Гипертониялық іш қату 2 страница

Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Бисопролол 5 мг

2. Амлодипин 5 мг

3. Периндоприл 4 мг

+4. Индапамид 2,5 мг

5. Лозартан 50 мг

 

38. 35 жасар әйел, қатты бас ауруына, шөлдеуге, жүрек қағысына, төс артындағы ауру сезіміне, айқын әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде бір жыл бойы гипертензиялық криздер, криз жиі көп мөлшерде зәр шығарумен аяқталады. Қарағанда: қозған, терісі боз, ылғалды. Дене температурасы 37,80С. Пульсі 115 соққы минутына. Артериальдықан қысымы 180/110 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған Қан талдауында: эритроциттер 5,2х1012/л, гемоглабин 145 г/л, лейкоциттер 16,3х109\л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қандағы қант 6,7 ммоль/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

1. Рентгенография

2. Электрокардиография

3. Ультрадыбысты зерттеу

4. Радиоизотопты сканирлеу

+5. Магнитті-резонансты томография

 

39. 60 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы артериалдық гипертензиямен ауырады. Бойы – 165 см, салмағы – 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қолданбайды. Жағдайының нашарлағаны бір аптадан бері. Перкуторлы жүректің сол шекарасы ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 88 рет/мин., АҚҚ 150/85 мм.с.б. ЭХОКГ-да: сол жақ қарынша гипертрофиясы. Болжама диагнозыңыз қандай?

1. Артериалдық гипертония I дәрежесі, қауіп тобы 2

+2. Артериалдық гипертония, I дәрежесі, қауіп тобы 3

3. Артериалдық гипертония II дәрежесі, қауіп тобы 4

4. Артериалдық гипертония II дәрежесі, қауіп тобы 3

5. Артериалдық гипертония, III дәрежесі, қауіп тобы 4

 

40. 14 жастағы пациентте АҚҚ 200/120 мм.с.б. Аяқтарының жансыздануына шағымданады. Қарап тексергенде кеуде клеткасы жақсы дамыған, аяқтары жіңішке. Кеуде қуысының рентгенограммасында қабырғаның төменгі бөліктері иректелген. Болжама диагнозыңыз?

1. Саркоидоз

+2. қолқа коарктациясы

3. Иценко – Кушинг ауруы

4. арнайы емес аортоартериит

5. қолқа атеросклерозы

 

41. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы бронх астмасы бар науқасқа гипертониялық кризді басуға қарсы көрсеткіш болып табылады?

+1. Метопролол

2. Нитроглицерин

3. Празозин

4. Каптоприл

5. Амлодипин

 

42. 59 жастағы әйел адам. Кенеттен ауырады. Шағымдары: басының қатты ауыруы, басының айналуы, есінің жоғалуы, қысқа уақытқа тырысулар, жүрегінің айнуы, құсу. Қарап тексергенде: есі анық емес, бозғылт. Тахипноэ. Жүрек тондары айқын тұйықталған, ритмі дұрыс. Пульсі 110 рет/мин, АҚҚ 210/120 мм.с.б. ЭКГ-да ST сегменті V4-V5 төмендеген, сол қарынша гипертрофия белгілері.

Аталған препараттардың қайсысы осы этапта ЕҢ тиімді?

+1. Эналаприл к\т

Нифедипин тіл астына

Пропранолол ішке

Каптоприл тіл астына

Фентоламин к\т

 

43. АҚҚ 180/110 мм.с.б. қандай деңгейге сәйкес келеді?

1. Гипертензия I дәрежелі

2. Гипертензия II дәрежелі

+3. Гипертензия III дәрежелі

4. Оптимальды қысым

5. шектелген гипертензия

 

44. Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфаркті кезінде ЕҢ жиі қарыншалар фибрилляциясына әкеледі?

