Гипертониялық іш қату 5 страница

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы болуы ЕҢ ықтимал?

1. Пиелонефрит

2. Гломерулонефрит

3. Бүйрек гидронефрозы

+4. Бүйрек амилоидозы

5. Миеломды ауру

 

149. 43 жастағы әйел, кітапханашы болып жұмыс істейді, бетінің ісінгендігіне, ұйқышылдыққа, дауысының дөрекіленуіне, сөйлеуінің баяулауына, мойнының өсуіне шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде, беті мен қабақтары ісінген, пальпация кезінде қалқанша безі ІІ-ші дәрежеге дейін ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынусыз, тығыздану мен жаңа түзілістерсіз. Артериалдық қан қысымы – 110/75 мм.с.б.б., ЖСЖ – минутына 54 рет. Шынтақ және тізе буындары аймағында гиперпигментация.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз болып табылады?

1. Эутиреоз

+2. Гипотиреоз

3. Гипертиреоз

4. Тиреоидит

5. Тиреоаденома

 

150. 62 жастағы әйел, кешкі уақытта ұлғаятын аяқтың ісінуіне, шаршағыштыққа, аздаған дене қимылы кезінде ентігудің болуына, бас ауыруына шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: орта ауырлықты жағдай, терісі бозарған, аяқтың ісінуі, жүрек шекаралары: оң жағы -IV оң қабырға аралықта, жоғарғы – III қабырға, сол жақ - орта-бұғаналық сызықтан 2 см солға, тондары бәсеңдеген. Бауыр 4 см-ге қабырға доғасының шетінен төмен. АҚҚ – 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ-да – V1 – V3 – QS, интервал ST изолинияда.

6 минуттық жүріс тестінің қандай бағалау дистанциясы ЕҢ ықтималды болады?

1. 500 метрден көбірек

2. 400 – 499 метр

3. 300 – 399 метр

+4. 200 – 299 метр

5. 150 метрден азырақ

 

151. 34 жастағы ер адам, 12 жылдан бері буындарының ауруына байланысты тәулігіне 10 мг мөлшерінде глюкокортикостероидтар қабылдайды. Соңғы кездерде бетінің, ішінің, кеуденің жоғарғы бөлігінің ісінуіне, салмақ қосылуына, бұлшық еттің әлсізденуіне шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: «ай тәрізді бет», саусақ аралығының, алақан сүйегі, саусақ және білек буындарының деформациясы. Артериалдық қан қысымы – 170/100 мм.с.б.б. Жүректің соғу жиілігі – минутына 82 рет.

Диагноз қою үшін қандай лабораторлық тексеру ЕҢ лайықты болып табылады?

1. Креатинфосфокиназа

2. Холестерин

3. Триглицеридтер

4. Қандағы қант

+5. Қандағы калий, натрий

 

152. Бауыр циррозының ЕҢ айқын белгілерін көрсетіңіз:

1. Гепатомегалия

2. Спленомегалия

3. Тамырлық жұлдызшалар

+4. Асцит

5. Алақанды эритема

 

153. 56 жасар ер кісі, әлсіздікке, бас ауруына, терінің күңгірттенуіне, шөлге, іштің үлкеюіне шағымданады. Оъбективті: дене бітімі нормостениялық, терінің гиперпигментациясы, қол басы қалыпты түсті; бауыр өлшемдері 12-11-10 см. Қан анализінде: глюкоза 8 ммоль/л, сарысулық темір деңгейі 18 мкмоль/л.

