Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың түсінігі- 40 минут

Сабақ жоспары

Пәннің аты:__________________Физика___________________

Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы Өткізілетін орны (аудитория нөмірі) Сабақ өткізілетін уақыты
       
       
       
       

І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы.

 

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысын туындайтын құбылыстармен таныстыру. Алынған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктіліктер дағдыларын қалыптастыру. Терең де тиянақты білім беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік:Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға, техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу.

ІІІ. Сабақтың типі:жаңа тақырыпты меңгерту.

ІV. Сабақтың түрі:теориялық.

V.Сабақтың өткізілу әдістері:түсіндіру, жазбаша.

VІ. Сабақтың көрнекілігі:презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Пән аралық және пән ішілік байланыс

Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: медициналық биофизика, физиотерапия.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.

2. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

3. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

· Ýëåêòð çàðÿäû.

· Электр зарядының сақталу заңы.

· Нүктелік зарядтардың өзара әсері.

· Кулон заңы.

· Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

4. Жаңа сабаққа кіріспе.Фронтальды сұрау -15 минут:

Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын.

а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)

ә) Синтетикалық киімді шешекенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)

б) Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)

в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

 

 
 

 

 


Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың түсінігі- 40 минут

І. Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.

«Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр»деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Тәжiрибеге сүйенейiк. Шыны таяқшаны алып қағаз түйiршiктерiне жақындатайық. Бiз ешқандай өзгерiс болмағанын көремiз. Бұдан қалыпты күйде басқа заттар сияқты шыны да электрлiк бейтарап болатындығын көремiз. Ендi шыны таяқшаны қағазға үйкегеннен кейiн, тағы да қағаз түйiршiктерiне жақындатамыз. Бiз олардың таяқшаға тартылатынын көремiз (1-сурет). Осыған ұқсас құбылыс құрғақ шашты тарағанда да байқалады.

Шаштың тараққа тартылуы да электрлену нәтижесi болып табылады

Электрленген таяқшаны жіңішке су ағынына жақындатып, тек қана қатты денелер емес сұйықтардың да тартылу қасиетiне ие болатындығына көз жеткiзуге болады (2-сурет).

 

 

ІІ.Денелердің электрленуі құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан байқаған боларсыңдар. Күнделікті өмірде мұндай құбылыстар жиі кезедеседі. Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылатындығын байқауға болады. Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу арқылы электрленудеп аталады.

Үйкеліс арқылы электрлену нәтижесiнде екi дене де электр зарядын алатынын есте ұстау керек. Мысалы, шыны таяқша мен резина үйкелгенде шыны да, резина да электрленедi. Демек, резина да шыны таяқша сияқты өзiне ұсақ денелердi тарта бастайды (3-сурет).

Денелердi электрлеу үшiн бiр-бiрiне жай ғана бiр рет тигiзу жеткiлiксiз. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды.

Денелердің электрленуі тек үйкелу арқылы ғана пайда болмайды. Үйкелу – денелердің жанасып, ажырау процесі.

Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi.

Үйкеліс кезiнде пайда болатын электр зарядтарын кейде статикалық электр деп атайды. Көбiне бұл елеусiз құбылыс (мысалы, сiз синтетикалық материалдан жасалған киiмдi шешкенде, кiлем үстiнде аяғыңызбен сырғанай жүргенде және т. б.). Бiрақ кейде бұл құбылыс қауiптi болуы мүмкiн. Мысалы, металл бетiмен аққан сұйықтың электрлену мүмкiндiгiн бензин құю кезiнде ескеру керек. Бензиндi зарядсыздандыру үшiн жүргiзiлетiн арнайы қауiпсiздiк шараларын қолданбаған жағдайда бензин өртенiп, жарылыс болуы мүмкiн.

 

ІІІ. Жоғарыда қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Деннелердің осы қасиетін электр зарядыдеп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы –олардың электрленуі деп аталады.

Бұл мысалдардың барлығы, беттер арасындағы үйкеліс нәтижесінде электр зарядының пайда болатынын көрсетеді. Әр жағдайда екі денеде қарама –қкарсы зарядтарының бірдей мөлшері пайда болады.

ІУ. Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтайық. Мынадай шағын тәжірибе жасап көрелік. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қоялық. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізейік, шарлар бір-бірінен тебіле бастайды. Шарлар таяқшадан да тебіле бастайды.

Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болады. Мұндай бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір- бірінен тебіледі. Бұл қорытындыны эбонит таяқшаны сол шарларға тигізгенде де олардың бір-бірінен тебілуі арқылы дәлелдеуге болады. Егер шарлардың біреуін теріге үйкелеген эбонит таяқшаны тигізіп, ал екіншісіне жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізсе, онда олар бір-біріне тартылады.

 
 

 

 


Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.

Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс (–) деп атаған.

Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған.(Оң заряд1 электронды оқулық)

У.Оң және теріс зарядтардың болуы үйкелген денелердің электрлену табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Эбонит таяқшаны жүн матаға үйкегенде –теріс заряд, ал жүн мата мөлшерде-оң заряд алады. Бұл зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып та кетпейді. Олар өзара жанасатын денелерде болады. Екі зарыдтың беттік жанасуынан зарядтар бір денеден екіншісіне немесе оның белгілі бір бөлігіне беріледі.

Эбонит-жүн, шыны-жібек сияқты денелердің жүйелері басқа қоршаған денелермен әрекеттестпейді деп есептейік.