Тақырып№2 Психология және адам дамуының негізгі ұғымдары

Пісіп – жетілу (созревание) – генетикалық тұрғымен сәйкес дамып, жетілу, даму процесі.

Пісіп - жетілу процесіалдын – ала жоспарланып, бағдарланған өзгерістер бойынша жүреді. Организмнің сртқы пішіні ғана емес, сонымен қатар оның күрделі формалары, функциялары, интеграциясы.

Дұрыс тамақтанбау немесе организмнің ауруға шалдығуына байланысты пісіп – жетілуді бөгеуі мүмкін. Бірақ, мұның барлығысы жеткілікті болған күнде де, арнайы стимулдар қолданылса да адам жедел дамымайды. Адамның дене органдары мен моторлық қабілеттерінің дамуы әртүрлі жылдамдықта жүреді.

Өсу функционалдық мүмкіндіктердің және күрделі органдардың немесе тұтас организмнің оптималды жетілгенге дейінгі өлшемдерінің ұлғаюы.

Қартаю Оптималдық жетілгеннен кейін болатын организмдегі биологиялық өзгерістер.

Оршаған ортаның адам дамуына ықпалы.

Үйрету(научение). Дамумен байланысты индивидтардың өзгеруінің негізгі процесі. Қортындысында адам жеке тәжірибеге ие болады.

Әлеуметтену (социализация) – жалпы процесс. Әлеуметтенудің арқасында адам әлеуметтік топтар мүшесі болады: қоғамдар, жанұя, әлеметтену өзіне барлық қондырғыларды (установка) меңгеруді қосады. Олар: пікірлер, дәстүрлер, өмірлік құндылықтар, рольдер. Бұл процесс өмір бойына созылады.

Экологиялық жүйелер моделі.

Бұл модель американдық психолог Ури Бронфенбреннермен енгізілген, ол бүгінгі күнде адам дамуына ықпал ететін модель түрі. Бұл психолог бала дамуының экологиялық ортасы бір – бірін сәйкестестіріп тұратын 4 жүйеден тұрады деген. Олар: микросистема, мезосистема, экзосистема, макросистема.

Микросистема –Баланың жақын ортасы: жанұя, бала бақша немесе мектеп. Микросистеманы психологтар жиі зерттеген.

Мезосистема –2 немесе одан да көп микросистемалардың өзара байлансы. Бұл жерде дамуға мектеп пен жанұя қарым – қатынасы, немесе мектеп пен құрбыларының арасындағы ресми және бейресми байланыстар қатты ықпал етеді. Мысалы: ата – аналардың мұғалімдермен үнемі қарым – қатынасы. Баланың мектептегі жетістіктеріне ықпал етуі мүмкін.

Экзосистема –Балаға әлеуметтік орталардың немесе қоғамдық құрылымдардың әсер етуі. Мыс: ата – аналарының жұмыс орны, өмір жағдайының жақсаруы.т.б.

Макросистема –Ол өзіне өмірлік құндылықтарды, заңдарды, индивидум өмір сүретін ортаның заңдары мен дәстүрлерін қосады.

Тақырып. Психология және адам дамуының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.

Жас ерекшелік психологиясы зерттеу әдісттері: Зерттеу әдістерінің екі жолы бар. 1. Салыстыру2. генетикалық.1 салыстыру жолында әр жастағы адамның психологиялық дамуын зерттеді. Мысалы 7-11 жасында. Әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолдану арқылы салыстырды. Салыстыру жолының мұндай түрін кесенді тәсіл деп атайды. Себебі салыстыру кезінде бала психологиясы үздіксіз зерттелінбейді. Екінші генетикалық жол: бұл салада баланың бір қасиетін алады да ұзақ уақыт зерттейді. Мысалы: 10 жылға созылуы мүмкін. Зерттеудің бұл жолы сирек кездеседі. Яғни бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы үздіксіз зерттеуі қиын. Бақылау әдісі кенінен қолданады. Ол әдейі мақсат қойып адамның мінез-құлқын іс-әрекетін тексеру. Адамдар ісінің нәтижесіне қорытынды жасау зерттеу әдісінің бір түрі. Адам ісінің қорытындысына мысалы: қыздың тіккен кестесіне, суретшінің салған суретіне, шебердің салған мүсініне қарап психологиялық ерекшелігін байқауға болады.

Әңгімелесу әдісі: адам психологиясының сырын білудегі әдіс. Бірақ кез келген әңгіме адам сырын білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгімелер арасындақандай сұрақтар қою жөнінде ойлау керек. Әңгімеде көлденен сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мысалы: бала мұғалімге шының айтқысы келмесе, шының айтуға біреуден қорықсапсихологиялық жағдайға байланысты сұрақ ойлау керек.

Жас ерекшелік психология әдістерінің бірі австирияның психологы Морено Ұсынған социометрия әдісі. Бұл тәсіл бір ұйым немесе топ адамдарының психикалық дамуын зерттейтін тәсіл.

Тест тәсілі: адамдарға белгілі бір тапсырма беру арқылы оның жеке психикасын анықтау.