Ауданы үлкен емес сауда нүктесі

Егер онша үлкен емес сауда залындағы сатып алушының жолын қарастырса, «алтын үшбұрыш» анықтауға болады, оған кіретін есік, касса және дәріханадағы ең көп сатылатын тауарлардың арасы жатады. Дәріхана спецификасына сәйкес әр дәріханадағы ең көп сатылатын тауар әртүрлі болуы мүмкін. Сатып алушылардың көпшілігіне қажетті фармацевтикалық өнімдер осы үшбұрыштың ішінде жатуы кеерек.

Сауда залында орынды бөлудегі негізгі критерий – сауда залының кеңістік бірлігінен түсетін кірісті жоғарылату.

Негізгі және қосымша сату нүктелерінің орналасуы

Сауда залындағы барлық орындар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі сату орыны – бұл осы тауар тобын қндірушілердің барлығы көрсетілген жер. Қосымша сату орыны тауардың сатылып алынуын жоғарылатады, олар сатуды жоғарылатудың тиімді құралы болып табылады, өйткені импульсті сатып алуларды көбейтуге мүмкіндік береді. Олар импульсті сұраныстағы тауарлар және айналымы жоғары тауарлар үшін ұйымдастырылады. Сатудың қосымша орындары сауда залында тиімді орында орналасуы керек.

 

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации.- Москва: Медицина.- 2004.- С.98-105.

2. Мнушко З.Н. Менеджмент и маркетинг в фармации. Ч.2. Марукетинг в фармации. – Харьков: Изд.НФаУ.- 2008. – 536с.

3. Мнушко З.Н. Менеджмент и маркетинг в фармации. Ч.2. Маркетинг в фармации. – Харьков: Изд.НФаУ.-2008. – 536с.

4. Юданов А.Ю. Фармацевтический маркетинг.-Издатель: Издательство "Ремедиум".- 2007.- 400 с.

5. Грибкова Е.И. Изучение эффективности интегрированных маркетинговых коммуникаций в деятельности субъектов фармацевтического рынка.-М.-2004.-300 с.

6. Макашов Д. Мерчандайзинг – искусство сбыта товара. // www.psy-portal.ru

7. Рамазанов И.А. Мерчендайзинг в розничном торговом бизнесе: Учебное пособие. М.- 2003. С. 9–10.

Қосымша:

1. Колборн Р. Мерчандайзинг / Пер. с англ. / Под ред. И.О. Черкасовой. СПб.- 2002. С. 13–27; Канаян К. и Р. Мерчандазинг. М., 2001. С. 9–116.

2. Батра Р., Майерс Дж.Дж., Аакер Д.А. Рекламный менеджмент / Пер. с англ. 5-е изд. М.; СПб., 2000; Энджел Дж.Ф., Блекуэлл Р.Д., Миниард П.У. Поведение потребителей. СПб., 2000; Джоббер Д. Принципы и практика маркетинга / Пер. с англ.: Учеб. пособ. М., 2000; Говард Дж. и Шет Дж. Теория поведения покупателя // Классика маркетинга / Сост. Б.М. Энис, К.Т. Кокс, М.П. Моква. СПб., 2001. С. 175–197; Лоусон Р. Поведение потребителей // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 134–149.

3. Паркинсон С. Покупательское поведение организаций // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 150–164; Энджел Дж.Ф., Блекуэлл Р.Д., Миниард П.У. Поведение потребителей. СПб., 2000; Лоусон Р. Поведение потребителей // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 134–149.

 

 

ТАҚЫРЫП: МЕРЧАНДАЙЗИНГ СТАНДАРТТАРЫ. МЕРЧАНДАЙЗИНГ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ

ШЕКТЕУЛЕРІ

МАҚСАТЫ: Студенттерді мерчандайзинг стандарттарымен таныстыру.

 

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Мерчандайзинг стандарттары, тауарларды орналастыру ережелері мен заңдары бойынша білімді қалыптастыру.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

 

Оқытушының кеңесі, реферат тақырыптарын презентациялау, пән тақырыптарын студенттердің өздігінен оқып-үйренуі, «Дәріханада мерчандайзингті ұйымдастыру принциптері» іскерлік ойыны.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

1. 3 категориялы дәріхана үшін мерчандайзинг шараларының жоспарын жасау, құрастыру.

 

Мерчандайзинг стандарты

Стандарт – бұл сауда саласында белгіленген ережелер мен заңдар. Мерчандайзинг стандарты – корпоративті құжат, ол компаниядағы мерчандайзинг жүйесін қолдау үшін жасалады және енгізіледі. Кез келген "ойын ережесі" сияқты, мерчандайзинг стандарты келесілер үшін қажет:

· тауарлардың спецификасын, сатып алушылар аудиториясының ерекшелігін, жабдықтаушылардың мүмкіндігін, дүкен немесе дәріхананың концепциясын ескере отырып мерчандайзинг жүйесіне қойылатын барлық талаптарды дұрыс тұжырымдау және жасау;

· компанияның барлық персоналы дәріхана немесе дүкенде мерчандайзинг жүйесін ұйымдастыру бойынша бірдей көзқараста болуы үшін;

· дәріхана немесе дүкенде мерчандайзинг жүйесін қолдау бойынша қызметкерлердің іс-әрекетін бағалау үшін;

· территорияны «жақсы орын» үшін таласқан әртүрлі жабдықтаушылардың ұрысына айналдырып жібермес үшін.

