Лабораториялық жұмыс. Жұмыстың мақсаты: Коллоидты ерітінділерді алудыңжәне тазартуәдістемелерін меңгеру; коллоидты

«КОЛЛОИДТЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ»

Жұмыстың мақсаты: Коллоидты ерітінділерді алудыңжәне тазартуәдістемелерін меңгеру; коллоидты бөлшектердің зарядын және коагуляция табалдырығын анықтауды үйрену

1-ші тәжірибе.«Гидролиз реакциясымен темір(ІІІ) гидроксиді золін алу»

FeCl3+3Н2О→Fe(ОН)3+3НCl

Fe(ОН)3+3НCl→FeОCl+2Н2О

FeОCl-стабилизатор

FeОCl→ FeО++Cl-

Жұмыстың орындалу тәртібі:Сынауықтың жартысына дейін дистилденген су құяды және қайнағанша қыздырады. Осы қайнап тұрған суға 2-3 тамшы 2 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады және қызыл-қоңыр бояу пайда болғанша қайта қыздырады. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізеді.

Қорытынды: Алынған темір(ІІІ) гидроксиді золі мицелласының формуласын жазыңыз және оны алу әдісін көрсетіңіз.

 

2-ші тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»

AgNO3+K2CO3→AgOK+KNO3+CО2

6AgOK+C76H52O46+3Н2О→6Ag+C76H52O49+6KOH

таннин флобафен

AgOK-стабилизатор

AgOK → AgО-+K+

Жұмыстың орындалу тәртібі:Сынауықтың жартысына дейін дистилденген су құяды, 1 мл 0,01М күміс нитраты мен 3-4 тамшы 0,1 % таннин ерітіндісін қосады. Содан кейін араластыра отырып қызылдау-қоңыр бояу алынғанша 1 % калий карбонатын қосады. Таннин мөлшері аз болғанда күміс золі қызыл сары-сары түске боялады. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізеді.

Қорытынды: Алынған күміс золі мицелласының формуласын жазыңыз және оны алу әдісін көрсетіңіз.

3-ші тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»

4FeCl3+3K4[Fe(CN)6]→Fe4[Fe(CN)6]3↓+12KCl

Жұмыстың орындалу тәртібі:Екі сынауық алады. Бірінші сынауыққа 5 мл 0,05 % калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы 1 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады. Қою көк түске боялған золь түзіледі.

Екінші сынауыққа 5 мл темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін қосады. Жасыл түске боялған золь түзіледі. Тиндаль конусын байқау арқылы екі сынауықта да коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.

Қорытынды: Алынған көк және жасыл түсті берлин көгі золі мицеллаларының формуласын жазыңыз, стабилизаторды көрсетіңіз және олардың алыну әдістерін атаңыз.

4-ші тәжірибе.«Канифоль золін алу»

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Сынауыққа 5 мл дистилденген су құяды және 2 тамшы 2 % канифольдің спирттегі ерітіндісін қосады, сілкиді. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.

Қорытынды: Әдістің маңызын сипаттаңыз.

5-ші тәжірибе.«Темір(ІІІ) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»

FeCl3 +3 NH4OH ® Fe (OH)3¯+3 NH4CI .

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Сынауыққа 5 мл 2 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, аздаған бөліктермен тұнба түзілгенше 10 % аммоний гидроксиді ерітіндісін қосады. Алынған тұнбаны артық электролиттер толық жойылғанша, дистилденген сумен декантациялап жуады. Жуылған тұнбаға 15 мл дистилденген су қосады, араластырады және үш сынауыққа бірдей етіп бөледі. Бірінші сынауыққа пептизатор болып табылатын - 2 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады, екіншісіне - 2 мл 0,1М хлорсутек қышқылын қосады, ол Fe(ОН)3 әрекеттесіп, стабилизатор FeОCl түзеді, ал үшіншісіне – 2 мл дистилденген су қосады (бақылау тәжірибесі).

Ерітінділерді араластырады және 10 мин қалдырады. Белгіленген уақыт өткеннен кейін, байқалған өзгерістерді кестеге жазады.

 

Сынауық ішінде, мл Қосылған электролит Пептизация түрі Мицелла формуласы
FeCl3    
НCl    
Н2О (бақылау)    

Қорытынды: Түзілген зольдер мицеллаларының формуласын жазыңыз; пептизация типін көрсетіңіз, пептизация әдісінің маңызын сипаттаңыз.

