Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест. 1 страница

 

1. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 9 жасар баласының ауыз қуысын санациялау мақсатында келді. Анамнезінен бала кезінде жиі инфекцтялық аурумен ауырғаны анықталды. Ауыз қуысын қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістерінің кіреберіс бетінде дөңгелек және сопақ пішінді, әртүрлі көлемде және тереңдікте шұңқырлар бар, кіреуке жұқарған, түбі мен қабырғасы тегіс.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы тиімді?

1. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

2. Жасанды сауыттармен протездеу;

3. Ремтерапия, пломбылау

4. Тістер ұлпаларын алу;

5. Ағарту.

 

2. 15 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Объективті: тістердің түсі бор тәрізді, тістің кіреберіс бетінде дөңгелек пішінді, диаметрі 1,5 мм дейінгі, ақшыл қоңыр түсті пигментация аймақтары бар ақау анықталды, табаны тығыз. Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2. Флюороз, жолақты түрі;

3. Флюороз, дақты түрі;

5. Беткей тісжегі;

4. Жергілікті гипоплазия.

 

3. Емханаға профилактикалық тексерілуге 9 жасар бала келді. Объективті: күрек тістердің кіреберіс бетінде, сауыттың ортасынан шетке қарай әртүрлі аймақтарда орналасқан, бор тәрізді дақтар бар, кіреуке тегіс, жылтыр. Дақтар метилен көгімен боялмайды.

Болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2.Флюороз, жолақты түрі;

3.Флюороз, дақты түрі;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Бастапқы тісжегі.

 

4. Стоматологқа анасы 8 жасар баласымен ауыз қуысының санациясы мақсатында қаралды. Объективті: алдыңғы тістердің кіреукесінде аздап білінетін борланған жолақтар бар, жолақ түсінің қанықтығы ортасынан шетке қарай азаяды, кіреукесі тегіс, жылтыр. Дақтар метилен көгімен боялмайды.

Болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2.Флюороз, жолақты түрі;

3. Флюороз, дақты түрі;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Бастапқы тісжегі.

 

5. Стоматологқа анасы 7 жасар баласымен келді. Объективті: тістің көлемі мен пішіні қалыпты, тістері сулы-сұр түсті, жылтыр, тіс кіреукесі оңай шытынайды.

Төменде аталған болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1.Стентон-Капдепон синдромы;

2. Жетілмеген амелогенез;

3. Олбрайт синдромы;

4. Фролик ауруы;

5. Ослер синдромы.

 

6. Стоматологқа анасы 7 жасар баласымен қаралды. Объективті: тістің көлемі мен пішіні қалыпты, тістері сулы-сұр түсті, тіс кіреукесі оңай шытынайды. Қандай емдеу әдісін қолданған дұрыс?

1. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

2.Ремтерапия, уақытша сауыттар дайындау;

3. Тістердің ұлпасын алу, протездеу.

4. Ремтерапия, ШИЦ-пен пломбылау;

5. Ағарту, ремтерапия.

 

7. Себебі тұқым қуалаған мерез болатын, кіреукенің жүйелі гипоплазияның түрлерін атаңыз:

1. Фурнье тістері;

2. Қашалған тістер;

3. Фролик ауруы;

4. Лобштейн ауруы;

5. Стентон-Капдепон синдромы.

 

8. Тіс тіндеріне фтордың әсер етудің қандай механизмі НЕҒҰРЛЫМ болуы мумкін?

1. Дентиндегі зат алмасу үрдісінің бұзылуы;

2. Ұлпадағы зат алмасу үрдісінің бұзылуы;

3. Энамелобласттарға токсикалық әсері;

4. Одонтобласттарға токсикалық әсері;

5. Тіс тіндерінің трофикасының бұзылуы.

 

9. 14 жастағы жасөспірім профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінде: бала кезінде жоғарғы жақсүйек аймағын жарақаттаған. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістердің кіреберіс бетінде сарғыш-қоңыр түсті дақтар бар. Төменде аталған факторлардың ішінде қайсысы осы патологияның дамуына НЕҒҰРЛЫМ әсер еткен?

1.Тұрақты тіс фолликуласының механикалық жарақаты;

2. Уақытша тістердің жедел серозды пульпиті;

3. Уақытша тістердің жедел іріңді пульпиті;

4. Экологиялық фактор;

5. Тұқым қуалаушылық фактор.

 

10. 15 жастағы жасөспірім профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінде: бала кезінде жоғарғы жақсүйек аймағын жарақаттаған. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістердің кіреберіс бетінде сарғыш-қоңыр түсті дақтар бар.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ремтерапия;

2. Ағарту;

3.Ламинациялау;

4. Протездеу;

5. ШИЦ-пен пломбылау.