1. Жүрекше жыбырлауы

2. Жүрекшк тыпырлауы

3. Синустық тахикардия

+4. Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

5. Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

 

45. 60 жасар ер адам, ентігуге, бас айналуына, қысқа мерзімді талмаға шағымданады. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, пульсі сирек, ырғақты минутына 52 рет, артериалды қан қысымы 100/70 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. ЭКГ: Р тісшесі мен QRS комплексі арасында байланыс жоқ. Р-Р интервалы 0,75 секунд, R-R интервалы 1,2 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

1. Синоаурикулярлы бөгет

+2. Толық атриовентрикулярлы бөгет

3. Атриовентрикулярлы бөгет I дәрежесі

4. Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі I тип

5. Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі IІ тип

 

46. 56 жасар ер адам, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 142 рет, артериалды қан қысымы 140/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: R-R интервалдары 0,40 секунд, Р тісшесі кейбір QRS комплекстерінің алында жоқ немесе әрбір QRS комплексінің алдында кейде артында кездеседі, QRS комплексі 0,11 секунд.

ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?

1. Жыпылықтаушы аритмия

2. Жүрекше тыпырлауы

3. Суправентикулярлы экстрасистолия

4. Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

+5. Суправентикулярлы пароксизмалды тахикардия

 

47. Ер адам 55 жаста, төс артындағысолжауырынға берілетін, физикалық күшпен байланысы жоқ күйдірген ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: Жүректің соғу жиілігі минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, дұрыс,минутына 90 рет, жүректің электрлік өсі күрт оңға ауытқыған. QRS комплексі 0,14 секунд. II, III, aVF, V1-V3 әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы биік, дискордантты ST сегменті және T тісшесімен. I, II, aVL, V5, V6 әкетпелерінде R тісшесі төмен амплитудалы және терең S тісшелер.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал бөгет қайсысы?

1.Қарынша ішілік бөгет

+2. Гис шоғырының оң аяқшасының бөгеті

3. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгеті

4. Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгеті

5. Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес бөгеті

 

48. 35 жастағы әйел, ентігу, түнгі тұншығу ұстамасына, қан түкіруге, жүрек қағысына шағымданады. Қарап тексергенде: еріндері көгерген, беттері қызыл шыраймен. Аускультативті: шапалақтаушы I тон, өкпе артериясы тұсында II тонның акценті, екі жармалы қақпашаның шертіп ашылуы, жүрек ұшында диастолалық шу. ЭКГ: ырғағы дұрыс емес, электрлік осі қалыпты жағдайда, Р тісшесі жоқ, майда f толқындары, R-R интервалыт 0,75-тен 0,45-ке дейін, R тісшесінің амплитудасы әртүрлі, P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Бисопролол

2. Лидокаин

3. Дилтиазем

4. Верапамил

+5. Дигоксин

 

49. Ер адам 62 жаста, жүрек қағысындағы бөгеліске шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі минутына 92 рет, артериалды қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқада II тонның акцентіЫрғағы дұрыс емес. Электрокардиограммада: синустық тахикардия, минутына 100 соққы, кезексіз QRST комплекстері, QRS комплексі 0,13 секунд. Т тісшесі QRS комплексіне дискордантты. QRST кейін толық компенсаторлық үзіліс.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

+1. Лидокаин

2. Новокаинамид

3. Амиодарон

4. Верапамил

5. Нифидипин

 

50. Стационарға науқас жүрек соғысының ретсіздігіне шағымданып келді. ЭКГ-да синусты ритм фонында кезектен тыс қалыпты QRS комплексі Р тісшесінің деформациялануымен, PQ интервалының қысқаруы толық емес компенсаторлы паузамен тіркелді. Ритмнің қандай бұзылысы аталған симптоматикамен және ЭКГ-ғы өзгерістермен көрінеді?

1. Мерцательді аритмия

2. қарыншалық экстрасистолия

3. атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі

+4. жүрекшелік экстрасистолия

5. қарыншалық тахикардия пароксизмі

 

51. Көптеген жылдар бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқасты госпитализациялағанда ЭКГ-да келесі өзгерістер анықталды: II, III, aVF ,V1 әкетулерінде жоғары амплитудалы Р тісшесі, Р тісшесінің ұзақтығы 0,1 с аспайды, R амплитудасы V1 = 8 мм, RV1+SV5,6 = 12mm, жүректің электр осі оңға жылжыған (бұрыш α+100). ЭКГ мәліметтерін шешіңіз?

