Сөзбен құралатын тауарлық белгілердің мысалдары

Тауарлық белгіні тіркеу (тауарлық марка).

«Тауарлық белгі», ол арнайы тіркеуден өткен, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің өндіретін тауарларын тұтынушыларға даралап көрсету үшін қолданылатын белгі, немесе таңба(сөз түріндегі тауарлық белгі болса – бір, немесе бірнеше сөздің жиынтығы; бейнелеу түрінде болса - түрлі түсті немесе ақ-қара бейнесіндегі сурет; ал құрама (комбинация) түрде болса – сөз, немесе бірнеше сөздер мен бейненің тіркесімі болып табылады).

Тауарлық белгілер, немесе таңбалар – мекемелердің фирмалық бланкілерінде, сондай ақ осы тауарларды орналастыру (сату) үшін қолданылатын этикеткаларда, орамдарда (упаковка), мекеме нысанының маңдайша жазуларында, немесе жарнамалық материалдарда қолданылады.

Бірақ та, күнделікті өмірде, тауарлық белгі деген сөздің орнына көбінесе тауарлық марка, логотип, фирмалық эмблема, фирмалық таңба, брәнд, т.с.с басқа ұғымдар көбірек қолданылады. Алайда, бұл түсініктерді күнделікті практикада көп айтқанымызбен, ҚР заңнама жүйесінде тауарлық марка, фирмалық белгі және логотип деген сөздердің қолданбауына байланысты, ресми түрдегі атау «тауарлық белгі» болып қала береді.

Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер өздері өндіретін тауарларды немесе көрсететін қызмет түрлерін тұтынушыларға танымал және түсінікті етіп көрсету үшін не істеуі керек деген сұрақ туады?Әрине, олар өз тауарларының үлкен көлемді басқа да тауар өндірушілер мен қызметтердің арасындаерекшелініп көрінгенін қалайды. Оны, тек қана өндірілетін өнімнің өзіне тән дара қасиеттерін көрсете алғанда ғана жасауға болады. Сол себептен, тұтынушылардың назары мен олардың ақшаларына таласу сайысында жетекші ролді тауарлық белгі, яғни тауарлық марка анықтайды.

Тауарлық белгінің негізгі атқаратын функциялары:

1. Дараландыру, немесе ерекшелендіру функциясы.

Бұл жерде, тауарлық белгінің арқасында тұтынушылар біртектес тауарлардың ішінен өздеріне бұрыннан танымал ұнаған тауарларын, немесе, қызмет көрсету түрлерін көптің ішінен таңдап алуға мүмкіндік алады.

2. Тауардың шығу, немесе жасалу тегінен хабар беру функциясы.

Яғни, тауарлық белгі, тауардың өзін түпкілікті зерттеп жатпай ақ, оны тұтынушылардың тез анықтауына мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, тұтынушы, бірдей тауарлық маркамен белгіленген бірнеше тауарды немесе қызмет көрсетуді сатып ала отырып, оларды шығарған өндіріс көзінің біреу екеніне күмәні болмайды. Есте тез қалатын тауарлық белгі, көбінесе, тұтынушылардың арсында кейіннен брэнд ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

3. Тауардың сапасын көрсету фанкциясы

Тауарлық белгіге, тұтынушы ең алдымен сапа кепілдігі ретінде көңіл аударады. Сол себептен, тауарлық белгіні иеленуші, әдайымда өзі ұсынған тауарларының, немесе, көрсеткен қызметтерінің белгілі бір сапа стандартына сәйкес екендігіне кепілдік береді.

4. Тауарлық белгінің жарнамалық функциясы.

Тауарлық белгі, нарық жүйесінде ешбір нәрсемен орын алмастыра алмайтын бірден бір жарнама көзі және тауар мен қызмет көрсетуді тұтынушыларға енгізетін (көрсететін) негізгі құрал болып табылады. Мұны, тауарлық функцияның ең басты мақсаты деп айтуға болады.

Тауарлық таңбалар ретінде бола алатын белгілеулер

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ҚР Заңына сәйкес, тауарлық белгі, немесе, таңба ретінде - сөзбен, бейнемен, көлемдік фигурамен, немесе, олардың комбинациясы түрінде көрсетіле алады.

Сөйтіп, тауарлық белгі, бір, немесе бірнеше сөзден, цифрлардан және әр түсті бейнелерден, немесе оларды бір бірімен араластыру (комбинациялау) арқылы жасақталуы мүмкін.

Сөзбен құралатын тауарлық белгілердің мысалдары

Сөзбен жасақталынатын тауарлық белгілерге сөздер, немесе сөздер мен әріптердің жиынтығы, сондай ақ белгілі бір түсінік беретін сөздер құрамы мен сөйлемдер жатады.

Сөзбен жасақталынатын тауарлық белгілерге практикада қолданылып жүрген, немесе, жаңадар ойлап табылған сөздер, сонымен қатар, сөздер жиынтығы мен сөйлемдер жатуы мүмкін, мысалы:

- күнделікті қолданылып жүрген сөз бен сөздер жиынтығынан құрылған тауарлық белгілердің мысалы:

«АСТАНАЛЫҚ», «САПА КЕПІЛІ», «ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗІ», «ДАСТАРХАН», «ДӘМНІҢ АТАСЫ», ПАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ т.с.с.;

- фантазиялық құрастырулар арқылы ойлап табылған сөздер:

"ВИТАМАМА", "КОМПАШКИ", «У БАРАБАШКИ», «ХАЛЫҚНАН»;

- фирмалық ұран немесе фирма сөзі (слоган):

"БІЗ БАҚЫТ ТҰРҒЫЗАМЫЗ", "СІБІРЛІК САПА СІЗДІҢ БАҚЫТЫҢЫЗҒА",
"ХЛЕБНИЦА ОТ ПОЛЮШКА ДО ХЛЕБУШКА",
"ДӘРІГЕР – СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА";