Лшем құралдарын метрологиялық аттестаттау

Мемлекеттік сынақтан өткізілмейтін өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өтеді. Олар: өлшем қүралдарының жалғыз даналары, өте сирек түрлері, сериялы өндіріске арналмаған түрлері, шетелден сатып алынған бірнеше данасы. Мұндай қүралдар, олрдың техникалық және метрологиялық сипаттамалары стандарттауға жатпайды. Сондықтан мүндай өлшем қүралдарын стандартталмаған деп атайды. Оларды әсіресе ғылыми-зерттеу институттарында көптеп жасап қолданылады. Өлшемнің бірегейлігі мен сенімділігі осы қүралдарға байланысты болған жағдайда оларды сөзсіз аттестаттау қажет

Метрологиялық аттестаттау деп өлшем құралдарын олардың метрологиялық қасиеттерін анықтау мақсатымен метрологиялық, органдардың зерттеуін, зерттеуден алынган мәліметтер негізінде тиісті құжаттардың дайындалуын айтады.Стандартталмаған өлшем қүралдарын аттестаттау барысында олардың техникалық тапсырмаларға, техникалық шарттарға жәнеӨБМЖ стандарттарының талаптарының сәйкестігі және тиісті мақсаттарға қолдануға жарамдылығы тексеріледі.

Метрологиялық аттестаттау мемлекеттік және ведомстволық болып бөлінеді. Мемлекеттік аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары, ал ведомстволық аттестаттауды министрлік метрологиялық қызмет жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық аттестаттаудан мемлекеттік тексеріске жататын өлшем құралдары өтеді.

Ведомстволық метрологиялық аттестаттауға ғылыми-зерттеу, эксперименталдық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған және өнімнің сапасын бақылауға, технологиялық процестерді басқаруға қолданылатын, ведомстволық метрологиялық қызметтерде үлгі ретінде пайдаланылатын өлшем құралдары жатады.

Өлшем қүралдарын аттестаттаудың мынадай техникалық қүжаттары дайындалады:

- метрологиялық сараптаудан өткен техникалық тапсырмалар;

- техникалық баяндаулар және нұсқаулар;

метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы және тексеру әдістері мен қүралдары туралы нормативті-техникалық қүжаттардың жобасы.

Шетелден алынатын өлшем қүралдары үшін:

- өлшем қүралдарының метрологиялық сипаттамалары мен түтыну жағдайларына қойылатын талаптар белгіленген қүжаттар;

- тұтыну туралы техникалық баяндаулар мен нүсқаулар;

- метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы және тексеру әдістері мен қүралдары туралы нормативтік техникалық қүжаттардың жобасы.

Аттестаттаудың өткен стандартталмаған өлшем қүралдарына тиісті куәлік беріледі.

Өлшем құралдарын тексеріс. Өлшем щралдарын тепксеріс (дәлдігін тексеру) деп метрологиялық органдардың өлшем ңуралдарының ңатесіек аньщтап , олардың қолданысңа жарамдылыгын аньщтауын айтады. Дәлдігі тексерілмеген өлшем құралдарын қолдануға тиым салынады.

Мемлекеттік тексеріске мыналар жатады:

- мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарында қолданылатын өлшем құралдары;

- кәсіпорынның үлгі өлшем құралдары;

- өндірісте жасалынатын үлгі өлшем құралы;

материалдық байлықты, отын және энергияны, сауда жұмыстарындағы есептеулерді, қоршаған ортаны қорғауды, еңбек қауіпсіздігін сақтауды анықтау үшін қолданылатын өлшем қүралдары;

- ұлттық және халықаралық спорт рекордтарының өлшемдері үшін қолданылатын өлшем құралдары.

Өлшем құралдарының бұлардан басқалары ведомстволық тексеріске жатады. Кейбір жағдайларда ғана, Мемлекеттік стандарттың келісімі бойынша, мемлекеттік тексеріске жататын өлшем қүралдары ведомстволық тексерістен өтеді.

Мемлекеттік және ведомстволық тексеріс жүргізуге қүқықтылар мемлекеттік стандарттың оқу орнында арнайы дайындықтан өтіп емтихан тапсырған адамдар , олар метрологиялық қызмет органдарының қызметкерлері және кәсіпорынның, үйымдардың мекемелердің қызметкерлері болуы мүмкін.

Өлшем қүралдарының дәлдігін тексерудің тәртібі арнайы нормативтік-техникалық қүжаттарда белгіленген, олар: тексеріс әдістері мен қүралдарының стандарттары, тексеріске арналған нүсқаулар, әдістемелер. Нормативтік қүжаттардағы талаптар бойынша, қолданылатын өлгаем қүралдарының аттары және сипаттамалары көрсетілген протокол жасалынады. Протоколда көрсетілген материалдар тексеріс барысында талданады. Талдау кезінде тексерілген өлшем қүралдарының қолданысқа жарамдылығы не жарамсыздығы туралы қорытындылар жасалынады. Қорытынды жазылған протокол негізгі заңды қүжат болып есептелінеді. Мемлекеттік тексерістен өткен өлшем қүралдарына куәлік, ал ведомстводан өткендерге аттестатберіледі. Тексерістен өткен өлшем құралдарына немесе олардың құжаттарына (нормативтік-техникалық қүжаттар, куәліктер, аттестаттар) тексерістің нәтижелерін растайтын белгі (клеймо) қойылады.

Метрологиялық жүмыстардың жоғарыда келтірілген түрлерімен қоса, мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарының қызметкерлері еліміздің эталон жүйесін дамыту жолында пайдаланылатын физикалық, физика-химиялық т.б. қүбылыстар мен процестердің жаңа түрлерін зерттейді; қолда бар эталондарды жан-жақты зерттеп жетілдіру, оларды өзара және халықаралық эталондармен салыстыру, физикалық шама бірліктерін қолданудың диапазоны мен дәлдігін арттыру бағыттарындағы метрологиялық жүмыстармен үнемі айналысып отырады. Физикалық шаманың бірліктерін қолдануды орталықтандыру және орталықтандырмау мәселелеріне, тексерістің жаңа әдістері мен қүралдарын, комплексті (кешенді) лабораторияларын жасауға, өлшем қүралдарыпың метрологиялық сенімділігін арттыру, метрология практикасына автоматтандырылған жүйелерді және микропроцессорлықтехниканы енгізуге көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік және ведомстволық метрологиялық қызмет органдарының қызметкерлері түрлі нормативтік-техникалық қүжаттарды зерттеп дайындайды. Осындай шаралардың арқасында халық шаруашылығының барлық салаларын метрологиялық қамтамасыз ету процесі ылғи да дамып отырады.

 

Бақылау сұрақтар:

1 Өлшем қүралдарын мемлекеттік сынақтан өткізудің мақсаттары қандай?

2 Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауы қалай өтеді?

 

 

Әдебиет

1 Теличенко В.И. Технология строительных процессов. Часть II.-М.: 2

2 Аскаров Е.С Стандартизация, метрология и сертификация. - Алматы, 2011.