Аталған алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Созылмалы гепатит

+2. Гемохроматоз

3. Бауыр циррозы

4. Бүйрек үсті безінің гиперфункциясы

5. Мезателиома

 

154. 56 жасар ер кісі. Тмақ қабылдаумен байланысссыз іштегі жағымсыз сезімдерге, жүдеуге, тамақтағы «қыңырлыққа», іш көлемінің үлкеюіне, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Оъбективті: тамақтануы төмен, апатиялық, іші жайылған, пальпация кезінде нақты локализациясыз ауру сезімі, төменгі-бүйір бөлімдерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан анализінде – эритроциттер 3,0х1012 г/л, гемоглобин 109 г/л, ЭТЖ – 40 мм/час.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Бауыр циррозы

2. Спонтанды перитонит

3. Бадд-Киари синдромы

+4. Іш перденің канцероматозы

5. Қақпа венасының тромбозы

 

155. 56 жасар ер кісі, сүт бездерінің үлкеюіне және потенциясының төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы В гепатиті, бірнеше рет парацентез жүргізілді. Бауыр трансплантация күту парағында тіркелген.

Осы асқынуды шақырған қандай препарат ЕҢ болжамды?

1. Эплерон

+2. Спиронолактон

3. Канреонат

4. Амилорид

5. Фуросемид

 

156. 46 жасар әйел, өмірін сақтандыру үшін профилактикалық қарауды өтіп жатыр. Анамнезінен: 10 жыл бұрын тістерді имплантациялады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, іші кебіңкі, кіндік маңында көктамырлардың кеңеюі, бауыры 12-11-10 см, шеті тығыз, ауру сезімсіз.

Төменде көрсетілген аспаптық зерттеулер ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

+1. Эзофагогастродуоденоскопия

2. Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

3. Бауырдың сцинтиграфиясы

4. Холецистография

5. Колоноскопия

 

157. Салмағы ауыр,60 жаста ер адамда екі рет ашқарындағы гликемия деңгейінің 8,9 и 10,9 ммоль/л-ға дейін жоғарлағаны байқалған. Емхана эндокринологтары алғаш анықталған ІІ типті қант диабетін диагностикалаған. Патогенетикалық терапия мақсаты болып табылады:

1. Экзогенді инсулин әсерін нығайту

2. Инсулин рецепторларының санын жоғарлату

3. Инсулин рецепторларының сезімталдығын төмендету

+4. Перифериялық тіндерді глюкоза утилизациясын жоғарлату

5. Лангерганс арамшылығындағы В-жасушалардың функциясын стимульдеу

 

158. Компенсирленген 2 типті қант диабеті үшін ЕҢ тән глюкоза деңгейінің көрсеткіші?

+1. гликемия аш қарынға 5,5 ммоль/л көп емес

2. гликемия аш қарынға 6,6 ммоль/л көп емес

3. гликемия аш қарынға 7,7 ммоль/л көп емес

4. гликемия аш қарынға 8,8 ммоль/л көп емес

5. гликемия аш қарынға 9,9 ммоль/л көп емес

 

159. 63 жасар ер адам, шөлдеуге, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүдеуге, зәрдің көп мөлшерде шығуына шағымданады. 6 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: салмағы 115 кг, бойы 182 см. Терісі құрғақ, тырналған іздер. Қабағында ксантелазмалар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 92 рет минутына, артериальды қан қысымы 180/100 мм с.б.б.

Диагнозды нақтылау үшін көрсетілгендер ішіндегі ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қайсысы?

1. Холестерин

+2. Қандағы қант

3. Қан альфа-амилазасы

4. Жалпы қан анализі

5. Жалпы ақуыз және оның фракциялары

 

160. 41 жасар ер адам, шөлдеуге, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүдеуге, зәрдің көп мөлшерде шығуына шағымданады. 8 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, тырналған іздер. Салмағы 102 кг, бойы 170 см. Қабағында ксантелазмалар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 92 рет минутына, артериальды қан қысымы 180/100 мм с.б.б. Қандағы қант-13,4 ммоль/л, жалпы зәр талдауы: глюкоза 1,3 %, биохимиялық қан талдауы: холестерин - 7,8 ммоль/л

Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

+1. Метформин 500 мг күніне 2 рет

2. Глибенкламид 10мг х күніне 2 рет

3. Гликлазид 160мг х 2 күніне 2 рет

4. Хлорпропамид 500мг х күніне 1 рет

5. Глипизид 20 мг күніне 2 рет

 

161. 65 жасар ер адам жалпы әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, қатты шөлдеу, полиурия, бас ауруы, лоқсуға шағымданады. 2 типті қант диабетімен ауырады, 3 күн бұрын жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, кқз алмасы жұмсақ, тілі сұр жабындымен жабылған. Сөйлегені түсініксіз. Тыныс жиілігі минутына 34 рет. Пульсі 98 рет минутына. Артериальды қан қысымы 100/55 мм с.б.б. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ. Қандағы қант 26,3 ммоль/л, зәр талдауында – глюкоза 3,4%

Көрсетілгендер ішінде қайсы препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

+1. Химанинсулин 40 ЕД 10 ЕД х күніне 4 рет

2. Базаль инсулин 40 ЕД 20 ЕД х күніне 2 рет

3. Протамин цинк-Илетин-2 100ЕД күніне 1 рет

4. Метформин 500 мг күніне 2 рет

5. Глибенкламид 5мг күніне 2 рет

 

162. 23 жастағы ер адам, қарын ашу сезіміне, түнгі тершеңдікке шағымданады. Инсулинмен орын басушы ем: таңертең 8 ед. жәй + 12 ед. ленте, кешке 6 ед. жәй + 10 ед. ленте қабылдайды. Қандағы қант таңертеңгі сағат 8-де 7,7 ммоль/л, сағат 12-де - 8,2 ммоль/л, 24 сағатта - 3,2 ммоль/л. Зәрдегі қант- 0,8%.

Көрсетілгендер ішінде осы науқасқа ЕҢ тән жағдай қандай?

+1. Гипогликемия

2. Гиповолемия

3. Кетоацидоз

4. Гипокалиемия

5. Гипокальциемия

 

163. Науқас И. 60 жаста. Жазылмайтын трофикалық жараға ем қабылдаған. Бір жыл бойы манинил қабылдаған. Терісі құрғақ, ісінулер жоқ. АҚҚ- 135/80 мм с.б. ЖСЖ - 82 минутына. Status lokalis: оң жақ табаны гиперемиялаған, аздап ісінген, аяқ бетінде дұрыс емес, мөлшері 4,5 х 6,1 см. жара орналасқан. Оң жақ табандағы перифериялық тамырлар пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 29 г/л. Науқасты қалай жүргізген дұрыс?

+1. Инсулинге ауысу

2. Бигуанидтерге ауысуы

3. Сульфонил мочевина препараттарының дозасын жоғарлату

4. Қатақ ем және рационалды физикалық жүктеме

5. Секретагогты бигуанидтермен бірге комплексті қолдану

 

164. Диффузды токсикалық жемсаудың дамуында қай патогенетикалық механизм маңызды орын алады?

1. Катехоламиндер секрециясының жоғарылауы

2. Тиреотропты гормон секрециясының жоғарылауы

3. Тиротропин-рилизинг-гормон секрециясының жоғарылауы

+4. Тиростимулдеуші иммуноглобулиндердің жоғарылауы иммуноглобулинов

5. Қалқанша без гормондарына тіндердің жоғары сезімталдығы

 

165. Науқас Г. 25 жаста. Мойын аймағындағы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну құлаққа қарай таралады. Жұтыну қиындаған. Жағдайының нашарлауын ЖРВИ мен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Т-37,8С. Терісі дымқыл,ыстық. Қалқанша без ІІ дәрежеге дейін ұлғайған, тығыз, пальпациялағанда ауырсынусыз, аз қозғалмалы. Пульс - 96 рет/мин, АҚҚ - 120/80 мм. с.б. Нв - 134 г/л, Л - 9,8 мың., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 ммоль. Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

1.Тиреотоксикоз

+2. Жеделдеу тиреоидит

3. Фиброзды тиреоидит

4. Аутоиммуннды тиреоидит

5. Жедел іріңді тиреоидит

 

166. Науқас А. 60 жаста. Соңғы кезде өзіндегі жалпы әлсіздікті, ұйқышылдықты, іш қатуды, тері жабындыларының құрғауын байқаған. Соңғы бір айда салмағы 5 кг артқан. Науқасты қараған кезде: беті ісінген, көз алмасы кішірейген. Баяу сөйлейді. Тері жабындылары бозғылт, қолға суық, құрғақ болып сезіледі. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс. ТАЖ -14 рет/мин.ЖСЖ- 50 соққы/мин. АҚҚ-110/60 мм.с.б. Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

