Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Студенттерге арналған пән силлабусы

1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы   Пәннің коды GPPRK-2308 Кредит саны Курс, семестр 3, 5
Мамандық атауы Заңтану Мамандық шифрі 5В030100 Кафедра Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу Факультет экономика және құқық
Оқу түрі іштей Оқыту тілі мемлекеттік
Кеңес беру уақыты – сабақ кестесі бойынша  
Рейтинг кестесі (7, 15 аптасы)  
Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы Рамазанова Айнур Серикхановна, доцент, з.ғ.к.   Байланысу ақпараты (жұмыс телефоны, ұялы телефон номірі, e-mail) 8(7232) 540-149, 87772981297, e-mail – aynura_9999@mail.ru
Оқытушының қолы   Кафедра меңгерушісі Сабитова А.А.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курстың өзектілігі: Азаматтық іс жүргізу құқығы жоғарғы заң оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің ішінде ең бір маңызды оқу пәні ретінде танылады. Әдетте құқық құрылымында құқықтық нормалардың екі үлкен топтамасы бөлініп шығады. Бір топтамасын материалдық (реттеуші) құқық салаларының нормалары құрайды. Олардың қатарына, мысалы, азаматтық, отбасы, қылмыстық, әкімшілік құқықтары жатады. Құқықтың басқа топтамасын іс жүргізу (қорғаушы) құқық салаларының нормалары құрайды.

Азаматтық іс жүргізу құқығының, немесе қысқаша азаматтық процесс ғылымы құқықтық білімдердің фундаменталды салаларының қатарына жатады. Оның маңыздылығы азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде қоғамдық қатынастарды реттеудегі азаматтық іс жүргізу құқығының объективті ролімен анықталады.

«ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» курсында азаматтық процесстің әділ сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметін, іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекшелігін, соттың және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, процесс сатылары туралы мәліметтерді, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық категориялар туралы дұрыс түсінік қарастырылады.

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты: «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы» курсын оқудың мақсаты студенттердің азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, кұқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, кұқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар туралы дұрыс көзқарасты қалыптастырады.

Пәнді оқытудың міндеті – Бұл курсты оқудың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, азаматтық іс жүргізу саласындағы маңызды заң актілері мен халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық іс жүргізу құқығы қағидасын, оның нақты мазмұнын білу, азаматтық іс жүргізуге қатысушылармен соттың құқықтары мен міндеттерін оларға қойылатын тақуалдық және құқықтық талаптар туралы нақты көзқарастарды қалыптастыру. Студенттер болашақта заңгер, судья, прокурор, адвокат, нотариус ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, іс жүргізу құжаттарын (талап арызды, шешімді, үйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.

3. Пәннің пререквизиттері - курсты зерттеп және ілгері алып кету үшін Мемлекет және құқық теориясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығын, Рим жеке құқығын, ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлім), негізгі заң терминдерін білу қажет.

4. Пәннің постреквизиттері -пән бойынша алынған білімдер тәжірибеде қолданылады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

  Пән тақырыптарының атауы апта Дәрісханалық сабақтар Тапсырма түрі (сипаттамасы) Барлығы (сағ)
Дәріс (сағ.) Пр/сем./зертх./ студ саб (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) Бақылау түрі  
I тарау. Жалпы ережелер. Азаматтық іс жүргізу құқығы саласының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу қүқығының қағидалары Ауызша Кесте жасау «Конституциялық принциптер мен салалық заңдармен бекітілген принциптердің айырмашылығы», «Ұйымдастырушылық-функционалдық қағидалар және функционалдық қағидалар»
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. «Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекшелігі» атты баяндама жасау. «Тараптардың іс жургізушілік құқықтары мен міндеттері» атты кесте жасау.  
Азаматтық іс жүргізудегі үшінші түлғалар. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. «Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы» атты баяндама жасау  
Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы. Сотта өкілдік ету. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. «Соттағы өкілдіктің түрлері мен субъектілері» атты кесте жазу
Іс жүргізу мерзімдері. Сот шыгыстары. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. «Сот шығындарының құрылымы», «Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері» атты кесте жасау  
Мәжбүрлеу шаралары. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Ведомстволық бағыныстылықтың түрлері атты кестесін жасау Топтық соттылық пен аумақтық соттылықтың айырмашылығы қандай?  
Дәлелдемелер мен дәлелдеу. Ауызша Жазбаша Коллоквиум
II тарау. I сатыдағы сотта іс жүргізу. Талаптық өндіріс. Талап. Сотта азаматтық істі қозгау. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Талап арыз жобасын құрастыру Талапты қамтамасыз ету шаралары дегеніміз не?
Істі сот талқылауына дайындау. Сот талқылауы. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. «Сотта істі қарау» атты баяндама жасау  
Бірінші сатыдағы соттық актілері. Сот шешімі. Сот ұйғарымы. Хаттмалар. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім. Татуластыру рәсімдері. Ауызша Жазбаша Іскерлік ойын өткізу «ҚР Татуластыру рәсімдерінің түрлері» атты реферат жасау
Ерекше талап қою ісін жүргізу. Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы. Ерекше іс жүргізу. Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Жаңадан қабылданған азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес «Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы» және «Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы» атты кестелерін жасау
Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы. Оңайлатылған іс жүргізу. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Жаңадан қабылданған азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес «Оңайлатылған іс жүргізу» атты баяндама жасау.
III тарау. Сот актілерін қайта қарау бойынша өндіріс.Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу атты баяндама жасау.
Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау. Жоғалған сот ісін жүргізуді немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру бойынша іс жүргізу. Ауызша Жазбаша Тақырып бойынша ауызша жауап беру. Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар және олардың өкілеттігі атты кесте жасау.
Халықаралық процесс. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу. Жазбаша Тест тапсырмалары
         

6. Зерделеуге арналған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: