Здік жұмыстары үшін тесттік тапсырмалар

1. "Введение в социальную педагогику" кітабының авторы кім

A) В.Г.Бочарова

B) У.Джеймс

C) А.В.Мудрик

D) И.С.Кон

E) Я.А.Каменский

2. Отбасы ұғымы, мүшесі,

әрекеттенуші, азамат - бұл

А) әлеуметтік статус

В) әлеуметтік роль

С) әлеуметтік адаптация

D) социум

Е) әлеуметтендіру

3. Қарым-қатынастың мазмұны мен стилі, күнделікті дағдыны

қалыптастыру, отбасындағы мадақтау және жазалау әдісінің қолданылуы, тәрбиелеу ұйымдары бұл

А) әлеуметтендіру факторы

В) әлеуметтендіру құралы

С) әлеуметтендіру механизмі

D) әлеуметтендіру агенті

Е) әлеуметтендіру объектісі

4. Баланың ақыл-ойының жетіспеушілігі, оның нормадан тыс ауытқуы,

психикасының ақаулығын көрсететін –бұл

А) педагогикалық ауытқушылық

В) психологиялық ауытқушылық

С) әлеуметтік ауытқушылық

D) әлеуметтендіру процеснің механизмі

Е) физикалық жетіспеушілік

5. Әлеуметтік тәрбиелеу, әлеуметтік оқыту, әлеуметтік педагогикалық іс

әрекет бұл

А) әлеуметтік педагогика принципі

В) әлеуметтендіру процесі

С) әлеуметтік педагогика категориясы

D) әлемуеттендіру процеснің механизмі

Е) әлеуметтендіру агенті

6. Кәсіби қызметте әлеуметтендіру процесінде балаға көмек көрсету,

қоғамдық ортада орнықтыруға бағдар беруге, жадай жасайтын кәсіби мамандар

А) әлеуметтік тәрбие

В) әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет

С) әлеуметтік оқыту

D) әлеуметтік жұмыс

Е) педагогикалық іс-әрекет

7. Тәрбиелеу процесінде, қоғамның және халықтың рухани мәдениеті

негізінде тәрбиелеу-бұл

А) гуманистік принцип

В) мәдени-білім беру принцпі

С) табиғи білім беру принципі

D) қайырымдылық

Е) индивидуалдық

8. Әлеуметтендіру процесін педагогикалық процесті жетілдіруде ғылыми

тәжірибенің нақты шартты қарастырылады

А) шкалалау әдісі

В) тестілеу әдісі

С) статистикалық әдістің зерттелуі

D) педагогикалық эксперимент

Е) бақылау

9. Әлеуметтендіру процесін ғылыми тұрғыдан қарағанда, адам

позициясының зерттелуі пассивті болады бұл

А) субъекті-субъективті

В) субъекті-объективті

С) дифференциалды

D) индивидуалды

Е) дәстүрлі

10. Кейбір зерттеушіллер адамды тек әлеуметтендіру объектісі ретінде ғана

қарастырады

А) Ч. Кули

В) У.Томас

С) Т. Парсонс

D) Д.Мид

Е) А. Мудрик

11. Әлеуметтік жетімдік себептерінің біріне жататындар

А) урбанизация процесі

В) жалғыздық

С) маргиналдық

D) ата-аналық құқығынан айырылғандар

Е) депрессия

12. “Әлеуметтік-мәдени орта” түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз

А) білім беру жүйесіндегі өз-ара әрекеттесу сферасы

В) нақтылы, әлеуметтік кеңістікте балаға берілетін бағыттардың қоғамдық мәдени орындармен байланысуы

С) әлеуметтік кеңістіктегі адамды қоршаған орта

D) даму процесі, қоғамдық ортадағы нақтылы жағдайда жеке адамның қалыптасуы

Е) білім жүйесі, іскерлігі, дағдысы

13. Адамды зерттеудегі әлеуметтік тәрбие мәселесі

А) философия

В) әлеуметтік педагогика

С) психология

D) социология

Е) политология

14. Герогогика

A) ересектер педагогикасы

B) қарттар педагогикасы

C) пенитенцарлық педагогика

D) салыстырмалы педагогика

E) жас өспірімдер педагогикасы

15. Көрсетілген категориялардың қайсысы әлеуметтік педагогиканың

меншікті категориясы болып табылмайды

А) әлеуметтік педагогикалық іс әрекеті

В) әлеуметтік оқыту

С) әлеуметтік тәрбие

D) әлеуметтендіру

Е) әлеуметтік педагог

16. Қай фактор әлеуметтендірудің мезофакторларына жатпайды

А) аймақтық

В) жалпы халық аралық информациялық құрал

С) субкультура

D) құрыптастар тобы

Е) тұрғындар типі

17. Тұрғындар типі, жалпы коммуникациялық құрал, субкультура-бұл

А) әлеуметтендірудің мегафакторы

В) әлеуметтендірудің мезофакторы

С) әлеуметтендірудің макрофакторы

D) әлеуметтендірудің микрофакторы

Е) әлеуметтендірудің агенті

18. Қандай фактор әлеуметтендірудің микрофакторына жатпайды

А) микросоуиум

В) тәрбиелеу ұйымы

С) көршілік

D) қала

Е) құрыптастар тобы

19. Адам организіміндегі сапалық және сандық процесінің өзгеруі, ішкі қасиеттерінің дамуы, қабілеті -бұл

