. E) 1918 ж.

7.Орталығы Жымпитыда орналасқан Алаш орданың батыс бөлімшесін

басқарған кім?

а) Х.Досмұхамбетов б) А.Байтұрсынов в) Қ.Тоғысов

г) К.Ермаков д) М.Дулатов

8.Орынбор-Ташкент темір жолы қай жылдары салынды?

а) 1820-1830жж. б) 1840-1850жж. в) 1899-1905жж.

г) 1906-1915жж. д) 1910-1920жж.

9. Бірінші Дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды?

а) 1914-1918жж. б) 1905-1906жж. в) 1910-1914жж.

г) 1941-1945жж. д) 1919-1921жж.

10. В.Редус-Зенькович Қазақ АКСР-ның үкіметінде қандай қызмет атқарды?

а) халық комиссарлар кеңесінің төрағасы б) ішкі істер халық комиссары

в) сауда халық комиссары г) халық ағарту комиссары

д) сыртқы істер халық комиссары

11. Қазақстанда қай жылы халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру

енгізілді?

а) 1928ж. б) 1931ж. в) 1930ж. г) 1939ж. д) 1935ж.

12. Ірі бай шаруашылықтарын жою және тәркілеудің қажеттілігі неде болды?

а) Байлардың кедейлерді қысымшылыққа ұшыратуы

б)Тап күресінің негізгі принципі ретінде.

в)Байлардың кеңес билігіне қарсылығы .

г)Экономикадағы жағдайдың өзгеруі.

д)Аштықтың зардабын жою мақсатында.

13. Қазақ шаруаларын ұжымдастыру кезінде қарсылық көрсетудің қандай

түрлері болды?

а) Қалаға кету б) Кеңес белсенділерін өлтіру

в) Басқа елдерге кету г) Үнсіз қарсыласу д) Барлық аталғандар

14. Сталиндік қуғын-сүргін жаппай белең алған кезең:

а) 1937-1938жж б) 1939-1941жж в) 1935-1937жж

г) 1945-1947жж. д)1948-1952жж

15. Төмендегі әскери құрамалардың қайсысы Ақтөбеде жасақталды?

а) 312 атқыштар дивизиясы, 101 атқыштар бригадасы

б) 219,210 атқыштар бригадасы в) 316,306 дивизиялар

г) 412,10 кавелерия полктары д) 102,301 әуе эскадрилиясы

ІY-нұсқа

1.Алаш қозғалысы пайда болды:

А) 1905 ж в) 1906 ж с) 1907 ж д) 1916 ж е) 1917 ж

2.алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті:

А) 1916 ж сәуір-мамыр в) 1917 ж сәуір-мамыр с) 1905 ж сәуір д) 1907 ж мамыр е) 1919 ж сәуір-мамыр

3.Қазақтардың 1917 ж көктемдегі Семей облыстық съезі қандай мәселені қарады?

А) революцияны ұймдастыру в) Қазақстанның тәуелсіздігін алу с) Қазақстанның болашақ автономиясын құру д) аграрлық мәселе е) орыстармен қарым-қатынасты реттеу

4.Қазақтың Алаш саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасауды қажет деп тапқан жалпықазақ съезі болып өтті:

А) 1918 ж 19-24 шілде, Орал в) 1917 ж 20-24 наурыз, Семей с) 1918 ж 19-20 сәуір, Жетісу обл д) 1917 ж 21-26 шілде, Орынбор е) 1919 ж 21-25 шілде, Түркістан

5.Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі қай жылы болды?

А) 1917 ж қазан в) 1916 ж сәуір с) 1918 ж сәуір-мамыр д) 1917 ж мамыр е) 1919 ж қазан

6.Мұсылман әйелдері саяси және азаматық құқықтары жағынан ерлермен тең болуы тиіс деген съездің қарарына қанша молда қарсы шықты?

А) 10 в) 150 с) 95 д) 25 е) 250

7.Бүкілресейлік съезд жұмысшы мәселесі жөнінде қандай қарар қабылдады?

А) жұмыс уақытын азайтып, демалыс күндерін енгізу туралы в) жұмысшылар жалақысын өсіру туралы с) 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ана тілінде міндетті және жаппай бірдей тегін білім беруді енгізу туралы д) халыққа жоғары тегін білім беру туралы е) қоныстанушылардан жерді қайтару туралы

8.1917 ж қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы:

А) қазақ мұсылмандары партиясы в) түркістан федералистер партиясы с) мұсылман жұмысшылары депутаттарының партиясы д) түркістан мухтариаты е) иттифок-и-мусулман

9.1917 ж Әулиеата мен Меркеде қандай ұйым құрылды?

А) қазақ жастарының одағы в) жас қазақ ұйымы с) еркіндік ұйымы д) қазақ жастарының революцияшыл одағы е) белсенділер ұйымы

10.Жас қазақ ұйымы қай қалада пайда болды?

А) Орал в) Мерке с) Орынбор д) Әулиеата е) Ақмола

11.Кадеттер ұйымының Семейде шығарылып тұратын газеті қалай аталады?

А) Искра в) Свободная речь с) Қазақ д) Серке е) Алаш

12.Кадеттер партиясы кімнің мүддесін жақтады?

А) жергілікті шаруалардың в) халық бұқарасының с) біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны, қоныстандыру саясатын д) қазақ ақсүйектерінің е) ұлттық-демократтар мүддесін

13.Жер оны өңдейтіндерге берілсін, Жер-бүкіл халықтың меншігі деп ұрандаған кімдер?

