Жасанды жарықтандыру жүйесі

 

Жарықтандырудың келесі жүйелерін айырып тануға болады:

- жалпы жарықтандыру бөлмені немесе оның бір бөлігін бірқалыпты жарықтандыру үшін арналған;

- жергілікті жарықтандыру – стационарлық немесе тасымал - тек жұмысшы беттерді жарықтандыруға арналған;

- қиыстырылған жарықтандыру – жергілікті және жалпы жарықтандыру жиынтығы.

Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тиым салынады. Жұмыс істейтін орын мен қоршаған кеңістік арасындағы үлкен жарық айқындарды болдырмау үшін жалпы жарықтандыру үлесі қиыстырылғанда 10% кем емес болуы керек.

Жасанды жарықтандыруды нормалау ҚР СНиП 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтандыру жалпы талаптарға” сәйкес жүргізіледі, жұмыс орындардағы жарықтандыру көзбен орындайтын жұмыстарға, жарық көзінің және жарықтандыру жүйесінің түріне байланысты нормаланады.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары келесі параметрлермен анықталады:

- айыру объектісінің мөлшері – жұмысты жүргізген кезде бөлуді қажет ететін ең аз мөлшер.

- фон – айыру объектісіне тікелей жататын бет, ол анықтап қаралады. Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4 орта жәнеρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді;

- объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға,төбе, еден) және өндірістік жабдықтың беттерінің шағылысу коэффициентін көтерумен жетеді.

Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы сипаттары: өте жарықтық көрсеткіші және жарықталудың толықсыма коэффициенті нормаланады.

Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау /2,3/.

Жарықтың техникалық есептемесі:

- пайдалану коэффициенті әдісімен;

- нүктелік әдіспен;

- меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін.

Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады.

Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыруды есептеудің маңызы, шамның типі мен оны орнату орнынан, жұмыс бетіне ілудің ұзындығынан, көлденең беті мен ғимарат көлемінің жарықтылығынабайланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады.

Нүктелі әдіс шырақтың жарық таратуынан және оның геометриялық өлшемдеріне байланысты берілген шартты жарықтандыруда жарық ағынын анықтауды болжайды, бұл мән кеңістіктік изолюкстіңграфиктері бойынша алынады.

Жарық беретін қондырғылардың жобалауы ҚР СНиП 2.04.-05.2002 (Табиғи және жасанды жарық. Құрылыс, қала құрылысы және архитектура саласындағы мемлекеттік нормативтері) нұсқаудағы қабылданған жалпы қағидаларға бағынады.

Жобаның жарық техника бөлімінде жарық сапасының көрсеткішін және жарықтандыру мағынасын, жүйесін, түрін және жарық әдістерін, жарық көздерімен жарық аспаптарын таңдауы орындалады.

Жарық аспаптарының түрі, қуаты және орналасуы жарық техникалық есептің нәтижесі бойынша таңдап алынады.

Жобалаудың тәжірибесінде жарық беретін қондырғылардың бірнеше нұсқауларын зерттеу қажет болады. Нұсқаулар бір-бірінен бөлек немесе жиынтық сипаттамасының өзгешелігі (әртүрлі жарық жүйесі, әртүрлі шамдар мен жарық көздерінің типтері, шамдарды орнатудың әртүрлі биіктігі) арқылы ерекшеленеді.

Жасанды жарық түрлері.

Жасанды жарықтың түрлері жұмыстық, апатты, қорғау және күзету болып бөлінеді.

Жарық қондырғылары нормалық режимде істеуіне жұмыстық жарық қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Ол барлық бөлмелерде және ашық кеңістікте міндетті түрде қажет.

Қорғау жарығы - жұмыстық жарықтың бір түрі, ол өндірістік кәсіпорын территориясының шекарасы бойынша орнатылады.

Апаттық жарық қауіпсіз және эвакуациялық жарыққа бөлінеді.

СНиП [1] бойынша қауіпсіз жарық нормативтік жарықтың 5 % -ынан төмен болмауы керек, бірақ бөлмеде 2 лк-тен кем емес, ал сыртта 1 лк-тен кем емес болуы керек. Егер тиісті дәлел болса, онда люминициентті шамдар жарығын 30 лк-тен, ал қыздыру шамдар жарығын 10 лк-тен асыруға рұқсат беріледі.

Апаттық жағдайда жұмыстық жарық сөнген кезде адамдарды бөлмелерден және ашық кеңістіктен қауіпсіз көшіруге эвакуациялық жарық пайдаланылады. Эвакуациялық жарық бөлмелерде 0,5 лк-тен, ал сыртта 0,2 лк-тен кем болмауы қажет.