1. оң қарынша гипертрофиясы

2. оң жүрекше гипертрофиясы

+3. оң жүрекше және қарынша гипертрофиясы

4. Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы

5. жүрекше ішілік блокада

 

52. 67 жастағы ер адам. Шағымдары: кенеттен пайда болған жүрек соғуы, одан кейін әлсіздік дамиды. Ұстама бір ай бұрын вирусты инфекциядан кейін пайда болды. ЭКГ-да: тахикардия фонында Р тісшесінің амплитудасы және түрі әртүрлі, келесісі бірінен соң бірі әртүрлі уақытта, Р тісшесінің арасында эзоэлектрлі сызық; PQ ұзақтығы 0,20-0,24с; аберрантты қарыншалық комплекстер; қарынша жиырылу жиілігі 140 рет/мин.

Ритмнің қандай бұзылысы көрсетілген?

1.көпфокусты монотопты жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

+2.көпфокусты, политопты жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

3.Пароксизмальды тахикардия АВ-түйіннен

4.қарыншалық пароксизмальды тахикардия

5.Мерцательды аритмия

 

53. 40 жастағы әйел. Шағымдары: ентігу және жүрек соғу. Анамнезінде: ревматикалық қызба. Қарап тексергенде: акроцианоз, І тон әлсіреген, ІҮ қабырғада оң жақта дөрекі систоликалық шуыл. ЭКГ-да: Р тісшесі жоқ, деформацияланған айқын кеңейген қарыншалық комплекс (0,11 сек жоғары).

Сіздің болжама диагнозыңыз?

+1. қарыншалық экстрасистолия

2. жүрекше дірілі

3.қарыншаүстілік экстрасистолия

4. Пароксизмальды тахикардия

5. жүрекшелік экстрасистолия

 

54. Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфарктінің диагностикасын қиындатуы мүмкін?

+1. WPW синдромы

2. Жүрекше жыпылықтауы

3. Қарыншалық экстрасистолия

4. Гис шоғыры сол аяқшасының толық бөгеті

5. Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

 

55. 48 жасар ер адам, тегіс жермен 600 метр жүргенде және 3-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық, тоқтағанда басылатын төс артындағы басып ауыруына шағымданады. Ауру сезімі 3 аптадан бері. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75, артериалды қан қысымы 120/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

+1. Алғаш пайда болған стенокардия

2. Жедел миокард инфаркті

3. Күш түсу стенокардиясы ФК III

4. Вазоспастикалық стенокардия

5. Үдемелі стенокардия

 

56. Ер адам 55 жаста, 300 метр жүргенде және екінші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-10 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. 6 айдан бері ауырады, кейде нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі 80 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 130/90 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Алғаш пайда болған стенокардия

2. Күш түсу стенокардиясы ФК I

3. Күш түсу стенокардиясы ФК II

4. Күш түсу стенокардиясы ФК III

+5. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

 

57. Ер адам, 45жаста. Таңға жақын төс артында қатты басып ауыру, жүрек қағысы, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: акроцианоз, суық жабысқақ тер, жүректің соғу жиілігі 90 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі минутына 85 рет. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Күш түсу стенокардиясы

+2. Вазоспастикалық стенокардия

3. Үдемелі стенокардия

4. Алғаш пайда болған стенокардия

5. Жедел коронарлы жетіспеушілік

 

58. Ер адам 60 жаста, төс артындағы, төменгі жаққа берілетін қатты ауру сезімінен кенеттен оянды, 2 рет изокет қабылдады, ауру сезімі басылмады. Айқын әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синустық тахикардия минутына 95 ретке дейін. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы, I, aVL, V2-V4 әкетпелерінде ST сегментінің депрессиясы.

Көрсетілген тексерулер ішінде бірінші орындағы ЕҢ спецификалысы қайсысы?

