Тақырып Жеткіншектік психикалық жас

Жеткіншек жасттағыларды «Қиын және ауысу жастағылар» деп атайды. Жеткіншек басқа жастағыларға қарағанда педагогикалық психология мен әдебиеттерде негізгі тақырып болып есептеледі. Себебі бұл кезенде жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі басқаларға қарағанда өзгеше болады. Жеткіншек жастағылар барлық нәрсені өз бетімен орындап үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл кеңесін тыңдағысы келмейді. Бастауыш сыныптағы үйге берілген тапсырманы тез жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысады. Кейбір жеткіншектер үлкен адамдар мен қарым қатнастарда болғанда мейірімді сыпайы келсе, кейбіреулері өрескел түрде тәртіп бұзуға бейімделеді. «Жеткіншек бәрін өзім істей аламын, сендер мені әлі бала деп ойлайсындар деп назарылық білдірсе, соның өзінде қолынан әліде көп нәрселер келе бермейді. Ересек сияқты жұмыс істегісі келгенмен солардай істей алмайлды, яғни жеткіншек істі игеру жағынан бала да ал талап қою жағынан ересек . Жеткіншектің осы сияқты қасиеті қазіргі заман да да өткен дәуірдің жеткіншектеріне бірдей. Мұнымен қатар бүгінгі заманның жеткіншектері үлкен адамның талабына оңай көңбейді. Себебі 1 ші қазіргі кезде оқушының көпшілігі үлкендерді тыңдамайды, ал өткен дәуірде бала кішкентай кезінен материалдық игіліктерін өндіруге, яғни мал бағуға отын, шөп шабуға көмектеседі. Ал қазіргі жеткіншектің ата-аналары оқу тапсырмасының орындай алмайды деп жұмыстан босатады. 2 ден өткен дәуірге қарағанда қазіргі кездегі жеткіншек телефондар, компютерлер, интернет арқылы ересектерге арналған хабарларды естіп филімдерді көріп, соларға еліктейді. 3 - ден қалалық жерде жеткіншек өз құрбыларымен немесе үлкен балалармен бірге жаман ортаға көп кездеседі. Жеткіншекті бала кезде ересек кезенге ауысуы психологияда жаңа сапа деп атайды. Осыған ауысуының себебі жеткіншектің психологиялық өзгешілікке ұшырағаннан үлкендер жеткіншектерді бала деп , ал жеткіншектер өздерін үлкенмін деп есептейді. Жеткіншектердің үлкен болуға тырысатын қасиеті олардың көмегінен және күні түні ақыл айтудан босануға тырысады. Олар фантастикалық кітап оқып, компютірлер ойындарын ойнап, солардың кейіпкерлеріне еліктейді. Түннің ортасына ортасына дейін кино көріп кітап оқып сабақтан қалып қою жие кездеседі. Жеткіншектер арасында радио телефон мен интернет технологиясымен әуестенушілік көптеп кездеседі. Олар радио қабылдағыш , магнитофон техникаларды жөндеп, қайтып құрастыра алады. Бұл жаста кейбір балалық қылықтарда кездеседі. Мысалы: қыздардың шашың тартып, мазалау, мектепте жүгіру, бірақ олар таныс емес үлкен адамның алдында өзін мәдениетті ұстауға тырысады. Жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін «қиын» жас деп сипаттайды. Себебі: 1. Бұрынғы кездегі психикасы мінез құлқы өзгеріп соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болады.

2. Жаңа қасиеттер пайда болу нәтижесінен бала қиналысқа ұшырайды, яғни тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгешеліктерді психологтар әртүрлі дәрежеді тұжырымдарды. 19 ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрейд жеткіншектің үлкендердің қамқорлығына көнбейтіндігін өзін бәрін орындаймын дейтін қасиеттін пайда болу қызығушылығы дейді. Бұл пікірге кейбір психологтар қарсы шықты. Олар мынадай тұжырым жасайды: жеткіншектің тәрбиеге келмеуі уақытша нәрсе қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуде ролі үлкен. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талапта өзгеріп отырады. Сол талапқа сай жеткіншек кішкентай жасынан бастап үлкен жасқа өтер де қоғамдағы жағдай оған түрлі әсер етеді. Уақытына келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй тәрбиесіндегі үй жұмысқа байланысты. Егер тәрбие немесе оқу жұмысы қызықты ұымдастырылмаса, олар жаман әдеттерден аулақ болып осы қиын жас кезенінен жаман қасиетерді бойына сіңірмей саналы азамат болып өседі.

2. Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.

