Есептеу қағидасы.

Дәріс. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен қағидалары. Есеп саясаты

 

1. ҚЕХС сипаттама

2. Бухгалтерлік есеп қағидалары.

3. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары.

4. Есеп саясаты, оны құрастыру мен бекіту тәртібі.

 

ЕХС сипаттама

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) – барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға қаржы есептілігін құруда және оны ұсыну кезінде бірдей талаптар қоятын, белгілі бір стандарттар мен қағидалар жиынтығы.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) 1973 жылы өзінің бастауын Лондон қаласында орналасқан үкіметті емес орган –ҚЕХС бойынша кеңес (2001 жылға дейін – ҚЕХС бойынша комитет) құруымен бастауын алды. Ең бірінші стандарт 1974 жылы қабылданды және заңды күшке келесі жылы енгізілді. Қазіргі уақытта 29 стандарт бар, әрбір стандарт келесі элменттерді қосады:

- есеп объектісі – объектіге және соған қатысты негізгі түсініктерге анықтама беріледі;

- есеп объектісін тану – есеп объектісін әр түрлі есеп берудің элементтерге жатқызудың белгілері;

- есеп объектісін бағалау – есептіліктің әрбір элементтерін бағалау талаптары және бағалау әдістерін қолдану бойынша нұсқаулықтар беріледі;

- қаржылық есептілікті көрсетілуі – есептің объектісі туралы ақпаратты әр түрлі қаржылық есептілік нысанында ашық көрсету.

ҚЕХС барлық мемлекеттерге міндеттелген заңды құжат емес, аталған халықаралық стандартты әрбір мемлекет өзінің еркіне байланысты, қандай да бір қосымшалар енгізу арқылы заңды түрде ұлттық стандарт ретінде немесе оны негізгі алсын деп мемлекеттің коммерциялық және комерциялық емес мекемелеріне жүктей алады.

Әрбір мемлекеттің халықаралық стандартты өздеріннің заңнамасына қосудың әр түрлі жолдары бар, олар келесідей:

- өздеріннің ұлттық стандарты ретінде, еш өзгеріссіз қабылдау;

- өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандарт негізінде, қандай да бір өзгерістер қосу арқылы қабылдау;

- өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

ХҚЕС қоры сайтының (www.ifrs.org) 2013 жылы қаңтар айында алынған мәліметтеріне сүйенсек, сол уақытта халықаралық стандартты 120 мемлекет қолданады.

 

Есептеу және үздіксіздік қағидалары

Латын тілінен алынған prіncіpіum – деген сөз – және оны аударғанда қандай да болмасын бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізі немесе бастауы деген мағананы білдіреді.

Бухгалтерлік есептің қағидасы – сол ғылымның негізі, яғни бастауы. Әрбір ғылым сол ғылымның өзінің мағанасынан туындайтын қағидаларға негізделеді.

Есеп қағидалары барлық есеп процессін жүргізу мен қаржылық есептілікті жасакудың негізін құрайды. Қағидалар әділ болуға, тек бухгалтерлік есепке тән болуға тиісті, яғни басқа ғылымдардың негізімен ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ, есеп принциптері бірегей және көпшілік қабылдаған болуға тиісті.

Осы туралы айта отырып, америкалық ғалым Р.Энтонидің көзқарасымен келіспеуге болмайды. Ол былай деген: «Есеп принциптерін жалпы көпшіліктің мойындауы, әдетте олардың мынадай үш талапқа қаншалықты жауап беретіндігіне байланысты - әділдік, жүзеге асырылуы және орындылық. Принцип орынды, егер ақпараттың мәні (мағанасы) болса және белгілі бір кәсіпорын туралы бір нәрсе білу қажет болған адамдарға пайдалы болса. Принцип әділ, егер ақпаратқа оны жасаған адамдардың жеке көзқарасы, бағалауы ықпал етпеген болса. Принцип жүзеге асырылады, егер оның шектен тыс қиындықсыз немесе шығынсыз орындалуы мүмкін болса.

Бухгалтерлік есептің қағидалары (талаптары) тәжірибелік қызмет үшін қажетті негізгі шарттар мен тұжырымдамалардан тұрады.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының 5 бабында бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептiлiктi жасаудың келесідей қағидалары көрсетілген:

Есептеу қағидасы.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық есептілік есептеу қағидасына сәйкес құрастырылады. Осы әдіс бойынша шаруашылық операцияларының нәтижелері олардың нақты орындалуына қарай танылады, яғни ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері қабылданған немесе төленген кезде емес. Олар бухгалтерлік есепте өздеріне қатысты есепті кезеңдерде көрсетіледі. Есептеу әдісі бойынша құрастырылған қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек өткен кезеңдегі ақша қаражаттарының алынуы туралы ғана емес, сонымен қатар болашақта ақша қаражаттарының алыну мен оларды төлеу жөніндегі мәліметтер туралы ақпараттар береді.

Ұйым есептеу қағидасынпайдалана отырып, ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсеактивтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің элементтері) ретінде танылады.

Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.

Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.