+1. Миоглобин деңгейі

2. Лактатдегидрогеназа деңгейі

3. Тропонин Т ферментінің деңгейі

4. Тропонина I ферментінің деңгейі

5. Кератинфосфокиназы деңгейі

 

59. 55 жасар әйелде, физикалық күшпен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин ішкенде басылатын жүрек тұсында қысып ауыру пайда болады. Анамнезінде Аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюі. Қарап тексергенде: Артериалдық қан қысымы 160/90 мм.с.б.б. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

1. Велоэргометрия

2. Обзиданмен сынама

3. Эхокардиография

4. Коронароангиография

+5. Тәуліктік мониторлау

60. 8 жастағы баланың шағымдары: айқын әлсіздік, басының айналуы, кеуде қуысында ауыру сезімі, көзінің тор қабығының сарғаюы, қан түкіру, ентігу. Алғашқы ұстама 1 жыл бұрын болды. Келесі ұстамалар 2-4 күнге ұзарды. Қарап тексергенде: тері жабындысы көкшіл бозғылт, саусақтары «барабан таяқшасындай». Өкпесінде қатаң дыбыс, ылғалды сырылдар. Бауыры және көкбауыры +1 см ұлғайған. Қақырық анализінде: гемосидеринге тұнған макрофагтар.

Аталғандардың қайсысы ЕҢ тиімді боып табылады?

1. Антибиотиктер

2. Муколитиктер

3. Гепатопротекторлар

4. Антикоагулянттар

+5. Кортикостероидтар

 

61. 45 жастағы ер адам кеуде тұсында қысып, күйдіріп ауыру сезіміне, оның эпигастрий аймағына таралуына, жүрек айнуына шағымданады. 2 сағаттан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, салқын термен жабылған. Тыныс алу жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. Пульсі 100 рет минутына. АҚҚ 80/55 мм.с.б. ЭКГ-да: ST сегменті I, II, aVL, V1-V4 изолиниядан жоғары, Т монофазды қисықпен жоғарылаған, , в III, aVF төмендеген, QS V1-V4 әкетулерде.

Науқаста қандай жағдай дамыды?

+1. миокард инфарктысы

2. ЖИА, стабильді күш түсу стенокардиясы

3. Принцметал стенокардиясы

4. ЖИА, үдемелі стенокардия

5. ойық жараның тесілуі

 

62. 79 жастағы әйел адам. Шағымдары: басының қатты ауыруы, басының айналуы, кеуде қуысында ауыру сезімі, көзінің алдында шыбын-шіркей ұшқандай, құсу, әлсіздік, көзінің көруінің және естуінің төмендеуі. 2 күн бойы ауырады. Қарап тексергенде: әйелдің есі анық емес, терісі бозғылт. Тыныс алуы 28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЭКГ-да: QRS комплексі кеңейген, STсегменті төмендеген, Т тісшесі V1-V6 әкетулерде теріс.

Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?

+1.Изосорбит-динитрат

2. Нифедепин тіл астына 5-10мг

3. Лазикс 20-100мг к\т

4. Эналаприл 0,625 к/т

5. Магний сульфат к\т 100-400 мг

 

63. 42 жастағы ер адамда кенеттен түнде кеуде артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды. Кенет тері жабындысы бозғылттанды, көгеру үдей түсті, суық тер басты, есінен танды. Пульсі мен қысымы анықталмады, қарашығы кеңейді. ЭКГ-да: түрі мен амплитудасы әртүрлі хоатикалы, ретсіз толқындар.

Аталған клиникалық жағдайдың қайсысы тән?

1.Кардиогенді шок

2.қарыншалар фибрилляциясы

3.жүрек тампонадасы

4.өкпе артериясының тромбоэмболиясы

+5.жедел жүрек жетіспеушілігі

 

64. Атриовентрикулярлы тарылуда қандай жүрек ырғағының бұзылысы ЕҢ тән?

1. Экстрасистолия

+2. Жүрекше жыпылықтауы

3. Жүрекше тыпырлауы

4. Синусты брадикардия

5. Пароксизмалды тахикардия

 

65. 30 жасар әйел, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы шаншып ауруға шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол қыры бойымен мезосистолалық сыртыл және үрлеуші систолалық шу естіледі, шу тік қалыпта, Вальсальва сынамасында күшейеді және жүресінен отырғанда азаяды. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде T тісшесі теріс.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

1. Қолқа кіре берісінің тарылуы

2. Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

+4. Екі жармалы қақпаша пролапсы

5. Жүрекше аралық перде дефекті

 

66. 24 жасар әйел, жүрек тұсындағы шаншып ауруға, жүрек қағысына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 92 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң жиегі бойымен, жоғарғы - III қабырға бойымен, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқа орналасқан. Жүрек ұшында I тон шамалы әлсіреген, систоланың көп бөлігін алатын, нәзік систолалық шу естіледі. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, 95 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. P-mitrale, сол қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

1. Қолқа кіре берісінің тарылуы

+2. Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

4. Екі жармалы қақпаша пролапсы

5. Жүрекше аралық перде дефекті

 

67. 29 жасар әйел, ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 14 жасында полиартритпен ауырған. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, ұшында диастолалық шу. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, минутына 95 рет. Электрлік өсі қалыпты. P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы. Жүрек рентгенографиясы: контрасталған өңеш кіші радиус доғасымен ауытқуы.

