ТАҚЫРЫБЫ: ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

 

МАҚСАТЫ:

Фармацевтикалық қызметпен айналысатын объектілер мен субъектілердегі басқару өкілетінің басқару және ұйымдастыру құрылымын дифференциялауға студенттерді үйрету.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Сформировать умения студентов по классификации:

· басқару құрылымы ;

· ұйымдастыру құрылымы;

· басқару өкілеті.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Тапсырманы орындау, оқытушымен бірігіп сабақтың тақырыбын талдау, терминді оқып үйрену.

Тақырып бойынша тапсырма.

1 тапсырма

Келесі терминдер нені білдіреді:

Басқару жүйесі. Басқару құрылымы. Бөлім, суббөлім, супербөлім. Штаб-пәтер. Бас басқарма офисі. Шаруашылықтың стратегиялық аймағы. Стратегиялық шаруашылық орталығы. Коммуниквциялық каналдар. Коммуникациялық желі.

 

2 тапсырма

Қандай жағдайларда ұйымның басқару құрылымы «тегіс», ал қандай жағдайларда «жоғары» болады және неліктен:

· бөлімшелер саны 5 және 30 болғанда;

· біртекті және әртекті өнімдерді шығарғанда немесе қызмет түрлерін ұсынғанда;

· тез өзгеретін жағдайда және тұрақты жағдайда жұмыс істегенде.

 

3 тапсырма

Функционалды және дивизональды басқару құрылымдарының айырмашылықтары неде, түсіндіріңдер. Неліктен оларды бюрократиялық деп атайды?

 

4 тапсырма

Қосарлы басқару құрылымының маңызы неде және оның элементтері қандай принцип бойынша әрекет етеді?

 

5 тапсырма

Бөлім, суббөлім, супербөлім және стратегиялық шаруашылық орталық қандай басқару құрылымының элементі болып табылады:

а) функционалды; б) дивизионалды; в) матрикалы; г) жобалы; д) барлық аталған.

 

6 тапсырма

Коммуникациялық контакт арқылы жүзеге асырылатын басқару құрылымындағы байлан,ыс түрлерін атаңдар.

 

7 тапсырма

Қолданыстағы коммуникациялық желілерді атаңдар.

 

8 тапсырма

Оқу орнының ресми коммуникациялық каналдарының схемасын жасаңдар.

9 тапсырма

«Дөңгелек» және «жұлдыз» коммуникациялық желілер бір-бірінен несімен ерекшеленетінін түсіндіріңдер.

 

10 тапсырма

Байқау немесе социологиялық зерттеу негізінде өз оқу тобыңның коммуникациялық схемасын жасаңыз.

 

11 тапсырма

Фармацевтикалық тауарларды көтерме босататын фирма және өндірістік дәріхана (осы фирманың еншілес кәсіпорыны болып табылатын) үшін басқарудың ұйымдастыру құрылымының негізгі элементтерін анықтаңдар. Ұйымда пирамидальды басқару құрылымы.

а) жауапкершілік және шешім қабылдау деңгейлері;

б) функционалдық қызметті қамтамасыз ететін басқарудың горизонтальды буындары;

в) сыртқы байланыс субъектілері: тұтынушылар, жабдықтаушылар, әріптестер.

 

12 тапсырма

Кәсіпорынның ерекшеліктерін атаңдар: а) ажлға алынған; б) жауапкершілігі шектелген қоғам; в) біріккен; г) акционерлік қоғам; д) холдингтік компания.

 

13 тапсырма

Атаңдар: а) басқарудың сызықтық құрылымының артықшылығы; б) функционалды ұйымдастыру құрылымының кемшіліктері; в) басқарудың сызықтық-функционалды құрылымының артықшылығы.

 

14 тапсырма

Егер дәріхана инфузиялық ерітінділер мен көз тамшыларының өндірісі бойынша линияны іске қосуды жоспарлған болса, басқарудың қандай құрылымы тиімді болады?

 

15 тапсырма

Полифитті майлар және фитопрепараттарды шығаратын «Қызыл-май» бас кәсіпорыны Алматы қаласында. Еншілес кәсіпорындар Астанада, Қарағандыда, Жамбылда, Москвада және Минскіде бар.