А) Түркістан федералистер партиясы в) кадеттер с) жас қазақ ұйымы д) эсерлер е) ұлттфқ-демократияшыл зиялылар

14.Перовск Кеңесі кәсіподақтармен және содтаттармен бірлескен мәжілісінде бүкіл өкімет билігін кеңестерге беру керек екені туралы қарарды қашан қабылдады?

А) 1917 ж 29 тамыз в) 1917 ж 20 қыркүйек с) 1917 ж 19 тамыз д) 1918 ж 19 қыркүйек е) 1918 ж 29 тамыз

15.ІҮ Бүкілтүркістандық съездің шешімімен құрылған мемлекеттік құрылым қалай аталды?

А) Алашорда в) Түркістан Автономиясы с) Бұхар Республикасы д) Қазақ Республикасы е) Мұсылман мемлекеті

Y-нұсқа

1. Саяси қарсыластарды басу үшін қорқыту, зорлық шараларын қолданатын саясат.

A) Көтеріліс.B) Геноцид.C) Депортация.D) Террор.E) Эммиграция.

2. Ұлт-азаттық қозғалыстың революцияшыл демократияшыл зиялыларының бірі болған қайраткер:

A) Ұзақ Саурықов.B) Жәмеңке Мәмбетов.C) Нұрлан Қияшев.D) Бекболат Әшекеев.E) Тұрар Рысқұлов.

3. 1919 жылғы 4 сәуірде қабылданған шешім:

A) Алашордашыларды ақтау жөнінде.B) Алашордашылармен келісім шарт жасасу.C) Алашордашыларды өлім жазасына кесу туралы.D) Алаш Орданаң іс-әрекетін тоқтату жөніндегі.E) Алаш Орданы жою туралы.

4. 1916 жылдың қаңтарында солдат әйелдерінің толқулары қай жерлерде болды?

A) Екібастұз, Спасск кеніші.B) Верный, Семей.C) Түркістан, Жетісу.D) Торғай облысы.E) Ақмола облысы.

5. Қоғамды бір-біріне қарсы әрекет ететін күштерге бөлетін, елдің ішіндегі билік үшін болатын қарулы күрес.

A) Отан соғысы.B) Партизан соғысы.C) Локальды соғыс.D) Ішкі соғыс.E) Азамат соғысы.

6. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығына қазақтың демократиялық зиялы қайраткерлерінің ұстанған бағыты:

A) "Ешқандай жағдайға қарамай жігіттерді бермеу керек" деген ұранмен шықты.B) күту бағытын ұстады

C) патша жарлығы жағына шықтыD) көтерілісшілерге қосылдыE) ымыраға келу саясатын жүргізді

7. ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басында Қазақстанға жаңа теміржол желісін салуға кіріскенде патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?

A) Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу үшін.

B) Қазақстан мен Орта Азияны Ресейдің өнеркәсіп орталықтарымен байланысын нығайту үмітінде.

C) Аумақтың шикізатын кеңінен пайдалану үшін.D) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

E) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастардың жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету.

8. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстандағы іс-шаралары:

A) Барлық жауап дұрыс.B) Жерді тартып алу.C) Өнеркәсіп кәсіпорындарын салу.D) Ауыл шаруашылығы артельдерін ұйымдастыру.E) Теміржолдар салу.

9. "Жас қазақ" ұйымы пайда болған қала.

A) Орынбор. B) Орал.C) Ақмола.D) Мерке.E) Әулие Ата.

10. Семейде басып шығарылатын ''Свободная речь'' газетін қай партия шығарған?

A) Эсерлер B) Иттифок-и-мұсылманC) АлашD) РСДЖПE) Кадеттер

11. " Оян, қазақ!" жыр жинағының авторы:

A) А. Байтұрсынов.B) М. Жұмабаев.C) Ә. Бөкейханов.D) М. Тынышпаев.E) М. Дулатов.

12. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының барысында орнаған қос өкіметке енді:

A) Уақытша үкімет және казактар округінің әскери үкіметі.B) Кеңес үкіметі және ақсақалдар кеңесі.

C) Уақытша үкімет және Құрылтай жиналысы.D) Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі.E) Уақытша үкімет және пролетариат диктатурасы.

13. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес ''түземдік'' халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан кім сайланды?

A) А.Бірімжанұлы.B) М.Тынышпайұлы.C) М.Шоқай.D) Нүрекенұлы.

14.Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері құрылды:

А)1917 ж наурыз-сәуір в) 1917 ж мамыр с) 1917 ж тамыз-қыркүйек д) 1918 ж ақпан е) 1918 ж сәуір

15.Ақпан революциясының барысында орнаған қос үкіметке енді:

А) Уақытша үкімет пен Құрылтай жиналысы в) Уақытша үкімет және пролетариат диктатурасы с) Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі д) Уақытша үкімет және казактар округінің әскери кеңесі е) осының бәрі

 

Ситуациялық тапсырмалар

Нұсқа 1

Сызбалар, есептер, ситуациялар (оқытуда белсенді үлестірмелі материалдар мен интерактивті әдістерді қолдану: нысаны мен түрін көрсету):

Сәйкестендіру кестесі

1836-1838 жж. А С.Датұлы бастаған қозғалыс
1869-1870 жж. Ә С.Қасымұлы мен Ж.Тіленшіұлы бастаған қозғалыс
1783-1797 жж. Б И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған қозғалыс
1856-1857 жж. В К.Қасымұлы бастаған қозғалыс
1820-1830 жж. Г Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған қозғалыс
1847-1858 жж. Д Е.Көтібарұлы бастаған қозғалыс
1837-1847 жж. Е Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс
1870 ж. Ж Маңғыстаудағы көтеріліс

Нұсқа 2