Есте сақтаңдар: бұл Сіздің дүкеніңіз немесе дәріханаңыз. Жабдықтаушы өз тауарын орналастыру бойынша ұсыныстар беруі және сату орнын безендіруге көмектесуі мүмкін, бірақ сату орнын безендіру және тауарлар ассортименті туралы қорытынды шешімді дәріхана немесе дүкен жетекшілігі қабылдауы керек. Кез келген жабдықтаушы залда неғұрлым көп орынды алғаны үшін қуанады және залдың барлығын өз плакаттарымен безендіргілері келеді – сондықтан жабдықтаушы келіп залды әдемілеп береді деп бұл істі өз бетіне жіберуге болмайды. Жабдықтаушылар бұл істі сіздің ассортименттегі басқа тауарлардың есебінен жасайды. Сондықтан жабдықтаушымен жұмыстың барлық аспектілері осы стандартта көрсетілуі керек.

Мерчандайзинг стандарттарын жасай отырып, келесілерге қойылатын талаптарды ескере отырып компанияның өз мерчандайзинг ережелерін жасауға көмектесетін сұрақтарға жауапты тұжырымдау керек:

Залдағы тауарлардың болуы: приоритетті (басым) ассортиментке не кіреді (тауарлар тізімін қоса беру керек), әрбір артикул бойынша фейсингтер мен қордың минимальды рұқсат етілген саны; тауарлардың қандай түрлері немесе бумалары ұтымды, осы немесе басқа тауар топтарына берілетін сөрелік кеңістіктің пайызы қандай, нақты сату орындарын (нүктелерін), олардың мөлшерін және аудандарын анықтау – тауар орналасатын сөрелердің, прилавкалардың; сөрелерде тауарлардың дұрыс орналасуы, дәріхана немесе дүкен үшін дұрыс болып табылатын басқа да мерчандайзинг ережелері; тауар жетіспейтін жағдайда кеңістікті қалай толтыру керектігі.

Сөрелер мен полкаларда тауарлардың орналасуы: сөрелердің приоритетті (басымдыққа ие) деңгейлерінде не болу керек (мысалы, сұранысқа ие тауар немесе қымбат тауар?); бір артикулдағы тауарлар бумасының саны (қанша қатарда); маусымдық тауарды қайда орналастыру керек (маусымдық сатылымдарға бөлінген арнайы орын бар ма); қозғалыс бағыты бойынша брінші тұрған тауар қандай (қымбат тұратын немесе арзан? Белгілі немесе жаңадан шыққан?); бір брэндтің әртүрлі артикулдарының орналасу реттілігі; сөрелерден басқа жерге не орналастыруға болады (паллеттерде, дисплейлерде және т.б.); тауардың беткі жағы қайсы; тауарды орналастыру бұрышы (мүмкіндігінше суретімен). Есте сақтаңдар: дұрыс қабылдауға (түсінуге) жатпайтындар басынан бастап-ақ дұрыс түсінік таппайды; тауарлардың әртүрлі категориясы үшін орналастыру түрлері (тіпті бір категорияның тауарлар түрлері үшін орналастыру әртүрлі болуы мүмкін - мысалы, қымбат шарап кәрзеңкелерге немесе арнайы сөрелерге қойылады, ал кәдімгі шараптар әдеттегі ережелерге сәйкес қойылады); нақты дүкенге немесе тауардың ерекшеліктеріне байланысты тауарларды орналастыру ерекшеліктеріне қатысты қосымша түсініктер мен комментарилер (мысалы, "Х" жабдықтаушының өнімдері сатып алушылар қозғалысының бас жағында тек арнайы дисплейлерде ғана орналастырылады).

Тауарлардың сатылу орындарын безендіру: безендіру және бағасын (ценник) орналастыру стандарты (ценниктің, сонымен бірге жаңа тауарлар, жаппай сатылымға және арнайы ұсыныстарға арналған ценниктердің үлгісін қоса бере отырып); POS материалдарды ілу стандарттары (қандай тауарларда POS-материалдар болу керек, оларды ауыстыру жиілігі қандай, қай жерге ілу керек, (мысалы "материалдар жарнамаланатын тауарлардың үстіне сатып алушының көз деңгейінен төмен емес жерге ілінуі керек"); құрал-жабдықтарды, сөрелерді күтіп ұстауға қойылатын талаптар (тазалығы, жинау жұмыстарының және профилактиканың, ауыстырудың кезеңділігі; құрал-жабдық істен шыққан жағдайдағы қажетті іс-әрекеттер).

Жабдықтаушылардың мерчандайзерлеріне қатысты саясат: олардың өкілеттілігі, олардың жұмысын бақылау мүмкіндігі (олармен кім хабарласады, қандай ақпаратты беруге болады немесе керісінше бермеу керек, жабдықтаушы мерчандайзері дәріханада немесе дүкенде өз өнімімен қандай іс-әрекеттерді жасауға құқылы (полка немесе сөре ішінде тауарларды ауыстыру, маркалардың орнын ауыстыру және т.б.); келу жиілігі және регламенті (тексеру жиілігі, материалдарды және құрал-жабдықтарды орналаастыру регламенті және қажетті рұқсаттар); өз тауарларына қатысты көргілері келетін кері байланыс және есептер, (есептің формасы); олардың акцияға және дүкеннің немесе дәріхананың күнделікті жұмысына қатысуы (дегустация кезнде қатысуы, қатысу тәртібі, қажетті киім формасы, акцияны жасауға қатысу дәрежесі, өз іс-әрекеттерін кіммен келісу керек); орналастыруды келісуге қойылатын талаптар (лпнограмманы жасауға қатысуы қаншалықты талап етіледі және келісу қандай деңгейде жүреді).