1. Иценко-Кушинг ауыруы

2. Семіру

+3. Гипотиреоз

4. Нефротикалық синдром

5. Темір жетіспеушілік анемия

 

167. 17 жасар бозбалада І дәрежелі эндемиялық жемсау анықталған. Жағдайы эутиреоидты. Науқасты емдеудің қай тактикасын дұрыс деп есептейсіз?

1. Левотироксин қабылдау

2. Мерказолил және β-блокаторлардың комбинирленген түрі

3. Йод препараттарын100 мкг/тәул. дозасында өмір бойы қабылдау

4. Левотироксинді және йод препараттарын комбинирлеп қабылдау

+5. Йод препараттарын200 мкг/тәул. 6 ай бойы қабылдау

 

168. 38 жастағы науқас К. өзінің салмағының жоғарылағанын, тер бөлінудің азайғанын, бетінің ісінуін байқаған. Ұзақ уақыт бойы созылмалы тонзилитпен зардап шегеді.Қарағанда: бойы -158 см,салмағы-89 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті жабырқау, көз саңылауы тарылған ЖСЖ-56 рет/мин. АҚҚ-100/60 мм.с.б. ҚЖА: глюкоза - 3,3 ммоль/л, қан сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Науқасты қалай жүргізген дұрыс?

1. Витаминотерапия

2. Зәр айдаушы препараттарды тағайындау

3. Қабынуға қарсы ем

4. Субкалориялы емдәм тағайындау

+5. Тиреоидты препараттармен ем

 

169. Мерказолил тағайындау үшін абсолютті қарсы көрсеткіш болып табылады:

+1. Агранулоцитоз

2. Жүктілік

3. Диарея

4. Гиповолемия

5. Егде жас

 

170. 44 жастағы әйел, жүрек қағысына, дірілдеуге, ыстық сезімге, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды. Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қан қысымы 150/80 мм с.б.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Артериальды гипертензия

2. Феохромоцитома

3. Эндемиялық жемсау

4. Нейроциркуляторлы дистония

+5. Диффузды токсикалық жесау

 

171. 35 жастағы әйел, жүрек қағысына, мазасыздыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды, қолдарында тремор. Мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінде 2х2 см түйін пальпацияланады, ұстағанда тығыз, ауру сезіммен. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйінінің диаметрі 1 см, тығыз. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қанқысымы 140/80мм с.б.б. Жалпы қанталдауында: эритроциттер – 3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі қайсысы?

1. Ультрадыбысты зерттеу

2. Рентгенографиялық зерттеу

3. Компьютерлік томография

+4. Мойындағы түйін биопсиясы

5. Радиоизотопты сканирлеу

 

172. 65 жастағы әйел апатия, есте сақтаудың төмендеуі, ұйқышылдық, енжарлық, тоңғақтық, жедел зәр шықпауға шағымданады. Тексеру кезінде есінен танып қалды. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, қабыршықтан, дене температурасы 30,20С. Тынысы әлсіз, минутына 12 рет терең үзілістермен. Пульсі минутына 42 рет. Артериальды қан қысымы 70/40мм с.б.б. Қан талдауы: эритроциттер 3,8х1012, гемоглобин 90г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. ЭКГ: синусты брадикардия, Р және Т тісшелерінің вольтаждарының төмендеуі.

Көрсетілгендер ішінде қай препаратты ЕҢ бірінші орында тағайындау тиімді?