1. Қолқа кіре берісінің тарылуы

+2. Екі жармалы қақпаша тесігінің тарылуы

3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

5. Жүрекше аралық перде дефекті

 

68. 28 жасар ер адам. Шағымдары жоқ. Профилактикалық тексеруге келген. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүректің соғу жиілігі минутына 89 рет, пульсі 75 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, диастола басында жоғарғы жиілікті тон, ұшында қатаң диастолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қандай?

1. Рентгенография

+2. Эхокардиография

3. Допплерография

4. Фонокардиография

5. Электрокардиография

 

69. 36 жастағы әйел ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: тынысы минутына 28 рет. Пульсі минутына 92 рет. Оң тізе буыны ісінген, ауырсынумен, қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 2 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол- ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа орналасқан. І тон ұшында күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, жүрек ұшында пресистолалық және барлық систоланы алатын үрлемелі систолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде қандай зерттеу ЕҢ информативті болып табылады?

1. Серомукоид

2. Сиал сынамасы

3. Жалпы қан талдауы
+4. Антистрептолизин-О
5. Ақуыз және оның фракциялары

 

70. Шағымдары: оң қабырға астында ауыру сезімі, ауырлау және керілу, тәбеттің төмендеуімен қосылып жүреді, жүрек айну, ішінің кебуі, жіліншік және аяғының басының ісінуі, асцит. Үдемелі түрде әлсіздік, тез шаршағыштық, мойын аймағында пульсацияның сезілуі, ентігу.

Аталған симптомдар жүректің қандай ақауына ТӘН?

+1. үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі

2. Митральдық стеноз

3. үшжармалы қақпақша стенозы

4. қолқа сағасының тарылуы

5. қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

 

71. 33 жастағы әйелдің шағымдары: шаршағыштық, кейде жүрек тұсында шаншып ауыру сезімі. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Қарап тексергенде: пульсі 95 рет минутына, Аускультацияда: жүрек тондары тұйықталған, мезосистоликалық сыртыл, төстің сол қырында үрлемелі систоликалық шуыл, вертикальды жағдайда күшейеді.

Қандай диагностика әдісі ЕҢ негізгі?

1. Электрокардиография

+2.Эхокардиография

3.Коронарография

4.Рентгенография

5.Томография.

 

72. 28 жастағы ер адам. Шағымдары жоқ. Кезекті медициналық қаралуға келді. Қарап тексергенде: акроцианоз. ЖСЖ – 89 рет минутына, пульсі 75 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң қырынан 1 см сыртқа, жоғары – ІІ қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен, І тон күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, диастола алдында тон жоғары жиілікте, жүрек ұшында дөрекі диастоликалық шуыл.

Аталған зерттеулердің қайсысы ЕҢ алғаш жасалады?

1.Рентгенография

+2.Эхокардиография

3.Допплерография

4.Фонокардиография

5.Электрокардиография

 

73. 8 жастағы бала. Шағымдары: жүрек тұсында, тізе буынында ауыру сезімі, ентігу, жүрегінің соғуы, қызуының көтерілуі. Қарап тексергенде: ернінің, бетінің, аяқ-қолдарының көгеруі, мойын веналарының пульсациясы. Дене қызуы 390С, пульсі 100 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң қырынан 2 см сыртқа, сол жағы – сол орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа Ү қабырға аралықта, жоғары шекарасы – ІІІ қабырғаға сәйкес. Жүрек тондары тұйықталған, төстің төменгі жағында систоликалық шуыл, оң қолтық астына беріледі.

Аталған зерттеулердің қайсысы ЕҢ информативті болады?