Емтихан сұрақтары. 1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау

1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау нысандары.

2. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

3. Құқық саласы ретіндегі азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.

4. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы.

5. Азаматтық сот ісін жүргізудің (процестің) түсінігі. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері. Азаматтық процестің сатылары.

6. Азаматтық іс жүргізу нысанының мәні, негізгі белгілері және маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы (түсінігі, пәні және жүйесі).

7. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерінің түсінігі және олардың маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерінің жүйесі.

8. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық-функционалды принциптері.

9. Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды принциптері.

10. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың мазмұны және объектісі.

11. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері және оларды топтастыру.

12. Сот – азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастарының міндетті субъектісі ретінде.

13. Іске қатысушы тұлғалар (түсінігі, белгілері және құрамы). Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

14. Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың түсінігі. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

15. Іс жүргізуге тең қатысу. Іс жүргізуге тең қатысудың мақсаттары мен негіздері. Іс жүргізуге тең қатысудың түрлері. Тең қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

16. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың шарттары, тәртібі және салдары.

17. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы (түсінігі және негіздері). Құқық мирасқорының процеске кіру (тартылу) тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

18. Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар. Олардың түрлері.

19. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.

20. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

21. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының негіздері мен нысандары.

22. Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары.

23. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

24. Сотта өкілдік етудің түсінігі және соттағы өкілдің мәртебесі. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

25. Өкілдіктің негіздері және түрлері (тапсырма бойынша өкілдік ету және заңды өкілдік ету).

26. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және олардың маңызы. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.

27. Азаматтық процестегі сот шығындарының түсінігі және құрамы.

28. Мемлекеттік баж.

29. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларының түсінігі мен қолдану негіздері.

30. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі.

31. Азаматтық істердің соттылығының түсінігі.

32. Сот дәлелдеуінің түсінігі және мақсаты. Сот дәлелдеуінің субъектілері. Сот дәлелдемелерінің түсінігі. Дәлелдеу нысанасының түсінігі.

33. Дәлелдемелерді бағалау. Дәлелдемелердің қатыстылығы және дәлелдемеге жол беру. Дәлелдемелердің растығы және жеткіліктілігі.

34. Дәлелдемелердің жіктелуі.

35. Дәлелдемелердің түрлері. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері және оларды бағалау. Куәнің айғақтары. Куәдан жауап алудың іс жүргізушілік тәртібі. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу.

36. Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелердің түрлері.

37. Заттай дәлелдемелер, олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы.

38. Сарапшының қорытындысы (түсінігі, мазмұны, зерттеу және бағалау).

39. Талап бойынша іс жүргізудің түсінігі және мәні. Талап қою бойынша іс жүргізу ережелерінің маңызы.

40. Талаптың түсінігі. Талаптың элементтері. Талаптың түрлері. Талаптың (талаптардың) ұқсастығы.

41. Талап қою құқығы. Талаптарды біріктіру және ажырату. Талапты өзгерту. Талаптан бас тарту. Талапты тану.

42. Татуластыру рәсімдері.

43. Талапты қамтамасыз ету.

44. Талап қою. Талап арыз және оның реквизиттері.

45. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арыздағы кемшіліктерді түзету тәртібі.

46. Талап арызды қабылдаудан бас тарту. Талап арызды қайтару. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.

47. Істі сотта қарауға әзірлеу: түсінігі, мақсаты, міндеттері және мерзімдері. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен жасайтын іс жүргізушілік әрекеттері.

48. Істі сотта іс қарауға тағайындау. Соттың хабарлаулары мен шақырулары.

49. Сотта іс қараудың маңызы.

50. Сотта іс қараудың бөліктері.

51. Істі қарауды кейінге қалдыру (түсінігі және негіздері). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру (түсінігі және негіздері).

52. Сот шешімін шығармай істі аяқтау: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру.

53. Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны және маңызы.

54. Бірінші сатыдағы соттың актілерінің түсінігі және олардың түрлері (шешім, ұйғарым, сот бұйрығы).

55. Сот шешімінің мәні және маңызы. Шешімнің түрлері, құрылымы және мазмұны.

56. Шешімді дереу орындау (түрлері және негіздері). Шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімнің орындалу тәсілін және тәртібін өзгерту.

57. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы. Оның түрлері (мазмұны, нысаны, шығарылу тәртібі бойынша). Жеке ұйғарымдар. Олардың мазмұны және маңызы.

58. Сырттай іс жүргізудің түсінігі, мәні және негіздері. Талап қою бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау.

59. Сырттай шешім (түсінігі, мазмұны және сырттай шешімнің заңды күшіне енуі).

60. Сырттай шешімге шағым жасау. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны.

61. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі және мәні.

62. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы істер бойынша іс жүргізу.

63. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

64. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу.

65. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу.

66. Ерекше іс жүргізудің түсінігі және мәні. Ерекше іс жүргізілетін істерді қарау тәртібі.

67. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау.

68. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау.

69. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану.

70. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істерді қарау.

71. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.

72. Жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану.

73. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу.

74. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау.

75. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар.

76. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру (шақыртылып іс жүргізу).

77. Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы.

78. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.

79. Сот бұйрығын шығару туралы арыз (нысаны мен мазмұны, берілу тәртібі, сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері, арыздағы кемшіліктерді жою).

80. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі. Сот бұйрығының мазмұны.

81. Сот бұйрығының күшін жою. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру.

82. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні және маңызы.

83. Апелляциялық шағымды (наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның (наразылықтың) мазмұны. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару.

84. Апелляциялық қараудың нысанасы. Апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істерді қарудың іс жүргізушілік тәртібі.

85. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың, не өзгертудің негіздемелері.

86. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы. Апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымдары.

87. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарына шағым беру (наразылық келтіру).

88. Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы.

89. 3аңды күшіне сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау – азаматтық іс жүргізудің бір сатысы.

90. Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері.

91. Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға арыз беруге құқығы бар тұлғалар.

92. Сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

93. Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қараудың іс жүргізушілік тәртібі. Істі қайта қарау туралы сот ұйғарымы.

94. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз беруге құқығы бар тұлғалар.

95. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қараудың іс жүргізушілік тәртібі.

96. Жойылған істі қалпына келтіру туралы арыз бойынша сот қаулыларына шағым жасау тәртібі.

97. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың іс жүргізу құқықтары және міндеттері.

98. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі. Шетелдік халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі.

99. Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет. Сот тапсырмалары. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау.

100. Сот актілерінің және өзге органдар актілерінің орындалуы – азаматтық процестің соңғы сатысы. Мәжбүрлеп орындатудың маңызы.

101. Атқарушылық іс жүргізу органдары. Атқарушылық іс жүргізудегі соттың ролі. Атқарушылық іс жүргізудегі прокуратура органының қадағалауды жүзеге асыруы.

102. Атқарушылық іс жүргізудегі тараптар мен басқа да қатысушы тұлғалар, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Атқарушылық іс жүргізуде өндіріп алушының, борышкердің және басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау.

103. Атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері. Атқарушылық әрекеттерді орындау мерзімдері мен олардың жасалу уақыты, жері. Атқарушылық әрекеттерді тоқтата тұру және тоқтату тәртібі. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару.

104. Борышкердің ақша сомаларынан және өзге мүлiкiненөндiрiп алу тәртiбi.

105. Атқару санкциясы. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару.

106. Сот орындаушысы мен сот приставының құқықтық мәртебесі.