Дәріс тақырыбы. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру

Оқу, үйрену - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушыларды үйрету (оқыту) мотивтері. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті.

Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.

Оқушылардың өздігінен білім алу, ақпараттық, коммуникативтік, құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер:9, 10, 11, 23,26,27, 28,30, 37, 46, 48, 49, 50, 52, 59, 62

 

Дәріс тақырыбы. Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

Білім берудегі инновация туралы түсінік. «Жаңарту, новация», «инновация», «жаңалық енгізу», «инновациялық үдеріс», «инновациялық іс-әрекет», «жаңашылдық» ұғымдарының мәні. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні, олардың жіктемесі. Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны ендірудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдері.

Инновациялық мектептер. Авторлық мектеп түсінігі. Авторлық мектептің сипаттамасы: жаңашылдық, альтернативтілік (баламалық), концептуалдық, кешенділік, әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа бағыттылық, шынайылық, өндірушілік, тиімділік. Авторлық мектептердің инновациялық моделі: «Назарбаевтың интеллектуалдық мектебі», өзін-өзі анықтау мектебі (Ш.А.Амонашвили); мәдениет диалогы мектебі (М.М.Бахтин, В.С.Библер) және т.б. Қазақстандағы педагогикалық инновациялық. (Искаков А., Жампеисова М.М., Караев Ж.).. Оқу мекемелерінің инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары.Мұғалім – жаңалық енгізудің негізгі субъектісі. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Мұғалімнің жаңашылдық (инновативті) санасының мәні. Педагогтың жаңашылдығының негізгі сипаты. Мұғалімнің жаңашылдық іс-әрекетінің нәтижесі. Мұғалімнің инновативтілік құзыреттілігі.

Әдіс», «әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық үлгілердің технологиялығының өлшемдері. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу. Педагогикалық технологиялардың түрлері. Тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы - педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі.Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясы. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті тұтас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы ретінде. Проблемалық оқыту технологиясы. Оқытудың жобалау технологиясы. Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиялары. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы. Белгі-контекстік оқытудың технологиясы. Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2,4,5,6,7, 9, 10,12, 45,46,47,48,49, 54,55

Дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық- әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарға сипаттама. Мектептегі педагогикалық үдеріс - әкімшілік басқарудың объектісі. Мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекеті - басқарудың пәні. «Педагогтар – оқушылар және олардың жүйесіндегі басқару қатынасының ерекшеліктері.

Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс-әрекеті: директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектісіндегі директордың орынбасарлары, менеджер. Мектептегі бүгінгі менеджмент.

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес). Мектептегі педагогикалық кеңес - ғылыми тұрғыдан педгогикалық үдерісті дамыту бағытындағы алқалық басқару ұйымы. Педагогикалық кеңес жұмысын жоспарлау. Қазіргі мектептегі ТПҮ басқару мазмұны, формалары, әдістерінің модернизациясы.

Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті

Мектептегі әдістемелік қызмет. Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау.

Білім беру жүйесіндегі және мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері, құрылымы. Мектептегі әдістемелік қызмееттің формалары мен әдістері.

Мектептегі әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетке дайындау. Әлемдік және отандық ғылым мен практика жетістіктерін ендіру бойынша жұмыстың негізгі формалары. Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы – оның педагогикалық құзыртетілігін жетілдірудің негізі. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің өзіндік диагностикасы. Мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңа түрлері.

Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал. Мұғалімдерді жіктеу деңгейлері, оларға сипаттама. Ішкі және сыртқы сараптама барысында мұғалімдерді аттестациялау және диагностика технологияларына қойылатын қазіргі талаптар. Портфолио – педагог іс-әрекетінің және оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың мотивациялық негізі.

Ұсынылатын әдебиеттер:9, 10, 11, 23,26,27, 28,30, 37, 46, 48, 49, 50, 52, 59, 62