Барлық жасанды көздері іс-әрекет бойынша екі топқа бөлінеді: температуралық және разрядты. Қыздыру шамдарының барлық түрлері температуралық жарық көздеріне жатады. Олардың сәуле таратуы вольфрам сымының электр тогынан қызуы әсерінен пайда болады. Разрядты (люминициенттік) шамдардың сәуле тарауы берілген температурада плазманың қозуынан болады. Оның шыны түтігінің іш жағына люминофор қабаты жалатылған. Түтіктің ішіне сынап тамшысы және белгілі бір мөлшерде инертті газ (аргон, неон) ендіріледі. Люминициентті шамды айнымалы ток көзіне қосқанда, оның электродтарының арасында электр тогы туып, сынап атомдарын жарқыратады.

ТМД елдерінде шығарылатын шамдардың маркировкасы төмендегідей: В - вакуумдық, Г - газ толтырылған, Кч – криптонмен толтырылған, Б - биспиралды, МТ – шыны сауытымен, МО – жергілікті жарық.

Галогендік шамдар таңбаларының ішінде: бірінші әріп – шыны сауыттың материалы (кварц), екінші әріп - вид галоген қоспасының түрі (И - таза йод, Г – галогендік қоспалар), үшінші әріп – қолдану саласы (О – сәуле түсіру), М - шағын, К – дене қыздыруын шоғырлау.Цифрдің бірінші тобы ваттпен өлшенген қуатты көрсетеді, соңғысы – бөлшектеудің нөмірі. Негізінен құбырлы КГ типті шамдар пайдаланылады.Олардың қуаты 220 В кернеуде - 1; 1,5; 2; 2,5; 5 кВт.

Қыздыру шамдардың техникалық жетілуінің бағыты жарық беруді жоғарылату, пайдалану уақытын созу және әртүрлі форма мен түстері болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында жарық көздерін шығаратын бүкіл дүниежүзіне белгілі фирмалардың өнімдері кең тараған: Philips, Osram, General Elec­tric және тағы басқалар.

 

Жарық көздерін таңдау.

Жарық көздерін таңдағанда келесі нұсқауларды еске алу қажет:

а) жалпы ішкі және сыртқы жарық беруге разрядты шамдарды пайдаланған жөн;

б) жарық сапасына нормативтік талаптарын орындау мүмкін болғанда көбіне бірлік қуаттағы шамдарды қолдану;

в) техникалық қажеттілік немесе архитектуралық көркемдік түсінігі бойынша бір бөлменің ішінде разрядты және қыздыру шамдарды пайдалануға рұқсат етіледі;

г) разрядты шамдарды тұрақты токпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ток кернеуін номиналды деңгейден 90 % -ға төмендетуге рұқсат етілмейді.

Қыздыру шамдарын пайдалану ортасы:

- бөлмелер ортасында ауыр жағдай және жарылысқа қауіпті зоналар болса және РЛ шамдары жоқ болса;

- адамдар уақытша болатын VI және VIII топтағы көру разрядты бөлмелерде, сонымен бірге техника-экономикалық мақсатқа сәйкес адамдар үнемі болатын бөлмелерде;

- 127 В және одан жоғары кернеуді қолдану рұқсат етілмеген кезде электр тогынан жарақаттану қаупі жоғары бөлмелерде жалпы және жергілікті жарық беруге;

- жарық ағыны немесе оның бағыты шоғырлану қажетінде, сонымен қатар ЛЛ шамдарын орналастыру құрылымдық мүмкін болмаса жергілікті жарық беруге;

- радиобөгетке жол бермейтін бөлмелерде (жұмысты дәлдік істегеніне тәуелсіз);

- апатты жарық беруге.

Жарық беру қондырғыларын есептеу әдістемесі

Өндірістік бөлмелерге жарық беру есебі кешенділік мақсат болып табылады. Есеп шығару барысында шамдарды орналастыру тәртібін, олардың санын, ілу биіктігін, шамдардың қуатын табу қажет. Шамдардың санын, қуатын және орналастыруын типтік шешімдер негізінде табады. Егерде типтік шешімдер болмаса, онда жарық техникалық есептерге негізделеді.

Шамдарды орналастыру

Жалпы жарық беру жүйесінде шамдарды біркелкі немесе шектеулі (локалды) орналастырады. Бөлменің барлық ауданына біркелкі жарық түсу үшін шамдарды симметриялық қатармен дұрыс орналастыру қажет. Локалды жарық беру үшін шамдар әрбір жұмыс орнына жеке орнатады және ол тек қана жұмыс орнын жарықтандырады.