 

11.Төменде аталған тісжегі емес ақаулардың ішінде қайсысы тіс жарып шыққаннан кейін НЕҒҰРЛЫМ жиі пайда болады?

1. Флюороз,

2. Гипоплазия;

3.Сына тәрізді ақау;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Жетілмеген дентиногенез.

 

12. Гипоплазия анықтамасына келесі сипаттамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Тістің қатты тіндерінің некрозы;

2. Тіс тіндерінің ошақты деминерализациясы;

4. Фтор жетіспеушілігінен эмальдың толық жетілмеуі;

3. Органикалық құрамының өзгеруінен эмаль дамуының бұзылуы;

5.Энамелобласттар функциясы бұзылуынан эмальдың толық жетілмеуі.

 

13. Гипоплазияның пайда болуының НЕҒҰРЛЫМ басты себебі қандай?

1. Генетикалық фактор;

2. Сілекей құрамының өзгеруі;

3. Суда фтордың деңгейнің жоғарылауы;

4. Суда фтордың жетіспеушілігі;

5. Тіс ұрығында метаболизм процесстерінің бұзылуы.

 

14. Жүйелі гипоплазияға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық симптомдарды көрсетіңіз:

1. Тіс сауытының болмауы;

2. Тістің өлшемінің өзгеруі;

3. Тіс жегі қуысының пайда болуы;

4. Тістің қатты тіндерінің палогиялық қажалуы;

5.Тіс бетінде дақтар, сызықтардың пайда болуы.

 

15. Флюорозға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық симптомдарды көрсетіңіз:?

1. Тістер сулы-сұр түсті, күрек тістердің қажалуы;

2. Тістің кесу қырына перпендикулярлы орналасқан;

3. Тіс сауыты конус тәрізді, түбірлері мен тіс қуыстары әдеттегідей;

4.Алдыңғы топ тістердің кіреукесіндегі қатты байқалмайтын бор тәрізді жолақтар;

5. Тіс сауытының қажалуы, түтікті сүйектердің сынуы байқалады.

 

16. Төмендегі аталған факторлар ішіндегі қайсысы жетілмеген амелогенездің дамуына әсер етеді?

1.Генетикалық;

2. Уақытша тістің қадалып шығуы;

3. Баланың ерте жаста ауыруы;

4. Суда фтор деңгейінің жоғарылауы;

5. Мезодермальды жасушалық құрылымдардың патологиясы.

 

17. 9 жастағы баланың төменгі мен жоғары жағындағы тұрақты ортаңғы күрек тістер ақшыл дақтармен бірге жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасындағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Дәрумендер препараттарының кешенін тағайындау;

2. Тістерді депульпациялау;

3. ШИЦ-пен пломбылау;

4. Ағарту;

5.Ремтерапия.

 

18. 9 жастағы баланың төменгі мен жоғары тұрақты ортаңғы күрек тістері ақшыл дақтармен жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасыдағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Витальды бояу кезінде дақтардың түсі өзгермейді.

Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген дұрыс?

1. Жарақаттық зақымданумен

2. Жетілмеген амелогенезбен

3.Флюороз, дақты түрімен

4. Тістің қатты тіндерінің эрозиясымен

5. Бастапқы тіс жегімен

 

19. 14 жастағы бала тіс қажалуына шағымданып келді. Объективті көрініс: тістер сулы-сұр түсті, жылтыр. Жоғарғы күрек тістер кіреукесі жұқарған, оңай шытынайды, кесу қырлары өткір. Төменгі күрек тістердің сауыты 1/3 биіктікке қажалған, дентині ашылған, тегіс, күңгірт қоңыр түсті.

Осы жағдайда науқасқа байланысты қандай ем тактикасы қолданылады?

1.Ақауларды композициялық материалдармен қалпына келтіру;

2. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

3. Бұзылған тістердің ұлпасын алу;

4. Міндетті түрде протездеу;

5. Ағарту терапиясы.

 

20. 11 жастағы бала профилактикалық мақсатта қаралды. Объективті: 4.4 тістің шайнау бетінің кіреукесінде қоңыр түсті бұдырлы аймақ анықталды. Анасының айтуы бойынша, 1 ай бұрын 8.4 тісі жұлынған, қызылиегінде ұзақ уақыт жыланкөз болған.

Төменде аталған тістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрсетілген клиникаға тән?