6-ші тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ІІІ) гидроксиді золін тазалау»

Мақсаты: Диализ әдісін меңгеру.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Жартылай өткізгіш мембрана ретінде коллолийлі қапшыққа 3 мл жаңа дайындалған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды және оны дистилденген суы бар стаканға салып қояды. 15 мин өткен соң стакандағы судан сынама алады және онда хлорид-иондарының бар екенін бірнеше тамшы күміс нитраты ерітіндісін тамызу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін екінші сынауыққа дистилденген судан алып, оған 1-2 тамшы АgNО3 ерітіндісін тамызады.

Қорытынды: Диализ әдісінің маңызын түсіндіріңіз.

7-ші тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Жарықтандырғыш қондырғы – ішкі жағы қара түске боялған және қабырғасында диаметрі шамамен 1 см болатын тесігі бар камера. Камераға күшті жарықтың көзі орналастырылған (қуаттылығы жоғары электрлік лампа). Коллоидты ерітіндісі бар кюветаны сәуле шоғырының жолына қояды. Дәл осындай тәжірибені шын ерітіндімен қайталайды.

Қорытынды: Көрген құбылыстарды сипаттаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

8-ші тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»

Мақсаты: боялған зольдердіңі заряд таңбасын анықтау.

Әдістің маңызы:Сүзгі қағазы капиллярының қабырғалары суда сутек ионын бөліп шығарып, теріс зарядталады.

Оң зарядталған коллоидты бөлшектер капилляр қабырғаларында адсорбцияланады, ал су олар арқылы оңай өтіп кетеді. Нәтижесінде сүзгі қағазында үлкенірек түссіз су аумағы бар кішірек боялған дақ пайда болады.

Зольдердің теріс зарядталған коллоидты бөлшектері капилляр қабырғаларынан тебіледі, нәтижесінде сүзгі қағазында кішірек түссіз су аумағы бар үлкен боялған дақ пайда болады.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Сүзгі қағазына қашықтығы 1-2 см болатындай етіп, бір тамшыдан темір(ІІІ) гидроксиді, берлин көгі зольдерін және 2 % бояғыш ерітінділері: эозин, флуоресцеин, метилен көгін тамызады. Пайда болған боялған дақтардың сипатына қарай, олардың заряд таңбасын анықтау керек.

Қорытынды: Зерттелген зольдердің заряд таңбасын көрсетіңіз.

9-ші тәжірибе.«Темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»

Мақсаты:

Темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляциясына әртүрлі электролиттердің әсерін қарастыру, тәжірибелік мәліметтер бойынша олардың коагуляция табалдырығын есептеу.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Екі сынауыққа 1 мл-ден гидролиз реакциясымен алынған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды, бірінші сынауыққа тамшылата отырып, жайлап және араластыра отырып, зольдің бүкіл көлемінде лайлану пайда болғанша калий сульфаты ерітіндісін қосады. Екінші сынауыққа ұқсас түрде золь лайланғанша калийдің гексацианоферраты(ІІІ) ерітіндісін қосады. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазады.

Тәжірибенің нәтижелері:

Концентрация С(K2SO4)=0,1 моль/л

Концентрация С(K3[Fe(CN)6])=0,1 моль/л

Көлем 1 тамшы = 0,05 мл

 

Электролит Золь көлеміVзоль, мл Электролит тамшысының саны Электролит көлеміVэл, мл Коагуляция табалдырығыСk, ммоль/л Электролиттің коагуляциялау қабілетіVк, л/ммоль
K2SO4          
K3[Fe(CN)6]          

Есептеңіз:

· электролиттер үшін коагуляция табалдырығын

· электролиттердің коагуляциялау қабілетін

Темір(ІІІ) гидроксиді золі мицелласының формуласын жазыңыз.

Қорытынды: Электролиттер үшін коагуляция табалдырығын көрсетіңіз, ион-коагулянттардың коагуляциялау қабілеттеріндегі айырмашылықты түсіндіріңіз.