+1. Преднизолон 5мг 15 мг көк тамырға

2. Тироксин 250 мкг зонд арқылы

3. Трийодтиронин гидрохлорид 50мкг зонд арқылы

4. Аскорбин қышқылы 5% -5 мл көк тамырға

5. В6 дәрумені 5% 1 мл көк тамырға

 

173. 34 жастағы әйел, апатия, есте сақтаудың төмендеуі, жұмысқа қабілеттілігінң төмендеуі, ұйқышылдыққа, енжарлыққа, тоңғақтыққа шағымданады. Қарап тексергенде: беті ісіңкі, тілінде тістерінің іздері, терісі құрғақ, қатқыл, қабыршықтанған. Әрең сөйлейді. Пульсі 52 рет минутына. Артериальды қан қысымы 100/70мм с.б.б. Қан талдауы: эритроциттер – 3,8х1012/л, гемоглобин 90 г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ.

Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қайсысы?

1. Тиреоглобинге антиденелер

2. Микросомальды антигенге антиденелер

3. Тиреотропты гормон

+4. Сарысудағы тироксин

5. Сарысудағы трийодтиронин

 

174. 34 жастағы әйел, мойын аймағындағы қозғалыста, сөйлегенде, жұтынғанда күшейетін қатты ауру сезімі мен ісінуге, қалтырауға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,8оС. Мойны ісінген, пальпация ауырсынумен. Пульсі минутына 100 рет. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 30 мм/сағ. Рентгенограммада: қалқанша безінің көлемінің өлшемі ұлғайған, ісінген.

Көрсетілгендер ішінде қандай антибактериалды препаратты тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Кларитромицин 500 мг х 2 ішке

+2. Амоксицилин 500 мг х 2 ішке

3. Хлорамфеникол 500 мг х 3 ішке

4. Доксициклин 200 мг х 2 ішке

5. Цефтриаксон 500 мг х 2 ішке

 

175. Әйел 34 жаста, екі жақты пневмониямен ауырып, амоксиклавпен 625 мг тәулігіне 3 рет емделген Осыдан 14 күннен кейін дәрігерге дене температурасының жоғарлауымен, ентігу, әлсіздікпен келіп қаралды. Қарап тексергенде: тері жабынжылары сарғайған, тынысы везикулярлы, тыныс жиілігі минутына 36 рет. Көкбауыр пальпацияланады, бауыр қабырға доғасынан +2 см шығып тұр. Қан талдауы: эритроциттер 2,1х1012 /л, Нb-75г/л, түстік көрсеткіші-1,07; ретикулоциттер- 30%, тромбоциттер 180х109 /л, лейкоциттер 15х109 /л, «тиынды бағана».

Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

+1. Преднизолон

2. Циклоспорин А

3. Пиридоксин

4. Темір (II)

5. Десфериоксиамин

 

176. Науқас 38 жаста, гипохромды микроцитарлы анемиядан зардап шегеді. Анамнезінен: 5 жыл бойы созылмалы энтерит.Рer os (ішке)тағайындалған ранферон эпигастридегі жағымсыз сезімдерді, жүрек айнуды, құсуды шақырады. Осы науқасты емдеу тактикаңыз?

1. Ранферонның дозасын азайту

2. Эритроцитарлы масса құю

+3. Темір препараттарын парентералді тағайындау

4. Емге церукалды қосу

5. Басқа темір препараттарын per os тағайындау

 

177. 35 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол жақ қабырға астының батып ауыруына шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт,дымқыл. Лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 4 см-ге шыққан, көк бауыр кіндік деңгейінде, консистенциясы-тығыз ,ауырсынбайды. ҚЖА: эр. – 3,2х1012/л, лейк. – 85,0х109/л, миелобластар – 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттар – 8%, таяқша яд – 12%, сегмент. – 52 %, эозин. – 4%, базоф. – 5%, лимф. – 12%, тромб. – 185х109/л, ЭТЖ – 46 мм/ч. Қай лабораториялық көрсеткіш бойынша емнің нәтижелігін бағалайсыз?

