Алакөл: флора мен фауна

Алакөлге Сасықкөл, Тарбағатайдан бірнеше тұщы суы мол өзендер құяды. Тау өзендерінің көлге құятын арналары терең иірімді келеді, онда ақбалық, жайын, шортан, шабақ, алабұға, т.б. балықтар көптеп кездеседі. Бірақ, кейінгі кезде Балқаштан мұнда әкелген ақбалық (судак) басқа балықтарды азайтып жіберген. Бұл мәселені балықшылармен қатар көл жағалауы тұрғындары айтып та жүр.

Алакөл көлінің тағы бір байлығы – құс әлемі. Көлемі ұлғайған сайын құс саны көбейе түсуде. Көлдің тереңдігі 40-50 метрге дейін болса, Жалаңашкөл, Сасықкөл тереңдіктері 25-30 метрден аспайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл өңірді 300-ден аса құс түрі мекен етеді. Оның 38-і Қызыл кітапқа енген. Ал, қызылтым қоқиқаз (пеликан), қара тұмсық шағала (реликтовая) тек дүние жүзінде осы Алакөл мен Үнді мұхитындағы бір аралда ғана кездеседі екен. Кезінде бұл мәселені терең зерттеп, ғылымға жаңалық қосқан Мұхтар Әуезовтің ұлы Ернар болатын. Ал, осы Алакөлдегі Аралтөбе деген аралды құс базары десе де болады. Мұнда қалай келгені белгісіз, улы жыландардың үш түрі мекендейді. Бір кездері ат сауырынан келетін көл мен арал арасындағы өткелге көршілес Көктал, Арқалды округінің жылқылары да қыстап шығаруға айдап апарылып жүрген. Бірақ, кейін онда ұялы қасқыр пайда болған соң ол шаруа тоқтатылған көрінеді.

Алакөлдің бүгінгі бай флорасы мен фаунасын болашақ ұрпаққа сақтау үшін оны мемлекеттік қорық етіп жариялау керек деп білеміз. Сонда ғана келешектің игілігіне жарай беретін болады.

40 Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.

41 Байқоңыр космодромы және зымырандардың ауа-райына, жерге, ауаға әсерін көрсетіңіз;

Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, қалды.

42 Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. [1] Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.

Жасанды қанталмастырғыштармен (ксилит, аспартам, сахарин т.б.) тағамның ластану жолдарын және оның организмдерге әсеріне сипаттама беріңіз

қант алмастырғыш зат ретінде сорбит, ксилит, фруктоза, сахарин, аспартам, натрий цикломаты және стевий экстракті қолданылуы мүмкін.

Ксилит пен сорбиттің іш босату қасиетін ескеріп, оларға жеке қабылдаушылықты бекіту керек.

Қант алмастырғыш заттарды тек аурудың компенсация және субкомпенсация кезінде қолданады.

Қант алмастырғыш заттардың энергетикалық құндылығын ескерген жөн.

Ксилит, сорбит және фруктозаның тәулліктік мөлшері 25-30 г ал, қарт аадамдарда

15-20 г (джем, кондитерлік өнімдер және т.б.қосқанда).

Қосымша әсерлер пайда болса (жүрек айну, метеоризм, қыжыл және ауыздан метал дәмін сезіну) препаратты қолдануға рұқсат етілмейді.

Ксилит –ксиланға бай ауылшаруашылық қалдықтарынан алынатын бесатомды спирт.

Ксилит – жүгері қабығынан және мақта шитінен алынатын, суда жақсы еритін тәтті кристалды зат.

Аспартам –қосыша әсері және энергетикалық құндылығы жоқ, қанттан 200 есе тәтті екі аминқышқылынан (аспарагин және фенилаланин) тұратын зат. Аспартамның бір таблеткасы тәттілігі бойынша 3,2 г қантқа тең.

Препарат инсулиннің қатысуынсыз метаболизденеді, оның энергетикалық құндылығы – 3,7 ккал\г, кариестің дамуына қарсы тұрады. Гидролиздену кезінде аспартам тәттілігінен айрылады. Гидролизденуін органикалық қышқылдар мен төменгі температура арқылы алдын алуға болады. Қайнау кезінде өзінің қасиеттерін жоғалтады. Аспартамның тәуліктік мөлшері 20-40 мг\кг дене салмағына.

Сахарин –ортосульфобензой қышқылы туындысы. Сахарин қанттан 500есе тәтті, суда жақсы еритін қышқылтым дәмі бар, кристалды ұнтақ. Энергетикалық қындылығы өте төмен. Сахаринді әртүрлі атаулармен шығарады, тәуліктік мөлшері – 2,5 мг\кг дене салмағына, яғни, 2 таблеткадан артық емес. Бір таблетка тәттілігі шамамен бір шай қасық қантқа тең.

Сахарин зат алмасу процестеріне қатыспайды. Қышқылтым дәмдік қасиетіне байланысты қайнатуға ұсынылмайды. 10-20% қабылданған сахарин нәжіспен шығарылады. Сахарин бүйректе, бауырда, көкбауырда, өкпеде және көп мөлшерде қуықта жиналады.

 

Тамақтық қосымшалар (бөтен заттар) тамақтық азық-түліктерде бола тұрып, организмге тікелей токсиндік әсер етуден басқа, жанама да әсер етеді. Ол мына жағдайларда болуы мүмкін:

1) витаминдердің, белоктардың, көмірсулардың бұзылуы нәтижесінде;

2) тамақ компоненттерінің байланысуында (мысалы, күкіртті ангидриттер);

3) тамақ компоненттерінің токсинді қосындыларға (үшхлорлы азот) айналуында;

4) тамақтың қорытылуы бұзылғанда (соя ұнының антитрипсиндік факторлары);

5) сіңірімділіктің нашарлауы. Бұл өз негізінде алиментарлық сапалықтың жеткіліксіздігіне немесе созылмалы улануға ұрындыруы мүмкін;

6) ішек микрофлорасының өзгеруі түрінде, бұл жайында антибиотиктердің тамақ өнеркісібінде және малдар үшін азық ретінде қолданылуы делел бала алады;

Өкінішке орай тамақтық қосымшалардың зиянды әсерінің бұл жағы әсіресе аз зерттелген. Тамақтық қосымшалардың қауіпсіздігіне бағалау жүргізгенде тамақтық қосымшалар құрамында азық-түліктердің кейбір топтарын ересектермен бірге балаларда пайдаланылатынын ескеру қажет. Сондықтан да тамақтық қосымшаларды балалар тамақтануында пайдалану жайлы мәселе көкейтесті болып қалады.