Жеткіншек жасында дене және физиологиялық жағынан бала үлкен өзгерістерге ұшырайды, яғни бастауыш сыныпта бала денесі белгілі бір мөлшерде ақырындап өсетін болса, жеткіншек кезде өте тез өседі. Мұндай өсу 11-16 жасқа дейін созылады да одан кейін баяуылап қалады. Қыздың денесінің денесінің өсуі 13 жаста кездеседі. Бұл кезде сүйектері нығайып бұлшық еттері күшейді. Осының нәтижесінде 13 жастағы қыз шешесімен қарайлас. Ал 15 жаста дене күші әкесімен қарайлас болады. Бірақта жеткіншектің дене құрылысы әліде толық жетілмейді, себебі дене мүшелері бір келкі дамымайды. Мысалы: аяқтары, қолы, белі мойыны тез өседі де кеудесінің өсуі ақырындап қалады. Осының нәтижесінде дене пропорциясы сәйкес келмейді. Сонымен қатар жеткіншектің қан айналу системасы үлкен өзгеріске ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп салмағы артады. Артериялық қан айналымының диаметірі баяу дамиды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп айналады. Артерия қан тамырының диаметірі кішкентай болғандықтан жеткіншек қанының қысымы көбейеді. Осының нәтижесінде жеткіншектің нерв қызметі бұзылып ол ашуланшақ ыза қор болады. Сондықтан да бұл жағдайда дене шынықтыру сабағын көп жүргізілу тиіс. Жеткіншектің жыныстық даму системасы жағынан үлкен өзгеріске ұшырайды. Жыныс гормондары бездерінің жұмысы жақсы дамиды. Қыздар 12-13 жаста ұлдар 13-14 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Жыныс бездері ішкі және сыртқы секреция бездерімен тығыз байланысты. Кейбір утопиялық психологтар бұл жастың өзіне тән ерекшелік , яғни тәрбиеге көнгісі келмейтінің жыныс өміріне жеткіншектің даяр болуынан деп дәлелдейді. Бұл қате пікір, бірақта жеткіншектің дамуына жыныс факторлары ықпал тигізеді. Жыныстық өмірде даяр болуды жер бетіндегі ауа райының өзгешелігімен және ұлттық этнографиямен байланысты болады. Оңтүстік елдің қыздарымен ұлдары жыныс жағынан солтүстік балаларға қарағанда ерте жетіледі.

Жеткіншектің бас миының көлемі

Бірақта ми қабығы клеткаларының тітіркендіргіштерге үлкен әсер береді.

Соның нәтижесінде жеткіншек тез қуанады, тез ренжиді. Жалпы алғанда жеткіншектің дене құрылысымен физиологиялық ерекшелігі көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бірақта бұлардың тәртіп бұзуға немесе үлкендердің сөзің тыңдамауға әсер ететін ешқандай фактор жоқ. Жеткіншектің өміріне әлеуметтік фактор және биологиялық фактор әсер етеді. Бұл екі процесс бір бірімен тығыз байлданысты. 20 ғасырдың бас кезінде Америка психологы Холи және француз психологы З. Фрейд «биогенетикалық универсиализм дегенұғымын енгізеді. Бұл термин бойынша жеткіншектің өзіне тән психикалық ерекшеліктері ата тегінен берілген қасиет дейді. Сондықтанда осы заңдылықтың кейбір жақтары жеткіңшектің мінез құлқына әсер етеді деген. Бұл пікірді дәлелдеу үшін АҚШ антрополоктары Мит және Бинедет үнді елінің бір тайпасына барып, сонда тұрып жеткіншектерді зерттеген. Зерттеу барысында тек бақылау әдісі қолданылды. Соның нәтижесінде олар мынадай қорытындыға келді. Тайпадағы өмір сүретін 11-16 жастағы балаларда дамыған біздің елдің жеткіншектерге тән ұнамсыз әдет ғұрыптардың бірде бір кездеспейді. Ал қыздардың жыныс жағынан есейгені олардың мінез құлқынан байқай алмайсын. Зерттеудің тұжырымдамасы сондай үлкен жаңалық еңгізген жоқ. Себебі қазақ елінің алатын болсақ жеткіншектер тәрбиесі жөнінде бұрынғы ата бабаларымыз оларды жастайынан еңбекке араластырып жеткіншектің мінез құлқында пайда болған өзгерістерге биологиялық факторлар ғана емес әлеуметтік фактор да әсе етеді.

3. Жеткіншектің «мен» деген қасиеті, үлкендермен қарым – қатынасы және олардың арасындағы қайшылықтардың пайда болуы. Осының себебінен жеткіншек дағдарысқа ұшырайды. Дағдарыс дегеніміз сөздің мағнасы жеткіншек қиын жағдайда тап болған кезде одан қалай шығуды білмейді. Психолог Ковалев дағдарыс кезені жеткіншектердің үлкендермен қарым – қатнасының бұзылуынан пайда болады дейді. Яғни жеткіншектің үлкендермен қа қарым – қатнасы жақсы болса онда олар дағдарысқа ұшырамайды. Бұл пікірді басқа психологтар дұрыс емес дейді. Себебі:

1. Дағдарысқа ұшырайтын үлкен емес жеткіншектің өзі.