1. Фурнье тістері

2.Турнер тістері

3. Пфлюгер тістері

4. Гетчинсон тістері

5. Қашалған тістер

 

21. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы жүйелі гипоплазияның дақты түріне тән?

1.Шекарасы анық, симметриялы орналасқан ақ түсті дақтар;

2. Орталық күрек тістердің кесу қырларында жарты ай тәрізді тіліктердің болуы;

3. Тіс сауытының шектелген аймағында кіреукенің жұқаруы;

4. Кіреукедегі ені мен тереңдігі әртүрлі сайлы шұңқырлар;

5. Жеке тістерде ақ дақтар мен эрозиялардың кезектесіп орналасуы.

 

22. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы жүйелі гипоплазияның эрозиялы түріне тән?

1. Кіреукедегі ені мен тереңдігі әртүрлі, табаны жұқарған сайлы шұңқырлар;

2. Шекарасы анық, симметриялы орналасқан ақ түсті дақтар;

3. Орталық күрек тістердің кесу қырларында жарты ай тәрізді тіліктердің болуы;

4. Тіс сауытының шектелген аймағында кіреукенің жұқаруы;

5. Жеке тістерде ақ дақтар мен эрозиялардың кезектесіп орналасуы.

 

23. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы жүйелі гипоплазияның сайлы түріне тән?

1. Тіс сауытының әр жерінде кіреуке қабатының жұқаруы;

2. Кіреберіс бетінде ақ дақтар мен эрозиялардың кезектесіп орналасуы;

3. Кіреукедегі ені мен тереңдігі әртүрлі шұңқырлар;

4. Орталық күрек тістердің кесу қырларында жарты ай тәрізді тіліктердің болуы;

5. Шекарасы анық, симметриялы орналасқан ақ түсті дақтар.

 

24. Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған.

Төменде аталған болжамды нақтаманың қайсысы дұрыс?

1. Гипоплазия, сайлы түрі;

2. Гипоплазия, эрозиялы түрі;

3. Гипоплазия, толқынды түрі;

4. Гипоплазия, дақты түрі;

5. Флюороз, дақты түрі.

 

25. Төменде аталғандардың қайсысы кіреукенің жергілікті гипоплазиясының себепшісі болуы мүмкін?

1.Тұрақты тіс фолликуласының механикалық жарақаты;

2. Жатырішілік пневмококктық инфекция;

3. Жүктілік кезінде анасының ауруы;

4. Суда фтордың көп болуы;

5. Жақсүйектегі остеомиелиттік ошақ.

 

26. Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған.

Төменде аталған пломбылық материалдардың қайсысын эстетикалық көрсеткіштер бойынша қолданған дұрыс?

1. Химиялық қатаятын композиттік материалдар;

2.Сәулемен қатаятын композиттік материалдар;

3. Эпоксидті пломбылық материалдар;

4. Толықтырылмаған полимерлік материалдар;

5. Силикатфосфатты цементтер.

 

27. 11 жастағы бала емханаға жоғарғы күрек тістердің эстетикалық ақауына шағымданып келді. Объективті: жоғарғы орталық күрек тістердің кіреберіс бетінде аздап білінетін бор тәрізді жолақтар бар, кіреуке тегіс, жылтыр.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді – теңбілді түрі;

2.Флюороз, жолақты түрі;

3. Флюороз, дақты түрі;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Кіреуке гиперплазиясы.

 

28. Балалар емханасына 12 жасар бала тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Объективті: орталық күрек тістердің сауыттарының ½ бөлігі сақталған, сулы-сұр түсті, дентині ашылған. Рентгенограммада: тіс қуысы мен түбір өзектерінің облитерациясы, түбір ұшында гиперцементоз көріністері және сүйек тінінің ыдырау ошақтары бар.

Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стейнтон–Капдепон синдромы;

2. Лобштейн – Фролик ауруы;

3. Жетілмеген дентиногенез;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Жергілікті гипоплазия.

 

29. Балалар емханасына 12 жастағы бала тістеріндегі эстетикалық ақауларға шағымданып келді. Объективті: орталық күрек тістердің сауыттарының ½ бөлігі сақталған, сулы-сұр түсті, дентині ашылған. Рентгенограммада: тіс қуысы мен түбір өзектерінің облитерациясы, түбір ұшында гиперцементоз көріністері және сүйек тінінің ыдырау ошақтары.

Осы ауруға төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы сәйкес?

1. Тістерін жұлу;

2. Ағарту емі;

3.Ремтерапия, реставрация;

4. Бұзылған тістердің ұлпасын алу;

5. Дәрумен препараттарының кешенін тағайындау.

