СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСтарЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»  
Кафедра - биохимия  
     
Құрастырғандар:  
1 кредит (жалпы химия) доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
   
   
   
   
   
   

 

Алматы, 2016 ж


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Биохимия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ К.О. Шарипов

 

 

 

№1 СӨЖ

Тақырыбы:Химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі

МАқсаттары:

· комплексті қосылыстардың құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру;

· Вернер теориясы негізінде комплексті қосылыстың құрылысын сипаттай білуді үйрену;

· комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуының негізін қалау;

· студенттерде адам ағзасындағы темірдің, кобальттың және т.б. комплексті қосылыстардың құрылысын қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

оқыту міндеттері:

· Вернердің координациялық теориясын қолдана отырып, комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттай білу;

· ИЮПАК халықаралық номенклатура ережелері бойынша комплексті қосылыстардың атауын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

· комплексті бөлшектердің біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру принциптеріне үйрету;

· тұрақсыздық константасының шамасын пайдалана отырып, комплексті бөлшектің тұрақтылығын сандық жағынан сипаттаудың әдістерімен таныстыру;

· медициналық практикада қолданылатын комплексті қосылыстармен (хелатотерапия) таныстыру және ауыр металдар иондарымен уланғанда комплекс түзілу реакцияларын пайдалану механизмін түсіндіру;

· санитарлық-гигиеналық практикада комплексонометриялық титрлеуді пайдалануға болатын мүмкіндігін көрсету (судың кермектілігін анықтау және басқалар);

· СӨЖ орындалу нәтижелерін қорғауын ұйымдастыру.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

· оқу материалын өздігінен зерттеу;

· оқытушының нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық байланыс типтері және оларды валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан сипаттау. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты.

2. Химиялық байланыс құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.

3. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы.

4. Полидентантты лигандалар. Полидентантты лигандалары бар комплексті қосылыстардың түзілуі. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия. Заттар молекулаларының құрылысы мен олардың физиологиялық әсері арасындағы байланыс.

5. Комплексонометрия. Олардың санитарлық-клиникалық анализде қолданылуы.

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА:

1. Ақпараттың түрлі көздерін пайдалана отырып, қарастырылатын тақырыптың материалын жоғарыда тізіп көрсетілген сұрақтар бойынша оқып-зерттеу (төменде көрсетілген әдебиетті пайдалануға болады).

2. Есептер мен тапсырмалар жиынтығынан оқытушының нұсқауы бойынша әр түрлі типті 5-10 есепті шығару [5] (6 тақырып).

ОрЫндалу КритериЙлері:

Есептерді шығаруға қойылатын талаптар:

· әрбір студент үшін шығару үшін есептердің санын оқытушы жеке түрде анықтайды;

· есептер СӨЖ-на арналған дәптерге өрнектеліп жазылады;

· шешуі бар есеп толығынан мәліметтердің берілгені, түсіндірулері мен жауабы көрсетілген, есептің сатылай шығарылу жолы болуы тиіс.

 

БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

· СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

· мәтінді құрастыру;

· есептерді шығару – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, комплексті қосылыстың құрылысын түсіндіре білу және оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас есептерді шығара білу қабілеті;

· тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырып бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білу қабілеті.

Есептерді шығаруда максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;
  • жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;
  • студент әрбір сатыны, біріншілік және екіншілік диссоциациялану процестерінің мәнін, комплексті ионның тұрақсыздық константасының физикалық мәнін түсіндіре алады;
  • студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, ағзадағы комплексті қосылыстардың биологиялық ролін және олардың медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;
  • студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;
  • студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.

ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ:төртінші апта

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С. Химия. – Алматы, 2013.

2. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 86-103 б.

Қосымша:

1. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: учебник.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 649-686 б.

2. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2001.

 

Көмекші:

1. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 243-265 б.

2. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.-193-230 б.

3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: учебник для студентов медицинских ВУЗов.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 328-358 б.

4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 167-171 б.

5. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов/Под ред. В.А.Рабиновича и др. – М.: Интеграл-Пресс, 2006. – С. 354-378.

6. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 164-203 б.

БАҚЫЛАУ

Бағаланатын құзыреттілік:

1) Өзін-өзі дамыту.

Бақылау әдістері:

1) Тапсырмалардың орындалуын тексеру;

2) Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 95-114 б.)