1. ЭТЖ

2. Перифериялық қандағы эритроциттер

3. Перифериялық қандағы ретикулоциттер

+4. Перифериялық қандағы лейкоциттер

5. Перифериялық қандағы тромбоциттер

 

178. 45 жасар ер адам, баспада теруші болып жұмыс істейді. 1 жылдан бері әлсіздік, ұйқысының бұзылуы, бас айналу мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. Қан талдауында: эритроциттер – 3,2х1012 /л, Нb - 69 г/л, түстік көрсеткіші – 0,64; лейкоциттер – 5,5х1012 /л, нормобластар 2:100, ретикулоциттер 3,8%, ЭТЖ 18 мм/сағ, сидероциттер 10%, макронормоциттер, полихроматофилия. Базофильді пунктацияда эритроциттер, сарысулық темір – 38 мкмоль/л, миелограммада – эритроцитарлық өсінді 35%, сидеробластар 60%.

Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Преднизолон

2. Антитимоцитарлы глобулин

3. Фолий қышқылы

+4. Пиридоксальфосфат

5. Циклоспорин А

 

179. 63 жасар ер адам, шөлдеуге, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүдеуге, зәрдің көп мөлшерде шығуына шағымданады. 6 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: салмағы 115 кг, бойы 182 см. Терісі құрғақ, тырналған іздер.Қабағында ксантелазмалар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 92 рет минутына, артериальды қан қысымы 180/100 мм с.б.б.

Диагнозды нақтылау үшін көрсетілгендер ішіндегі ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қайсысы?

1. Холестерин

+2. Қандағы қант

3. Қан альфа-амилазасы

4.Жалпы қан анализі

5. Жалпы ақуыз және оның фракциялары

 

180. 35 жасар ер адам, 1 типті қант диабетімен ауырады, алкогольді көп мөлшерде ішеді. Қарап тексергенде: есі жоқ, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, тілі сұр жабындымен жабылған. Тыныс жиілігі минутына 34 рет. Пульсі минутына 110 рет. Артериальды қан қысымы 80/45 мм с.б.бб Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ. Қандағы қант 31,3 ммоль/л, зәр талдауында: глюкоза - 3,9%

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Гипогликемиялық кома

+2. Кетоацидоздық кома

Гиперосмолярлы кома

4. Лактацидтік кома

5. Алкогольдік кома

 

181. 44 жастағы әйел, жүрек қағысына, дірілдеуге, ыстық сезімге, мазасыздыққа, шөлдегіштікке, шаршағыштыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды.Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қан қысымы 150/80 мм с.б.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Артериальды гипертензия

2. Феохромоцитома

3. Эндемиялық жемсау

4. Нейроциркуляторлы дистония

+5. Диффузды токсикалық жемсау

 

182. 35 жастағы әйел, жүрек қағысына, мазасыздыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды, қолдарында тремор.Мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінде 2х2 см түйін пальпацияланады, ұстағанда тығыз, ауру сезіммен. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйінінің диаметрі 1 см, тығыз. Пульсі 112 рет минутына. Артериальдықанқысымы 140/80мм с.б.б.Жалпы қанталдауында: эритроциттер – 3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі қайсысы?

1. Ультрадыбысты зерттеу

2. Рентгенографиялық зерттеу

3. Компьютерлік томография

+4. Мойындағы түйіннің биопсиясы

5. Радиоизотопты сканирлеу

 

183. Тоқ ішек дивертикулезімен ауыратын 37 жасар ер адамды тексеру нәтижесі: эритроциттер-3х1012/л, Нb -130 г/л, ЦП-1,3; макроцитоз, Жолли денешелері, ретикулоциттер – 1%, лейкоциттер – 3,0х109 /л, тромбоциттер -160000, сарысулық темір -20 мкмоль/л.

Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Фолий қышқылы препараттары

+2. Цианкобаламин препараттары

3. Темір препараттары

4. Пиридоксин препараттары

5. Глюкокортикостероидтың препараттары

 

184. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз болып табылады?

1. Теміртапшылықты анемия

2. В12 -жетіспеушілікті анемия

3. Маркиафава-Микели ауруы

+4. Апластикалық анемия

5. Минковский-Шоффар ауруы

 

185. Ер адам 56 жаста, айқын әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бауыры, көкбауыры пальпияланбайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,9х109 /л, Нb - 59 г/л, түстік кқрсеткіші - 0,45; анизоцитоз, пойкилоцитоз.