 

 

№9 Тәжірибелік сабақ

 

ТАҚЫРЫБЫ: Аралық бақылау №1

 

МАҚСАТТАРЫ:

· бейорганикалық, физикалық және коллоидты химияның зерттелген тараулары бойынша студенттердің білімін бағалау;

· есептерді шығаруда игерген дағдыларын бақылау;

· биологиялық және медициналық маңызды зерттелген сұрақтарды қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· студент аралық бақылау тақырыптары бойынша білім деңгейін көрсете алады;

· студент ағзада жүретін процестердің негізгің заңдылықтары мен мәнін термодинамикалық, кинетикалық, протолиттік тепе-теңдік және т.б. тұрғыдан түсінгендігін көрсете алады;

· студент электрохимия, беттік құбылыстар, хроматографиялық талдау негіздерін меңгергендігін көрсете алады;

· студент дисперсті жүйелердің жіктелуі, алыну, тазарту әдістерімен физика-химиялық қасиеттерінен сұрақтарға жауап бере алады;

· студент комплексті қосылыстар мен биогенді элементтердің биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолдануын сипаттап бере алады;

· студент жоғарыда аталған тақырыптардың медициналық-биологиялық аспектісін түсіндіре алады.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Химиялық термодинамика негіздері

2. Химиялық кинетика және катализ

3. Ерітінділер. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері

4. Биогенді элементтер және олардың қосылыстары

5. Электролиттердің сулы ерітінділеріндегі тепе-теңдік

6. Атом құрылысы. Комплексті қосылыстар

7. Протолиттік тепе-теңдік. Буферлік ерітінділер

8. Тотығу-тотықсыздану процестері. Потенциометрия

9. Беттік құбылыстар. Адсорбция

10. Дисперсті жүйелер. Коллоидты ерітінділер

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- жазбаша бақылау;

- пікірлесу

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 9-154.

Қосымша:

1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

4. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

Көмекші:

1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.Қоканбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

2. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

БАҚЫЛАУ

Бағаланатын құзыреттіліктер:

1) Білім.

2) Коммуникативтік дағдылар.

Бақылау әдістері:

1. Тест тапсырмаларын немесе бақылау карталарын орындау.

2. Есептерді шығару, оқытушының сұрағына жауап беру

Бақылау сұрақтары:

1. Ерітінділер теориясының негізгі түсініктері. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері: массалық үлес, молярлық масса, эквивалентті молярлы концентрация, мольдік үлес, моляльді концентрация, ерітіндінің титрі.

2. Бейэлектролиттердің және электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар. Осмос. Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы. Биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльділігі. Осмостың биологиядағы және медицинадағы рөлі.

3. Электролиттік диссоциация. Аррениустің электролиттік диссоциациялану теориясы. Бренстед–Лоури протолиттік теориясы.Сутектік көрсеткіш рН – орта қышқылдығының сипаттамасы ретінде. Оствальдтың сұйылту заңы.

4. Тірі ағзадағы электролиттер. Қалыпты жағдайда және патология кезіндегі адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәні. Ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажеттілігі.

5. Буферлік жүйелер. Анықтамасы, жіктелуі, құрамы. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмі. Буферлік сыйымдылық.

6. Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық рөлі. Қандағы буферлік жүйелердің күштілігінің салыстырмалы сипаттамасы. Ацидоз. Алкалоз.

7. Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық жүйелердің жіктелуі. Термодинамикалық жүйенің күй жағдайлары. Термодинамиканың бірінші заңы.

8. Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Лавуазье-Лаплас заңы. Гесс заңы мен одан шығатын салдарлар. Тағамдық өнімдердің калориялығын есептеу принциптері.

9. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Гиббстің бос энергиясы - процестің өздігінен жүру критерийі ретінде. Энтальпиялық және энтропиялық факторлар.

10. Тірі ағза термодинамикасының ерекшеліктері. Стационарлы термодинамикалық жүйенің сипаттамасы. Энергиялық қосарлану принципі. Пригожин принципі.

11. Химиялық реакция жылдамдығы. Реакцияның орташа және шынайы жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.

12. Реакцияның молекулалығы және реті. Әр түрлі ретті реакциялар үшін кинетикалық теңдеулер. Реакция ретін анықтау.

13. Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

14. Химиялық тепе-теңдік күйі. Химиялық тепе-теңдік тұрақтысы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта құру принципі.

15. Биогенді элементтер. Биогенді элементтердің жіктелуі. Биогенді элементтердің атомдар құрылысының ерекшеліктері.

16. s-, p-, d- элементтері, қасиеттері мен оның қосылыстарының медициналық-биологиялық рөлі. Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.

17. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстардың құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар.

18. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық рөлі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия.

19. Ерітінділердегі гетерогенді тепе-теңдік. Ерігіштік. Ерігіштік константасы (ерігіштік көбейтіндісі. Иондық көбейтінді. Тұнбаның түзілуіне және еруіне әсер ететін факторлар. Ағзадағы гетерогендік тепе-теңдікке мысалдар.

