Аржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы бойынша Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары болып мыналар табылады:

1. Түсініктілік;

2. Орындылық;

3. Сенімділік;

4. Салыстырмалық.

Осы аталған сапалық сипаттамаларға жеке-жеке тоқталайық.

1. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар және ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс. Солай бола тұрса да, жоғарыда айтылғандар кейбір пайдаланушылардың қабылдауы үшін оның аса қиындығы тұрғысынан орынды ақпаратты қамтымауы үшін сылтау болмауға тиіс.

2. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бұрынғы бағалауларын түзете отырып әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.

3. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат сенімді болуға тиіс. Ақпарат онда елеулі қателер болмаса, ол бір жақты болып табылмаса; және ақылға қонымды күтулерге сәйкес білдіру немесе білдіруі мүмкін мақсатты дұрыс білдірсе сенімді болып табылады. Қаржылық есептер осындай есептердегі ақпаратты іріктеу немесе ұсыну шешім қабылдауға әсер етуді көрсетуге немесе жоспарланған нәтижеге немесе салдарға қол жеткізу мақсатында пікір қалыптастыруға бағытталғанда бір жақтылықты қамтитын болады.

4. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижелеріндегі үрдістерді айқындау үшін субъектінің әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Пайдаланушылар, сол сияқты әр түрлі субъктілердің қаржылық есептерін олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын бағалау үшін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері мен басқа операцияларды әрі жағдайларды өлшеу және көрсету барлық субъект үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен және әр түрлі субъектілер үшін кезекпен жүзеге асырылуға тиіс. Бұдан басқа, пайдаланушыларға қаржылық есептерді жасаған кезде пайдаланылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер және осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабарлануға тиіс.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларын көрсететін тұжырымдамалар қатарына келесілерді де жатқызуға болады:

1. Маңыздылық - ақпарат, егер оның өтуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың қаржылық есептердің негізінде қабылданған экономикалық шешімдеріне әсер ете алатын болса маңызды болып саналады. Маңыздылық құжаттың көлеміне немесе нақтылы жағдайларда қаралатын қателерге, оны өткізуге немесе бұрмалауға байланысты.

2. Мазмұнның нысаннан басымдығы - операциялар мен басқа да жағдайлар мен оқиғалар олардың заңды нысанына ғана қарамастан, олардың мазмұнына және экономикалық мәніне сәйкес есепке алынуға және есептілікке ұсынылуға тиіс. Бұл қаржылық есептердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Сақтық - субъектінің қызмет барысында көптеген оқиғалар мен жағдайларға қатысты әр түрлі сипаттағы белгісіздіктер туындамай тұрмайды. Мұндай белгісіздіктердің сипаты мен шамасын қаржылық есептерде сақтық мәніне сәйкес ашқан жөн. Сақтық – бұл активтердің немесе кірістердің тым арттырылмауы, ал міндеттемелер немесе шығыстар тым төмендетілмеуі үшін белгісіздік жағдайында есептік бағаларды жүзеге асыру үшін қажетті субъективтік бағаларды қолдану кезінде белгілі бір сақтық дәрежесін сақтау. Солай бола тұрса да, сақтық пікірі активтерді немесе түскен пайданы әдейі төмендету немесе міндеттемелерді немесе шығыстарды әдейі арттыру үшін пайдаланылмауға тиіс. Басқаша айтқанда, сақтық біржақтылық үшін сылтау болып табылмайды.

4. Толықтық - сенімді болу үшін қаржылық есептердегі ақпарат елеулілік пайымдауларын және осындай ақпарат беруге жұмсалатын шығындарды ескере отырып, толық көлемде берілуге тиіс. Қандай да болмасын мәліметтерді қоспау ақпаратты жалған немесе адастыруға әкелетіндей және, ізінше, оның орындылығы тұрғысынан сенімсіз және жеткіліксіз етуі мүмкін.

5. Уақтылылық - орынды қаржылық ақпарат – бұл пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер ете алатын ақпарат. Ақпараттық уақтылылығы оның шешімдер қабылдау кезіндегі қол жетімділігінде. Ақпарат беруді ұзақ уақыт кешіктірген жағдайда ол өзінің орындылығын жоғалтуы мүмкін. Басшылыққа есептілікте уақтылы көрсету мен сенімді ақпарат беруде салыстырмалы құндылық арасындағы балансты табуы әкелуі мүмкін. Орындылық пен сенімділік арасындағы балансты айқындау кезінде негіз құрайтын түсінік пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олардың қажеттіліктерін ең қанағаттандыру деңгейін жоғарылату түсінігі болуға тиіс.