Интерннің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері

Балл ИӨЖ бағалау
100 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге белсенді қатысады, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты толық және сапалы дайындайды. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін еркін талдайды. Студент тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды, талдайды және дәлелді қорытынды жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін толық түсінумен тиімді емдеу жоспарын құруға қабілетті, болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті өте жоғары. Клиникалық ойлау қабілеті өте жоғары. Өз көзқарасын қорғай алады және әдеттегі емдеу әдісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда басқа тиімді емдеу әдісін ұсынуға қабілетті. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды уақытында дайындайды, оған медициналық қазіргі заманғы әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты қатаң сақтайды.
90 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге үнемі қатысады, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты шамалы ғана түзетулермен толық дайындайды. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін еркін талдайды. Студент тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды, талдайды және дәлелді қорытынды жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін толық түсінумен тиімді емдеу жоспарын құруға қабілетті, болжамын шамалы түзетумен анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті жоғары. Өз көзқарасын қорғай алады және әдеттегі емдеу әдісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда басқа тиімді емдеу әдісін ұсынуға қабілетті. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды уақытында дайындайды, оған медициналық қазіргі заманғы әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтайды.
85 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге үнемі қатысады, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты шамалы ғана түзетулермен дайындайды. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түзетулермен талдайды. Студент тәжірибелік дағдыларды дұрыс, бірақ сенімсіз орындайды, талдайды және дәлелді қорытынды жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін толық түсінумен тиімді емдеу жоспарын құруға қабілетті, болжамын түзетумен анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті бар. Өз көзқарасын қорғай алады және әдеттегі емдеу әдісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда басқа тиімді емдеу әдісін ұсынуға қабілетті. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды уақытында дайындайды, оған медициналық қазіргі заманғы әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтайды.
80 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге үнемі қатысады, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты түзетулермен дайындайды. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түзетулермен талдайды. Студент тәжірибелік дағдыларды дұрыс, бірақ сенімсіз орындайды, талдайды және дәлелді қорытынды жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсінумен тиімді емдеу жоспарын құруға қабілетті, болжамын түзетумен анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті бар. Өз көзқарасын қорғауда сенімсіздік көрсетті және әдеттегі емдеу әдісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда басқа тиімді емдеу әдісін оқытушының көмегімен ұсынады. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды дайындайды, оған медициналық әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтауға тырысады.
Балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге үнемі қатысады, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты түзетулермен дайындайды. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түзетулермен талдайды. Студент тәжірибелік дағдыларды ескертулермен, сенімсіз орындайды, талдайды және қорытынды жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсінумен тиімді емдеу жоспарын құруға қабілетті, болжамын түзетумен анықтады. Клиникалық ойлау қабілетін дамытуда. Өз көзқарасын қорғауда сенімсіздік көрсетеді және әдеттегі емдеу әдісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда басқа тиімді емдеу әдісін оқытушының көмегімен ұсынады. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды дайындайды, оған медициналық әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтауға тырысады.
70 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге қатысады, бірақ үнемі емес, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды, бірақ толық көлемде емес. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты өздігінен дайындауға тырысады. Емдеуші дәрігердің көмегін қажет етеді. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауда қиналады. Студент тәжірибелік дағдыларды ескертулермен, сенімсіз орындайды. Науқасты емдеу жоспарын құруда қиналады. Клиникалық ойлау қабілетін дамытуда. Өз көзқарасын қорғауда сенімсіздік көрсетеді. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды уақытымен дайындамайды, оған медициналық ескірген әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтауға тырысады.
60 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетуге қатысады, бірақ үнемі емес, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындайды, бірақ толық көлемде емес. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты өздігінен дайындауға тырысады. Емдеуші дәрігердің көмегін қажет етеді. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне талдау жасамайды. Студент тәжірибелік дағдыларды көп ескертулермен орындайды. Науқасты емдеу жоспарын құруда қиналады. Клиникалық ойлау қабілеті дамымаған. Өз көзқарасын қорғай алмайды. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды кешіктіріп, сапасыз дайындайды, оған медициналық ескірген әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтауға тырыспайды.
50 балл Студент бөлімшеде жұмыс істеу барысында науқастарды курациялауға, ауруханаішілік және патологоанатомиялық конференцияларға, консилиумдарға, қабылдау бөлімшелерінде және қарқынды емдеу палаталарында жедел көмек көрсетге қатысудан қашада, ауруханада кезекшілік атқару бойынша жүктемені кестеге сәйкес орындамайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты дайындауға тырысады. Емдеуші дәрігердің толық көмегін қажет етеді. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне талдау жасамайды. Студент тәжірибелік дағдыларды орындауға қиналады, көп ескертулермен орындайды. Науқасты емдеу жоспарын құра алмайды. Клиникалық ойлау қабілеті дамымаған. Өз көзқарасын қорғай алмайды. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды кешіктіріп, сапасыз дайындайды, оған медициналық ескірген әдебиетті пайдаланады. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтыруда қажетті стандартты сақтауға тырыспайды.
0 балл Студент бөлімшедегі жұмыстан толық бас тартады, ауруханада кезекшілік атқармайды. Студент клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің, бөлімше меңгерушісінің қарауына науқасты дайындамайды. Емдеуші дәрігердің көмегін қажет етеді. Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне талдау жасамайды. Студент тәжірибелік дағдыларды меңгермеген. Науқасты емдеу жоспарын құра алмайды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз көзқарасы жоқ. Студент конференцияларға және ИӨЖ тақырыптарын талдауға презентацияларды, тақырыптық баяндамаларды дайындамайды. Медициналық құжаттарды (оның ішінде медициналық электрондық статистикалық жүйені) толтырмайды.