 

30. 12 жастағы жасөспірім емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Кешенді тексергеннен кейін дәрігер-стоматолог нақтама қойды: 1.4 тістегі сына тәрізді ақау.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы дұрыс?

1. Ақауды герметизациялау;

2. Цементпен пломбылау;

3.Ремтерапия, пломбылау;

4. Металлокерамиалық сауытпен қаптау;

5. 10% кальций глюконаты ерітіндісімен аппликациялау.

 

31. Емханаға 14 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог қарап тексергенде 1.4, 2.4 тістерінен сына тәрізді ақауды анықтады.

Қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет?

1. Беткей тісжегімен;

2.Кіреуке эрозиясымен;

3. Гипоплазиямен;

4. Флюорозбен;

5. Аплазиямен.

 

32. Емханаға 14 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауына шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог қарап тексергенде 1.4, 2.4 тістерінен сына тәрізді ақауды анықтады.

Осы жағдайды емдеу тактикасы қандай?

1. Ақауды герметизациялау;

2. Цементпен пломбылау;

3. Металлокерамиалық сауытпен қаптау;

4. 10% кальций глюконаты ерітіндісімен аппликациялау;

5. Ремтерапия, сәулемен қатаятын материалмен пломбылау;

 

33. 13 жастағы жасөспірім емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Кешенді тексергеннен кейін дәрігер-стоматолог нақтама қойды: Флюороз, бор тәрізді – теңбілді түрі.

Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Шыныиономерлік цементпен реставрациялау;

2. Тегістеу, фторлак жағу;

3. Реминералдаушы ем;

4. Ортопедиялық ем;

5.Ремтерапия, ламинация.

 

34. Профилактикалық тексерілуге 11 жастағы жасөспірім келді. Объективті: 3.4 тістің ұрт төмпешігінде күңгірт-қоңыр түсті дақтар бар, төмпешіктер беті тегіс емес. Шұқып тексергенде бұдырлы. Ауыру сезімі жоқ, уақытша тісі жақында жұлынған.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жүйелі гипоплазия;

2.Жергілікті гипоплазия;

3. Бастапқы тісжегі;

4. Кіреуке некрозы;

5. Гиперплазия.

 

35. 11 жастағы қыз бала тістер түсінің өзгергеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі тістердің көлемі кіші, тістер аралығында айқын саңылаулар бар. Кіреукесі тегіс, жылтыр, қоңыр түске боялған. Осындай өзгерістер әкесінде де бар.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стейнтон-Капдепон синдромы;

2. Жетілмеген дентиногенез;

3. Жетілмеген амелогенез;

4. Эндемиялық флюороз;

5. Жүйелі гипоплазия.

 

36. 11 жастағы қыз бала тістер түсінің өзгергеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі тістердің көлемі кіші, тістер аралығында айқын саңылаулар бар. Кіреукесі тегіс, жылтыр, қоңыр түске боялған. Осындай өзгерістер әкесінде де бар.

Осы жағдайды емдеу тактикасы қандай?

1. Ремтерапия, сәулемен қатаятын материалмен реставрациялау;

2. Шыныиономерлік цементпен реставрациялау;

3. Тегістеу, фторлак жағу;

3. Реминералдаушы ем;

4.Ортодонттық ем;

 

37. Профилактикалық тексергенде 13 жасар баладан анықталды: орталық күрек тістерінде бор тәрізді, сары, қоңыр түсті дақтар бар. Кіреукесі тегіс, жылтыр. Осындай көріністер осы аймақтың басқа да тұрғындарында бар. Төменде аталған аурулардың қайсысына осы клиникалық көріністер тән?

1. Беткей тісжегі;

2. Сына тәрізді ақау;

3. Бастапқы тісжегі;

4.Флюороз;

5. Эрозия.

 

38. Емханаға 9 жасар баласы мен анасы профилактикалық тексерілуге келді. Объективті: орталық күрек тістердің кіреберіс бетінде симметриялы орналасқан, тегіс, жылтыр дақтар бар. Анасының айтуынша, тістер дақтармен жарып шыққан.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Флюороз;

2. Сына тәрізді ақау;

3.Жүйелі гипоплазия;

4. Беткей тісжегі;

5. Патологялық қажалу.

 

39. 8 жасар балада тістері сулы-сұр түсті, күрек тістерінда қажалу байқалады. Анасының айтуынша, жұбайының тістерінің түсі дәл осындай, қажалуға байланысты көлемі кішірейген.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стейнтон-Капдепон синдромы;

2. Жетілмеген дентиногенез

3. Жетілмеген амелогенез;

4. Эндемиялық флюороз;

5. Жүйелі гипоплазия.

