Апталық сағат саны: 5 сағат

Пәнді оқыту мақсаты –ұлттық жəне жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық жəне абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.

Оқытудың міндеттеріне:

- тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша жəне жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тəрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі жəне логикалық ойлауын дамыту;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша əртүрлі іс-əрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу жəне т.б.), өзін-өзі бақылау жəне өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;

- оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу жəне графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;

- оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;

- стандартты емес жəне қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі жəне өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мəселелерді шешу арқылы математикалық жəне шығармашылық қабілеттерін ашу жəне дамыту;

- баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тəрізді қасиеттерін тəрбиелеу;

- қарым-қатынас мəдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тəрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан

- этностардың тарихына, мəдениетіне, əдет-ғұрпына жəне басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді

 

Бақылау және өзіндік жұмыстардың мөлшері:

Тоқсан 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
Бақылау жұмысы
Өздік жұмыс
Тестік тапсырмалар - -
Барлығы