Шамның іліну биіктігі көру шегі шарттары бойынша анықталады. Шамдарды орналастыру көбіне шаршы, тік үшбұрыш бұрыштары бойынша немесе шахматтық тәртіпте жүргізіледі. Жарық техникасында шамдар арасындағы салыстырмалы қашықтық ұғымы (L) пайдаланады. Дегенмен қанағаттандыратын энергетикалық көрсеткіштерде жарықтануды біркелкі беру үшін салыстырмалы қашықтықты таңдап алуға болады. Бұл ретте келесілер ескеріледі:

а) жылдық есептік шығындар бойынша үнемділік;

б) энергетикалық үнемділік;

в) жарық техникасы үнемділігі.

Шамдардың арақашықтығы шамдардың түріне, жұмыс бетінен іліну биіктігіне, сонымен бірге архитектура және құрылыс жағдайларына байланысты болады.

Жалпы жарық беру шамдарын орнату биіктігі көптеген факторларға негізделген: бөлменің биіктігіне және бөлменің жоғары зонасында кейбір өндірістік құрылғылардың, инженерлік коммуникацияның орналасуына, өндірістік құрылғылардың биіктігі және орналасуына, сонымен бірге жарықты талап ететін жұмыс зонасының және басқа орындардың орналасуына.

Өндірістік орталарда, жұмыс орындарында электр жарығын тиісті норма бойынша өлшегенде, оның сан мен сапа қасиеттері түгел есепке алынады.

Мысалы ет және сүт кәсіпорындарының өндірістік жарық жүйесінің жалпы араласы және апатты жағдайдағы жарық деп аталатын түрлері қолданылады.

Цехтарды көбіне жалпы жарық жүйесі пайдаланады.

Ал шикізаттарды витеринарлық, медициналық сарапқа салған уақытта жалпы жарыққа қосымша мөлдекті жарықта да пайдаланады. (аралас жарық)

Авариялық жарық (апат болатын жағдайда жанатын жарық) фарш жасайтын бөлмелерде, шұжық цехтарында немесе шұжық сүрлеу бөлмелерінде кенеттен жалпы жарық істен шығып, өшіп қалған жағдайларда осы заттарды бүлдіріп алмай, жұмысты аяқтап тастау үшін қажет болатын жарық. Екіншіден, кенеттен апатқа ұшырап, жарылыс болып қалған жағдайда, жұмысшыларды қауіпсіз жерлерге алып шығу үшін де осындай апат жарығы керек. Апат жарығы тоқты бөлек тоқ көзінен алады және ол автоматты түрде жалпы жарық өшіп қалған кезде адамның көмегінсіз өздігінен жанады. Апат жарығының қуаты жалпы мөлшері жалпы жарықтың кем дегенде 5% болуы тиіс. Жарықтың ең төменгі мөлшердегі көз жұмыстарының жағдайына қарай зерттелетін заттардың көлеміне қарай зат пен фонның қатынастарына қарай белгіленеді.

Ет және сүт кәсіпорындарында, мысалы, ет жібіту камераларында, шұжық сақтайтын, кептірілген қоймаларда және ауаның микробтары заласыздандырылатын бөлмелерде, бактерецинды жарық яғни, (бактериаларды жоятын) кеңінен пайдаланады.

Жарық көз ретінде ет және сүт кәсіпорындарында қазіргі уақытта әртүрлі қызбалы лампаларының қатар люминиецентті (газ толтырылған) лампалар қолданылады.

Қызбалы лампалар: вакуммді-НВ, газ толтырылған -НГ т.б. болады.

Люминиецентті лампалар: күндізгі жарық ЛД, жақсартылған түсбергіші бар күндізгі жарық ЛДЦ, суық ақ ЛХБ, жылы ақ ЛТБ, ақ түсті ЛБ, т.б. болып бөлінеді.

Жарылу қауіпі бар заттар сақталатын қоймаларда тоңазытқыш машиналарының залдарында жарылысқа төзімді газ толтырылған лампалар орнатылады, мысалы: ВЗГ маркалы лампа т.с.с.

Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімді лампалар ПВЛ қойылады. Жұмыс орындарындағы жарықтың (күннің жарығын да, электрдің жарығын да) мөлшерін «люкс» өлшемімен Ю-116 деп аталатын объективті люксметрмен өлшейміз. Алынған мөлшерді санитарлық нормамен салыстырып тиісті қорытынды шығарамыз.