 

40. Профилактикалық тексерілуге 11 жастағы жасөспірім келді. Объективті: 3.4 тістің ұрт төмпешігінде күңгірт қоңыр түсті дақтар бар, төмпешіктер беті тегіс емес. Шұқып тексергенде бұдырлы. Ауыру сезімі жоқ, 7.4 тісі асқынған тісжегі бойынша жұлынған.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Кіреуке некрозы;

2.Жергілікті гипоплазия;

3. Жүйелі гипоплазия;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

41. Профилактикалық тексерілуге 11 жастағы жасөспірім келді. Объективті: 3.4 тістің ұрт төмпешігінде күңгірт қоңыр түсті дақтар бар, төмпешіктер беті тегіс емес. Шұқып тексергенде бұдырлы. Ауыру сезімі жоқ, 7.4 тісі асқынған тісжегі бойынша жұлынған.

Осы жағдайды емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қандай?

1. Ақауды герметизациялау;

2.Ремтерапия, ламинация

3. Цементпен пломбылау;

4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;

5. 10% кальций глюконаты ерітіндісімен аппликациялау.

 

42. 6 жастағы бала тістерінің түсі өзгергеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі тістердің көлемі кіші, тістер аралығында айқын саңылаулар бар. Кіреукесі тегіс, жылтыр, қоңыр түске боялған. Осындай өзгерістер әкесінде бар.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стейнтон-Капдепон синдромы;

2. Жетілмеген дентиногенез

3.Жетілмеген амелогенез;

4. Эндемиялық флюороз;

5. Жүйелі гипоплазия.

 

43. Балалар стоматологиялық емханасына 8 жасар бала қаралды. Объективті: жоғарғы және төменгі тұрақты күрек тістер кіреберіс бетіндегі, бір көлденең жазықтықта орналасқан, ақ түсті дақтар және жолақтармен жарып шықты.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жергілікті гипоплазия;

2.Жүйелі гипоплазия;

3. Эндемиялық флюороз;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Жетілмеген дентиногенез.

44. Балалар стоматологиялық емханасына 8 жасар баласы мен анасы келді. Объективті: жоғарғы және төменгі орталық күрек тістер кіреберіс бетінде, бір көлденең жазықтықта орналасқан, ақ түсті дақтар және жолақтармен жарып шықты.

Осы жағдайды емдеу тактикасы қандай?

1. Фторлак жағу;

2. Ақауды герметизациялау;

3. Цементпен пломбылау;

4.Реминералдаушы ем;

5. Металлокерамикалық сауытпен қаптау.

 

45. Балалар стоматологиялық емханасына 6 жасар баласы мен анасы профилактикалық тексерілуге келді. Объективті: барлық тістер сулы-сұр түсті, тістердің қажалуы байқалады, осындай өзгерістер әкесінде де бар.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Флюороз

2. Жүйелі гипоплазия

3. Жетілмеген амелогенез;

4. Жетілмеген дентиногенез;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

46. Анасы мен 10 жасар баласы ауыз қуысын сауықтыру мақсатында қаралды. Объективті: 1.1 тістің кіреберіс бетінде сары түсті кіреукенің терең ақауы бар, қалған тістерде бұл өзгеріс жоқ. Анамнезінен: уақытша тісі жарақаттан соң жұлынған.

Төменде аталған болжамды нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Флюороз;

2.Жергілікті гипоплазия;

3. Жүйелі гипоплазия;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Жетілмеген дентиногенез.

 

47. Емханаға 10 жастағы баласының ауыз қуысын санациялауға анасы келді.

Объективті: 1.1 тістің кіреберіс бетінде сары түсті кіреукенің терең ақауы, қалған тістерде бұл өзгеріс жоқ.

Осы жағдайды емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қандай?

1. Фторлак жағу;

2. Ақауды герметизациялау;

3. Цементпен пломбылау;

4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;

5.Ремтерапия, сәулемен қатаятын материалмен пломбылау;

 

48. Төменде аталған зақымданулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тістер дамуының туа біткен ақауларына жатады?

1.Жетілмеген амелогенез;

2. Патологиялық қажалу;

3. Сына тәрізді ақау;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Флюороз.

 

49. Емханаға ауыз қуысы сауықтыру мақсатында 10 жасар бала келді. Объективті: бөшке тәрізді пішінді орталық күрек тістердің кесу қырларында жарты ай тәрізді ойықтар бар, шұқып тексергенде ауырмайды.