Этап бойынша ұйымдастыру құрылымын жобалауды жүргізіңдер.

 

16 тапсырма

Кез келген типтегі ұйымның ұйымдастыру құрылымын жобалаңдар.

 

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Ұйымдастыру құрылымының мазмұны және қолданылуы

Құрылым (латынша struktura) – құрылым, ұйым жүйесіндегі элементтер, формалар арасындағы тұрақты өзара байланыстардың бірлігі. Құрылым жүйедегі өзара тәуелді бөліктерді сипаттайды.

Ұйымдастыру құрылымы біріккен еңбек қызметі жүзеге асырылатын және ұйымдастыру процестеріне (еңбекті бөлу, ресурспен қамтамасыз ету, жұмыс көлемін, имерзімдерін және ретін келісу) мұқтаж ұйымдарға тікелей қатысты. Ұйымдастыру процестері қызмет мақсаттары мен стратегияларын, жоспарлауды, бақылауды, есепке алуды, талдауды, яғни басқару процесінің қажеттігін негіздейді. Өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын фирмалар, дәріханалар, қоймаларды басқарудың элементтері арасында өзара тәуелді тұрақты бірлігі ретінде ұйымдастыру құрылымы түсінігі пайда болады.

Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сонымен бірге сәйкес басқару функцияларын орындайтын жеке мамандар жатады.

 

 

 
 


Президент

 
 


Вице-президент

 
 


Қызмет директоры

 
 


Бөлім бастықтары

 
 


Аға медбикелер (менеджерлер)

 
 


Бригадирлер (ауысым бастықтары)

 
 


Ұйымды басқарудың типтік пирамидалық құрылымы

 

Басқару буынының түзілу негізінде бөлімнің белгілі бір басқару функциясын орындауы жатыр. Бөлімдер арасындағы орнайтын байланыс көлденең (горизонтальды) сипатта болады.

Басқару деңгейі дегеніміз бір-біріне тігінен байланыста белгілі бір қызметпен айналысатын және иерархия бойынша бір-біріне бағынатын басқару буындарының жиынтығы. Осыдан ұйымды басқарудың пирамидальды құрылымы пайда болды: дәріхана меңгерушісі, дәріхана меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, фармацевт-технолог, фармацевтің көмекшісі, қаттаушы.

Ұйымның құрамына бір фирма немесе біріктірілген бірнеше компаниялар кіруі мүмкін.

Нарыққа өту бірқатар ұйымдардың жаңа формаларының түзілуіне әкелді. Кең тараған ұйымдастыру формасы – жалдамалы. Ұйымдастыру құрылымы толық шаруашылық есепті және өзін-өзі басқаруды ескере отырып құрылады.

Нарықтық экономикада қарыздық капиталды кеңінен тарту негізінде жұмыс істейтін ұйымдар ұзақ жұмыс істейді. Соған байланысты шектелген жауапкершіліктегі қоғамдар пайда болды. Ол шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың капиталдарын біріктіру жолымен құрылады.

Бірікке кәсіпорындар шаруашылық қызметті, ұйымды басқаруды және табысты бөлуді біріге жүргізетін отандық және шетелдік әріптестердің капиталдарын біріктіру негізінде құрылады.

Акционерлік қоғам – шаруашылық қызметті біріге жүргізу мақсатында ұйымдар мен азаматтардың қаржыларын біріктірудің ұйымдасқан формасы. Оның жарғы қоры болады, ол номиналды құнына тең акциялардың белгілі бір санына бөлінеді, яғни акциялардың жалпы номиналды құны жарғы қорына тең.

Холдингтік компаниялар құнды қағаздардың бақылау пакеттеріне (негізінен ірі өнеркәсіптік фирмалардың) иелік ету мақсатымен құрылатын компаниялар. Несие-қаржылық мекемелердің және басқа да фирмалардың жұмысына қатысатын өнеркәсіптік фирмаларды бақылай отырып, осы компаниялардың тізбегін толығымен немесе жартылай бақылауға болады.