Маркетингтік зерттеулер процедурасы мен ережелері

Маркетингті зерттеу бойынша қызметтің Халықаралық Кодексіне сәйкес мұндай жұмысқа тұтынушылар, тауарлар және қызмет түрлері нарығына қатысты өз еркімен алынған ақпаратты объективті жинау және талдау кіреді. Маркетингті зерттеу таза бәсекелестіктің жалпы қабылданған принциптеріне, сонымен бірге жалпы қабылданған ғылыми әдістерге негізделген стандарттарға сәйкес жүргізілуі керек.

Маркетингті зерттеу көмегімен алынған мәліметтер өндірушілерді, жабдықтаушыларды, делдалдарды тұтынушылардың қажеттіліктері, көзқарастары, дағдылары туралы ақпараттауға негіз болады. Нәтижесінде кез келген маркетингтік зерттеудің табысы қоғамда қалыптасқан оған деген сенімге байланысты болады.

Маркетингті зерттеу процесіне талап етілетін мәліметтерді беретін ақпараттаушылар (информатор), маркетинг бойынша мамандар (орындаушылар) мен тапсырыс берушілер қатысады.

Ақпараттаушылар ролінде тікелей тұтынушылар, мамандар, сарапшылар болуы мүмкін. Көп жағдайда ақпараттаушылардың аты-жөндері аталмайды, бұл олардан шынайы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, ақпараттаушылардың көзқарасын өзгерту мақсатымен әсер ету немесе күштеп мәліметтерді алу сияқты әрекеттерге жол берілмейді. Өндірістік шпионаж, алдау арқылы алынған мәліметтерді маркетингтік зерттеу деп қарастыруға болмайды.

Тапсырыс берушілер мен орындауышлар арасында белгілі бір тәртіп қатаң сақталуы керек. Яғни, орындаушы өз мүмкіндігінен асыра сілтеп, тапсырыс берушіні адастырмау керек. Ол тапсырыс берушінің ниетін, ойын және оған беретін зерттеу нәтижелерін басқа адамдарға және ұйымдарға бермеуі керек. Тапсырыс берушінің алдын ала келісімінсіз орындаушы зерттеуді жүргізу шарттарына өзгеріс енгізе алмайды. Тапсырыс беруші өз кезегінде алынған нәтижелерді дұрыс түсінбеушіліктің болмауы үшін барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауы керек. Тапсырыс беруші де және орындаушы да зерттеуде қолданылған немесе зертеу үшін арнап жасалған әдістемені тек өздері үшін қолдануға құқықтары болмайды.

Маркетинг облысындағы зерттеулер жалпы ғылыми принциптер мен әдістерге, соның ішінде зерттеушілерге қойылатын жалпы талаптарға негізделеді. Зерттеуші:

· объективті болуы керек, алынған фактілердің интерпретациясына әсер етпеуі үшін барлық сақтық шараларын қабылдауы керек;

· кез келген қолданылған әдістің жетілмегенін біле отырып өз мәліметтерінде жіберілген кемшілік деңгейін көрсетуі керек;

· шығармашылық тұлға болуы керек, іздеудің жаңа бағыттарын іздеуі және заман талаптарына сай әдістерді қолдануы керек;

· болып жатқан өзгерістерді жіберіп алмауы үшін зерттеумен тұрақты түрде айналысуы керек

Маркетингтік зерттеу процедурасы ретімен келетін жеке істердің (этаптардың) комплексінен тұрады. Келесідей негізгі этаптарын бөлуге болады:

І. Зерттеу концепциясын жасау.

1. Мақсатын анықтау.

2. Мәселелерді қою.

3. Жұмыс гипотезасын қалыптастыру.

4. Көрсеткіштер жүйесін анықтау.

ІІ. Эмпириялық мәліметтерді алу және талдау.

1. Жұмысшы инструментариін жасау.

2. Мәліметтерді алу процесі.

3. Мәліметтерді өңдеу және талдау.

ІІІ. Зерттеу нәтижелерін ресімдеу және негізгі қорытындыны тұжырымдау.

1. Қорытынды мен ұсыныстарды жасау.

2. Зерттеу нәтижелерін ресімдеу.

Маркетингтік зерттеу концепциясы дегеніміз зерттеу пәнінің мазмұнын, зерттеу шегіндегі міндеттердің жалпы қойылымын толық анықтау. Бұл жерде сөз жұмыс гипотезасын қалыптастыру, зерттеу мәселесі мен мақсаттары туралы алғашқы көзқарасты жасау туралы болып отыр.

Зерттеу мақсаты қалыптасқан нарық жағдайына байланысты болады. Бұл міндетті жалпы қою. Ол кәсіпорынның маркетингтік қызметінің стратегиялық мақсаттарынан шығады және басқару шешімдерін қабылдаудағы анықсыздық деңгейін төмендеутге бағытталған. Маркетингтік зерттеулер қандай да бір нақты мәселені анықтауға және шешуге бағытталған. Егер мақсаты – бұл міндетті жалпы қою болса, онда мәселені анықтау – бұл басты міндеттен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы. Маркетингтік зерттеудің мәселесі тауар түріне және оның тұтыну спецификасына, нарықтың қанығу дәрежесіне, тауар жылжыту каналдарына және бәсекелестердің іс-әрекетіне байланысты болады. Сондықтан жеке мсәелелер тауар ұсынысы, тауар сұранысы немесе бағасы жағынан пайда болуы мүмкін. Зерттеудің міндеттері, біріншіден, нарықтың қазіргі жағдайы және әрі қарай дамуы тікелей тәуелді болатын мәселелерді қарастыру.