2. Дағдарыс үлкендердің оған қатнасына риза болмаудан пайда болады. Сондықтанда дағдарыс кезені 11-16 жас аралығында болады. Қорытындысында жеткіншек өзінің үлкейгенің өзінің қойған талаптарын орындалуын сұрайды. Қыздар киім киюіне, өздерін күтеді. Ұл бала тиісті міндеттерді өз бетімен орындағысы келеді. Бұған үлкен туысқандар қарсы шығады Себебі үлкен оны бала деп есептегендіктен бір нәрсеге ұрынып қалады деп ойлайды. Егер осындай қарым – қатнас ұзаққа созылатын болса, жеткіншек ызаласып ерегусуге, үлкен не айтса да соңы орындауға тырысады. Екі арадағы қатнасты кім женеді деген сұраққа жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан жеткіншек женеді деуге болады. Себебі диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе екені біледі. Жеткіншек үлкендермен адаммен қарсыласып оның сөзің тыңдамайды. Үлкендер оны тәртіпке шақыру үшін жазалауды мүмкін. Бірақ осыған жеткіншектің кейбіреулері көнбейді. Аяғында үлкендер шаршап «сенің айтқаның болсын» деген жағдайда кездеседі. Бұндай жағдайды Неміс психологы Левин «ойлық бөгет» деп атайды. Себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсініспеушілік кедергі болған соң үлкендердің сөзін тыңдамайды. Соның нәтижесінде жан – жалға апарып соғады. Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабының бүкілін қате деуге болмайды. Себебі :

1. Үкендер өздерінің өмір баяның мысал келтіріп «біз жас кезімізде мынадай болып едік» деген тағыда басқа себептерін айтады. Өзі жеткіншек кезде қалай бола баласында сондай болуы тиіс деген қате пікір ойлайды, себебі үлкендердің жас кезендерімен қазіргі жеткіншектің талаптары бірдей емес.

2. Бір кісінің үйренген қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдері әр түрлі. Егер біреулер өзгені қолданған амал тәсілдерін. Бұл сол адам сияқты істесе оның өмір сүру жағдайы жеңіл болып өмірдің қиыншылығын түсінбейді. Жеткіншектің «мен» деген қасиеті өзінің кім екенің біліп өз күшіне сеніп өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Мұны психологияда өзін өзін бағалай алуын сапаның өзіне тән қасиеті деп атайды. Яғни жеткіншек өзінің мүмкіншіліктерін дұрыс бағалап өзгелермен қарым – қатнас жасауға үйренеді. Қандай әрекетті жақсы жаман екенің ажыратады. Жеткіншек кездегі қажеттліктің бір түрі өзін - өзі білгісі келу. Қажеттіліктің бұл түрінің пайда болу үлкендердің немесе құрбылардың жеткіншекке қоятын талабы қате мен дұрыспа соны білуге арналады. Өз қолынан бір нәрсенің келетің не келмейтінің білуге ұмтылады. Яғни өзін өзі бағалап қандай нәрсеге қабілетті екенің анықтайды. Өзін үлкендердің қатарына қосқысы келгендіктен мінезінің іс әрекетінің жаман жақтарын одан әрі дамытып басқалардың алдыңда жақсы көрінгісің келеді. Жеткіншек үлкен адам болуға асығатын себебінің бірі өзінің кемшілік жақтарын байқай алуы. Өзінің қатесіне талдау жасап оны жоюға тырысады. Себебі достары мен үлкендер арасында жақсы көрініп және өзіне ұнайтын нағыз сырлас дос табу. Жеткіншектің идиалы әр түрлі болады. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлер өзінің жақсы білетін, жақсы көрінетін адамы болуы мүмкін. Егер идиалы кейіпкерлер болса, бірғана кеіпкерлердің емес жинақты бейне түрінде жүзеге асады. Еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, сол сияқты сөйлеп сол сияқты жұмыс істеуге тырысады.Жеткіншектің өзін бағалай алуы әр түрлі болып келеді. өзінің мүмкіншілігін обьекті түрде бағалай алмайтынды мақтаншақ деп атайды. Бірақта бұл қасиет біртіндеп жойыла бастайды. Құрбылары мен әңгіме пікір таласу арқылы не нәрсенің жаман жақсы екенің үйретеді. Қорытындылай келе жеткіншектің өз мүмкіншіліктерін бағалай алуына тәрбие және оқуту жұмысы көп әсерін тигізеді.