Метрологиялық қызмет

 

Мемлекеттік метрологиялық қызмет өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асырылады. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлі кәсіпорындар мен үйымдардың, мекемелердің ғылыми және практикалық жүмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік-қүқықгық негізі болып табылады.

Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік-техникалық қүжаты - мемлекеттік стандарт.

Мемлекеттік стандарттардың негізінде халық шаруашылығының түрлі салаларында және өлшемнің түрлері мен әдістерінде қолданылатын стандарттарға қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік-техникалық қүжаттар жасалынады.

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің қүрамьшда стандарттық үлгі қызметі (МСҮҚ) және Мемлекеттік стандарттық анықтама қызметі (МСАҚ) жүмыс істейді.

МСҮҚ-тың мақсаты заттар мен материалдырдың химиялық қүрамын, физикалық, физика-химиялық және басқа да қасиеттерін анықтаудың бірдейлігін қамтамасыз зту. Өлшем қүралдары мен өлшем әдістерінің дәлдігін тексеру үшін және өнеркәсіп өнімдерінің сапасын тікелей стандартпен салыстыру арқылы бақылау үшін әртүрлі стандартты үлгілер қолданылады. Стандартты үлгілер шикізаттың химиялық қүрамы мен қасиеті жағынан сапалылығын тексеруде де кең қолданылады, сондықтан стандартты үлгілер қасиет үлгілері және қүрам үлгілері болып екіге бөлінеді.

Қазақстанда түңғыш метрологиялық тексер}' мекемесі 1923ж. Семей қаласында Омбыдағы тексеру палатасының бөлімшесі ретінде қүрылды. 1925 жылдан бастап ол Семей губерниясы мен Жетісу облысын қамтитын палатаға айналды.

Қазіргі кезде Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларында арнайы метрологиялық орталықтар жүмысістейді. Олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты деп аталынады.

Қазақстан республикасының "Өлшемдер бірегейлігі" туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау комитеті және оның аймақтық органдары мемлекеттік тексеруді жүзеге асыратын бірден-бір мекеме болып табылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтарының метрологтары өлшем қүралдарын, геометриялық размерлерді, заттардың жылу және электр өткізгіштігін, тағы басқа да физика-химияшқ қасиеттерін тексерумен, түрлі техникалық, түрмыстық күрделі және қарапайым аспаптарды тексеруден өткізумен шүғылданады.

 

МСАҚ-тың мақсаты

 

МСАҚ-тың мақсаты заттар мен материалдардың физикалық түрақтыларын, түрлі қасиеттерін сипаттайтын мәліметтерді жинау, өңдеу,бағалау,аттестациялау және осы мәліметтерді түтынушылар үшін анықтамалық - ақпараттық қызмет көрсету болып табылады. Бүл туралы "Заттар мен материалдардың физикалық түрақтыларын, қасиеттсрін сипаттайтын стандарттық анықтамалық мәліметтер туралы мемлекеттік қызмет" деп аталатын ГОСТ-да кеңінен айтылған (ГОСТ 8.310-78).

МСАҚ-тың ең басты міндеті ғылым және өнеркәсіп қызметкерлеріне заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді тез және толық жеткізу болып табылады. Түтынушыларға қызмет етудің әртүрлі жолдары қолданылады, мысалы, анықтамалық қызметтер кестесі, шолулар, библиографиялық көрсеткіштер, мерзімді және мерзімсіз басылымдар шығару т.с.с.

Тағы бір айта кететін маңызды мәселе - өндіріс өнімдерін, қызмет түрлерін сертификаттау. Қазақстанда бүл жүмыс 1993ж. "Сертификаттау және стандарттау" туралы заң қабылданысымен қолға алынды. Қызмет түрлерін сертификаттау - жаңа бағыт. Халыққа қызмет көрсету мекемелерінің мамандарын іріктеуді, тіркеуді, олардың кәсіптік деңгейін анықтауды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру орындарын, мейманханаларды, емдеумекемелерін, автокөлік құралдарын техникалық күтшнен өткізу мен жөндеу мекемелерінің жұмыстарын т,с.с. сертификаттау жолында метрологиялық қызметтің маңызы өте зор.

Бақылау сұрақтар:

1 Метрологиялық қызметтер туралы мәлімет

2 МСАҚ-тың мақсаты

 

Әдебиет

1 Теличенко В.И. Технология строительных процессов. Часть II.-М.: 2

2 Аскаров Е.С Стандартизация, метрология и сертификация. - Алматы, 2011.