А) тәрбие

В) әлеуметтік педагогика

С) әлеуметтік орта

D) даму

Е) ағартушылық

20. Әлеуметтендіру процесінің объектісі мен субъектісін қарастырған

авторлар

А) Э.Дюркгейм, Т. Парсонс

В) Ч. Кули, Д. Мид

С) А. Мудрик и В. Семенов

D) Н. Смелзер

Е) Г. Боймер

 

Дұрыс жауаптардың кілті:

 

Сұрақ нөмірі Дұрыс жауап (A,B,C,D,E) Сұрақ нөмірі Дұрыс жауап (A,B,C,D,E)
С D
B B
В B
В A
C D
B D
B В
D C
B A
C A

 

 

Глоссарий

Адам – жердегі материалдық және рухани дамудың тарихи үрдістің субъектісі, өмірдің басқа формасы мен генетикалық байланыстағы сөйлеу тіліне, ойға, санаға, өзіндік санаға, адамгершілік – этикалық сапаларға ие биоәлеуметтік тірі жан.Азамат – кәмелетке жеткен ер адам.

Азаматтық – (человечность, гражданство) - жеке тұлғаның кемелденгендегі адамгершілік іс - әрекеті. Ел үшін кісілік көрсетіп, боырш, міндет, парызын орындау нағыз азаматтық көрсетуі.

- адамның адамға қоғамға қарым – қатынасы барысында көрінетін жақсы қасиет.

- белігі бір мемлекеттің адамы.

Әлеуметтену– индивиттің қарым – қатынасы және іс - әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибесін игеруінің нәтижесі.

Білім беру – жас ұрпаққа жүйелі білім негіздері, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет-дағдыларын қалыптастыру. Білім беру оқыту арқылы іске асады. Білім – оқытудың нәтижесі.

Жеке бас –адамның табиғи жалғыз тірі жан иесі, «Homo sapiens» түрінің өкілі екенін білдіреді. Сондай – ақ шынайы өмірдің өзіндік ерекшеліктері мен нақты адамның әрекеттері бұл ұғым мәніне кірмейді.

Қоғамдық көзқарас – қоғамдағы моральдық, саяси идеологиялық, экономикалық қарым – қатынастан туындаған қауымдық көзқарас.

Құқықтық тәрбие – (правовое воспитание) оқушыларға еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңды күші бар нормалар туралы мәілметтер беру. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпыадамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді

Оқыту – белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде балалрға қарапайым білім беру, икемділігі мен жағымды әдет-дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Оқыту процесі мұғалім мен шәкірттің үйлесімді іс-әрекетін қамтиды. Оқытудың негізгі формасы – сабақ.

Отбасы – үйелмендердің жанұялық бірлігі, адамды тәрбиелейтін бесік. Бұл жерде бала ең бірінші адамгершілік, эстетикалық, саяси және философиялық әлемді меңгерудің қадамдарын бастайды. Отбасы - еңбек мектебі, ұрпақтар мектебі. Баланың өз отбасында тәрбиеленуі - бұл жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны, адамзатты қалай тәрбиелеу керек, ол үшін қандай мақсаттарды көздейміз, осыларды анықтап алмай, тәрбие процесін жүргізуге болмайды. Отбасында бала түрлі заттарды және рухани байлықты дұрыс пайдалануды үйренеді. Бұл қазіргі кезде біздің қоғамымыздағы өзекті проблема. Кез - келген отбасында ата - ана баласымен қарым - қатынасты белгілі принциптерге сай жүргізгені жөн.

Отбасы құқығы -бұл отбасы - некелік құқықтық нормалардың негізінде және отбасылық қажеттілік пен некеден құралатын, сонымен қатар жеке және мүліктік қатынастарды реттей отырып басқарылатын нормалардың, құқықтың бір саласы.

Отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиесінің негізі болып табылады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе болып табылады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» десе, мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашығындай қорғап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған. Отбасы тәрбиесіне ата мен баланың денсаулығы, материалдық-экономикалық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны, тұратын жері, бәрі-бәрі өз әсерін тигізеді.

Тәрбие – жеке тұлғалық адами бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.

Тәрбиелеу– алға белгілі бір мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Тәрбие – балаға екі жақты әсер ететін процесс:

1) адамгершілік нормаларын меңгерту;

2) тәртіп пен мінез-құлықтың тәжірибесін жинақтау.

Тәртіп- адамдардың қоғамдағы келісімді іс-қимылын реттейтін тетік, әдептің бір түрі, ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде күнделікті тұрмыспен ру хани тіршілікте емлекеттік істе өте маңызды.

Тұлға – бір жағынан өмірлік әрекет субъекті ретінде, оның жеке қсеиттерімен оның әлеуметтік рөлімен бірліктегі нақты жеке басты білдіреді.

Ұжым – қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдаструдың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдай болуы қажет. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Ұжым мәселесімен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Т.С. Сабыров т.б. зерттерді.