Маркетингтік зерттеудің жұмысшы гипотезасы қарастырылатын құбылыстарды шешу жолдары мен салыстырмалы маңыздылығын ықтималды түрде болжамдау болып табылады. Бұл өз ретінде зерттеуге алынған мәселелердің шешім алгоритмі. Жұмысшы гипотезасын жасау – күрделі шығармашылық процесс, яғни болашақ зерттеудің фундаменті. Ол барлық дайындаулардың шешімі мен негізгі бағыттарын белгілейді. Жұмысшы гипотезасы қамтамасыз ету керек:

· шынайылығын (гипотеза тікелей мәселелермен байланысты болу керек);

· алдын ала болжанатын (тек түсіндіріп қана қоймай, мәселені шешуге негіз болатындай болуы керек);

· тексерілетін (оның негізгі қағидаларын эмпириялық материалда тексеруге мүмкін болатындай болу керек);

· түрлендіруге келетіндей болу керек (негізгі болжамдарды тек логикалық түрде емес, сонымен бірге экономикалық-математикалық құрылымдардың көмегімен көрсететіндей болу керек).

Жұмысшы гипотезасы зерттеуге қажетті көрсеткіштер жүйесіне негіз ретінде болады (мысалы, тауарлар ассортиментінің дамуын, тұтынушылар талғамының динамикасын, өтім каналдары бойынша тауарлар қозғалысына жұмсалатын шығындарды сипаттайтын көрсеткіштер). Бұл мәліметтерді ақпараттың әртүрлі көздерінен алуға болады.

Маркетинтік зерттеу процедурасында эмпириялық мәліметтерді алу және талдау жұмыс инструментариын жасаумен байланысты. Ол зерттеудің жұмысшы гипотезасын тексеру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.

Жұмыс инструментариы — бұл әдістер мен тәсілдердің механикалық жиынтығы емес, нақты, спецификалы міндеттерді шешуге мақсатты бағытталған әдістер мен тәсілдердің таңдауы. Оны жасау келесі анықтаулардан тұратын бірнеше этаптардан құралады:

· біріншілік мәліметтерді жинау процедурасы мен әдістері (жарияланатын статистикалық мәліметтер, кәсіпорынның ішкі ақпараты, таңдамалы тексерулер);

· алынған мәліметтерді өңдеу құралдары мен әдістері (экономикалық-статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер);

· жұмысшы гипотезасын тексеру бойынша материалдарды жалпылау және талдау әдістері (модельдеу, операцияларды зерттеу, іскерлік ойын сараптау).

Эмпириялық мәліметтерді алу және өңдеу процесі таңдап алынған жұмыс инструментариына сәйкес жүргізіледі. Бұл процесте ерекше мәнді арнайы таңдамалы тексерулер алады (халықты сұрау, мамандарды сұрау, сараптау). Олар кәсіпорынның маркетингтік қызметінің нақты мәселесін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Материалдарды өңдеу және талдау кезінде зерттелетін мәселлердің дамуына қатысты болжамдық есептеулердің маңызы үлкен. Экстрополяциялау, модельдеу, сараптық бағалау әдістері кеңінен қолданылады. Жүргізілген зерттеудің нәтижесі қорытындылар мен ұсыныстарды жасау болып табылады. Олар аргументтелген және шынайы, зерттелетін мәселені шешуге бағытталған болу керек.

Зерттеу нәтижелері қысқаша зерттеу мазмұнын түсіндіретіндей түрде немесе жүйелі және көрнекі формада зерттеу схемасы және детальды негізделген қорытындылар мен ұсыныстар берілетін толық ғылыми есеп түрінде берілуі мүмкін. Ғылыми есепте (баяндама) келесі ақпараттар болуы керек:

· зерттеу мақсаты;

· кімге және кім үшін зерттеудің жүргізілгені;

· тексеруді таңдау сипаттамасы, жүргізілген уақыты, ақпаратты жинау әдісі (анкеталау, пошта арқылы және т.б.);

· сауалнама (анкета);

· орындаушылар, кеңесшілер туралы мәліметтер;

· ақпаратты алу көздері, кабинеттік зерттеулер жүргізу кезіндегі олардың сенімділігі.

Маркетингтің маңызды функциясы болғандықтан, зерттеуді дұрыс ұйымдастыру керек. Маркетингті зерттеу бойынша өз алдына жеке бөлімшені құру туралы шешім көп жағдайда кәсіпорынның ниетіне және жағдайына, оның нарықтық қызметінің стратегиясын мен тактикасына, сонымен бірге оның мүмкіндіктеріне және жұмысшыларының кәсіби потенциалына байланысты болады.