Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу

Жүректі зерттеуде (кардиологиялық датчиктер) орташа фокустық, 3 немесе 3,5 МГц секторлық датчиктері қолданылады. 5 МГц датчиктерде ультрадыбыстың ену тереңдігі аз болғандықтан, кардиологияда шектелген масштабты түсіруде, әсіресе балаларды зерттеуде қолданады.

Қазіргі сканерлердің ультрадыбысты кескіннің бір кадрын ғана есте сақтауға мұмкіндігі бар. Жүректі көру және кескіндеу кезінде жүректің жиырылу сәтіндегі белгілі бір кезеңді ғана (диастола, систола) суретке түсіру қажетігі туындайды. Сондықтан кардиологиялық зерттеулерге арналған УДЗ құралында, ультрадыбыстық кескінді электрокардиограммалармен(ЭКГ) үйлестіретін синхронизациялаушы бөлік болады. УДЗ курсорының көмегімен ЭКГ-да жүрек жиырылуы кезіндегі қажетті кезеңді таңдауға және кардиограмманың таңдалған кезеңін ультрадыбысты кескінде тоқтатып түсіруге болады. Мұндай бөлік физиологиялық сигналды көрсету бөлігі деп аталады. Кардиограмма мониторында көрсету бөлігінен басқа синхронизация бөлігі бар. Бұл бөлік УДЗ экранында жүректің фонын, пульстік толқынды көрсетеді. Сондықтан блоктардан тұратын электродтардан бөлек жүрек фонының микрофонын, пульстік толқынның датчигін қоюға болады.

SSD-500, SSD-630, SSD-650 сканерлерінде абдоминальді конвексті кардиологиялық датчиктер қолданылады. Олар ультрадыбыспен қабырғааралық мөлдір кеңістіктен жұректі кескіндеуді жұргізуге мұмкіндік береді.

Арнайы кардиологиялық зерттеулер жүргізу ұшін “Алока” фирмасы 5 және 7,5 МГц эзофагиналді конвексті датчиктер жасап шығарды. Бұл датчиктер ас қорыту жүйесі арқылы жүрекке жақын келіп, жиілігі 5 немесе 7,5 МГц ультрадыбыспен үлкен аймақты тұсіре алады.

Кардиологиялық зерттеулерде кейде М-режимі қолданылады. БҰл режимде кескіндеу жоқ. Датчиктен шыққан ультрадыбыс сәулелері тұзу сызық бойымен таралады да, Ұлпа тығыздығы өзгерген шекарадан шағылады (яғни мұше бетінен, жаңа пайда болған нәрседен).

Шығылған сәулені датчик қабылдайды да, монитор экранында жарық нұкте тұрінде көрінеді. Ультрадыбыспен ұздіксіз сәулелендіргенде экранда жұрек Ұлпаларының шекарасына сәйкес келетін бірнеше жарық қисықтар көрінеді.

Доплерография

 

Жоғарыда көрсетілгендей, доплер бөлігі қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Сондай-ақ зерттеу мәліметін арттыру ұшін аппарат микрокомпьютері долпер сигналының спектралді сипатамасын есептейді.

Доплер сигналының спектралді сипаттамасының пішіні сканер мониторының экранында кескінделеді. Жүрек клапандарының, түпкі тамырлардың доплер сигналдары спектрінің атласы жасалған. Атлас жүрек бөлігі жұмысының патологиялық бұзылуын пішіні бойынша анықтауға мұмкіндік береді.

Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының шамасы максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан ағыны жылдамдығын өлшеу мүмкін болмай қалады. Доплерографияның 2 негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW).

Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы бойында шағылады. Сондықтан бүкіл түтік бойындағы қан ағынының интегралдық жылдамдығын өлшеуге болады, өлшеу шегі 10 м/сек. Үздіксіз доплерография жіңішке тамырлардағы қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Жүректің белгілі бір бөлігіндегі қан ағыны жылдамдығын анықтауда импульсті доплерография қолданылады. Импульсті доплерографияда қан ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек.

“Алока” фирмасы мынадай датчиктерді шығарады: 3 МГц тік ASU-32CWD-3; 5 МГц тік ASU-32CWD-5. Бұлар екі элементті секторлы датчиктер – бірі кескіндеу үшін, ал екіншісі – доплерография үшін қолданылады. Екі элементті секторлық датчикті пайдаланғанда, сканер микрокомпьютері бір мезгілде, экран мониторында доплерлік УД-сәулесі бағытымен нүктелік сызық және доплерлік шағылған сигналдың таңдау белгісін кескіндейді. Белгі орналасқан жерде қан ағыны жылдамдығын өлшеу жұргізіледі (6-сурет). Осы берілгендердің барлығын монитор бетінде көрініс табады.

 
 

 

 


Доплерография кардиологияда қан ағыны жылдамдығын, қысым градиентін, минуттық көлемді, пульсті, шунтты қан ағынын (құлақша аралық, не қарынша аралық бөліктердің ақаулықтарын) өлшеуде қолданылады.Ішкі абдоминалді мүшелерді зерттеуде доплерография шектеулі түрде қолданылады.УД-толқынының емдік әсері, ағзада күрделі физиологиялық реакция тудыратын ультрадыбыстың комплексті, механикалық және физико-химиялық әсеріне негізделген.

«Алока-630» құралы келесі мүшелерді ультрадыбыспен кескіндеуге мүмкіндік береді:

1. Жүрек.

2. Ішкі мүшелер (бауыр, бұйрек).

3. Жыныс мүшелерін, матка.

4. Шарананы.

5. Ерлер жыныс мұшелерін.

6. Ұйқы және сүт бездерін.

7. Ұйқы артериясын.

8. Нәресте және үлкен адамдардың миын.

 

«Алока SSD-630» құралының құрылысы

Аппараттың негізгі басқару бөліктері: монитор, датчиктер, датчиктерді қосатын ұя. Ол құралдың оң жақ бүйірінде (бөлігінде) орналасқан. Сондай-ақ монитордағы кескінді принтер арқылы шығаратын бөлік және құралдың сол жақ бүйрінде (бөлігінде) оны жұмысқа қосатын «сеть» тумблері орналасқан. Негізгі басқару панелінде мыналар орналасқан (7 сурет): 1- курсорды жылжытып объектінің ауданын, сызықтық өлшемдерін анықтауға арналған шар(мышка-тышқан); 2- көрністі суретке түсіру тетігі; 3- көрінген кескіннің геометриялық өлшемдерін анықтауды таңдау(ауданын, ұзындығын, көлемін т.б.)тетігі. 4-алдын-ала программаланған тапсырмаларды орындауға арналған көп функционалды қосқыштар(акушерлік, кардио); 5-датчиктерді таңдау қосқыштары; 6-әріптік сандық мәтін жазуға арналған пернетақта (клавиатура); 7- монитор; 8-датчиктерді «М», «В» немесе «МВ» режимінде жұмысқа қосу қосқыштары; 9- режимді таңдау тетігі; 10- датчиктер тұтатын ұя; 11-монитордағы көрністің жарықтығын, анықтығын реттейтін тетіктер; 11- «+» және «Х» курсор белгілерін таңдау тетігі; 12- монитордағы кескінді тоқтату түймесі (стоп-кадр). 13- кескінді қалыңдығы (тереңдігі) бойынша анық көрсетуді реттегіш тетік;

 

 
 

 


7 суретАлока SSD-630» құралын басқару панель