20. Электрод. Электродты потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, анықтауыш және салыстырушы электродтары, ионселективті электродтар.

21. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.

22. Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.

23. Беттік құбылыстар. Жылжымалы фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік-активті заттар.

24. Жылжымайтын фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері. Ерітіндіден адсорбцияның негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.

25. Хроматографиялық талдау әдістері. Биология мен медицинада қолданылуы.

26. Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің жіктелуі. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері. Мицелла құрылысы.

27. Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлық-кинетикалық, электрокинетикалық, оптикалық Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.

28. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері: диализ, электродиализ, ультрасүзгілеу. Диализдің медицинада қолданылуы.

29. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы мен олардың коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы атқаратын рөлі.

30. Дөрекі дисперсті жүйелер: аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.

 

Есептер:

Тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептердің барлық түрлері

 

 

№10 тәжірибелік сабақ

ТАҚЫРЫП:Гомофункционалды көмірсутектері туындыларының реакцияға түсу қабілеттіліктері. Спирттерге, фенолдарға, аминдерге, альдегидтерге, кетондарға сапалық реакциялар.

 

МАҚСАТЫ:

1. Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттерінің заңдылықтары туралы білімді реакциялардың схемаларын жазу үшін қолдана білуге үйрету.

2. Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың химиялық қасиеттері және сапалық реакциялары арқылы оларды ерітінділерден анықтауды көрсете білу және алынған нәтижелерді дәледеу дағдыларын қалыптастыру.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Білім алушының мүмкіндігі бар:

1) Молекуланың реакциялық орталығын және оның ерекшелігін анықтауға: қышқылдық, негіздік, электрофильді немесе нуклеофильді екендігін және реакцияға түсу қабілеттіліктерін бағалауға.

2) Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылыстарына қарай реакцияларға түсу қабілеттіліктерін салыстыра білуге.

3) Көпатомды спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді қолдана отырып, оларға сапалық реакциялардың нәтижелері туралы тұжырым жасауға.

4) Оқытушының берген қосылыстар реакцияларының схемаларын жаза білуге.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1) Бренстедтің теориясы бойынша органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі.

2) Тиолдардың және спирттердің химиялық қасиеттері.

3) Аминдердің химиялық қасиеттері.

4) Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері.

САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша сұрау);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестілік тапсырмалар, билеттер.

Кіші топтармен жұмыс істеу:

Студенттер уш топқа бөлінеді, әр топқа оқытушы орындауға зертханалық жұмыстарды бөліп береді.

Жұмыс алдында ауызша сол тақырыпқа талдау жүргізіледі. Студенттер берілген тапсырмаларды шағын топта талдайды, одан кейін бір студент сол топтан жауап береді. Зертханалық жұмыстардың бәрін талдап толық бітірген топ ең жоғары бағаланады. Талдау кезінде оқытушы студенттердің жұмысын бақылайды және түзетулер енгізеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 73-126.

2. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 212-234.

3. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия [Текст]: Учебник /.- Изд.5-е, стереотип. - М.: Дрофа, 2006.- с.154-171, 182-194, 221-232.

Қосымша:

1. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Көмекші:

1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

Зертханалық жұмыстар:

Студенттер хаттаманы жазады (реакциялардың химизімін, бақылауды және негізгі қорытындыларын). Оқытушы студенттердің тәжірибелік дағдылану жұмыстары барысын бақылайды.

 

№ 1 ЖҰМЫС. спиртТЕР МЕН фенолДАРДЫҢ СУДА ЕРІГІШТІКТЕРІ.

Реактивтер: спирттер: этил, изоамил, глицерин; фенол.

Үш пробиркаға 2-3 тамшыдан этил спиртінің, изоамил спиртінің, глицериннің ерітінділерін тамызады, төртінші пробиркаға фенолдың 1-2 кристалын салады (Сақ болыңыз! Қолмен алмаңыз!). Этил спирті мен глицерин мөлдір ерітінді, ал изоамил спирті мен фенол лай ерітінді түзеді.

Реакциялардың химизмі:

 

Гидроксилді топтары бар көмірсутектерінің туындылары сумен сутектік байланыс түзеді.

Осының нәтижесінде төменгі молекулалы спирттер суда жақсы ериді.Радикалдарының артуына қарай ерігіштіктері төмендейді.Молекулада гидроксил топтарының көбеюіне қарай оның ерігіштігі артады.Этил спирті мен глицерин ерітінділері бар пробиркаларды келесі тәжірибелер үшін сақтаңыздар.